Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
22:59, 28 марта 2012

Материалы Интернет-конференции "Алтын Урпак" -2 часть

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижелі білім берудің негізі

Абдуллаева Оралсын-№240 мектептің мұғалімі, Қызылорда облсысы, Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылы

Мемлекетіміздің дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы еліміздің жаңа сапалық деңгейге жылдам өту қажеттілігін туындатуда. Осыған орай қазіргі кезде жасалып жатқан реформалар даму институттарының қалыптасуына  немесе өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге және саяси бағыттардағы осындай өзгерістер өмірдің барлық саласындағы шығармашыл тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде.

Білім – адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестік, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Қазіргі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің «Менің» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін - әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс.

Білімін тұрақты көтеріп отыру – мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, Мемлекеттің дамуының құралы болып табылады.

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. «Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылық-белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің негізгі шарттары:

  1. Тұлғааралық және еңбектегі байланыс.
  2. Қызметтің эканомикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі.
  3. Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы.
  4. Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті
  5. Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі.
  6. Тиімді шешім қабылдау қабілеті.

«Құзырлылық – тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті»- деп түйіндейді  белгілі оқымысты Т. Г. Браже. Сондықтан бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педогогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. Қазіргі оқытудың жаңаша технологиясын меңгерудің өзі ұстаздан шығармашылықты талап етеді. Ал шығармашылықпен жұмыс жасау үшін мұғалім өзінің кәсіби біліктілігін арттырып отыруы қажет. Мұғалімнің өз кәсіби қызметтерін шығармашылықпен атқаруына әр деңгейдегі әдістемелік жұмыстарды иновациялық бағытта ұйымдастырып өткізудің ықпалы мол. Біліктілігін арттырушы мұғалім өзінің білімін, жалпы дүниетанымын кәсіби және әдіснамалық деңгейін жоғарлатады, психологиялық – педогогикалық сонымен қатар әдістемелік сауаттылығын жетілдіреді. Ең бастысы бұл білімдер мен білік дағдыларды құзырлылық ұстанымдарының талаптарына сәйкес өздерінің меңгеруі және сол жолдар арқылы өздерінің ойлау жүйесін, шығармашылығын өнертапқыштығын, рефлексиялық машығының дамуына жол ашады.

Сол кезде ғана мұғалімнің өзіне-өзі бағ баға беру деңгейі артып, өзін-өзі анықтап, үздіксіз өзін-өзі дамытуға деген қажеттілік туады.

Білім-тоқтаусыз толассыз үрдіс. ХХІ ғасыр білімін біз адамның қызығушылықтарының дамуы, оның өзінің дамуы деп түсінеміз. Бұл әр адамның өзін-өзі жасампаздықпен қайта құра алуы, қоғамдық талаптар тұрғысынан өзіне сыни баға бере алуы, айналаны өзгерте алуға қатыса алуы. Ол арқылы адамның интеллектуалдық, рухани күші дамып, тұлғалығы қалыптасады. Білім – мұғалім үшін оның шығармашылық әлеуетін дамытудың үрдісі.

Даму да, білім де ешбір адамға қолдан беріле салмайды. Кімде кім оған қол жеткізгісі келсе әрекет етуі, күш салуы қажет. Бұл тұрғыдан алғанда кез келген білім-ол өз бетінше білім алу. Шығармашылық әлеуеттің дамуы өз білімін көтеруге негіз болады. Мұғалім шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, өзінің құзіреттілік аясын кеңітеді. Кәсіби құзіреттілік маманның әлеуметтегі дәл осы уақыттағы қабылданған стандарттар мен нормаларға сәйкес өзінің кәсіби педагогикалық қызметін атқаруға дайындығы мен қабілетін анықтайтын кәсіби білімдер жиынтығы немесе жекелік-кәсіби сипаттама. Кәсіби құзіретті еңбек деп мұғалімнің педагогикалық әрекетті өте жоғары деңгейде атқара алуы, педогогикалық қарым-қатынасқа түсе алуы нәтижесінде оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейінің жоғары болуы деп санаймыз.

Кәсіби құзіреттілік бір нәрсе жайлы беделді ой, кесімді пікір білдіруге мүмкіндік беретін білімділердің сипаттамасы ретінде қарастырылады. Сондықтан оның құрылымына әлеуметтік психологиялық, аутопсихологиялық, комуникативті, педагогикалық-педагогикалық, әлеуметтік, перцептикалық құзіреттілік жатады.

Мұндағы әлеуметтік-перцептикалық құзіреттілік байқампаздық пен өткірлік яғни тұлғааралық қарым-қатынаста баға бере алушылық, салыстыра білушілік, талдау мен рефлекциялау нәтижесінде басқаның образын қалыптаструдан түзіледі.

Аутопсихологиялық құзіреттілік-тұлғаның өзінің сапаларын өзгертуге дайындығы мен қабілеттеріне бағытталған психологиялық жұмыс. Оның нәтижесінде өзін-өзі дамыту мен жетілдіру, өзіндік ресурстарына әсер етуі қамтамасыз етіледі. Аутопсихологиялық құзіреттіліктің жүйе ретіндегі құрылымдық компанентеріне;

-        рефлексивтік - өзін-өзі бағалау, бақылау

-        жобалаушылық - өзін-өзі өзгерту әрекетін жоспарлау

-        өзара камуникатифтілік – ішкі диолог

-        ұйымдастырушылық – ішкі ресурстарын өзін дамыту үшін аша алуы

-        прогностикалық - өзінің даму сәттеріне сүйсінуге қабілеттілік жатады.

Сонымен аутопсихологиялық құзіреттілік-тұлғаның өз білімділігін өзі танып, бағалап, бақылап, дамытуға бағыттауы, мұның нәтижесінде шығармашылық әлеуеттің дамуы жеделдейді деп есетеуге болады.

Рефлексифті құзіреттілік-шығармашылық әрекетті жоғарылататын кәсіби-тұлғалық дамуды жеделдететін рефлексифтік үрдістерде көрінетін тұлғаның кәсіби сапасы. Ол маманның өз тәжірибесін талдау арқылы дамуды ынталандыратын жаңа кәсіби этолондар мен стандарттарды белгілеудегі ролін арттырады.

Рефлексиялық қабілеттері дамыған мұғалімде оған деген тұрақты қажеттілік сезіліп тұрады. Кез келген істі ол өзіне өзі сұрақ беруден бастайтындай дәрежеге жетеді. Бұл мұғалімнің шығармашылық әрекетке қосылуының құралдарының бірі-одан өзіне қатысты белсенді позицияны таңдауды талап ететін рефлекциялық өзіндік диагностика жасауға мүмкіндік береді.

Мұғалімнің белгілі бір педагогикалық мәселелер туралы барлық ақпаратты жинақтай алуы, оның тиімдісін таңдай білуі, нақты жағдайды шешуге байланысты оған өзіндік қолтаңбамен өзгерістер енгізе алу, осылайша мәселені шешудің өзіндік жолын таба білу сыни ойлау нәтижесінде жүзеге асады. Бұл жағдайда сонымен бірге тапқырлық пен өнертапқыштық сияқты сапалар қатар дамуға мүмкіндік алады.

Шығармашылық әлеуеті дамыған мұғалім үшін білім мазмұнын, әр оқушының өзіндік ерекшелігін, оқушылар ұжымының артықшылықтарын, соған сәйкес оқуды ұйымдастырудың формалары мен тактикалары жайлы ақпараттарды есінде ұстау қажет. Сонымен қатар оларды дер кезінде еске түсіріп қажетіне жарата алу оның басты құндылықтарының бірі болып табылады.

Кез келген жаңалық ең алдымен адамның қиялында пайда болатындықтан шығармашылық әлеуеттің құрамдас бөлігінің бірі – фантазия. Бұған дейін белгілі фактілерге қатысты жаңа көзқарас тұрғысынан қарауға мүмкіндік береді. Сондықтан оның көркемдік және ғылыми-танымдық құндылығы орасан зор. Қиялдаудан туындаған шығармашылық белсенділік едәуір шамада ішкі ниеттерге, жекелей  дарындылыққа және адамның қызметі үрдісінде қалыптасатын даралық тәжірибесіне байланысты. Фантазия арқылы адамның есінде сақталған қабылдау, елес бейнелері қайтадан өңделіп, сұрыпталып, жаңартылып, солардың негізінде мида жаңа бейнелер жасалады.

Фантазия-педагогикалық актінің құрамдас бөлігі. Ол жаңа жоспарлар, бағдарламалар, технологиялар, т.б. жасауда, оны жүзеге асыруда іске қосылады. Нәтиженің қолдай болатынын болжау, бұрынғы елес-бейнелерді өзгертіп бір-біріне қосып, қайтадан бейнелеу арқылы, оқытуда жаңа жолдар табуға көмектеседі. Фантазия арқылы көрнекті ақын, педагог, психолог Мағжан Жұмабаев «Мылқау өмірге үн, сақау өмірге тіл беретін», жоқты бар, ар барды гүлді, көрікті қылатын, бізді асыға аяқ бастырып тәңірмен тілдестіретін сол фантазия» - деген. Шығармашылық әрекет жоғары әлеуметтік қажеттіліктерден туатындықтан оның нәтижесіне қарай қанағаттану немесе қанағаттанбау реакцияларын бастан өткізеді. Бұл эмоциямен тығыз байланысты. Эмоция – толғану, сезім, көңіл-күй деген мағына береді. Эмоцияның жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Эмоциясыз, сезімсіз ізденушілік болмайды.

Жақсылық ашу өздігінен келе салмайды, оған алдын-ала жасалған қажырлы еңбек құлшындырады десек, дәл сол сәтті шабытты шақ деп сипаттауға болады. Шабыт – адамның рухани күштерінің ширығып өрлеуі, шығармашылық толғанысы. Шабыт жаңа туындының пайда болуына, бастайды. Ол адамның жоғары белсенділігінен, әрекеттің өнімділігімен, шығармашылықтың шаттығын сезінумен «құштарлық» пен эмоциялық ойға шолумен ұштасады. Шығармашылық үрдістің санадан тыс тәрізді болып көрінуі шығармашылықтың өзінің барынша саналығының нәтижесі, сананың ерекше айқындылығының, ойлар мен бейнелердің өзінше бір үлгіде лықси келіп, айшықтана көрінуінің, естің, зейіннің, идеяны орындауға бағытталған құлшыныс пен ерік-жігердің жемісі. Шабытты шақтарында адам бойындағы бар күш жігермен әрекет етеді.

