• 77420
  • 153
  • 51
Нравится блог?
Подписывайтесь!

АШАРШЫЛЫҚТЫҢ АУЫР ЗАРДАБЫ

Қазақ халқы талай тарихтың ауыр кезеңдерін бастан өткерген қайсар да қайтпас халық. Тек өткен ғасырдың басында Қазақ халқы трагедияға толы түрлі оқиғаларды басынан кешірді: үлкен және кішілі революциялар, отарлық қанау, репрессия, ұжымдастыру, тәркілеу, аштық  және т.б. сындардан өтті.

Осы аталған большевиктік саясат тұсында қазақ даласы екі ірі аштықты бастан өткерді.

Аштық жылдары

1921-1922 жылдардағы аштық

1930-1932 жылдардағы аштық

Болусебептері

1921 жылы жазда куаңшылық болып, малдың 80%-ы кырылды. Астық   мол   болған   аймақтардан   азық-түлік   отрядтары   орталыққа ауылшаруашылық өнімінің 80%-н әкетті.

Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырады. ¥жымдастыру карсанында- 40,5 млн. мал болды. 1933 жылы 4,5 млн. мал қалды.

 

Аштыққаұшыраған аймақтар

Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай, Семей, Ақмола губерниялары

 

Бүкіл Қазақстан

Ашығушыларсаны

Ашығушылар республика халқының 1/3 бөлігін камтыды. 1921 жылғы карашада 1 млн. 508 мың адам ашықты. 1922 жылғы наурызда 2 млн. 303200 адам ашыкты. Аштыққа індет қосылып, 1922 жылы маусымда Батыс Қазақстанда ашығушылар мен аурулар 82%-ға жетті.

1930 жылы- 313 мың адам; 1931 жылы- 755 мың адам; 1932 жылы 769 мың адам қайтыс болды. 1930-1932 жылдары барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40% -ы жаппай кырылды. Актөбе облысында 1930 жылы 1 млн. 12500 адам болса, 1932 жылы 725800 адамға кеміген (71%).Балқаш ауданында 1930 жылы 60 мың адам болса, 1932 жылы 36 мыңы қырылып, 12 мыңы баска аймақтарға көшіп кетті. 1930-1931 жылдар аралығында 1 млн. 70 мың адам Қытай, Иран, Ауған жеріне т.б. көшті. 616 мыңы қайтып оралған жоқ. 414 мыңы кейін елге оралды. 1930-1933 жылдары 2,1 млн. адам аштықтан қырылды.

Іс-шараларұйымдастыру

1921 жылғы 14 маусымда «Нақты ет салығы туралы» декрет шығып, казақтар ет салығынан босатылды.1922 жылы егістіктің 60%-на Кеңес үкіметі берген дән себілді. 1922 жылғы 4 тамызда ауылшаруашылық машиналарын сатып алу үшін 25 млн. сом берілді. 1922 жылы мал сатып алу үшін 2 млн. 131 мың сом бөлінді. 18,5 мың жетім бала Ресейге әкетілді. Кеңестік Туркістан туыскандық көмек көрсетті. 2 млн. пұт астық жіберілді. Республикадан 20 мың ашыққан адам қабылданды.

1932 жылғы 17 қыркүйекте «Қазақстанның ауыл шаруашылығы туралы» каулы қабылданды. «Жасанды колхоздар» таратылды. Астықты аудандарда коммуналар орнына, артельдер үйымдастырылды. Қоғамдастырылған мал-мүліктер кайтарылды.

Отырықшы аудандарға 2 млн. пүт астық және 30 млн. сом акша бөлінді.

 

Зардаптары

Демографиялық жағдай қиындады. Орынбор, Қостанай, Актөбе, Орал, Торғай губернияларында халық саны l/3-не дейін азайды. 700 мыңнан астам адам республикадан көшіп кетті.

Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана калпыпа келді. 1930-1932 жылдардагы аштық тарихта «ұлы жұт» атанды.

 

Ашаршылық кезінде төмендегідей қарсылықтар болды:

1929-1931жж – Қазақстанда ұжымдастыруға қарсы қарулы қарсылықтар толқыны (Семей округі – халық наразылығының ірі ошағы).

1930ж ақпаннан мамырға дейін – 6 ауданды қамтыған күшті толқу болды (Торғай шаруаларының Батпаққара көтерілісі – «бандиттік-басмашы қозғалысының көрінісі» деп бағаланды).

