Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
06:16, 13 августа 2012

Если на твоем языке и не понимаешь, значит про твою проблему

Мен өзімді мейірімді және ақкөңіл пенде ретінде білемін. Әрине, себеппен жын ұстайтын сәттер біршама, және сондай кездерде біреуді аузым көпіріп балағаттауым, құтылып кету үшін өтіріктін алуан түрін ойлап табуым, тіпті жеңіл арамдыққа да қолымды былғауым шындыққа жақын. Бірақ не зат істесем де, сол нәрсенін басқа адамның ар-ожданына кері әсер тигізбеуін қатаңды түрде қадағалайтынмын.

Қоғаммен де менің шиеленісім өте аз. Тыныш, сабырлы уақыттарымда Алматы қоғамдық көлік жүргізүшілердің жолдағы без-берекетсіз әрекеттеріне де, Атырау дүкендерінің "ә" десең "мә" дейтін сатушалырына да, соңғы уақыт инфляцияны басып озған жанармай құнына да, оның сапасына да ызалануым көп емес. Бірақ барша ойланар бір мәселе менің жаныма қатты батады. Бұл туралы мен күн сайын ойланбаймын, бірақ осы жөнінде әңгіме жүргенде менен қатты "бақыратын" адам аз шығар.

Қоғамымыздың орыстануы. Мені дұрыс түсініңіз, ұлтшылдықты көрсету, басқа ұлтты кемсіту деген бір де бір ойым жоқ. Жай сұрайтыным, - неге қазақ жерінде кіндік қаны тамған, осы жерде өсіп ұлғайған қазақ бозбаласы мен бойжеткені қазақша бір диалог құрастыра алмайды? Жауап берулері мүмкін "орыс мектебінде оқыдық" деп, онда неге есейген кездеріңде қазақ тілін меңгермей, ағылшын тілін оқуға әр түрлі курстарға жазыласыңдар? "Ағылшын тілі қазіргі таңда керегірек" диді. Иә, шынымен де солай шығар, ағылшын тілі керегірек, бірақ қазақ тілін білу сенің міндетің емес пе?! Шет тілдері сенің болашағын үшін пайдалы, бірақ қазақ тілін біліп, ол тілде сөйлесу ұлтыңның болашағы үшін жақсы емес пе?! Әрине, қазіргі таңда орыс тілінде сөйлеусіз, ағылшынша білусіз ешқандай жетістікке жетпейсін, бірақ неге қазіргі мәселе орыс, я да шет тілін білмеу емес?! Неге ата-бабамыз аманат еткен тілімізді мүмкін кезде біріміз білмей, біріміз жанымыздың бір түпкіріне жасырып күнделікті қолданысқа енгізе алмай жүрміз?! Неге біреу өзге тілде ақылды да әдемі сөздер айтып жатса, тыңдаушылар сол сөздердің кербездігі туралы ойланады, ал тап сол сөздерді таза қазақша айтып жатса, "мына баланың қазақшасы таза екен" деп таң қалады?! Неге кеңес кезінде, айналада бәрі орысша болған кезде туып өскен ата-анамыз қазақша, ал тәуелсіздік алғаннан кейін, өз туымызды көріп өскен ел "болашақтары" орысша сөйлейді?!

"Отан отбасыдан басталады" демекші, ауқымды, масштабты мәселені шешу үшін, әркім өз басынан бастау керек. Бірақ, мысалы, Алматыда жүріп бір әмбебап дүкенінде сатушыдан шабдалы шырынын сұрасам, "Извините?" демейді ме?! Бұл жазбамды түсінетін адам саны да санаулы секілді. Өз басымыз шешу қиын, соған қарағанда осы бастардың басы шешуі тиіс.

"Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте".

Шіркін, әрбір адам ұшаққа отырғызу кезінде капитан хабарландыруын басынан аяғына дейін түсініп отырса...

0
386
2