Yvision.kzYvision.kz
kk
Екпiн
Екпiн
Екпiн
431 постов3 подписчика
Дарынды жастар мен замандастарымыздың өмірлік тәжірибесі, мақсаттары, ойы, ұстанған қағидалары жайында сөз етеді. Фоторепортаж, шолу, тарихи маңыздылығы бар материалдармен бөліседі.
5
22:52, 07 ноября 2012

Жексенбілік дастархан: «Құмырсқа илеуі» торты

Бүгін барлығымызға бала кезімізден таныс балдай тәтті «Құмырсқа илеуі»
деп аталатын торт жасаудың жаңа әдісімен бөліскім келіп отыр.

Blog post imageАлдымен бұл тортты жасауға қажетті ингредиенттерді тізбектеп алсақ.

  • Ұн
  • 1 стақан қант
  • 1 шәй қасық уксуспен сөндірілген сода
  • 250 г маргарин
  • 2-3 жұмыртқа
  • 1 банка қоюлатылған сүт.

Жұмыртқаны қантпен жақсылап араластырып, үстінен сода, маргарин және ұн саламыз. Оны илеп қатты қамыр жасаймыз.

Blog post image

Blog post image

Одан кейін қаңылтыр табаны майлап, оған ет тартқыш арқылы өткен қамырды ұқыптап салып, алдын-ала ысытылған духовкаға саламыз.

Blog post image

Қамыр қоңырқай түске еңіп қытырлақ нанға айналған кезде оны духовкадан аламыз.

Blog post image

Blog post image

Дайын қытырлақ нанды қатты майдалаймай бірнеше бөлшекке бөліп суытып қоямыз.

Blog post image

Blog post image

Суыған қытырлақ нандардың барлығын табаға салып, үстіне қоюлатылған сүтті құйып жақсылап араластырамыз.

Blog post image

Қоюлатылған сүтпен жақсылап араластырылған қытырлақ нанды тәрелкеге әдемілеп салып, қоюлатылған сүт қытырлақ нанға сіңуі үшін оны тоңазытқышқа салып қоямыз.

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Әдемілік үшін үстіне еріген шоколад құямыз.

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Дайын тортты әдемілеп кесіп, қонақтарыңызға ұсынсаңыз болады :)

Blog post image

Ас болсын!

Асханада болған Айнұр Ракишева

5
6006
6