Қарақұм көтерілісі – 5000 шаруа біріккен көтеріліс. Оны Орынборда орналастырылған 8-дивизия басып тастады.

Созақ жеріндегі көтеріліс – Шебер ұйымдастырушылығымен, табандылығымен ерекшеленеді. Басшысы – Жақыпов. Аудан орталығын басып алып, көтерілісшілер аудан басшыларын өлтірді.

1931ж көктем – Қарқаралы округінің Абыралы, Шыңғыстау және Шұбартау аудандарындағы көтеріліске қатысқандар түгелдей қырылды.

«Бесеудің хаты» – Ф.Голощекинге арналған ашық хат. 1932ж шілде де Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Даулетқалиев, Е.Алтынбеков, К.Қуанышбаев бірлесіп жазды.

1933ж наурызда – Тұрар Рысқұлов Сталинге хат жазды.

Республика аумағында 1929-1931жж аралығында ұжымдастыруға қарсы 372 жаппай толқулар мен көтерілістер болып, оған 80 мың адам қатысқан (Толқулар мен көтерілістерді жаншу кезінде 1916ж көтерілісті басу тәжірибесі қайталанды).

 

Төменде ашаршылық кезеңдерінің фото суреттер жиыны келтірілген

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігі Ақпарат және Мұрағат комитеті "Орталық Мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалар мұрағаты"

РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3357    Қазақ әйелі. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 20-30-шы жылдары.

 

РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3498    Су тасу. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 20-30-шы жылдары.


РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-4353   Көшпенді қазақтар. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 20-30-шы жылдары.

РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-4355   Тезек теріп жүрген қыз. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 20-30-шы жылдары.

РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3448     Базардағы жоқшылық. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 20-30-шы жылдары.

РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 2-39320   Қазақ ауылы. 1928 жыл.


РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3466     Баян-Ауыл маңындағы Әулие-Тас үңгірі алдында отырған қазақ жігіті. Павлодар облысы, 1928 ж.


РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3473  Әскери комиссариаттағы әскерге дайындык шаралары.  Павлодар 1929 жыл.

РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3497    Төлдеген мал. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 20-30-шы жылдары.

 

РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3545     Трактор курсын бітірген алғашқы түлектер. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 30-шы жылдары.

 

РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3614    Көші-қон кезінде. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 30-шы жылдары.

РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3620   Жұттан кейін қалаға көшіп келе жатқан отбасы. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 30-шы жылдары.

 

РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3515   Көші-қон кезінде. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 30-шы жылдары.

РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3613    Көші-қон кезінде. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 30-шы жылдары.

РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3612    Көші-қон кезінде. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 30-шы жылдары.

РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-4383        Сәбилердің бейіті (Моянды демалыс орнының маңы). Павлодар облысы, 1931 жыл.


РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3571        Қыстақ. Павлодароблысы, 1933 жыл.

 

РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 2-39293   Келі түйіп жатқан келіншек. Уақыты белгісіз.

 

•РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 2-36481    Сауыншының баласы. Алматы обл. 1930 жыл

 

•РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3511.      Баурсақ дайындау кезінде. Павлодар обл. 20-шы жылдар.

 

•РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3400.      Жұт. Павлодар обл. 1914 жыл.

 

Қазақ даласындағы ашаршылық. Государственный архив Южно-Казахстанской области


http:// kargaly.ucoz.kz/news/2008-12-10-253


Ашаршылық зардаптарының бірі – балалар панасыздығы

Фото ҚР Президенттік Мәдениет Орталығының мұражай қорынан алынған




Адамдар аштықтан аман қалу үшін мекен еткен жерлерін тастап, қоныс аударуда. Қазақстан, 1930 жж.

http:// kargaly.ucoz.kz/news/2008-12-10-253


Аштан өлер алдындағы қазаққа көмек беруге тырысқан Татьяна Невадовская. Қазақстан, 1933 жыл

http:// kargaly.ucoz.kz/news/2008-12-10-253

 
4 июня 2012, 16:46
60097

Loading...

