«Жаужүрек мың бала» турасында журналист бір баланың ойы

Кеңес үкіметі тұсындағы қазақ кинематографиясы десек, ойымызға әп-сәтте оралып, санамызға серпіліс әкелетіні - режиссер Шәкен Аймановтың шытырман сюжетке құрылған кинокартиналары екені айдан анық. Балғын балалықтың бақытты шағымен тұспа-тұс келген бұл фильмдер «Қазақфильмнің» тырнақ алды туындылары екеніне ешкім шүбә келтірмес. Күлкі мен ысқақ, мұң мен зар, сезім мен сенімге толы картиналарды қызыға да қызғана да қарайтынмын.


Қызығатыным - сюжеттердің алуандығы мен көздеген ойдың берілу формасы, яки философиялық түйіні. Қызғанатыным - актерлердің рөлді сомдап, жетесіне жеткізіп, көрерменнің бауыр етіне айналуы. Шыны керек,  іштей «сотқар Қожаның» бейнесіне еніп, Сұлтанның айласынан сескеніп, Төлегеннің сезіміне куә болып, таң атырып, күнді де батырғанымыз бар. Шіркі-і-ін, маған да рөл бұйырса, түсірілім топтың отымен кіріп, күлімен шығамын деп те өзіме-өзім серт берген күндерім болған. Айым оңымнан туып, балалық арманның ұшқыны жиырма жасымда орындалса керек. Әлбетте, Шәкеннің киносына түсіп, қарық болу бұйырмаса да, Ақанның кезекті картинасында кішігірім рөлді сомдау бақытыма жазылған екен.

Дәл осыдан  бір жыл бұрын мен шоу-бизнес журналының журналисі едім. Редактордың тапсырмасымен ат терлетпесем де, бұт терлетіп, «Қазақфильмнің» ауылына тізгінді тарттым. Бару мақсатым, белгілі бір режиссерден белгісіз сериал жөнінде сұхбат алу. Мақсатымды орындап, редакцияға жол тартпас бұрын, бұрын-сонды келмеген мекеменің іш-құрылысын қызықтау мен үшін ермек болды. Қолында компас болмаса, кәдімгідей адасып-ақ кететін ат шаптырым аумағы бар «Қазақфильм» сан алуан павильондарға жіктелген екен. Досым, курстасым, әрі әріптесіммен бірге бірімізге-біріміз компас болып, аралап келудеміз.

Сонымен не керек, көзімізге бір хабарлама оттай басылды. Оның мазмұны мынаған саяды: «Режиссер Ақан Сатаевтың «Мың бала» кинокартинасына кастинг жарияланады. Көзі қысыңқы, жүзі монғолоид нәсілге келетін ер жігіттер, хабарласыңыздар». Шыны керек, мәтін орысша болған, әрі қарай ұмытып та қалдым. Бастысы, досымыз екеуміздің көзіміз қысыңқы, жүзіміз шаршаңқы. Ақанның көңілінен шығатынымызға кәміл сеніп, мәтінде көрсетілген кабинетке жетіп бардық.

Барсақ, біз сияқты кәміл сенген көздері қысыңқыларға тап болдық. Емханадағыдай қайнап жатқан «очередь». Бәрінің кеудесінде, абақтыға қамалған қылмыскердің реттік санындай, 1988-178 деген саны бар ақ қағаз жапсырулы. Сөйтсек, бұл бағын сынаушылардың жылы мен бой ұзындығының көрсеткіші екен. Жұдырығы тоқпақтай, жауырыны қақпақтай еңгезерлі жігіт сыңақтан өтуге кабинетке кіре жөнелді. Әлгі «Ер Төстік» кіре салысымен қаз-қатар тізілген бір топ жігіттер табалдырық бойында сығалап, сынақтың қалай өтуін көруде. Оның ішінде біз де бармыз. Толықтау келген, бет-жүзі солғын тартқан әйел «болашақ актерді» сынау үстінде. Оған қарама-қарсы тұрған ақ құба өңді орыс жігіті фотоға түсіріп әлек. «Ал енді күліп тұрған кез, ооо, жақсы, енді ашулан. Тұңғиық ойда тұрған сәтте қатып қал» - деген нұсқауларды  бірлі-жарым орындауда. Кезек бізге де келді. Костюмер қыздар шапшаңдықпен батырдың киімін кеудемізге іліп, төбемізге үкісі бар дулығаны кигізді. Жоғарыда көрсетілген нұсқаулық бойынша біз де бағымызды сынадық.

