Тікелей эфир

«Radio and Juliet» рок-балеті Алматы көрерменімен қауышты

Талантты балет әртісі әрі керемет хореограф Эдвард Клюгтың есімі би әлеміне әйгілі. Румынияда туып-өскен Эдвард 1991 жылдан бастап Словен Ұлттық театрының премьері болып атанды, бұл театрда әртіс классикалық балетпен қатар заманауи партияларды да тамаша орындап жүрді. Ал 2003 жылдан бастап дарынды биші театрдың көркем жетекшісі болып тағайындалды. Кейін келе «Radio and Juliet» атты керемет туынды пайда болды.

Эдвардпен қызықты сұхбат

Бұл балет — атақты британдық Radiohead рок-тобының әуенімен сүйемелденген, Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» махаббат дастанының сюжетіне құрылған ерекше қойылым. Әрине, балет классикалық үлгісіне ұқсамайды, ал декорациялардың орнына видеоинсталляциялар, жарық пен көлеңке ойыны. Актерлердің костюмдері де ортағасырлық стильде емес, ал Капулетти балына келген Ромео бетіндегі маска кәдімгі медициналық маскаға ауысқан. Соған қарамастан, сюжет еш өзгертілмеген, сол баяғы махаббат, алауыздық, ақыры трагедия. Тек қимылдар мен шығармаға деген көзқарас өзге. Осындай модерн балетті батыста бұрыннан би театры деп те атайды, яғни кейіпкер жай ғана биші емес, ол актер. Қойылымда хореография мен техникадан басқа драматургияға да аса көңіл бөлінеді. Осындай қимылдарды сіздер апалы-сіңілі Ғаббасовтар немесе Эйфманның «Каренинасында» да көрген шығарсыз, алайда, «Radio and Juliet» бұл қойылымдардан бөлек, заманауи бір биік шың болып тұр.

Былай қарасақ, спектакльдегі музыка — өз заманының классикасы. Қазіргі таңда «новаторлық» деген атауға ие болған Radiohead-тың туындылары өз уақытының інжу-маржаны, ал Шекспир, қай заманда болмасын, Шекспир. Осылайша өнердің мықтыларын тоғыстыра білген Клюг мырзаның балеті Қазақстанға да жетті. Өкінішке орай, Эдвардтың өзі де, балеті де Алматыға келген емес. Алайда хореограф жақында украиналық театрдың шақыртуымен «Radio and Juliet» балетін Киевте қойған еді. Бізге келгендері де осы украиндық әртістер. Ал оларды шақырған және шараны ұйымдастырған — отандық балет жұлдызымыз Досжан Табылды.

Жөндеу жұмыстарынан кейін Республика сарайы да көрермендерді құшақ жая қарсы алды. Қойылым уақытында басталмай, залдың толтырылуын күткен сияқты болды. Бірінші акт барлығымыз ойлағандай болмады, әртістер классикалық балеттің ең танымал деген «Аққулар көлі», «Арлекин», «Корсар» мен «Дон Кихоттан» үзінділерді орындап шықты. Осындай дивертисмент көрерменнің үрейін туғызып, аздап жалықтырып та жіберген секілді (әсіресе, «Альфабанк.кз» деген экрандағы жарқ-жұрқ ететін жарнама көпшілікті мезі қылды). Үзілістен кейін «Radio and Juliet-тің» өзі басталды. Әртістер бірінші акт арқылы техникамыз бар, классиканы еш қиналмай орындай аламыз дегендей билеп шығып, екінші актта техника да, драматургия да, жаңа идея мен ритмның бар екенін керемет дәлелдеп шықты. Ал біздің көрермен оларға сүйсіне де тамсана қарап, қошемет көрсетумен болды.

Қойылым аяқталғаннан соң көрерменнің пікірін біліп, балетке жақын жандар мен жастарды әңгімеге тартқан болатынбыз.

Әсел Мусинова, журналист, балерина, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

Басынан бастап бұл балет құпияға толы болды: афишаларда тек атауы мен датасы ғана жазылды, кім билейтіні, қалай болатыны жайында сөз болмады. Содан көрермен үшін үйреншікті сәлемдесу, әртістердің атын атау болмағанына біраз абдырап қалдық. Ең алғашқы «Қара аққудан» қойылған үзінді өте жақсы деңгейде болды деп те айта алмаймын. Екінші қойылым жақсырақ, үшіншісі одан да жақсы болып шықты. Ал екінші бөлім, яғни «Радио мен Джульетта» қойылымы, әрине, бүкіл бірінші бөлімнің қателерін жоққа шығарып жіберді. Заманауи қойылым, керемет бишілер — бәрі ұнады. Қарапайым көрермендерге ғана емес, кәсіби бишілерге де көру қызық болды деп ойлаймын. Техника жағынан түзете алмаймын, өйткені мен модерн стилін жетік білмеймін, бірақ классикалық үзінділер өте жақсы деңгейде қойылды. Бұл бишілердің бір жақсысы — олар әмбебап. Классиканы да, модернді де керемет билейді. Ал әртіске бір жанрдан екіншісіне ауысу — өте қиын. Онда қимыл да, психика да басқа, психофизикасы мүлдем бөлек.

Вадим мен Виктория:

Вадим балетке бірінші рет келіп тұр. «Вконтакте» желісі арқылы афишаны көріп, біраз мәдени азық алайық деп ойладық. Өте ұнады. Түгелдей бәрін түсінбесек те, жалпы көрініс, музыка, би керемет әсер қалдырды.