Комментарии

Я думаю очень полезно и должны знать об этом
Мазохисттік пікірлердің бірі, қазақша жазылған постқа орысша пікір қалдыру.
Бұндай тақырыптарды мемлекеттік деңгейде көтерілуі тиіс, кімнен неден қорқамыз? Ашаршылық болғаны рас, қазақтардың жартысы қырылып кеткені рас.
Қазақтардың жартысы емес, 80 пайызы қырылды.
Кімнен қорқамыз дейсің бе? Билік Ресейден қорқады.
Мұндай мәліметтерді Қазақша жазсаң қазақ қана естиді, орысша жазсаң ол өз ісін мойындамақ түгіл жоқ қылып тастайды. Мұнда дүние тілі ағылшын тілі қажет, facebook қа шығаратын болсаңыз да ағылшын тілінде шығару керек, әйтпесе дегенімдей. еврей ма басқасы ма осылай өздерін танытты, жалықпай кітап жазды..
Нақтылағаның өте дұрыс, не болсада қырылды. Имандары саламат болсын.
Ресейден қорқу керек емес, әлсіз мемлекет қой, қай жақтан да қарасаң.
Ерлан Тынымбайұлы, өзіңіздей тұлғалардың болуы жас буын үшін үлкен құт. Сізден тәжірибе алып, өзіңіз бізге ылғи бағыт беріп отырасыз. Рахмет!
azamat
0
0
Мя саган Коллективизация... Ай Казагым ау..
Қазағым менің, не көрмедің?!
Mina jaktan Armiandar shikti, genotsida dep (ozderi Osman imperiasina koterilis jasap), mina jaktan yahudiler shikti nemister kirdi dep, biz nege hakimiz jok bizdi jartimizdi jok kildi dep, koterilis jasamai ak, jasandi oltirip kirip tastadi... Ote ayanishti, ata babalarimizdin jatkan jerleri jaili bolsin
Рахмет! Павлодарға қатысты суреттер жүрек сыздатады. Бұған дейін аштыққа қатысты суреттерді көргенде көп ретте өңірі көрсетілмейтін еді. Өзге өңірлердің де суреттері болса, көрер ме едік. Ұлтымыздың алапат зұлматы ғой.
Спасибо за фотографии! раритет просто какой-то.
Бірінші пікірге берген жауапты оқыңыз.
осындайлар қасақана істейді ме деп қаласың кейде...
Қайтесің оларды, өз ісіңді тындыра бер. Бәрі дұрыс болады.
Ұлы жұт кезіндегі балалық шағын еске алып, ауылда марқұм атамның орылған бидайдың қалдықтарын көргенде көзіне жас алып , осыларды біртіндеп теріп шешем байқұс бізге қуырып беріп аман алып қалып еді деген әңгімелері есіме түсіп кетті...
колдан жасап канша адамды опат кылды
әрдайым қозғап отыра беруіміз керек осындай қиындық көрген кезеңдер туралы. Жебірейлердің еңбектеген баласына дейін холокост туралы хабарлары бар. Біздің де өскелең ұрпақ осыны біліп жүруге тиісті.
Егерде әрбір қазақ өз тарихын ізденіп оқыса,бұл жерде тарих дегенде орыстардын өзгертіп өтірік ойдан қазақтарға оқытып келген тарихтарын айтып отырған жоқпын,онда әрбір қазақ потриот және де ешбірі орысша білседе сөйлеуге арланар еді.
Ізденіп ешкім оқымайды, өйткені адамдар менмен, немқұрайлық танытатын бәлелер, өз көтін ойлайтын алаяқ жандар ғой, әсіресе қазақтар.
Сосын, соңғы сөзіңіз орынсыз екен, талпыныс жоқ болса, білуге, ой өрісін кеңейтуге ықылас танытпаса, білгісі келмесе, ешқандайда мақалалар көмектеспейді.
Lilai
0
0
Жаксы пост, автордын халқын қаншалықты сүйетінін көрсетіп тұр! Өте аянышты - халқымыз соншалықты қиналғаны, енди генетикалық жадқа бұл ашаршылық қалай берілген екен? және осы ашаршылықта адамдар бір-бірін жегені дұрыс емес деп ойлаймын....
Эндииии киимдии кииналау кэрэк дээп ойлайсен? Жалпээ ойиин хаандай?
Жақсы,осындай сөйлейтін суреттерді көріп сабаңа түсесің.Зұлмат,тауқымет,қасырет,қайғы деген осы.Бүгінгі әр қуанышымыз сол өткен әрбір қайғының жамауы іспеттес.
ал маған осы тақырып бойынша сөж қорғау керек....
Біз Қазақпыз мың өліп мың тірілген
Бұған орыс кіналі емес оған кіналі ЕВРЕЙ Голощокин егер ол келмегенде қазақ бекер қырылмас еді,қазақтанда кінә бар араларында уйымшылдық болған жоқ билікке таласты......
Marationok Ресей әлсіз халық емес............Қайта Ресейге рахмет айтам егер сол халық болмаса қазақ жоқ неге деген сұрақ қой озіңе...себебі Біздің сыртымыздан Қытай аңдып тур..ойлан бауырым.
Осының бәрін көріп-білу әрбір қазақ баласына артық етпейді. Қазағым қанша адам төзгісіз қиындықтарға ұшырағанын айтсақ бірнеше мың томдық кітап жазуға болатын шығар. Патша үкіметінің көрсетпеген зорлығы мен зомбылығын біз қазіргі жас ұрпақ ұмытпауымыз керек. Қолдан жасалған аштық, қаншама қазақ осы қасіретті жылдары бір түйір нан таба алмай ел кезіп, алыс шет елге қанғырып кетуге мәжбүр болды((((((((((.Тек бұл ғана емес қаншама зиялы қауым өкілдері Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынұлы, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин және т.б сияқты ата-бабаларымыз жазықсыздан-жазықсыз "халық жауы" деген жаламен қыршыннан кеткенін және қазақ басынан өткерген қаншама Тәуелсіздік жолындағы оқиғалар мен қасіретті жылдарды ешқашан ұмытпауымыз керек. Бұл әлемдегі бірде-бір ұлттың басынан өтпеген дүрбелең жылдар.......
маган 5еудин хаты керек бул емес кандай сайттан тапсам болады?
Almaty oblystyk memlekettik muragaty 2010 zhyly Kazak halkynin kasyreti atty 300 dana bolyp shygarylgan kuzhattar men materialdar zhinagi XX gasyrdin 20-, 30-shy zhyldarindagi Qazaqstandagi asharshylyk turaly kitapti osyndai suyrettermen tolyktyrip taralymin kobeytip zhygarsa degen usynis bar.
50 жылда ел жаңа деген міне осы шығар. Жүрміз міне дым болмағандай.
Керемет суреттер!
Енбегинизге рахмет Ерлан ага.
Anau orıs kömektesuge tırısqan adamğa uqsamaydı. Şirenip joğarıdan qarap tur ğoy akennin...
ol kezde stalin zhauyz edy, endy putin onyn tuyn koteryp, tagyda imperiya qurgysy keledy. Qanshaga deiyn byreuyn shashbauyn koteryp zhuremyz?
Qaseke
0
0
елімізде бірлік болмаса, бұл жағдай қайта орын алуы мүмкін, мүмкін басқа түрде..
eŋbegiŋizge algısımdı bilidiremin.