Сонымен не керек, араға екі апта салып,  кастингтің келесі турына шақырылдық. Бұл жолғы сынақтың сипаты мүлдем басқа. Байырғы «очередь» мейлінше сейілген. «Фотопробадан» бірі өтіп, бірі құласа керек. Соңғы сынақтың кезеңі «видеопроба». Кеудемізге етене таныс батырдың сауыты мен дулығасын тағы іліп алдық та, камераға қарай жол тарттық. Нұсқаулық беретін нәзік жандының қолында жоңғар тілінен тәржімаланған мәтін бар. «Нөментай, бұйырамын саған, бұл батырдың көзін құрт, басын шап» деген бір сөйлем. Жоңғар тілінде айтылуы тиіс болған бұл бір сөйлем кей жандар үшін мың сөйлеммен пара-пар болды. Басын әжептәуір бастап, орта тұсында күлкі қысып, қиналғандарын да көрдік. Қысқасы, досым екеуміз бұл кезеңнен де іркілмей, мүдірмей жоңғардың рөліне деген билетпен киноға шақырту алдық.  
Шамамен бір айдан соң кинотүсіргіш жандар қоңырау шалды. Ертең Астана уақыты бойынша 18-00-де «Қазақфильмнен» Қапшағайға аттанамыз деп ағынан жарылды. Қазақтыққа салынып, әлгі досым екеуміз кешікпей 20-00-де бардық. Барсақ,  бір автобус тола актерлер мен киноға қатысы бар жандар өздерін қоярға жер таппай, бізді күтіп әлек. Ал біз тиісінше ұяттан кірерге жер таппай, автобусқа басымыз салбырап кіріп, еңсемізді биік ұстап түстік. Бұл да актерлық шеберліктің шыңы деп білем. Қапшағай қалашығына қарасты «Freedom» қонақ үйінде орын тептік. Күн–райы салқын, қоңыр жел гуілдеп тұр. Қапшағай су қоймасына айдын сәулесі түсіп, реңі көзге келбетті көрінеді. Бара салысымен дәл осындай табиғат аясында қонақ үйдің үшінші қабатынан тамақтанып алдық. Түсірілім топтың актерлерге жауапты қыздары бізді үйді-үйге жайғастырды. Досым екеуміз бір бөлмені еншіледік.

Түнгі салқынмен мызғып, таңғы самал желмен сағат 7-де ояндық. Шамамен он бес минуттан соң, автобусқа отырып, Қапшағайдан 20 шақырымдай жолы бар түсірілім алаңына қарай беттедік. Жолы ойық-ойық, терезені аша жөнелсең, бұйра-бұйра шаңдар автобустың салонына рұқсатсыз кіріп, шаңдатуда. Діттеген жерге әйтеуір үйтіп-бүйтіп жеттік. Күн шыжып тұр. Күннің ыстықтығы соншалық, жәй жатқан тасқа жұмыртқаны жарып жіберіп, үстінен тұз сепсең, тамағың әзір болатындай кез. Ауа қапырық. Көлеңке саялайын десең, ағаш-бұтақтар атымен жоқ. Костмюерлердің берген жоңғар батырының киімін киіп алып, киіз үйді паналадық. Түсірілім алаңында шамамен 80-100 адам. Жұпыны киінген жоңғар отбасылары, басты рөлді сомдаушылар, тұтқынға түскен қазақ жауынгерлері және біз жоңғар батырлары. Үстімізге киілген киім, 20-25 келі салмағы бар сауыт. Қылышымен пышағы да қоса жармасқан. Күннің ыстығында ол киіммен жүріп-тұру - қиямет-қайым. Шешіп тастайын десең, режиссер бізді шақырып қалса, қайта кию бір күндік іс. Батыр болу ерлік болса, батырдың киімін киіп жүру ерліктің ерлігі екен. Киіммен әлек боламыз деп, шанхай түске де уақыт таяп қалды. Кезек-кезекпен түскі ас берілуде. Батырдың рөлін сомдап жүргеннен соң ба, бізге ас бірінші тиді.  Асқазанға ел қондырып болғаннан кейін, түсірілім қайта жалғасты. Бір топ қыздар бетімізге опа-далап жағып, сақал-мұрт қойды. Шашымызға бұрым қосты. Өзімізді-өзіміз былай тұрсын, тоғыз ай толғатқан анамыз тани алмайтындай келбетке дейін жеткізді.