Шығармашылық әлеует ұғымының құрамалары ретіндегі адамның тұлғалық сапаларының: еркіндік, шешімділік, тәуекелшілдік, тапқырлық, өнертапқыштықтың алатын орны ерекше. Адамның еркіндігі өмірдегі, кәсіби әрекеттегі мәдени әлемдегі өз орнын анықтай алу қабілетіндежатыр. Оның ойлау, пайымдау және әрекеттену еркіндігі жеке кәсіби жауапкершілікті сезінумен сәтті байланысады. Рухани және материалдық құндылықтар әлемінде еркін бағдарлай алу, педагогикалық догмалардан еркін тұлға ғана тәуекелді талап ететін шешімдерді өз мойнына ала алады. Еркін адам өзінің өмірлік позицясы, ұстанымы болғандықтан өзгелерді қайталамай, жаңаша тың жолдармен жүреді. Дәл осы сапа шығармашыл мұғалім үшін аса маңызды.

Шешімділік – адамның өз бетімен жауапты шешімдер қабылдауға және іс-әрекетке оларды бұлжытпай жүзеге асыруға қабілеттілігі. Әрекет белгілі бір шамада тәуекелге барудың және бірнеше баламадан біреуін таңдаудың қажеттілігін туындатады. Осы кезде шешімділіктің маңызы зор. Сол қабылданған шешім үшін жауапкершілікті өзіне батыл алуды, іс-қимылдың дер кезінде болуын оны тез орындай білуді білдіреді. Шығармашылық   әлеует-шығармашылық әрекетке негіз бола отырып, шешімді әрекеттің орын алуын қамтамасыз етеді.

Мұғалімнің шығармашылық әлеуетінің құрамына оның кәсіби мәнді сапаларын жатқыза отырып, олардың бастылары ретінде: шеберлік, импровизация мен интуицияны атап өтеміз.

Шығармашыл тұлғаның ерекше қасиеттерінің қатарына педагогикалық импровизация жасай алуы жатады. Педагогикалық импровизация дегеніміз-мұғалімнің алдын-ала жоспарланбаған тосыннан пайда болған педагогикалық мәселені шешу үшін өзінің білік, дағдысы мен іскерлігін шығармашылықпен іске қосуы. Педагогикалық импровизация мұғалімнің шығармашылықпен өзін-өзі дамытуына әсер етуші фактор. Өйткені импровизация кезінде мұғалімнің ішкі күштері мен қабілеттерінің жұмылуы маңызды орын алады. Дәл осы жағдайда шығармашылық туады да әлеуеттің дамуына мүмкіндік жасалады.

Педагогикалық шығармашылықтың орын алуына септігін тигізетін тағы бір басты мәселе –мұғалімнің әртістік қасиеті. Мектеп әрине, театр емес. Дегенмен мұғалім үнемі халық алдында тұратын танымал адам. Олай болса ол аудиторияны меңгере алуы, иландыра білуі, шабыттандыра алуы тиіс.

Педагогикалық әртістік тек әрекетте педагогикалық білім, білік, дағдыны тиімді пайдаланып қою ғана емес, тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамытуды қамтамасыз ететін эмоцияналдық-бейнелік тетіктер жүйесі арқылы педагогикалық міндеттерді шешу барысында көркемдік логиканы пайдалану.

Педагогика ғылым ретінде ой мен сезімдерді дамытады, адамның құндылық негіздерін бекітеді. Ол педагогикалық үрдістің руханилығын арттырады, оның мазмұны мен формаларын адамсергіткіштік пен мейірімін қанықтырады, шығармашылық, шеберлік сияқты педагогикалық кәсібиліктің жаңа сапасы арқылы жасампаздыққа жеткізеді. Шығармашылық әрекет жоғары әлеуметтік қажеттіліктерден туатындықтан, сол қажеттіліктерді жүзеге асыру арқылы мұғалімнің құзіреттілігі қалыптасады.

Шығармашылық әлеуеті дамыған мұғалім өз кәсібін жете меңгеріп қана қоймай, өзін-өзі жан-жақты дамытуға қол жеткізеді. Нәтижесінде мұғалім кәсіби құзіреттілікке қол жеткізеді. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілі-бүгінгі ғасыр талабына сай белгілі бір нәтижеге бағытталған білім берудің негізі болмақ.

Бүгінгі заман талабы  -  жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан «тұлға» тәрбиелеу. Оқушы «тұлға» болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге жалпы алғанда жеке адамның құзіреттіліктері қалыптасуы  қажет.

Осындай биік нәтижеге қол жеткізуді – кәсіби құзіреттілігі жоғары мұғалім  ғана жүзеге асырмақ .

Пайдаланған әдебиеттер:

Ұстаздық шығармашылық – Б.А.Тұрғынбаева  Алматы 2007

Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары – К.С.Құдайбергенова  Алматы 2007

Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар – 3-2011

   

Қазақ  тілі  пәнінен  Ұлттық   біріңғай   тестілеуге  дайындық.

Әбжаппаров Аян- №55 С.Қожанов атындағы орта мектептің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні  мұғалімі

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылы

 

Қазіргідей   барлығы   дамып  жатқан  жаңа  дәуірде  мұғалімнің  де,  шәкірттің   де,  ішкі   жан  дүниесі   жаңаша  деңгейде   болуы  тиіс. Мектептегі  ең  басты   тұлға  мұғалім   десек, мемлекетіміздің  білім  беру  саясаты  ең   бірінші   осы  мұғалімдер  арқылы  іске  асырылады.

Мектептердің   жетістігі  оқушының   білімді  меңгеруімен, оны  ойлауымен,  дәлелдей  алуымен,  қорытынды  жасауымен   жүзеге  асырылады. Оқушының  білімін  ескере  отырып,  ҰБТ  арқылы білімін  бағалау – бүгінгі  заман  талабы.

ҰБТ -  мемлекеттің  қадағалау  саласын  айқын  көрсетіп, оқушылармен  мұғалімдердің  бірлесе  жасаған  еңбегін  бағалайтын,  білімнің  сапалылығына  қол  жеткізетін  көрсеткіш.  Тест  әр  пән  бойынша  25 сұрақтан  тұрады. Тест   мектеп  бағдарламасының  негізгі  бөлімдерінің  мазмұны  мен  әр  түрлі  дейгейлері  қамтыла  отырып,  мемлекеттік  білім стандартына  сәйкес   жасалады.  ҰБТ-ның   негізгі  міндеті - мемлекеттік  қадағалау  арқылы   білім сапасын  бағалау.

ҰБТ-ге  даярлауда  мұғалім-оқушы- ата-ана  байланысын  дамыта  отырып  оқумен  тәрбиеленудің  бірлігін  сақтап,  түпкілікті  нәтижеге  қол   жеткізетініміз  ақиқат.

Өзге  мектептердегідей  біздің  мектебімізде де   оқушыларды  ҰБТ-ге  даярлау   жұмыстары  жүргізіліп  келеді.   Мектебіміздегі  ҰБТ-ге  дайындық  мәселесі  сынып  жиналысының,  ата-аналар  жиналысының,  педагогикалық  кеңестің  өзекті  мәселелері  қатарында  тұр.  Осы   жиналыстарда  оқушылардың  барлық  нәтижелері  нақты  айтылып, ашық  әңгіме   жүргізіліп  отырады.

Мен  мектепте  15  оқушыны  қазақ  тілі  пәнінен  осы   оқу  жылында  ҰБТ-ге  даярлап   жүрмін. Жалпы  оқушыларды  ҰБТ-ге  даярлауды  2005 жылдан  бері  қолға  алып,  шама  шарқымша  дайындап  жүрмін.

Қазақ  тілі  пәнінен   оқушыларды  дайындағанда  барлық  тараулар  мен  тақырыптарды  өткен кезде  барынша  қарапайым  тілмен  түсіндіруге   тырысамын. Мәселен, ашық,   қысаң  дауысты  дыбыстарды  өткен  кезде, оқушылардың  осы   дауыстыларды  оңай  ажыратуына  мән  беремін.  Ол  үшін  қолдарын  құлақ  түбіндегі   жақтың  жігіне  апарып  ұстатып,  дауысты  дыбыстарды   айтқызамын. Бұл  кезде  ашық  дауыстыны  айтсақ   жағымыз  қолғалады.  Ал  қысаң   дауыстыларды  айтсақ   жақ  қозғалмайды.  Еріндік, езулік  дауыстыларды   өткенде,  еріндік  дауыстыларды  айтса  еріндері  үйрекке  ұқсайды  деп  айтқызып  көремін.

Дауыссыз  дыбыстарды  өткен   кезде  ұяң  дауыссыздар  үн мен  салдырдан  тұратыны, салдыры  басым  екені   белгілі. Оқушылар   салдырдың  не  екенін  кейбірі  түсінсе, кейбірі  түсінбей  жатады. Сондықтан   салдырды  кедергі  деп  түсіндіремін. Демек,   ұяң  дауыссыздарда  үннен  кедергісі  басым  болады. Үнді  дауыссыздарды  айтқанда  кедергіден  үні басым  болады.  Ал  қатаң  тек  кедергіден  тұрады   деп  түсіндіремін.  Сонда  оқушылар  тез  ажырата  алатынын  байқадым.

Морфологияны  өткен кезде  септік  жалғауын   түсіндіргенде,  атау  септігі  тек  атап  қояды. Сұрағы  Кім?  Не? болады. Ілік септігі  іліп  алады,  яғни  ілігі болады,  Кімнің? Ненің? сұрағына   жауап   береді.  Барыс  септігі  барады. Кімге  барады? Неге  барады?  Осы  жерден  сұрағы   өзі -  ақ  шығып  тұр.  Табыс  табады. Кімді  табады? Нені  табады?  Жатыс  жатады. Кімде  жатыр? Неде  жатыр? Шығыс  шығады. Кімнен  шығады?  Неден  шығады? Көмектес  жалғыз  өзі  емес, тағы  бір  нәрсе  бар. Демек,  сұрағы  Кіммен? Немен? Мұнда  да  оқушының   қабылдауы   тез  болады.

Сын  есімді  өткенде  сапалық  қатыстық  сын  есімді  былай  түсіндіремін:  сапалық  сын есімнің  түбірі  сын  есім  болады. Қатыстық  сын  есімнің түбірі сын  есім  болмайды,  басқа   сөз  табы  болады.