"bası amannıŋ - malı aman" degen dana halkım.

ötkenge salawat! keleşekte basımız da, mal-janımız da aman bolgay...
Аууу, сталинисттер, кайдасындар? Бiрак олар казакша туртпийды гой!
блин, почему так мало хороших блогов осталось? этот вне конкуренции.
где купить муку
Тоталитаризмнің екі қылмысын қазақ халқы кешірмейді. Бірі – КОКП үздіксіз жүргізген саяси қуғын-сүргін, екіншісі – əр жылдарғы, əсіресе 1931–1932 жылдарғы ашаршылық. Елбасымыз Н.Ə. Назарбаев дөп басып айтқандай, «аяулы да абзал азаматтарымыздың жойылғаны большевизмнің бетіне қара таңба, біздің ғасырлар бойы ұмытылмайтын қасіретіміз». Ол – адамзатқа қарсы жасалған қылмыс, ғаламдық деңгейдегі қасірет. Қазақстандағы ашаршылық архитекторы – Кремльдің қолшоқпары Ф.И. Голощекин
мен негизи казакты мақтан тутам себеби 1 гасырда булар даму деген керемет
гиннестер рекорд китабына енгзседе артык емес!!"!"
Өте үлкен қасірет гой бұл деген. Қазақтар басынан не кешпеді. Сонда да рухын қазақтың ешкім түсіре алмайды.
Бірақ сол азаптарға қарамастан арын-намысын,ұятын сақтап келген Әже-аналарымыздың абыройын айрандай төккен-қыздарымыз.Бабалар намысын жерге таптаған мына біздер жігіттер.Ата-баба қанымен келген бостандықты 1 ақ ауыз сөзбен айта салатын,тіпті ол қалай келді,оныда білмейтін мына біздер жастар.Алдымызда аз уақытқа тамақ болмай қалса бары анасын жазғырып,жоғы сабырсыздық танытып аузымызға келгенін айтатынымыз жалған емес.Қазақ айтадығой "Аштық не жегізбейді,тоқтық не дегізбейді" демейдіме.Бауырлар ойланайық.Барға шүкір жоққа сабыр етейік. Ата-баба рухына Аллаһ разы болсын!!!Ол кісілер бізге бөтен емес біреуе ана,біреуге әже,біреуге баба болып келеді.ИншаАллаһ жәннәт болсын оларға.Бәрімізге
Окындар шет елдерде, котерилиндер, тауелсиз мемлекет болганмен тауелди болып журмиз баска елдерге,
Окындар шет елдерде, котерилиндер, тауелсиз мемлекет болганмен тауелди болып журмиз баска елдерге,
ашаршылык туралы тест керек
ашаршылык туралы тест керек
ашаршылык туралы тест керек
ашаршылык туралы тест керек
Қазағымыздың кормегені мен котермегені жоқ, бірақ тарихымызда көп қырылу жүз бен Руға болініп бірікпегеннен болған. Енді алда алде қандай жағдай бола қалса бір ауыздан Қазақ болып бірігуіміз керек.

