Тікелей эфир

HackDay — идеяны өмірге әкелу

28-29 сәуір күндері Алматыда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде 800-ден астам адам HackDay-ге жиналды. Онда кез келген адамға шығармашылық идеясын жүзеге асыруға, өз білімімен бөліскісі келген мамандардың мастер-класын тыңдауға мүмкіндік берілді. 2011 жылы аталған шара екі секция бойынша өтсе, биыл үш секцияда өткізілді: IT, Контент және медиа, Кино мен видео.

Шараның форматы Yahoo! компаниясымен құрылып, әлем бойынша 2005 жылдан бастап өткізіліп келеді. HackDay-дың жаһандық мақсаты – стартаптарды дамыту.

Шараға қатысушылардың дені – бағдарлама әзірлеушілер, жарнама саласының мамандары, дизайнерлер, блоггерлер мен журналистер, студенттер, оқушылар.


Шыныбеков Дамир Абдухалиұлы, Халықаралық IT университеттің ректоры:

Қазақстанда HackDay екінші жылы өткізіліп отыр. Егер былтыр 500 кісі қатысса, биыл 800 адам қатысады деп отырмыз. Хакдэйдің басты артықшылығы – қандай да жоба бір тәулік ішінде жасалады. Біздің университет үшін Хакдэй – биылғы жылдың ең басты іс-шарасы. Онда барлық IT және басқа саланың да мамандары бас қосып, қызықты жобаларды іске асыруға мүмкіндік алады. Қазақтелеком, Microsoft, Samsung, Dr. Web, тағы басқа инвесторларды шақырдық. Қорытынды жасалған кезде, осы аталған инвесторлар ең үздік жобаларды каржыландыру мәселесін карастырады. Үш секция бойынша жеңімпаздарды анықтайтын қазылар алқасы 3-4 ең үздік жобаларды таңдайды, одан кейін тағы бір номинация – көрермендер көзайымы. Оны қатысушылардың өздері анықтайды. Өткен жылы қатысқан мен білетін алты проект іске асырылды. Олардың арасында қазақша пернетақта, әлеуметтік Wikicity жобасы, компьютерлік ойындар бар.

Әлімтай Рүстем, IT университеттің 1-курс студенті:

Хакдэйге қатысушы ретінде келдім. Ұсынатын жобам – Қазақстан live порталы. Адам әртүрлі өмірлік жағдайда болады. Сол уақытта оған қандай да бір кеңес қажет болса, портал қолданушыларынан сұрай алады. Сайтқа тіркелген адамдардың барлығы бір-бірімен ой бөлісіп, микроблог арқылы ақыл-кеңес алуға мүмкіндігі бар. Біздің жобамыз әзірге 0 %-ға дайын. Бірақ осы бір күнде үлгерсек деп отырмыз.

Мадияр Гиззатов, колледж студенті:

Елімізде байқауларды ұйымдастыратын, оқушылар мен студенттердің өз білімі мен шығармашылығын танытатын сайт жоқ. Қазақстанда 2,5 миллиондай оқушы бар. Менің жобам соларға бағытталады. Сайтта оқушылар мен студенттер арасында әртүрлі байқаулар жүргізілетін болады. Мысалы, «Қазақстанның бүгінгі өзекті мәселелері» тақырыбындағы шығармалар байқауы жарияланады. Өткізілу уақыты – 20 күн. Сол уақыт аралығында келіп түскен жұмыстар қаралып, ішінен үздігі анықталады. Жеңімпазға кітап немесе белгілі бір соммадағы сертификат сыйға беріледі. Мәселе сыйлықтың көлемінде, бағасында емес қой. Меломан сауда желісімен сөйлесіп, ұсынысымды білдірдім. Олар қарсы емес, бірақ ол үшін сайт танымал болуы керек.

Жанна Прашкевич, пиаршы:

Менің HackDay-дегі қысқа семинарымның мақсаты – студенттерге Social Media Marketing туралы білімдерін қалыптастыру, барлығы бірдей оңай бола бермейтінін көрсету. Жас мамандардың көпшілігі SMM-ның қыр-сырын толық білмейді. Олар түрлі блогтұғырнамалар мен бейнехостингтердің жұмысын білсек, қыруар ақша табуға болады деп есептейді. Шындығында, бұл оңай шаруа емес. Осы семинардан кейін студенттер SMM-нің толық бейнесін көруге ұмтылады деп сенемін. Бастысы, олар қайдан және не іздеу қажет екенін білетін болады. Ал осыған мән берген кезде ғана мансапқа жету жолы айқындалады.

Зулпухар Нұрсұлтан және Мектепберген Құлан, IT университеттің 1-курс студенттері:

Жобамыз Android, IOS тұғырнамаларындағы ойындарға арналады. Сол ойларымызды жүзеге асыру үшін HackDay-ге келдік. Мұндай іс-шараға бірінші рет қатысып отырмыз. Жобамыз болашақта көптеген компаниялар үшін қызықты әрі әлеуеті күшті жобаға айналады деген үміттеміз.

Айтемір Ескенов, 9-сынып оқушысы:

Мен Кино және видео секциясына қатысуға келдім. Тобыммен бірге Galaxy Y Duos-қа вирустық ролик түсіремін. Көпшілігі әлеуметтік тақырыптағы роликті таңдап алған. Сондықтан белгілі бір жағдайда біздің ролигіміз – эксклюзив. Біз визуалды эффекттерді Самсунг тақырыбымен байланыстырамыз. Тек үзінділерден құрастырмай, өз тарапымыздан қызықты, соны элементтерді қосамыз. Тобымызда 4 адам бар, менен басқалары – студенттер. Біз үшін жеңу міндет емес, бастысы – қатысу, көру.