Етістікте  - ды, -ді, -ты, - ті  қай  кезде  жұрнақ, қай  кезде  жалғау  болатынын  оңай  ажырату  жолдарын  түсіндіремін.   - Ды, -ді, -ты, - ті  етістіктің  түбірінен  кейін, болымсыз  етістіктен  кейін,  етістен  кейін  жедел  өткен  шақ   жұрнағы  болады. Мысалы:  барды, келгізді,  айтпады.             - Ды, -ді, -ты, - ті  көсемшеден  кейін  жіктік   жалғауының   үшінші  жағы  болады.  Мысалы:  барады, келгізеді, айтыпты, сөйлейді.

Сөйлем  мүшелерін өткен  кезде, баяндауышты  түсіндіруде  «Баяндауыш  сөйлемнің  қаяғында?  Баяндауыш   сөйлемнің  аяғында» ,- деп,   ауызекі  өлең  жолымен  жеткіземін.  Баяндауыш  өлең  жолдарында  ғана  сөйлемнің  басында  келуі  мүмкін.

Сабақтас  құрмалас  сөйлемді   түсіндіруде  сабақтас   құрмалас  сөйлем  түрлерін  ажырату  жолдарын  бірінші  бағыныңқы  сөйлемге  басыңқы  сөйлемнен  бір-ақ  сұрақ  қою  арқылы  айыруға  болатынын  ұқтырамын. Мысалы: Апамдар сыртқа  шыққан  кезде, бүкіл  ауылдың жарығы  сөнген  екен. Қашан  бүкіл ауылдың  жарығы  сөнген екен? Мезгіл  бағыныңқы  сабақтас  екенін  оқушы  тез  аңғарып  айтып   бере  алады.

Өзге  де  тақырыптарды  өткенде  оқушылармен  жұмыс  жасауда   барынша  қарапайым,  жеңіл  тілмен  түсіндіруге  күш  саламын.

Оқушыларды  ҰБТ-ге  даярлауда   бір  сұрақтың  бес  нұсқадағы   жауабы  болса, оқушылармен  бірге соның  дұрыс жауабын  алдымен  тауып  аламыз. Содан  кейін  қалған  төрт  жауаппен  де  жұмыс  жасаймыз.  Мысалы:  барыс   септік   тұлғасындағы   сөзді  табыңыз

А) жазғанды

В) Білімдімен

С) оқушымын

Д)  мектептен

Е)  оған

Дұрыс  жауабы:  Е  жауабы. Мұнымен  тоқталмаймын. Табыс  септігіндегі  сөзді, көмектес  септіктегі  сөзді,  жіктік  жалғауындағы  сөзді,  шығыс  септігіндегі  сөзді  тап  деп,  әрқайсысына  жеке  жауаптар  бергіземін.  Сонда  бір  сұрақ  барысында  бірнеше  сұрақтарға   жауап  іздеп ,  оқушының  ойлану   дәрежесін   жетілдіремін.

Кейде  бір  сұрақтың  бес  жауабы  болса  да,  бір   дұрыс, бір  бұрыс  жауабын  айтамын, оқушылар  өздері   дұрысын   табады.  Бұл   да  оқушымен жұмыстың  жетілуіне  әсер  етеді.

Оқушыларды  ҰБТ-ге  даярлауда  мына  жағдайларды  басты  назарда  ұстаймын:

1. Әрбір  тарауды,  тақырыпты  мұқият  оқып, практика  жүзінде қолдануды  басшылыққа  алу;

2.  Қиындық  туғызған  мәселелерді    менің, яғни  мұғалімнің,  көмегімен орындау;

3. Тілдік  материалдарды  есте  сақтау;

4. Теориялық білімді нығайту;

5. Түрлі  сөздіктермен  жұмыс  жасауға  үйрету.

Оқушыларым  осы  күнге  дейін  төмен  дәреже  көрсеткен емес. Мүмкін,  бұл  оқушыларға  қарапайым  тілмен  түсіндірудің  арқасы  да  шығар.

Пайдаланылған  әдебиеттер:

1.Қ.Ибрагимов,  Б.Базарғалиева «Қазақ тілі»  жоғарғы  оқу  орындарына  түсушілерге  арналған  оқулық - тест. («Шың»  баспасы. Алматы  2006 ж).

2.Қосымова Г, Дәулетбекова  Ж  Қазақ  тілі  5 сыныпқа  арналған  оқулық. Алматы  «Атамұра»  2005 ж.

3.Исаев  С .Қазақ  тілі 6 сыныпқа  арналған оқулық Алматы «Атамұра»  2002 ж.

4.Исаев  С. Қосымова  Г. Қазақ  тілі  7 сыныпқа  арналған оқулық Алматы  «Атамұра»  2003

5.С.Аманжолов,  А.Аманжолов, Г.Қосымова  Қазақ тілі  8 сыныпқа  арналған оқулық Алматы  «Мектеп»  2004 ж.

6.Бектұров. Қазақ  тілі «Атамұра»  2001ж

   

Ата-аналар мен мектеп арасындағы педагогикалық коммуникация

Абишева Тамара Болатқызы-№247 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі ,Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы, Бесарық бекеті

Негізгі мақсат:

Сынып жетекшілердің бала мен ата-ана қауымдастығының тәрбие жұмысындағы мақсат мүддесін бір арнаға тоғыстыру.

Бала тәрбиелеудегі ата-ана мен мұғалім арасындағы байланысты нығайту:

-                                  Тәрбиелеудегі сабақтастықты орнату;

-                                  Педагогикалық бағыт-бағдар беру;

-                                  Кәсіби әдістемелік көмек көрсету.

Міндеттері:

- Ата-аналардың мектеппен байланысын күшейту.

- Бастауыш сынып мұғаліміне баламен жұмыс жасауына ата-ананың көмегінің тигізуіне ықпал жасау.

- Оқушылардың тұлғалық мәдениетін қалыптастыру жолдарын нақты зерттеулерге сүйене отырып, тиімділігін негіздеу.

Ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыру.

Отбасы - адам өмірінің тамаша  жақтары жүзеге асатын, адамның ең басты шаттығы болып саналатын, балалардың өсіп, өмір сүретін орны.

«Тәрбие басы-тал бесік», тәрбиенің негізгі ошағы-отбасы емес пе? Отбасылық тәрбие дұрыс қойылса  ғана, мектепке келген бала екі жақтың үйлесімін табары анық-ақ.

Білім мекемесіне келгенде ізгілік, сүйіспеншілік, әділдік және өзара түсіністік әлемін құруды қарастырады.Жаңа қалыптасып келе жатқан  буынға оқушы болып тұлғалық, рухани өсуінің  ішкі рухани жан дүниесіне көңіл бөлуге шақыратын пән - өзін-өзі тану деп ұғуға болады.Адамгершілік құндылықтар әрбір жасқа  лайықты әлемді қабылдау арқылы меңгертіледі.Өзін, өзге адамдарды тану, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау, ақиқат пен махаббатты  түсіну, адам өмірінің ең басты мәні тұрғысынан  бала ойлана білетін,  өз ойын, пікір, ұсынысын жеткізе білетін, шығармашылық таланты мен қабілеті ашыла түсетін жағдайда өтеді.

Сабақ барысында-ақ кейбір ерекше ой тұжырымдамасын байқап, қорытындыға келуге болады.

Мұғаліммен ашық диалог жүргізгенде, түрлі рольдік ойындар, тренингтер, өмірлік байқаулар бойынша пікір алмасу арқылы  баланың ойы ширап,  өмірге деген қызығушылығы арта түсері хақ. «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Мен туралы ол не ойлайды?»-деген сұрақтарды іштей қоя алады. Әрбір бала өз жүрегінің лүпілін тыңдай алады. Өз бойындағы ерік, жігерді, эмоциясын басқара білуге үйренеді.Күнделікті бірсыдырғы тіршілік, күйбеңдеген тұрмыс, әлеуметтік жағдайдың өзгеріссіз мәні баланы жалықтырады. Бала өмірден ерекше бір, селт етерліктей, арқа жүгін жеңілдететіндей, ойын ой қозғап, қандай да бір қабілетін, қызығушылығын ашуға түрткі  болатындай күшті қажетсінеді. Оған өзін-өзі тану сабағы әсер етеді. Өйткені онда бала өзін еркін, барлық жауапкершілігі мол  тірліктен бір сәт арылады. Мұғалім мен бала арасында ашық әңгімелесуіне мүмкіндік туады. Міне, осылайша сабақ барысынан бірталай мысалдарды айтып өтуге болады.

Бастауыш сынып мұғалімі өзі жетекшілік ететін оқушылардың ата-аналарымен үнемі қарым-қатынаста болуы керек. Өйткені бастауыш сынып оқушылары өздігінше сабаққа дайындалуда үнемі үлкендерден көп көмек керек етеді.Бала өз сабағын дұрыс орындап отырса да, ата-анасына көрсетіп дұрыстығына көз жеткізгенде ғана сенімді бола алады.

Сынып жетекшінің ата-анамен жүргізетін жұмысы

 
  • Сынып жетекшісінің сынып ата-аналарның құрамын зерттеуі
  • Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату
  • Мектеп пен отбасының балаға қоятын талаптарының бірлігі
  • Ата-аналар ұжымын құру
  • Ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру
  • Үштік одақ (бала, ата-ана, мұғалім) жұмысын жандандыру
               

А т а  -  а н а л а р    т о п т а р ы

Балалары нашар оқитын отбасылар тобы  (Барлық мүмкіндігі бар, үлгілі отбасылар. Жүргізілетін жұмыс формасы: шығармашылық кештер, ата-аналар тренингі)

Тұрмыс жағдайының қиындығы бала тәрбиесіне әсер ететін  отбасылар тобы

(Бала тәрбиесіне көңіл бөлмейтін, селқос қарай -тын, ішімдікке әуес отбасылар. Жүргізілетін жұ мыс формасы: тақырыптық кеңес, психоло -гиялық тренинг)

Материалдық жағдайы өте жақсы отбасылар

( Балаға тәрбие берудегі бағыт-бағдары талапқа сай отбасы. Жүргізілетін жұмыс формасы: ата-аналар университеті, отбасылық тәжірибе презентациясы)

Балалары үлгілі отбасы тобы

(Баланың тәртібі, талпынысы жақсы, бірақ отбасының материалдық тапшылығы бала психологиясына кері әсер ететін отбасылар. Жүргізілетін жұмыс формасы: пікірталас клубы, педагогикалық семинар)

Ата-аналармен жүргізілетін жұмысты ұйымдастырудың жаңа формалары

Пікірталас клубы

Бала тәрбиесіне байланысты өзекті тақырыптарды қамтиды. Әр түрлі көзқарастағы ата-аналардың пікірлерін талдайды, дәлелдейді. Ата-аналардың дүниетанымын кеңейтуді мақсат етеді.