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Известные казахи, женившиеся на русских женщинах

Известные казахи, женившиеся на русских женщинах

Говорят, что за каждым великим мужчиной стоит женщина. А еще говорят что, все великие люди меняют судьбу своего народа. Так давайте узнаем больше о русских женщинах, навсегда изменивших жизнь...
Shala-Kazakh
17 февр. 2017 / 23:21
  • 33111
  • 81
«Мужчины, живущие с родителями после 25 лет». Опрос набирает популярность в сети

«Мужчины, живущие с родителями после 25 лет». Опрос набирает популярность в сети

"Как вы относитесь к мужчинам, которые в 25+ еще живут с родителями?". Опрос, который набирает популярность в соцсетях. Хотелось бы узнать, что же думаете вы по этому поводу?
Muchacho55
15 февр. 2017 / 18:51
Вспомнились слова однокурсника: «Не завидую твоему будущему мужу»

Вспомнились слова однокурсника: «Не завидую твоему будущему мужу»

Среди моих знакомых есть одна милая девушка, она тоже молодая мама как и я. Очень открытая, видная, недавно вышла на работу. У нее счастливая семья и все, тьфу-тьфу, складывается хорошо.
Roza_pvl
19 февр. 2017 / 11:49
  • 5014
  • 43
Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Насобирал разных фотографий про наш город, из семейного архива. Фотографии не от сканированные, а пересняты на телефон. Давно хотел выставить, но не решался) Сейчас уже мы все поменялись, уже никого...
Ispanec
сегодня / 11:05
  • 4695
  • 8
Утверждён график выходных дней для жителей Казахстана в марте

Утверждён график выходных дней для жителей Казахстана в марте

Казахстанцы отдохнут около полумесяца в грядущем марте. В связи с праздниками в марте ожидается четыре дополнительных выходных дня. Первый, разумеется, выпадает на главный женский день в году, а...
Seattle
17 февр. 2017 / 13:20
  • 4436
  • 4
«Казахстанцы больше не смогут приобрести недвижимость за рубежом»

«Казахстанцы больше не смогут приобрести недвижимость за рубежом»

Так мог бы звучать заголовок этой публикации, откажись Европа, Турция, ОАЭ, США и другие от фундаментального права человека на имущество. Пост про то, кто заработает на поправках в Конституцию РК...
lyalusha
16 февр. 2017 / 14:45
  • 3619
  • 27
Секреты женского оргазма или Почему вокруг так много фригидных женщин

Секреты женского оргазма или Почему вокруг так много фригидных женщин

Просьба отключить режим высокой морали и узколобия, а внять советам, дабы сделать немножко счастливей и свою жизнь, и жизнь партнера. Всем уят! :D
kami_princesska
16 февр. 2017 / 11:39
Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Итак, по просьбам трудящихся и по крикам души коллективного бессознательного решила я написать пост на эту тему. Вводные данные: 1) нет имущества, которое можно продать для покупки собственного...
DanaJarlygapova
20 февр. 2017 / 16:17
  • 3358
  • 44
Я не националист, но выйду замуж только за казаха. 22 факта обо мне

Я не националист, но выйду замуж только за казаха. 22 факта обо мне

Всем доброго времени суток! Поскольку сейчас долгожданные выходные, я болею и имею полное право ничего не делать за чашечкой горячего чая, то решила все-таки написать этакий скромный пост о себе...
Sserikyzy
18 февр. 2017 / 16:35