• 25316
  • 15
  • 2
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Әблязовтың адамгершілігі бар ма?

Жаңаөзен оқиғасына қатысты Ақтауда өтіп жатқан сот кезінде шетелде қашып жүрген миллиардер Мұхтар Әблязовтың ұлттық салт-дәстүрімізге қайшы келетін бір мінезі әшкере болып қалды. Тиым болмаған жерде жаман әдет тез жұққыш болады. «Арбаның алдыңғы дөңгелегі қайда барса, соңғысы да сонда барады» - Әблязовтың жаман әдеті оның ықпалындағы адамдарға да жұғып, «үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» жасайтын атадан келе жатқан ұлттық тәрбиені аяқасты етіп отыр.

Жаңаөзен оқиғасына қатысты айыпталған Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминнің үстінен жүріп жатқан сот тамыздың 21-і күні сарапшыларды тыңдады. Солардың бірі, Алматы сот-сараптамасы институтының сарапшысы Әсет Сыбанқұлов шетелде із жасырып жүрген Мұхтар Әблязов пен Владимир Козловтың, Серік Сапарғали мен Козловтың Жаңаөзен оқиғасы кезінде өзара телефон арқылы сөйлескен әңгімесіне сараптама жасапты. Сарапшының айтуынша, Мұхтар Әблязов тіркелмеген «Алға!» партиясының жетекшісі Владимир Козловқа «Володя», «сен» деп дік-дік етіп сөйлейді екен. Ал Козлов болса, сыпайы түрде «Сіз» деп, жаңа түскен келіндей қиылып қалуға әдеттенген. Бұдан сарапшы Әсет Сыбанқұлов «Козловтың сөзінен оның Әблязовқа бағыныштылығын байқауға болады» деп қорытынды шағарыпты.

Егер осы сараптаманы одан әрі тереңдеп талдай түссек, онда Мұхтар Әблязовтың қазақы салт-дәстүрді ұмыт қалдырғанын байқау қиын емес. Қазір Мұхтар Әблязовтың жасы - 49-да, ал Владимир Козлов 52-ге толып отыр. Оның үстіне, М.Әблязов орыстанған солтүстік облыстың тумасы емес. Ол қазақы салт-дәстүр сақталған оңтүстік өңірде, Түлкібас ауданында туып, сонда өсті, сонда мектеп бітірді. Қазақы салт-дәстүрді біле тұра Әблязов өзінен жасы үлкен Козловқа «Владимир Иванович, Сіз» демей, «сен» деп жекіп сөйлегені оның адамгершілігінің қандай екенін көрсетіп тұр емес пе?!

Владимир Ивановичті де ақтап алатындай емес. Себебі, былайғы жұрт «орыстар әділ, олар басқалар сияқты жағымпаздық жасамайды» деп айтады. Бірақ, заңсыз жолмен байып алған миллиардердің алдында өз абырайын жұрдай етіп, өзінен кіші баланың алдында «Сіз» деп майысып, құрдай жорғалап кеткені оған бедел беріп тұрған жоқ.

Бірі – жағымпаз, екіншісі дөрекі сөйлейтін екі адамның арасындағы қарым-қатынасқа аса назар аударуға да болмас. Дегенмен, осы екеуінің арасындағы жаман әдет демократиялық құндылықтарды жағы талмай айтып келе жатқан «Алға!» партиясына да беріліпті. Таспаға жазылып алынған әңгімелерді мұқият тыңдап шыққан сарапшы Әсет Сыбанқұловтың айтуынша, Владимир Козлов өзінен бақандай 8 жас үлкен Серік Сапарғалиға «сен» деп нұқып сөйлейді екен. Тіпті, кейде «қойшы сен» деп бетінен қағып тастаған тастаған кезі болыпты.

«Ұйымдасқан топтың иерархиясы бойынша, Серік Сапарғали Владимир Козловқа бағынышты, ал Козлов Әблязовқа бағынышты, сондықтан бастық қарауындағы адамға қалай сөйлесе де, жарасады» деп адамгершілік ұстанымдарын жылы жауып қоя салуға болар еді. Дегенмен, мұнда тағы бір гәп бар. Мұхтар Әблязовтың БТА банктен 10 миллиард доллардан астам қаржы жымқырып кеткенін бүкіл әлем біледі. Ал Владимир Козлов та қарапайым адам емес. Тергеу кезінде оның Қазақстандағы барлық облыс орталықтары мен Астана және Алматы қаласында үйі бар екені, оның бәрін өзінің атына рәсімдеп қойғаны анықталды. Тіпті, Козлов кейбір аудан орталықтарынан да жай алып қойыпты. Бірақ, ол ешқашан Әблязовпен шендесе алмайды. Жиырмаға жуық үй‑жай Козловтың атында болғанымен, оның бәрі Әблязовтың ақшасына сатылып алынған да болуы мүмкін. Ал, алпыс жастан асқан Серік Сапарғалидың әзірге бір ғана баспанасы бар. Бірақ, оның алған білімі, өмірлік тәжірибесі әлгі екеуінен әлдеқайда көп. Дегенмен, қазір білім мен біліктілік емес, ақша сөйлейтін заман. «Аузы қисық болса да...» Әблязовтың Козловқа, Козловтың Сапарғалиға «сен» деп, дік‑дік етіп, күшейіп сөйлеуі сондықтан.