Ата-аналар клубы

Мектептегі, отбасындағы, сыныптағы кездесетін қайшылықты жағдаяттарды шешуге арналады. Рингке не ата-ана мен баланы, не педагогтарды, не оқушы мен мұғалімді шығаруға болады.

Психологиялық тренинг

Ата-аналармен жұмыс жүргізудің белсенді түрі. Тренингке кемі 2 отбасы қатыса алады. Нәтижесінде әрбір отбасы өзіне пікірі мазмұндас 12-15 адамнан тұратын топ құра алады.

Тақырыптық кеңес

Ата-аналарды психологиялық, педагогикалық білім және тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, кеңес беру, ой қозғау, ой қорыту

Мектептің бала тәрбиелеудегі саясатын отбасының дұрыс түсінуі, ата-аналармен педагогикалық ынтымақтастықта түрлі формадағы жұмыстар жүргізе отырып, баланың тұлға ретінде дамуына жағдай жасау

Қазақстандық ұлтжанды, төзімді, рухани құнды, рух-жігері шыңдалған белсенді тұлға қалыптасады.

(Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында 2006-2011 жылдарға арналған кешенді тәрбие бағдарламасынан)

Отбасылық тәжірибе презентациясы.

Сынып жетекшісінің озат тәжірибеден кеңестер беруі, ата-аналардың қажетті әдебиеттермен танысуы, зерттеуі, өзіндік пікір қалыптасуы және проблемалық сұрақ төңірегінде жоба қорғауы

Педагогикалық семинар

Отбасылық тәрбиенің әдіс-тәсілдеріне арналады. Семинарға мұғалімдер де, ата-аналар да жан-жақты дайындықпен қатысуы қажет

Шығармашылық кештер

Шығармашылық кештер мектепішілік және сыныпішілік болып, озық ойлы және ерекше қабілетті, танымал ата-аналарды үлгі тұту, насихаттау мақсатында ұйымдастырылады

Ата-аналар мектебі

"Мектептің басты мақсаты - жалғыз білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру"

М. Дулатов

НӘТИЖЕСІ            МАҚСАТЫ

Ата-аналар университеті

Ата-аналарға, жұртшылыққа жүйелі педагогикалық білім беретін орын. Оқу мерзімі 2 жыл. Оқу сабақ кестесі бойынша  жүргізіледі. Оқуға түсетіндер ата-аналар комитеті арқылы қабылданады

ФОРМАЛАРЫ

Ата-аналар университеті

Ата-аналарға, жұртшылыққа жүйелі педагогикалық білім беретін орын. Оқу мерзімі 2 жыл. Оқу сабақ кестесі бойынша  жүргізіледі. Оқуға түсетіндер ата-аналар комитеті арқылы қабылданады

ФБастауыш сынып ата-аналарына: Әке және шеше! Ата және әже!

Есте сақтаңыз!

- Баланың жан дүниесі күндіз –түні жұмыс істеп тұрады. Біз оған не нәрсені ұқтыра білсек, ол барлығын жүрегімен  қабылдайды.

- Сіздің қойған талабыңызды барлық сезіммен, үмітімен орындауға тырысады.

- Балаңызды мүмкіндігінше тыңдай біліңіз.

- Одан қарым-қатынасты үзбеңіз.

- Өз балаңызға үлгі болатындай істермен  айналысыңыз.

- Қандай жаста болмасын, өз балаңызды аймалаңыз, өзіңізге жақын ұстаңыз, сүйіңіз, аялаңыз.

- Балаңызға жаңа өмір, мейірім құшағын, жылылық, қуаныш сыйлай біліңіз.

- Мектепке кетіп бара жатқанда балаңызбен қоштасып, оны аймалаңыз.Сонда мектептен келгенде сізбен өз қуаныштары туралы бөліседі.

- Демалыс күндері өз балаларыңызбен келесі аптаның жоспарын құрыңыз.

- Шырақ жанында бала өз ата-анасымен отырса, оның өзі бір әсер қалдырады.

- Ұйықтар алдында балаңызға ертегілер айтып беріңіз.

- Өз туған күнінде күтпеген жағдайлар жасалса, бала үшін ол да бақыт болып саналады.

- Мерекеде өз мамаңмен бірге әдемі торт пісір.

- Анаңмен және әкеңмен бірге олардың қолын ұстап жегің келген тағамдарыңды сұра.

Міне, осы сөздерді естігенде бала бойында мынадай пікір қалыптасады:

Мен бақыттымын, мен бәріненде жақсымын!

Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күман туғызбайды. Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы  отбасы.  Тәрбие-алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсаты бағыттала және ұйымдастырыла жүргізіледі. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы-адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы - ата-ана. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата-анасы.

Жанұя  бала  үшін  өмір  мектебі,онда  мейірімділік,шындық,  адалдық,  еңбексүйгіштік  тағы  басқа  адамгершілік  қасиеттер  дамиды  және  қалыптасады.  Жанұяда  қоғамның  келешек  азаматы  өседі. Осы  мақсатты  көздеп,ата-аналармен  жыл  бойы  тығыз  қарым-қатынаста  болып,әрбір  жиналыста  тәрбиенің  тармақтары  жайлы  сұхбат  жүргізгізіліп  отырамыз.Ата-аналарға  арналған  анкета  жүргізіліп,оларға  толық  жауап  алынды.Әр  ата-аналарының  әр  бір  сұраққа  берген  жауабын  оқып,  танысып  балалардың  жанұядағы  қарым-қатынасының  дұрыс  екендігіне,үйде  әр  қайсысының  атқаратын  міндеті  барлығына,олардың  жолдастарымен  жақсы  қарым-қатынаста  тәрбиесі  дұрыс  бағытта екендігінде.

Ата-ананың  балаларына  көңіл  бөлетіндігіне көз  жеткізіп  мынадай  қортындыға  келдім.

   
   

60%                  30%

10%

   

Ата-аналардың  10%-қанағаттанарлық  көңіл  бөледі, 60%- жақсы  береді,  ал 30%- үлгілі  тәрбие  береді. Ата-аналар  жиналысында  баяндамалар  оқылып  және  психологиялық  тренинг  жаттығулары  жүргізілді.

Мысалы: «Сары ауру» бұл  баяндаманы  ата-ана  әрі  бала  дәрігері (педиатыр) Садибекова Анар  жүргізіп, балаларға  «Тән  сырқаты  және  оның  алдын  алу  жолдары»  туралы  түсінік  берді.

«Болар  елдің  баласын  сәнімен  емес,  сәлемінен  танимын»  деген  екен  қариялар.Ата-аналармен  бірлесе  отырып  көптеген  анкеталар  толтырдық.

1.Бала  оқына  семья  басшылығы.

2.Бала  тәрбиесіндегі  отбасының  ролі.

3.Адамгершілік  тәрбиесін  қалыптастыру  мәселелері.

4.Баланы-бастан.

5.Сіз  қандай  ата-анасыз? атты  баяндамалар  жасалды.

Тәуелсіз  ел  тірегі-  білімді  ұрпақ.  Әрбір  тәрбиелеп  отырған  азаматтарымыздың  ұлттық  санасын  оятып,  жоғарғы  деңгейге  жеткізсек,  сонда  ғана  біз  әрі  алғыр,әрішапшаң,  өз  заманымыздың  ақыл-ойын  толық  меңгерген  нағыз  текті  ұрпақты  тәрбиеледік  деп  мақтанышпен  айта  аламыз.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН   ӘДЕБИЕТТЕР :

1. « Мен адаммын» Б .Игенбаева

2. «Открытая школа» журналы, 2007ж , №5,№6

3. « Өзін-өзі тану» оқулығы, 1 сынып.

4.  «Өзіндік таным» журналдар жинағы.

Адамгершілік сабақтары. Игенбаева Б.Қ. Алматы-2000ж.

5. Ата-аналарға арналған хрестоматия. «Бөбек»ҰҒПББСО Алматы-2006

.

 

Шығармашылық-нәтижелі оқыту негізі

Әбужусипов Әділ-№164 орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Қызылорда облысы .Жаңақорған ауданы. Құттықожа ауылы

Оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік-дағдыларды меңгертумен бірге та-биғат, қоршаған дүние туралы түсінік-терін кеңейте отырып, оларды шығар-машылық бағытта жан-жақты дамыту  бүгінгі күннің талабы.

Жалпы білім беру үрдісінде:

-  жаңа педагогикалық технологияларды ендіре отырып оқыту үрдісін де-мократияландыру және ізгілендіру, субъект қатынасын қалыптастыру, са-бақтағы оқушының шығармашылық рөлін арттырып, еркіндігін қамтамасыз ету, сол арқылы оқушылардың даралық интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, бейімділіктерін ашу және дамыту.

Шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде:

-  мәселені қарастырудағы қырағылық көрегендікті;

-  ақылдың икемдігі, ойдың орамдылығын;

- әрекетті бағалай білуді қарастырады.

Адам әрекеті:

-   шығармашылықтардағы қарама-қайшылықтардың болуы;

-  әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы;

-  шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайлардың болуы;

-  шығармашылық тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы;

-  нәтиженің жаңалығы;

Бұдан шығармашылық қайшылықтарды шешуге бағытталған, ол үшін жекелік қасиеттердің болуын талап ететін, нәтижеде әлеуметтік не жеке адам үшін мәні бар, соны жаңалыққа әкелетін адам әрекеті деген тұжырым жасалады.

Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылу деп айтуға толық негіз бар. Шығармашылыққа,  жаңа, тың нәрсе жасау тән десек, ертеден белгілі нәрсені қайталауды немесе көшіруді шығарма-шылық деп айтуға болмайды, бірақ бүрыннан белгілі, таныс нәрселердің өзінен қандай да бір ерекшелік табу, оны жаңаша түрде жасау, ерекше қасиеттерін табу шығармашылыққа тән құбылыс деуге болады. Шығармашылық әрекетке  оқушының проблеманы көре білуі, өз іс-әрекетінің бағдарламасын жасай білуі және ойды іске асыру үшін жаңа идеялар алуы жатады.Оқыту сабақтарының шығармашылық сипаты оқушының танымдық белсенділігін оятып, шығармашылық қабілеттерінің дамуына, тәртіптілік пен жолдастыққа," адамгершілік қасиет-теріне әсер етеді. Ұжымдық сабақтар-да өзінің сыныптасының кемшілігін көруге, оған достық қолын созуға, өзгелердің ісінен сабақ алуға, саналылыққа, таным-дық, әлеуметтік ұстанымының қалыпта-суына өз ортасының пікірінің әсері зор. Мундай сабақтарда оқушылардың ұжымдық ой-пікірлері қалыптасып, сы-ныптағылардың пікірі бойынша ортақ тұжырым жасауға үйренеді: ортақ іске өз үлесін қосады, жолдасының жауабы-на пікір айтып, бағалауға үйренеді; оқушының өзіндік жұмысы талқылана-ды: шығарма, реферат, баяндама, ба-қылау жұмысы т.б.; сайыстар үйымдас-тырылып, оқушылардың жарысу сер-пінін туғызады; ортақ мақсаттарының болуы есебінен ұжымдық шешім шыға-ды, болжамдар жасайды, эксперименттер жүргізіледі.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту проблемасын ұқыпты қадағалау, оқу процесінің тиімді болуында қандай көрініс табады? Жалпы үлгерім, яғни олардың шығармашылық қабілетін дамытуға және логикасын да-мытуға бағытталған тапсырмалар тек білім мен ұқыптылығына ғана әсер етіп қана қоймай, оқушылардың ойлау қабілетін дамытады. Баланың ойлау қабілетін дамыту мәселесі мектеп тәжі-рибесінде үлкен орын алады. Оқушы қабілетіне қарай ең басты мәселені ай-ыра білсе, демек, ол күрделі шығармашылық мәндегі тапсырмаларды орындай алады.

Оқушының шығармашылық қабілеті практикалық әрекеттері, ізденімпаздығы арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар - жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас қалыптасады.

Мұғалім бұл жағдайда білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін уйымдастыратын ұжымдық шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шы-ғармашылығын дамытады.

Сонымен қатар , шығармашылыққа үйрету интеллектуалдық аспектісі ғана емес, оның психологиялық, мінез-құлық ерекшеліктерін көздейді. Оған жігер-лілік, жаңа жағдайларға бейімделуге икемділік, қажырлылық пен табанды-лық, тәуелсіздік пен адамгершілік сезімі, ынтымақтастық, қажырлы еңбекке қабілеті, белгісіз жағдайдағы өзіне сенімділік, ақиқатты іздеудегі және қарым-қатынастағы адалдық жатады. Әр аудиторияда әр оқушыға байланысты мұғалім өзінің мақсатқа жету жолдарын іздейді. Оның басты шарты аталған қасиеттерді көрсетуге

тырысады.Оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыруда сы-ныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар үйымдастыруда шығармашылық, пәндік апталықтар мен ғылыми-шығармашы-лық апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңы-зы зор. Барлық жүмыстарда оқушылар-дың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы мен белсенділігін, шы-ғармашылық бағыттылығына негіздел-ген жұмыс түрлерін пайдалану - олар-дың танымдық қажеттіліктерін қанағат-тандыра алады. Сондай-ақ, мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркем өнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін үштап, дербес оң нә-тижеге жетуге ықпал етеді.

Оқу процесінде шығармашылық түсінігін жеке бастың қасиеті емес, оқушының оқу процесіндегі іс-әрекет құралы және табыстың белгісі деп білу керек. Оқу процесіндегі негізгі мәселе

-          оқушылардың белсенді іс-әрекеті және ол шығармашылықтың дамуына негіз болады. Оқушылардың іс-әрекеті не-ғұрлым үйлесімді, кемелденген, тиімді оқыту әдістермен ұйымдастырылса, онда олардың белсенділігі де соғұрлым жоғары болып, шығармашылықтың дамуы қарқынды түрде көрінеді.

   

Ізденіс кепілі – жаңашылдық

Айдарова Маржан Ауезханқызы-110 орта мектеп биология пәні мұғалімі, Қызылорда облысы, Жаңақорған қонысы

Білім беру «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасының маңызды басымдықтарының бірі болып табылады. Қазақстан білім беру реформаларының негізгі мақсаты – білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік – экономикалық ортаға бейімдеу. Бұл тұрғыда Қазақстан президенті республиканың әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу туралы мәндет қойғаны мәлім. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рол атқарады. Болашақтың табысты экономикасы білім беруде халықтың дағдылары мен қабілеттері болып табылады.

Қазіргі заман талабы- оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі –ақпараттық технология. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Бүгінгі таңда дүние жүзінде білімнің әлеуметтік ролі артып, адамның болашағы оның алған білімінің сапасына, ойлау деңгейіне байланысты болып отыр. Осы тұрғыда жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып қоршаған ортаны қорғауға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу – ұстаздардың басты міндеті болмақ. Ол үшін әрбір ұстаз үнемі шеберлігін арттырып отырмаса, оқушы деңгейінің дамуы төмендейді. Осының бәрі бір күннің іс-әрекеті емес, оған көп уақыт, ізденіс қажет.

«Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп ұлы Абай айтқанындай, Елбасы жолдауында да «білім беру жүйесінің басты міндеті – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды ғылыммен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп ерекше атап көрсетілген. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдаудың көп нұсқалы қағидасы бекітілген. Бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне қолайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үрдістерді кез-келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. Бұл орайда мұғалім өзінің құзырлық деңгейін үнемі жетілдіріп, ойлау, ізденімпаздық қабілеттерін, білімін ғылымның кейінгі жаңалықтарымен үнемі толықтырып, дамытып отыруы қажет. Ұстаз оқушының білімге деген құштарлығын арттырып, өзін-өзі тәрбиелеуін ғылыми деңгейде ұйымдастыру үшін әр оқушының дара ерекшеліктерін ескеріп, білім алуға қабілетін зерттей отырып тұлғаның негізінің ашылуына жол көрсетеді.

Қазіргі заман талабы ғылым мен техниканың деңгейін әрбір оқушыға саналы да терең білімнің берілуін талап етеді. Сондықтан да мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаты – әртүрлі педагогикалық әдіс-тәсілдермен жүйелі түрде оқушылардың шығармашылық ойларын дамытып, ғылыми көзқарасымен белсенділігін қалыптастыру болып саналады.

Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім. Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін техникаландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары сарапталып жаңашыл педагогтердің іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақтылығы, білімділігі қажет.

Жаңа технологияның мақсаты – баланың қабілетін ашу, соның негізінде ой-өрісін дамыту, белсенділігін арттыру, өзіне деген сенімін күшейту, өзін-өзі тәрбиелуге бағыттау.

Бүгінгі жаңа әдістемелік ақпараттар Ж. Қараевтың деңгейлік тапсырмалары, Қ. Бітібаеваның Модульдік технологиясы, Шаталовтың тірек сызбалары және әлемнің 18 елінен сынақтан өткен «оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау» технологиясы сабағымызды түрлендіреді, іс-тәжірибемізді молайтады.

Ф. Монахов «Педагогикалық технология дегеніміз – оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру мен жүргізудің ойластырылған моделі» деп түсіндіреді.

Педагогикалық жаңа технологиялар мынандай қағидаларды ұсынады: оқуға шығармашылықтың енуі, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық, жеке тұлғаның дамуына жағдайдың туғызылуы, яғни жеке тұлғаға бағдарланған оқу.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы бойынша биология сабақтарында бес жолды өлең, Венн диаграммасын, кубизм әдісін көптеп қолданамын. Қай пәнді алсақ та, оқушылардың қызығуын арттыру үшін мұғалім әртүрлі әдістерді қолданып, өз шеберлігін танытуы керек.

Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес шыңдалған ойлау. Бұл бағдарлама арқылы оқушылар белгілі бір мазмұнға сын тұрғыда қарап мол ақпараттар ағымынан өзіне қажеттісін таңдап алуға , саналы шешім қабылдауға, сұрақ қоя білуге, әр кез сол сұраққа жауап іздеуге үйренеді, оқушы ойы дамиды. Ерекшелігі: оқушының қызығуын арттыра отырып, қиялын дамытуға арналған. Мұғалім оқушының білім алуға бағытталған әс-әрекетін бақылай алады, бағыт- бағдар береді. Оқушылар жаңа сабақты, ақпараттарды өз бетімен меңгереді.

Биология – бұл орта буында алғаш қосылатын пән. Осы пәнді оқытуда жаңа технологиялардың тиімді әдістерін пайдалана отырып  оқушыларға бөлімді толық меңгерту үшін Ж. Қараевтың «Саралып, деңгейлеп оқыту технологиясын», М. Жанпейісованың «Модулдік оқыту технологиясын», «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» қолдануға болады. Жаңа технологияның осы әдіс-тәсілдерін өз тәжірибемде қолданғаннан бері оқушылардың білімі мен қызығулары ұлғайып, білім сапасы артты. Бұл жердегі басты тұлға – оқушы, ал мұғалім – жетелеуші, бағыттаушы.

Енді осы биология пәнінде қолданып жүрген сын тұрғысынан ойлау технологиясынан мысалдар келтіре кетейін.

Осының дәлелі ретінде биология пәнінен пайдаланған әдіс-тәсілдерімді ұсынғалы отырмын.

 

Сабақта қолданылатын әдіс

Оқушы әрекеті

ББҮ кестесі

Оқушы ойланады, табады, өзіне-өзі баға береді.

Кубизм әдісі

Окушы ойланады табады зерттейди колданады салыстырады

Интервью немесе сұхбат алу әдісі

Оқушы алған білімінің негізінде жауап қайтарады.

Сәйкестік тесті

Оқушылар жеке дара жұмыс істеуге ұмтылады,  өз білімдерін тексереді

Кластерлеу әдісі

Оқушы өткен білімін нәтижеге қарай бағыттайды.

 

Бұл технологияны сабақта пайдалану оқушылардың белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін, салыстыру, талдау, танымдық қасиеттерін арттырады.