Айрис, Селезнев атындағы хореографиялық училищенің шәкірті, «Өрлеу» конкурсының жүлдегері:

Балет маған өте ұнады. Бәрі де жоғарғы деңгейде өтті. Мұндай әлемдік бишілер бізге көбірек келсе деймін. Модерн жанры классикадан қатты ерекшеленеді екен, онда мүлдем басқа бұлшық еттер жұмыс істейді.

Айман, «Alzo» дизайнері:

Балетке жиі барып тұрамын. Әсіресе Еуропада жүрсем, қойылымдарды жібермеуге тырысамын. Бүгінгі балет шетелдік қойылымдардан асып түспесе, кем болған жоқ. Мұндай шаралар елімізде көбірек өткізіліп тұрса деймін.

Материалды дайындаған:

Айжан Кәрібаева, Әлия Сембай

Алия Arsik
2 қараша 2012, 21:12
2160

Загрузка...

Пікірлер

Samson
0
0
худенькие все какие-то, хоть майки бы одели)
Мне очень понравилось выступление =) Я была заворожена от самого начала и до самого конца!

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Я был удивлён, что в Азербайджане есть Казахский район

Я был удивлён, что в Азербайджане есть Казахский район

Мне как казаху по национальности очень хотелось туда попасть. Оказалось, что климат там намного суровей и люди, говорят, суровые и воинственные. Казах – город на западе Азербайджана...
alidimash
18 қаң. 2017 / 21:50
  • 28738
  • 18
10 лучших районов Алматы. Широкие улочки, частные дома, летом – красота!

10 лучших районов Алматы. Широкие улочки, частные дома, летом – красота!

Названия улиц: Садовый бульвар, Солнечный проезд. Красиво звучит не так ли? Прям, как в Москве... Уютные улочки и радующие глаз одноэтажные домики, тихо и свободно, нет динамики, движух и ажиотажа.
gelberdeuet
16 қаң. 2017 / 14:45
  • 8196
  • 98
Многочасовые очереди, смерти в ЦОНах: почему вопросы об этом ставят парламентариев в тупик?

Многочасовые очереди, смерти в ЦОНах: почему вопросы об этом ставят парламентариев в тупик?

Ожидали ли депутаты Мажилиса всего этого? Как планировали этот процесс регистрации, и обсуждали ли его, прежде чем одним нажатием кнопки принять нормы с такими абсурдными временными рамками?
openqazaqstan
17 қаң. 2017 / 14:32
  • 4922
  • 22
Астана глазами алматинских девушек. Как при таких погодных условиях можно выжить?

Астана глазами алматинских девушек. Как при таких погодных условиях можно выжить?

В спальных районах, и в высотных домах сквозь стены слышно завывание ветра. В особенности ночью. Такие звуки, я слышала, пожалуй, только по телевизору, в фильмах про метель.
Naomi_K
20 қаң. 2017 / 12:36
Сильное ДТП произошло в Алматы на Тимирязева-Байзакова

Сильное ДТП произошло в Алматы на Тимирязева-Байзакова

NoComment (c) Официальный слоган EuroNews. Катастрофа на алматинской утренней трассе началась с того, что водители «Ниссана» и микровена ожидали сигнала светофора на запад по Тимирязева...
ibestreporter
17 қаң. 2017 / 22:52
  • 3764
  • 5
Вейпинг безопасен? Эндрю Холл из США тоже так считал, пока что-то не пошло не так

Вейпинг безопасен? Эндрю Холл из США тоже так считал, пока что-то не пошло не так

Эндрю Холл из США считал, что вейпинг безопасен и усиленно убеждал в этом близких. Но как-то раз что-то пошло не так. Это результат взрыва хипстерского устройства - выбило 7 зубов + ожоги и раны...
Maxambet
17 қаң. 2017 / 16:28
  • 3715
  • 52
Это поколение просрет страну. 20-летняя молодежь представляет из себя сказочных эльфов

Это поколение просрет страну. 20-летняя молодежь представляет из себя сказочных эльфов

Смотря в очередные пустые глаза вчерашнего студента, приходящего устраиваться на первую работу страшно становится. Потому что сравниваю с теми же китайскими студентами, которые готовы выгрызать себе мечту.
mbaitykov
18 қаң. 2017 / 11:34
Становится хуже, но как-то постепенно. Беднеем, но тоже как-то не разом

Становится хуже, но как-то постепенно. Беднеем, но тоже как-то не разом

Помню, когда я уезжал и Казахстана, тут было довольно прилично, даже не смотря на то, что жить было невыносимо. Но прилично так. Мусора было меньше. Дороги чистили, вони почти не было. Да и в остальном тоже норм.
shootnix
18 қаң. 2017 / 12:49
  • 3337
  • 34
Любимый Тайланд. Правящий король называет Паттайю «черным пятном на репутации страны»

Любимый Тайланд. Правящий король называет Паттайю «черным пятном на репутации страны»

Тайланд мы впервые посетили в декабре 2012 года. Полученные эмоции настолько были яркими, что в конце 2015 года мы решили еще разок слетать в Тайланд. Вспоминая Тай, первое о чем я думаю - горячий...
zhainar_d
17 қаң. 2017 / 11:11
  • 3159
  • 24