Досым Олжас


мен

Сонымен не керек, сыңға түсетін біздің де сәт жақындады. Режиссер жоңғардың батырларын алаңға шақырды. Біз түсетін эпизод - қазақ батырының дарға асылу сәті. Өмірімен қош айтысатын батыр - актер Дулыға Ақмолда болатын. Дулыға мен ағалы-інілі Асан мен Үсен дейтін қос қазақты дарға асуға Жоңғар сарайынан алып келу, досымыз екеумізге бұйырған. «Снимаем» деген сөзден кейін, айнала тыныштықта тербеледі. Ұзын-сонар крандары бар камера биікте құстай ұшып, нысанаға бізді алған. Бізде өзіміздің рөлімізді сәтті сомдаудамыз. Бар міндетіміз әлгі батырларды қолтықтап ұстап, жұлқылап халық тұрған жерге апару. Дулыға дарға асылған соң, ағайынды жігітті апаңға қамау екінші рөліміз. Бас аяғы 2-3 минутқа құрылған сюжетті, үш күн уақыт түсірдік. Үш күндік тер, үш күндік шайқас, үш күндік киілген 25 келі сауытта 2-3 минуттың ығына жығылды.

Басты рөлді сомдамасақ та, өзіміз үшін басты рөл болған бұл фильмдегі образымызға дән ризамыз. Станиславский: «актердің алғашқы рөлі эпизодтан бастау алады» деген. Бастауын алды, қостауын алдағы уақытта күтеміз. Бір қызығы «Жаужүрек мың бала» фильмін тамашалаған жора-жолдастар сендерді көзіміз шалмады, таппадық дейді. Опа-далап жағылмай, сақал мен мұрт қойылмай, үстімізге сауыт ілінбесе, көзге оттай басылатын едік. Киноның беріліп жатқанына бір апта уақыт болса да, досым екеуміз әлі көрмеппіз.

Сонымен не керек, балғын балалықтың арман ұшқыны жиырма жасымда орындалды. Киноға түстім. Қазақ боп туылып күн кешсем де, жоңғардың рөлін сомдадым. Алла жазса, режиссерлерден ұсыныс түсіп жатса, сіздерге хабардар етемін, жазамын, сырыммен бөлісемін.

Руслан Есмағамбетов

ҚазҰУ студенті

Алия Arsik
1 қараша 2012, 5:57
6226

Загрузка...