ХХІ ғасыр мектебінің мақсаты – жас жеткіншектерді жауапкершілігі жоғары, парасатты, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өмірге икемді, ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыру болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер

«Биология және салауаттылық негізі» 2009 жыл №2

«Сыр мектебі»  2012 жыл №3

Ғаламтор желісі

«Қазақстан мектебі» 5/2011

«Қазақстан мектебі» 2/2009

Интернен желісі

Биология аныктамалығы №2    2008

Н.Назарбаев Қазақстанның  әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы.

 

Сабақта  жаңа  технологияларды  пайдалану  іс-тәжірибесінен

Ақымова Аяш  №54 мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Қызылорда облысы,Жаңақорәан ауданы,Бесарық ауылы

«Біз Қазақстанның  жаһандық  экономикалық  үрдістерге  сәйкес  дамып  келе  жатқан ел болуын  қалаймыз.Әлемдегі  жасалған  жаңа  мен  озық  атаулыны  бойына  сіңірген, дүниежүзілік  шаруашылықтан  шаәын  да  болса  өзіне  лайық «орнын» иемденген, әрі  жаңа  экономикалық  жағдайларәа  жылдам бейімделуге  қабілетті  ел  болуын қалаймыз».(Н.Назарбаев).

Білім  қоғам  өмірінде  қай  заманда да  маңызды  роль  атқарған.

«Білімді  мыңды  жығар»  деген  бабаларымыз  асылын  ардақтап, данышпандарын  аялай  білді, кең  байтақ  жерімізді  бізге  мұра  етіп  қалдырды. Жаһандану  үрдісі  жалпақ  әлемге  қанат  жайып  келеді. Ақпараттық  технологиялар  тез дамып,  өңіріміздің  өзегіне  айналуда.  Заман  талабын  дұрыс  ұғынып, балаларға  сапалы  білім  беретін  осы  заманғы   білім  беру  жүйесін  жасап, үлгермесек  мүмкіндікті  жіберіп  алып, көш соңында  қалып  қою  қауіпі  де  жоқ  емес.  Сондықтан да  білім  беру  жүйесін  дамытуға  бүкіл  ел  болып  атсалысуымыз  керек.

2006  1  наурызында  Қазақстан  халқына  жолдауында  Елбасымыз  Н.Назарбаев  Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге  барынша  қабілетті  50  елдің  қатарына  кіру  стратегиясын  ұсынды. «Білім  беру  реформасы – Қазақстанның  бәсекеге нақтылы  қабілеттілігін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін  аса  маңызды  құралдарының   бірі. Бізге  экономикалық  және  қоғамдық  жаңару  қажеттіліктеріне  сай  келетін  осы  заманәы  білім  беру  жүйесі  қажет» - деп  атап  өткен  Елбасымыз  білім  саласының  нақты  міндеттерін  айқындап  берді.

Оқыту  технологияларын  жоспарлау, жүйелеу  әдісі  оқытудың  тиімді  формаларына  жету  үшін  адамдық  және  техникалық  үрдістерді  меңгеру  керек  және  олардың  өзара  байланысын  ескере  отырып  білімді  оқыту  үлгісінде  қолдана  білу  қажет.

Жаңа  заман  талабына  сай  білім  беру  бүгінгі  таңда  өзекті  мәселе, шығармашылық  қабілеті  мол, жан-жақты  дамыған  адамзат  тәрбиелеуде  жаңа  педагогикалық  технология  ауадай  қажет. Білім  беру  технологияларының  басты  мақсаты – білім  беру  сапасын  арттыру, оқушылардың  білім, білу  дағдыларын қалыптастыру  болып  табылады.

Жаңа  технологияны  меңгеру  мұғалімнің  интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани  азаматтық  және  басқа  да  көптеген  адами  қабілетінің  қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді.

Оқыту  үрдісінің  негізгі  мәселесі  оқушыға  өнегелі  де  терең,  тиянақты, жүйелі  білім  беру.Іргелі  білім  берудің  міндеті  адамды  ғылыми  ойлауға, оның  әдіс-тәсілдерін  білуге,  өзін-өзі  дамытуға, өз  бетімен  білім  алуға, ізденуге іштей  қажеттілік  туғызады.

Бүгінгі күні бұл міндетті  электрондық  оқулық  жүзеге  асыруға  тікелей  қатысуда. Электронды  оқулықтың  ақпараттарын қолданып,дисктерге  суреттер, иллюстрациялар,кестелер,мәтіндерді  шығарып  алуға  болады.

Міне,осылай электрондық оқулық заман ағымына сай оқушылардың қызығушылыәын арттырып, түсінбей қалған сәттерін қайтадан көруге, алған маәлұматты  нақтылауға мүмкіндік береді.

Электрондық оқулық  есте сақтау үшін білімді жақсы меңгерткізеді.Оқу үрдісінде оқушының өзінің қатысуы оның ассоцациялық ойлау қабілеті  мен оқуға деген  ынтасын арттырады.Өзінше баға беруге, талдауға үйретеді.

Мысалы, мектепалды  даярлық  сыныбында  жүргізілген  5  саны  мен  цифры  тақырыбы  бойынша  математика  пәнінен  электронды  оқулықты  пайдаландым.  Ондағы  цифрлардың  қимылы  арқылы  қандай  заттарға  ұқсайтыны  көрсетіледі.

Көбелектің қанаты 3 цифрына , алманың жарты бөлігі  5  цифрына т,б. Ұқсастығын  ажыратады, әрі  қызығушылығы  артады.  Және де 5  цифрының  қасиетті сан екені , 5 күн оқимыз,  5 қару, 5 уақыт оқытылатын намаз т,б. жайлы айтылады.

Санамақтар жаттау арқылы баланың тілі ,ой-өрісі дамиды. Сын тұрғысынан ойлау өте күрделі,маңызды құбылыс.Мұғалім осы әрекетті ұйымдастырушы бағыттаушы.Ол өте білімді,әділетті.Оқушы түрлі ақпарат көздерімен сусындап өз түйінін айта білуі керек. Кез-келген мазмұнды талдау барысында өз тобымен ұжымдасып,пікірлесіп ең ұтымды жауапты іздеу керек.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Бастауыш мектеп / №8, 2004ж,   2006ж. №9, 2003 ж. /

2. Қазақстан мектебі  /№2, 2003 ж/

   

Ата-анамен байланыс жолдары

Әуешова Гүлзира-  №239 орта  мектептің бастауыш сынып мұғалім, Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы,Кеңес ауылы

 

Бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет.Баланы өмірге бейімдеуге мектеп,ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Туындаған тәлім-тәрбиелік жарасымдылық пен мектеп пен ата-ана әлеуметтік орта,бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімдік табады.

Халық «Ұяда не көрсе,ұшқанда соны ілерсің»деп тегін айтпаған.Жас шыбық иілгіш болса,жас адам да сондай жақсы ға да,жаманға да бейім болатыны баршаға аян.

Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді.Сондықтан жақсы,жаман қасиетіміздіің,әдетіміздің бала  тәрбиесіне ықпалы зор.

Ұлы ғалым,философ Әбунасыр әл Фараби «Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие керек.Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы.Ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі»деген екен.Бұдан шығатын түйін:бала тәрбиесіне ең әуелі,оның ата-анасының еңбекқорлығы,ұстамдылығы,ақыл-ой,сана-сезімі,адамгершілігі әсер етпек.

Қазақстан Республикасының егеменді ел болуы жас ұрпақтың жан-жақты дамуын,дүниежүзілік алдыңғы қтарлы ақыл-ой мен тәжірбиені өскелең өмір талабына жеткізуін,халқымыздың көп жылдар бойы тұншығып келген тілін,мәдениетін,тәлім-тәрбиесін жаңартуды талап етеді.Бүгінгі таңда білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес республика мектептерінде білім беру мен тәрбиенің мазмұнын түбегейлі жаңарту қажеттілігі туындауда.Оның басты себебі республика өзінің тәуелсіздігіне ие болған жағдайда экономикалық,эколлогиялық,этномәдени ерекшеліктерінескере отырып,жастарды оқыту мен тәрбиелеу ісін қайта құрудың аса қажеттілігіпайда болды.Оның үстіне өтпелі кезеңдегі нарық қыспағынан  жұмыссыздықтың етек алуы,рухани жұтаңшылыққа ұшыраған әрбір отбасының экономикалық ауыр хал-ахуалы тәрбие мәселесіне көңіл бөлмеуде,ал ол оқушы жастардың қараусыз қалуын туғызады.Бұл 11-13 жасар жеткіншектерді шылым шегуге,ішімдікпен,нашақорлықпен,ұрлық істеуге т.б.қылмыстық әрекеттерге итермелеуде.

Сондықтан жалпы білім беретін мекемелерде оқушыны тұлға етіп жан-жақты тәрбиелеу мақсатында ҚР-ның білім беру мекемелерінің 2006-2011жылдарға арналған тәрбие жұмыстарының кешенді бағдарламасы қолға алынған.Бұл заңды Білім мен ғылым министрлігі ұсынып,оқушыларға БҰҰ-ның бала құқығы,ҚР-ның «Білім туралы»заңын, «ҚР-дағы бала құқығы туралы», «Кәмілетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтыңалдын алу мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы»заңдарын үйретіп ,кеңінен насихаттаукөзделген.адамдар тұлға болып өзіндік жеке бас ерекшелігімен бірден дүниеге келмейді.Әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру,тәрбиелеп жетілдіру қажет.Жеке тұлғаның ерекшелігі –ол оның өзіне тән мінез құлығындағы ,іс-әрекетіндегі,көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалық біріңғай талаптардың болуына қарамастан қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік  ой-пікірінің көзқарасының болуы. Сонымен бірге адамның өмірде үздіксіз тәрбие құшағында болатынын бұрынғы игерген білім,білік дағдыларды біртіндеп көмескіленіп,оның орнына жаңа білім,білік дағдыларды меңгерумен шұғылданатынын ескеруге де тура келеді.