Айнұр Ракишева, журналист:

Блогшы әрі интернет-журналистикаға енді қадам басып келе жатқан журналист ретінде біздің отандық интернетке қатысты әрбір іс-шараларды барынша назарымнан тыс қалдырмауға тырысамын. Ал бүгінгі HackDay қазнетте түрлі қызықты жобалардың жүзеге асуына үлкен мүмкіндік береді деп ойлаймын. HackDay-ге “Екпін” журналының атынан қатысып отырмын, көрерменге жобамыздың форматы, мақсаты, айдарлары мен аудиториясы жайында презентация жасаған едім.

Материалды дайындаған: Айнұр Маемирова,

Айгүл Қойшығұлова

 
Алия Arsik
3 мамыр 2012, 11:40
3293

Загрузка...

Пікірлер

ай донт андерстанд
жақсы жазылған, ұнады. жарайсыңдар!)
Пиаршы деген сөз бар ма қазақ тілінде?
Arsik
0
0
тракторшы секілді ғой))
қызық, қандай жобалар жүзеге асты?
Arsik
0
0
мына жерде жеңімпаз командалардың тізімі бар yvision.kz

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Я был удивлён, что в Азербайджане есть Казахский район

Я был удивлён, что в Азербайджане есть Казахский район

Мне как казаху по национальности очень хотелось туда попасть. Оказалось, что климат там намного суровей и люди, говорят, суровые и воинственные. Казах – город на западе Азербайджана...
alidimash
18 янв. 2017 / 21:50
  • 30424
  • 18
10 лучших районов Алматы. Широкие улочки, частные дома, летом – красота!

10 лучших районов Алматы. Широкие улочки, частные дома, летом – красота!

Названия улиц: Садовый бульвар, Солнечный проезд. Красиво звучит не так ли? Прям, как в Москве... Уютные улочки и радующие глаз одноэтажные домики, тихо и свободно, нет динамики, движух и ажиотажа.
gelberdeuet
16 янв. 2017 / 14:45
  • 8664
  • 98
Многочасовые очереди, смерти в ЦОНах: почему вопросы об этом ставят парламентариев в тупик?

Многочасовые очереди, смерти в ЦОНах: почему вопросы об этом ставят парламентариев в тупик?

Ожидали ли депутаты Мажилиса всего этого? Как планировали этот процесс регистрации, и обсуждали ли его, прежде чем одним нажатием кнопки принять нормы с такими абсурдными временными рамками?
openqazaqstan
17 янв. 2017 / 14:32
  • 5045
  • 22
Астана глазами алматинских девушек. Как при таких погодных условиях можно выжить?

Астана глазами алматинских девушек. Как при таких погодных условиях можно выжить?

В спальных районах, и в высотных домах сквозь стены слышно завывание ветра. В особенности ночью. Такие звуки, я слышала, пожалуй, только по телевизору, в фильмах про метель.
Naomi_K
20 янв. 2017 / 12:36
Сильное ДТП произошло в Алматы на Тимирязева-Байзакова

Сильное ДТП произошло в Алматы на Тимирязева-Байзакова

NoComment (c) Официальный слоган EuroNews. Катастрофа на алматинской утренней трассе началась с того, что водители «Ниссана» и микровена ожидали сигнала светофора на запад по Тимирязева...
ibestreporter
17 янв. 2017 / 22:52
  • 3861
  • 5
Вейпинг безопасен? Эндрю Холл из США тоже так считал, пока что-то не пошло не так

Вейпинг безопасен? Эндрю Холл из США тоже так считал, пока что-то не пошло не так

Эндрю Холл из США считал, что вейпинг безопасен и усиленно убеждал в этом близких. Но как-то раз что-то пошло не так. Это результат взрыва хипстерского устройства - выбило 7 зубов + ожоги и раны...
Maxambet
17 янв. 2017 / 16:28
  • 3908
  • 52
Это поколение просрет страну. 20-летняя молодежь представляет из себя сказочных эльфов

Это поколение просрет страну. 20-летняя молодежь представляет из себя сказочных эльфов

Смотря в очередные пустые глаза вчерашнего студента, приходящего устраиваться на первую работу страшно становится. Потому что сравниваю с теми же китайскими студентами, которые готовы выгрызать себе мечту.
mbaitykov
18 янв. 2017 / 11:34
Становится хуже, но как-то постепенно. Беднеем, но тоже как-то не разом

Становится хуже, но как-то постепенно. Беднеем, но тоже как-то не разом

Помню, когда я уезжал и Казахстана, тут было довольно прилично, даже не смотря на то, что жить было невыносимо. Но прилично так. Мусора было меньше. Дороги чистили, вони почти не было. Да и в остальном тоже норм.
shootnix
18 янв. 2017 / 12:49
  • 3632
  • 35
Любимый Тайланд. Правящий король называет Паттайю «черным пятном на репутации страны»

Любимый Тайланд. Правящий король называет Паттайю «черным пятном на репутации страны»

Тайланд мы впервые посетили в декабре 2012 года. Полученные эмоции настолько были яркими, что в конце 2015 года мы решили еще разок слетать в Тайланд. Вспоминая Тай, первое о чем я думаю - горячий...
zhainar_d
17 янв. 2017 / 11:11
  • 3498
  • 24