Пікірлер

Arsik
0
0
Олжас екеуін күштісіңдер, бірақ мен де танымадым сендерді сол эпизодта))
тамаша))) тәжірибе кішкентай бөлшектерден жиналады. Бұл тек бастамасы болар... Саттілік тілеймін!!!
Рахмет! Менде сіз сияқты ойлаймын!!!
Жарайсың, киноға да түсіпсің.
Жазған жазуың да жақсы, төселген екен, шамасы журналистика факультетінде оқитын боларсың?
иә, Руслан журналистика факультетінің 3 курс студенті)
bratandarga senbei jursem wyn tusipti goi kinoga)))))krasavcy jaraisyndar
Мақаланы оқып, киноны көруге асығып та кеттім...оған дейін кереметтей қызығушылығым болмаған шындығында))) міндетті түрде тамашалармын! өте әсерлі жазылған! Жарайсың!!! Досың екеуіңе алда әлі де бастау алатын шығармашылық жұмыстарда тек сәттілік тілеймін!!! Казақтың кино өнері өркендей берсін!!!
Рахмет Айжан!!! Сәттілік тілеймін!
кеше арнайы уақыт бөліп (экзамендер аяқталды демекші
=) ) , кинотеатрға барып тамашаладық... сөз жоқ, керемет...жақсы әсер алдық... ҚАЗАҚ ЗАТЫМЕН АТЫМЕН МАҚТАН ТҰТАМЫН!!! Ақан Сатаев ағамызға мың алғыс...
"ат терлетпесем де, бұт терлетіп" базар жоқ, Русяның стилі)
менің стилімді Олжас қана анғарады, көптің ішінен)))
Фильм ото жаксы тусирилген соз жок! Осы фильмди корип, казактын киносы кашан алемдик денгейге котериледи деген сурак мазалайды? Казак кинолары жасасын!
Бұйырса, Голливудтан да көреміз! Шыданыз!!!
dosym endi korip maktanamyn goi)) molodcy jigitter))
Мен бұл мақаланы түпнұсқадан оқып алдым, бірақ тағы да бір қайталап шықтым, өте қызықты жазылған )))
Құтты болсын кино әлеміндегі алғашқы қадамыңыз. Жарайсыз!
Осы посттан кейін, дарға асу эпизодын анықтап қарап отырып, Олжасты анық көрдім:))
оте жаксы тусилиген кино! менин куанганым басты рольди сомдаган актерлардын барлыгы казактын кара балдары мен кыздары! жарайсындар!
=)Будущий журналист екенсин гой))))молодец))))))Киноны кормеппин али...буйырса дурыстап карап отырам го сен ойнайтын эпизодты)
Базар жоқ, брат!!! Бірақ, кинодан соң "сені байқамадым" деген әңгімелер болмасын)))
Оз басым кинонын примьерасына бара алмадым... Дос балам Мадияр "Кинотеатрдан шыккан сон елиме деген су1спенш1л1г1м арта туст1, кадимгидей жауынгер болгым келип кетт1" дееп алгашкы асер1н осылай жетк1зд1 ))... "Киноман" дос балама улай булай асер ету онайлыкка сокпайды))... Кино тус1ру командасы д1ттеген нысаналарына дал тускен сек1лд1... Жарайсындар!!!... Казак киносы оркендей берегей!!!...
Жоңғарлардың рөліне актерларды қайдан тапты екен деп ойлап отырғам, кәдімгі қазақтың жігіттері екен ғой...
Жоғарыдағы пікірлерге рахмет!!! Жазуым ұнап жатса, жаза түсем ғой, ұната беріңіздер!!!
"Сонымен не керек" былай жақсы жазылған, баяндауың жаман емес. бірнеше мысалдармен тұз қосып мақалаңды дәмдірек қылыпсың. мәләдес Руслан!
akzhan
0
0
Руслан, мақалаңыз керемет жазылған. Кино жөнінде айтар болсам, қазақ киноларының ішіндегі маған ерекше әсер еткен фильм осы болды. Ақан Сатаевқа отандық кино өндірісін дамытып, осындай керемет кино шығарғаны үшін алғыс айтуымыз керек! не дейміз, Канн кинофестивалінде сәттілік тілейміз енді...
P.S. суреттен Олжасты танымай қалдым.. Кино өнеріндегі қадамдарың құтты болсын!!!
Адеми. Жақсы жазылған. Оқып отырганда окиганын ишинде болгандай асер калдырды.
Оқып, баға бергенінізге рахмет!
ar_777
0
0
Мақала жазып ой бөліскеніге рахмет, қызық!
Осы киноны кеше ғана көрдім, бірақ сендерді танымадым!!!! Егер, кино жайлы айтсам, өзіме ұнады, Отанға деген махаббатымның екінші демін ашты! Кім не десе де, кино жақсы шыққан! Жүрекпен түсірілгені сезілді, басты рөлдегі бала тіпті КЕРЕМЕТ!!! Жақсы болса да, жаман болса да, өзіміздің кино, сондықтан қарға баласын аппақ демекші, өзімнің кином ЖАҚСЫ!
Бізде сендерді танымаймыз, онда!!!))) Киноға деген ықыласынызға рахмет!!!
Станиславский жақсы айтқан екен. Жарайсыз!
Керемет жазыпсың бауырым! Қаламың ұшталсың! "... Өзімізді-өзіміз былай тұрсын, тоғыз ай толғатқан анамыз тани алмайтындай келбетке дейін жеткізді" деген жолды екі рет оқыдым бір күліп қалдым. Демек достарың сендерді танымаса, бұл актер үшін ең жоғарғы баға болмақ.Нағыз шеберлік сонда емеспе? Қадамыңа нұр жаусың!
Бір сөйлемімді оқырмандар екі қайтара оқығаны мен үшін куанышты дүние ғой, рахмет сізге!!! Жиі оқып тұрсаныз, жазамыз!!!
Еш әсер алмады бұл "кинодан". Жауынгер мың бала көрем ба деп ем. Алданып қалдым. Айландырған 10 бала, оның біреуі қатын, біреуі "кидала". Бопшым былшыл нақ! "Көшпенділер" ито жақсырақ.
Копендиде канша пайыз шет елдин азаматтары басты рольди сомдады билсени! ал мунда канша пайыз басты рольдерди казак бауырлар ойнады! биреуи катын болсада ол кездеги ерликпен мына ангимен тук сайкес келмиди!
негізі мына пікірге келісем, частично) операторлық жұмыс керемет болған, Қорланның рөлі ұнады, басқа особо ешқандай әсер алмадым...
magan unadi kino!! ata-anama da!! tek soninda jagimpazdanbai-ak kou kerek edi))))omiri sol goi bizde.....