Тәрбиеленуші өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған  ортадан алады.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жастар тәрбиесі-басты мақсат.Ұстаз бір елдің болашағы үшін жасайтын киелі мамандық иесі.Оның парасатты жүріс тұрысы,сөйлеу мәдениеті,ішкі жан дүниесі,киім киісі-бәрі баланың назарынан тыс қалмайды.»деген .Ендеше сол бір жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін де соны тәрбиеге жинақтап,белгілі бір жұмыс жүйесі қалыптасу керек.Сапалы білім алмайтын ,тәрбиеге қонбайтын адам жоқ

Бірақ сол адамды адам етіп тәрбиелеу кімнің қолында деген сұраққа жауап берудің өзі ойландырады.Бала тәрбиесінде отбасының рөлі көп жағдайда жаңа әлеументтік –экономикалық қатынастармен анықталады.Ол ата-аналар мен мектептің және қоғамның арасындағы нарықтық еңбек қатынаысы жағыдайында қалыптасқан.Нарықтық қарым –қатынас ата-аналардың отбасындағы бала тәрбиесіне деген жауапкершілік сезімін бір табан бәсеңдетеді.

Бала біздің болашағымыз ,өзімізді жалғастырар ұрпағымыз. «Баланы бастан»дейді халық.Ендеше бала тәрбиесіне ерекше мән беріп,ата-ана,мектеп,қоғам ынтымақтастығын ойлағанымыз жөн. «Ата көрген оқ жонар,шеше көрген тон пішер»демекші балаға отбасы тәрбиесінің әр әсері мол.Қазіргі жас балғын бала ертеңгі күніміздің саналы азаматы.Жалпы бала тәрбиесі назардан түспейтін ең маңызды да өзекті мәселе.Баланың бойындағы жағымсыз әрекеттерді байқағаннан ақ ата-ана ,мектеп тыйым салып,дұрыс жолға бағыттау керек.

Мектеп ,ата-ана, ұстаз болып бірігіп ,сапалы білімді ,саналы тәрбиелі,салауатты ұрпақ тәрбиелеу керектігін айтқым келеді.

     

Сынып жетекшінің атқаратын міндеті

     

Бала тәрбисіне көңіл бөлуі                           Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын  өткізу

Ата-анамен байланыста болу

 

Баланың достарымен танысу

Ата-ананың міндеті

 
 

Балаға саналы тәрбие беру         Үнемі ақылдасып отыру      Жүріс-тұрысын бақылау

 

Топтық жұмыс          жанұямен жеке дара жұмыс                 Қиын жанұялармен жұмыс

Ата-аналар комитетімен жүргізілетін жұмыс түрі

 

Оқушының мінедемесі       Педогогикалық жеке әңгіме         Педогогикалық    талап

 

Ұлы ойшыл Абайдың «Әркімді заман өсіреді.Кімде кім жаман болса,оның ата-анасы ,замандастары кінәлі.»деуіде  адам тәрбиесінің қоғамдық ортамен тығыз байланыстыратындығын көрстеді.

Алдымызға қойған мақсатымыз,ой-санасы жан-жақты дамыған оқушы тәрбиелеу.Күнделікті сабақтың тәрбиемен бірге сапалы өтуі, оқушының шығармашылық қабілеттін шыңдайды.Тәрбиелі  шәкірт  тәрбиелеу-әрі ата-ананың әрі  ұстаздың қолында.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Бастауыш мектеп№12.2006жыл.

2.Мектептен тыс жұмыстар№12.2009ж.

3.Сыр мектебі№1.2010 жыл.

   

Жеке тұлғаны қалыптастырудағы ұлттық тәрбиенің маңызы

Базарбаева Іңкәр  Өсерқызы- №167мектеп жанындағы шағын орталық тәрбиешісі, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,

Кезінде ата-бабаларымыз Алтайдан-Атырауға,Еділ мен Жайыққа дейінгі ұлан-ғайыр жердегі талай ғасырлар бойы басқыншы жаудан қорғап,бостандық  пен  тәуелсіздік   жолында   шыбын  жанын  пида  еткені  белгілі.Сондықтан  да  біздер,Халқымыздың  әйгілі  хандары  мен  билері мен батырларын  қадір  тұтып, қастерлейміз,оларды  мақтан  тұтып,  ұрпаққа  үлгі  етеміз. Өз  Отанымыз- қазақ  жерін  қажет  болған  жағдайда  жан  аямай  қорғауға  дайынбыз. Еліміз  өзінің  қорғаныс  қабілетін  сақтауды  мемлекеттік  маңызды  міндеттерінің  бірі  және  оны  бүкіл  халықтың  ісі  деп  санайды.Өйткені,біздің  басты  мақсатымыз – Қазақстанның  егемендігі  мен  территориялық  тұтастығын  сақтау.

Еліміз  тәуелсіздік  алған 19 жыл ішінде әлемге танылды.Экономикамыз дамып,халықтың әл-аухаты жақсарды.Егемендік алған алғашқы жылдан бастап-ақ,ұрпақ тәрбиесіне,білім беру ісіне де аса мән беріле бастады.

Білім беру барысында баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуына,олардың танымдық әрекетін дамытуға,ой-санасының қалыптасуына ерекше назар аударылуда.Республикамызда білім беру заңы қабылданды.Қоғамның даму,ғылым  мен техниканың,ұлттық  рухани  мәдениетінің өркендеуі білім саласына оң өзгерістер әкелді.  «Әрбір мемлекеттің интеллектуалдық,экономикалык,парасаттылық және оның прогресивті даму мүмкіндіктеріне тікелей байланысты»екендігі білім берудің мемлекеттік стандартында да айқын көрсетілді.Жалпы қазіргі кезеңде білім берудің мазмұны қайта қаралуда .Халықтың ұлтық- тарихи дәстүрі,оның жалпыадамзат мәдениетімен тығыз байланысы –барлық оқыту мен тәрбиелеу ісінің бастау бұлағы болуы тиіс.  Оқу-тәрбие бағдарламалары мен республиканың ұлттық ерекшелігіне, мемлекеттің әдебиет,тарих,география,музыка,бейнелеу өнері,еңбек, дене тәрбиесі ,әскери даярлық тәрізді  пәндер  ұлттық  тұрғырға  негізделуі  тиіс.Басқа да пәндер бағдарламалары мен оқулықтарынан  ұлттық тәрбиенің лебі есіп тұруы шарт.Ұлттық тәрбиенің ғылыми – теориялық негізін анықтау үшін оның өзіндік ерекшеліктерін ескеру қажет.

Педагогикалық теория мен тәжірибиенің  бірден – бір күрделі және  негізгі мәселесі жеке адамның белгілі жағдайда дамуы.Сол себепті жеке адам  мәселелері жас ерекшелік физиологиясы мен анатомиясы, әлеуметтану,педагогикалық психология, әлеуметтік психология тәрізді әр қилы ғылымдар арқылы зерттеледі.Ал,қандайда болмасын  жеке адам белгілі  бір ұлт өкілі болғандықтан, оның кейбір генетикалық, әлеуметтік негіздерін халықтық педагогика мен ұлттық психология қарастырады.Қазіргі заманғы психология  жеке адамды біртұтас биологиялық  және әлеуметтік жағынан қарастыруды  жөн санайды.Л.С.Выгодскийдің  анықтауынша,  «жеке адам – белгілі  бір қызмет  атқарып, сол қызметті  өтеуге  бағытталған психикалық жүйе».Жеке адамның негізгі қызметі қоғамда қалыптасқан адамның белгілі қарым-қатынастағы іс-әрекеті арқылы дамиды.Халықтық орта, яғни ұлттық қоғам – сол әлеуметтік теорияларды  белгілейтін жүйе.Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін қоршаған ортасы, яғни қоғам.Кез-келген адам баласы дүниеге келгеннен бастап қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды қабылдау арқылы өзінің ойлау қабілеті, санасы,мінез-құлқының және басқа да қасиеттерінің реттелуіне жол береді.Сондықтаы да тұлғаның қалыптасуына  және дамуына бір-бірден ықпал етуші қоғам.Тұлға өзінің көздеген міндетін шешу арқылы қоғамдық мүддені де шешеді.Сол себепті тұлға мен қоғам бір-бірімен тығыз байланысты.Қоғамда болып жатқан құбылыстардың барлығы адамдардың қатысу салдарынан пайда болады.Адамның қалыптасуына қоғам әсері қандай болса,қоғамдағы болатын және болып жатқан құбылыстарға адамның әсері сондай.

Халхымыздың белгілі ақыны Мағжан Жұмабаевтың артына қалдырған тәлім-тәрбиелік  мұраларының негізгі тақырыптарының бірі де осы тұлға мәселесі.Ол өзінен бұрынғы ұлы ойшылдардың туындыларын елеп-екшеп,олар қозғаған осынау өзекті мәселені сомдау арқылы  адам баласын жетілдіруді мақсат етеді.Ақын өз шығармаларында ақыл-ой,ерік-күш,белсенді іс-ірекеті басқаға үлгі боларлық,халықтың көш басшысы,қамқор ақылшысы болуға жарайтын тұлғаларды тәрбиелеу жолын іздестіреді.Тұлға-сан қырлы,мазмұны да,табиғаты да күрделі,құпиясы мол әлеуметтік ұғым.Адам өсіп,дамып,жетілу процесінде біртіндеп тұлға,кісі деген атқа ие болады.Оның жан-дүниесі,сана-сезімінің дамуы,айналасы мен қоғамдық өмірге тәуелді.Осындай жағдайда оның дүние танымы мен сенімі,арманы мен талғамы,кісілігі қалыптасады.Мағжан Жұмабаевтың ой-пікірлерін қарастыра келе аңғарғанымыз,толыққанды тұлға болып «өз ұлтын сүйген адам,ол өз ұлтының бақыты үшін, өз бақыты бақытын құрбан қылады..,өйткені ұлттық мақтаныш жеке адам мен ұлты үшін бұзылмас заң...Ердің бағасы...жүрегінің таза болуында...» Адам жанын жазбай танитын ақынның пікірінше, адамның түзу жолға түсуінің  бірінші шарты өзін-өзі тексеру, өз қатесін көре білу,келешекте сол қателікке жол бермеуге ұмтылу. Ол адам ылғи да өзін-өзі тексермесе ілгері баса алмайды,-деп түйіндейді.                                                                                    Олай  болса ,ұлттық  тәрбие негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру маңызына ерекше мән беруіміз қажет.

Пайдаланылған  әдебиеттер:

1.Л.С.Выготский –жалпы  психология

2. Сыныптан  тыс журналдар

 

.

Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы

Байғабылова Гүлайна-№55 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылы

Мақсатым: Рухани тәрбиесі мен білім сапасы тең келетін ұрпақтар тәрбиелеу.Тәрбие мен біліктілікті дамытуға психологикалық ой тастау.