Әблязовтың әдеті оның командасындағы адамдардың өзара қарым‑қатынасына қалай әсер еткені жөнінде сөз қозғағанда Владимир Козловтың қазіргі әйелі Әлия Тұрысбековаға қатысты маңызды бір жайтты айта кету керек сияқты. Алғашында, «он гүлінен бір гүлі ашылмаған» жап‑жас қыз «Алға!» партиясының жетекшісі В.Козловтың хатшысы болып жұмысқа келді. Партияның қатардағы мүшелері мен Әблязовқа қарасты баспасөздің журналистері оны «Әлия» немесе «девушка» деп қол бұлғап шақыратын. Көп өтпей‑ақ, Әлия өзінен ондаған жас үлкен бастығына ‑ Владимирге тұрмысқа шықты – хатшылық жұмысты тастады. Осыдан кейін ол партияда жауапты қызмет атқармаса да маңызды персонаға айналып шыға келді. Козловтың қарамағындағы адамдар, үлкені бар, кішісі бар, бұдан былай оған «Алия Асетовна» деп құрметпен қарап, құрақ ұшатын болды... «Доллардың буы» хатшы қызға да жетті...

Кемелбек Тасқараев

http://www.serke.org/news/eblyazovtyn-adamgershіlіgі-bar-ma

Kabanbai
28 августа 2012, 20:30
541

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Обратная сторона Астаны. Девять худших и проблемных районов столицы Казахстана

Обратная сторона Астаны. Девять худших и проблемных районов столицы Казахстана

Несмотря на то, что Астана столица, и один из самых красивых и современных городов Казахстана, здесь все равно есть места, за которые стыдно и даже как-то неудобно перед гостями.
Washington
12 янв. 2017 / 12:25
  • 21214
  • 26
Расписание Универсиады в Алматы. Что стоит посетить?

Расписание Универсиады в Алматы. Что стоит посетить?

Путеводитель по соревнованиям Универсиады с рекомендациями, какие соревнования Универсиады никак нельзя пропустить. До встречи на Универсиаде!
olympic
11 янв. 2017 / 10:40
  • 19211
  • 11
Как мы «скидываемся» на красивую жизнь мажоров. Воровство пенсионных денег

Как мы «скидываемся» на красивую жизнь мажоров. Воровство пенсионных денег

Официальные спикеры КНБ РК рассказали о ходе расследования, раскрыв общественности схему, которую использовало руководство ЕНПФ для воровства 5 миллиардов тенге пенсионных накоплений.
openqazaqstan
13 янв. 2017 / 11:30
  • 14236
  • 12
«Ещё раз на те же грабли». Премьер Сагинтаев о временной регистрации

«Ещё раз на те же грабли». Премьер Сагинтаев о временной регистрации

Казахстанцы по-прежнему с нескрываемым возмущением и сарказмом комментируют нововведения в миграционное законодательство. Проблема, как это ни парадоксально, в том, что мы, казахстанцы – народ законопослушный.
openqazaqstan
12 янв. 2017 / 10:07
  • 11275
  • 26
10 лучших районов Алматы. Широкие улочки, частные дома, летом – красота!

10 лучших районов Алматы. Широкие улочки, частные дома, летом – красота!

Названия улиц: Садовый бульвар, Солнечный проезд. Красиво звучит не так ли? Прям, как в Москве... Уютные улочки и радующие глаз одноэтажные домики, тихо и свободно, нет динамики, движух и ажиотажа.
gelberdeuet
16 янв. 2017 / 14:45
  • 6339
  • 92
Наверное, я себя почувствовала человеком именно в Корее. Не в Казахстане

Наверное, я себя почувствовала человеком именно в Корее. Не в Казахстане

Если я останусь в Казахстане, то идти мне здесь некуда, пахать за копейки на госслужбе? Прожить всю жизнь в однокомнатной вместе с котом и мамой?
savira6
13 янв. 2017 / 9:44
  • 5033
  • 32
Айсулу Салгарина. Решил пойти в гости к той, что вызывает гордость за казахских девушек

Айсулу Салгарина. Решил пойти в гости к той, что вызывает гордость за казахских девушек

Прошло около 2 лет. За эти годы в моей жизни многое изменилось. И мне стало интересно, какие же изменения произошли в жизни тех, у кого я когда-то брал интервью...
DastanIskakov
14 янв. 2017 / 11:43
  • 4457
  • 4
Сейчас даже дяденьки и тетеньки в 20-27 лет живут с родителями. Безработица в Алматы

Сейчас даже дяденьки и тетеньки в 20-27 лет живут с родителями. Безработица в Алматы

Наверняка, все знают крылатую фразу Ленина "Кто не работает - тот не ест" В то время за безработицу осуждали, а кормили народ за счет предприятия - славные были времена, пусть я и застала их лишь...
DoZa
13 янв. 2017 / 9:54
  • 4020
  • 44
Многочасовые очереди, смерти в ЦОНах: почему вопросы об этом ставят парламентариев в тупик?

Многочасовые очереди, смерти в ЦОНах: почему вопросы об этом ставят парламентариев в тупик?

Ожидали ли депутаты Мажилиса всего этого? Как планировали этот процесс регистрации, и обсуждали ли его, прежде чем одним нажатием кнопки принять нормы с такими абсурдными временными рамками?
openqazaqstan
вчера / 14:32
  • 2987
  • 20