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Свыше 10 известных университетов приглашают его обучаться зарубежом, но выбор будет оставаться за Сакеном. Он выберет обучение The University of Edinburgh и отправляется в эту удивительную страну...
socium_kzo
30 қар. 2016 / 11:06
  • 10542
  • 10
Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

В чем уникальность этой личности? В чем его успех или провалы? Эти вопросы требуют глубокой аналитики и исследований. Я же хочу рассказать о Нурсултане Абишевиче глазами рядового кыргыза или...
maxes
1 желт. 2016 / 8:05
  • 4106
  • 14
Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Как сообщают новостные издания, в ближайшее время в Южном Казахстане 102 детям в возрасте 11-12 лет сообщат об их страшном диагнозе. Все эти дети были заражены ВИЧ, причём большинство было инфицировано по вине врачей.
openqazaqstan
2 желт. 2016 / 13:57
  • 3619
  • 3
Когда на тебя смотрят как на говно. На работе многие считали, что они выше меня уровнем

Когда на тебя смотрят как на говно. На работе многие считали, что они выше меня уровнем

Дело было летом 2012 года. Мне было почти 20 лет, жил я от сессии до сессии довольно весело. В голове машины, клубы, тёлки. Жизнь размеренная и неторопливая. Вдруг мне приходит в голову идея...
almatinec_92
28 қар. 2016 / 16:57
Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Трамп и не подозревает, что 16 декабря 1991 Казахстан не создал, а восстановил свою национальную государственность. Иначе бы он упомянул не только 25 лет, а больше чем 550 лет казахской истории.
Stehlikova
2 желт. 2016 / 9:02
  • 3503
  • 86
О переименовании столицы: Казнет не зря взорвался едкими комментариями

О переименовании столицы: Казнет не зря взорвался едкими комментариями

Сеть облетело очень символичное видео, где г-ну Султанову в ходе пресс-конференции прямо задают этот вопрос. «Вы советовались с народом?!» – спрашивают его журналисты. На что депутат так и не смог вразумительно ответить.
openqazaqstan
28 қар. 2016 / 14:35
  • 3396
  • 15
Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Давно ждал запуска электронного билетирования в общественном транспорте Астаны. В ноябре 2016 года этот день настал. Мой опыт насчитывает последние 2 недели и мне есть чем поделиться. Она не...
iamYerlan
1 желт. 2016 / 15:24
  • 2852
  • 11
Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Недавно пролетал через аэропорт Амстердама - Схипхол. Так как улетал из аэропорта Алматы, то не мог не начать сравнивать эти аэропорты.
Superkurt
30 қар. 2016 / 10:09
  • 3009
  • 12
Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Президент Назарбаев предложил амнистию для совершивших преступления небольшой тяжести несовершеннолетних, пожилых, женщин и других социально уязвимых категорий осуждённых
openqazaqstan
30 қар. 2016 / 13:45
  • 2755
  • 19