Yvision.kz
kk
Екпiн
Екпiн
Екпiн
431 постов3 подписчика
Дарынды жастар мен замандастарымыздың өмірлік тәжірибесі, мақсаттары, ойы, ұстанған қағидалары жайында сөз етеді. Фоторепортаж, шолу, тарихи маңыздылығы бар материалдармен бөліседі.
8
23:30, 29 июня 2012

«Street Dance Almaly»

Blog post image

23-24 маусым күндері қаламызда «Street Dance Almaly» атты көше билерінің байқауы болып өтті. Бұл байқауға 100-ден аса кәсіби бишілер мен әуесқойлар break dance, hip-hop, all styles бағытында бақ сынасты. Осы шараға «Екпіннің» журналистері де барып қайтқан болатын.

Blog post image

Blog post image

Іңкәр, 15 жаста, Алматы:

Мен ешқандай арнайы студияларға барып дайындалмаймын. Жай әуесқой бишімін. Бұл байқау жайында анам теледидардан көріп, маған айтты. Сөйтіп аяқ астыннан осында келіп қалдым. Бұндай байқауға бірінші рет қатысып тұрмын.

Blog post image

Ерболат, 18 жаста, Түркістан қаласы:

Бимен айналысып жүргеніме бір жарым жыл болды. Алғашқы қызығушылығым сегізінші сыныптан басталды. Содан бастап кинолардан, интернеттен түрлі шетелдік бишілердің билерін көріп, билеуді үйрендім. Бүгінде Түркістан кәсіби педагогикалық колледжде оқимын. Оқуыма көп көңіл бөлгендіктен, биге аса көп уақытымды бөле алмаймын. Бұл байқауға аяқ астынан қатыстым. Өйткені Алматыға қыдырып келген болатынмын, достарым Street Danse-тің болатындығын естіп, қатыс деп қоймағаннан соң қатысқанмын. Биімді көрген боларсыздар, меніңше жаман емес.

Blog post image

Сергей, 18 жаста, Алматы:

Мен А.В.Селезнев атындағы хореография училищесінде оқимын. Сегізінші сыныптан бастап бимен айналысамын. Бүгінде балет, халық билері мен заманауи билерді билеймін. Бұндай батлға бірінші рет қатысып тұрмын. Би деген мен үшін сезімдерді білдірудің бір тәсілі деп білемін.

Blog post image

Инам, 21 жаста, Шымкент:

16 жасымнан бастап бимен айналысамын. Би мен үшін - өмір. Тіпті өзге мемлекет деп айта аламын. Бүгінде Шымкенттегі P.I.dance centre-де биден сабақ беремін. Осындай байқаулар жиі болып тұрса, біз тек қуанамыз. Өйткені тәжірибе жинауға, түрлі жаңа қимылдар үйренуге, өзге бишілермен қарым-қатынас жасауға үлкен септігін тигізеді.

Blog post image

Айдана мен Дейна, 19 жаста:

Дейна: Менің бимен айналысып жүргеніме жарты жылдай болды. Осындай фесттер биге жаңадан келгендерге де, кәсіби бишілердің өздеріне де өте үлкен тәжірибе. Өйткені қатысушылар бір-бірінен жаңа би қимылдарын, тәсілдерін көреді, үйренеді дегендей.

Айдана: 17 жасымнан бастап бимен айналысамын. Астана, Қарағанды қалаларында болған түрлі батлдарға қатысқанмын. Бүгінгі жарыс өте қызықты өтіп жатыр, қатысушылар да, көрермендер де көп.

Blog post image

Азамат, 30 жаста, кәсіби биші:

Менің негізгі мамандығым пиаршы. Бимен кәсіби түрде он жылдан астам уақыт айналысып келемін. Басында break dance-пен бастаған болатынмын, қазір hip-hop билеймін, әрі қаламыздағы түрлі би студияларында жаңадан бастап келе жатқан бишілерге би үйретемін. Байқауға келетін болсақ, маған ұнап жатыр. Қатысушылардың бәрі белсенді.

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Мәтін: Айнұр Ракишева Blog post imagerakisheva

Фото: Айжан Кәрібаева Blog post imagekerbez_

 
8
930
5