Міндетім:Бала тәрбиесіндегі жеке дара қабілеттері мен қызығушылығын ескере отырып,оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру.

«Әркім өзінше бір әлем» Әлем дегеніміз қандай кең ұғым болса,ұстаз деген сөзге де сондай зор мағына сыйып тұр.Өйткені ұстаз өзінің ішкі әлемінің қалыптасуына тікелей ықпал ететін тұлға.

Яғни ұстаз баланы алға жетелеуші,сана сезімін қалыптастырушы. Мектеп-үлкен білім теңізіндегі ұстаздықтың шеберлігін ашатын орта.Бұл мәселеге тоқталған себебім мектеп,мұғалім,оқушы,ата-ана бір-бірімен тығыз байланысты.Егер біреуі қалыс қалса,орны бірден білінетіні анық.

Еліміздің ертеңі,ұлтымыздың болашағы-бүгінгі мектеп қабырғасында жүрген оқушылар. «Бала балқытылған алтын,оны қалыпқа құйып,қандай мүсін жасаймын десе де мұғалімнің қолында» деген екен ұлы педагог К.Ушинский.

Жер бетіндегі әрбір халықтың ұрпақ тәрбиесінде өзіндік ұлттық ұстанымы бар.Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы-өзінің ісін,өмірін жалғастыратын ұрпақ тәрбиелеу.Қасиетті де қастерлі қазақ халқының да өз ұрпағын тәрбиелеу де өзіндік ерекшеліктері болған.Ата-бабаларымыз көзінің қарашығындай сақтап келген, тәрбиенің қайнар бұлағы қасиетті дәстүрлеріміздің дәріптемесек, болашақ тәрбие ісінің мәні тым жайсыз күйге ұшырауы ғажап емес.

«Ел боламын десең бесігіңді түзе» демекші өскелең өркенге саналы тәрбие бастауыш сыныптан беріледі.Ол процесті балғын бұтақты оңай июге болатынымен салыстыруға болады.

Мені, қазіргі сабақта біз тәрбие мен білім беруді ұштастыра алудамыз ба? деген сұрақ мазалайды.Әрине,толық сеніммен  «ия» деп жауап беруге қиналамыз.Неге десеңіз білім беру саласындағы жаңашыл реформаларды іске асырамыз деп тәрбие жұмысын кенжелетіп алғандаймыз.Толыққанды тәрбие жұмысы болғанымен көп жағдайда тек қана қағаз жүзінде екенін мойындауымыз керек.Егер олай болмаса мектеп оқушылары арасында бұзақылықтар,ұлтымыздың ұяң мінезді деп есептелетін қыздары арасындағы қылмыскерлерге,белгісіз жан түршігерлік сорақылықтарға,бүкшеңдеген қарияға көмек қолын созу былай тұрсын, жекіп,мазақ ету т.б сол сияқты жан күйзелтерлік  қоғамдағы көріністер неге жиілеп барады

Қиын сәтте досын демеуге асыққан,жасы үлкенді құрметтеп,кішіге аялы алақанын ұсынған,берілген жауапты міндетті егеменді елдің өскелең ұрпағымын деген жауапкершілікпен орындауға асыққан шәкірттерді өз деңгейінде кездестіресіз бе? Әрине, жоқ.

Кез келген ұлттың өзіне ғана тән, жарасымды салты бар емес пе? Сананы тұрмыс билеген мына заманда батысқа еліктеп,байырғы жайсаң мінезінен, жомарттығынан,жанашырлық сезімнен,адал қарым-қатынас пен сыйластықтың алшақтап бара жатқандай.Қазағымның жүдеп бара жатқанын әу бастан байқаған ұлтымыздың ұлы перзенті Шәкәрім Құдайбердіұлы өз өлеңдері арқылы толғанған жан айқайын білдіргендей:

Европа  білімді жұрт осы күнде,

Шыққан жоқ айундықтан о да  мүлде.

Терең ойлап сөзімнің мәнін біл де

Іштен жыла,шырағым түбін біл де......

Осы біздер ата-бабамыздың ұрпақ тәрбиесінде салған сара жолынан ауытқып кеткендейміз.Балам деген жұрты болмаса,жұртым дейтін баланың болмайтынын ескеріп, әрбір балаға кәусар бұлақтай қарап,көзін аша білуіміз керек.Осы жерге бізге сан салалы салт дәстүрге бай халқымыздың асыл мұрасы көп көмек етеді.Халқымыздың өткеніне үңілсек ұлттық тәрбиеден бай тәжірибе жинақтағанын аңғаруға болады.Байтақ даламыз бен туған елімізді көз қарашығындай қорғаған ержүрек бабаларымыз,еркіндік үшін күресте жалау болып,желбіреген қазақтың біртуар перзенттерінің сан-салалы дәстүрімізбен ұлттық тәрбие бұлағының кәусарынан сусындағанын  дәлел ретінде тілге тиек етуге болады.

Жас ұрпақты рухани құндылықтарға негіздеп білім беру,әсіресе,мектеп жасында қалыптастыру ұтымды.Дегенмен,бүгін де бала тәрбиесіндегі бүкіл салмақты мұғалімдердің мойнына іліп қойып отырмыз,ол шынында да солай.Ата-ана бала тәрбиесінен алыстап барады.Мектептің есігін ашпайтын,шақырып келтіре алмайтын ата-аналар да бар.Сонда бала тәрбиесі ақсамай қайтеді?

«Балалы үй-базар,баласыз үй-қу мазар» деп айтамыз.Бірақ сол баланың қызығын қызықтағанымызбен де кейде азабына іргемізді аулақ салатынымыз алаңдатарлық жайт.

Бала тәрбиесі-баршамыздың ісіміз.Әр баланың өзінің отбасы,ата-анасы болғандықтан оны тәрбиелейтін де,болашағына жауап беретін де солар.Атамыз қазақ: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің»деп бекер айтпаған.

Қайырымдылық,адалдық, ізеттілік,мейірімділік құндылықтары қалыптасқан халқымыздың асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақ бойына сіңіре білу мектеп мұғалімдері мен ата-аналар парызы.Жалпы адамзатты толғандырар,әсіресе қазақ үшін ерекше сипатқа ие болған мәселе-ұрпағымыздың бойындағы рухани-адамгершіліктің толыққанды болмауы.Ұлтты ұлт ретінде танытатын үш нәрсенің бірі-қасиетті жер-ана,екіншісі-тіл,үшіншісі-атадан мирас болып қалған өзіндік құндылығы бар дәстүріміз емес пе?Әрі заман рухына,әрі өз халқының діліне сай келетін ұлттық тәрбие беру үлгісін іздестіруді әрбір ұстаз,әрбір ата-ана басты мақсат етсе игі еді.

Тәрбие-халықтың ғасырлар бойы жинақтап,іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру.

Баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын,дүниетанымын,өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.Осы мақсаттарды іске асыруда оқушылар ұйымын құрудың маңызы өте зор деп ойлаймын.

Өзін-өзі басқару ұйымы

1-4 сынып «Балдырған» тобы

5-8 сынып  «Ұлан» тобы» тобы

9-11 сынып «Жас қанат» тобы құрылса және жүйелі түрде жұмыс жасалса.

Ұсынысым:

1.Жалпы адамзаттық құндылықтарды жеке тұлғаны қалыптастыруда негіз етіп алу.

2.Өз отанына пайда келтіретін қоғамымыздың білімді,парасатты,адамгершілікті,қайратты тұлғаларды даярлау.

3.Әлемде бейбітшілік болуына үлес қосу,экологиялық,қайырымдылық,рухани,танымдық мәдени шараларына ат салысу.

4.Ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды,тарихты,тілді,халықтың рухани қазыналарын қастерлеу,насихаттау.

5.Баланың бойында адамгершілік құндылықтардың дамуына ықпал жасау.

Бір кемшілігі байқалса,оқушыларға өкпелейтініміз бекер.Салт-дәстүрді өз орнымен іске асырып,үлгі-өнеге ете алмаған кінә бізден.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні:

«Шындығы сол,мына өмірге,

Біздер келген қонақпыз.

Кешке келіп,таңертең жоқ,

Келіп-кетер толассыз»  деген ой шумағын зерделесек халықтың тағылымы тек балалар үшін ғана емес,барлық буын,күні ертең соңғы сапарға аттанғалы отырған үлкендер үшін де керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Р.Қоянбаев  Педагогика

2.Білім технологиялары журналы 2010ж

3.Тәрбие құралы 2009ж

   

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда проблемалық әдістерді пайдаланудың тиімділігі

Байжанова   Мысырша  Сұлтанқызы-. Қыдыров атындағы № 54 орта мектеп,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қызылорда облысы, Жаңақолрған ауданы, Бесарық ауылы

Сабақ беру жәй ғана үйреншікті шеберлік емес,ол - жаңадан жаңаны табатын өнер.Ж.Аймауытов.

Проблемалық оқыту-шығармашылық жұмыс көзі. Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістерге  байланысты  қоғам шығармашылық әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті  өмірдің өзі дәлелдеуде. Осыған орай бүгінгі күні орта білім беретін мектептерге үлкен талап қойылуда.

Баланы кез-келген пәннен жалықтырып алмау,оның қызығушылығын арттыру үшін  қандай әрекеттер жасау керек?деген сұраққа жауап іздеу көптеген технологияны, әдіс-тәсілдерді дүниеге әкелді.

Сондықтан педагогика ғылымында педагогикалық үрдісті ұйымдастыру формалары өзекті мәселеге айналып, қазіргі кезде Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үрдісі қалыптасуда.Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді.Білім берудегі ескі мазмұнның  орнына жаңасы келуде. Я.А.Коменскийдің,И.Гербарттың дәстүрлі объект-субъектілі педагогикасының орнын басқасы басты.Ол балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде,өзін-өзі өзектілендіруге,өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға  ретінде бағытталған.Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер—оқытушы мен оқушының тұлғалық-бағытталған өзара әрекеті болып табылады. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға  баланың білімін,білігі мен дағдысын емес,оның тұлғасын,білім алу арқылы дамуын қояды.

Бүгінгі таңда В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы,М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы,Қазақстанда Ж.Қараевтің, М.Жанпейісованың және т.б.ғалымдардың технологиялары  кеңінен танымал.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы»Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалылық қағидасы  бекітілген,бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне,педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға ,педагогикалық процесті кез келген үлгімен,тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.

Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында  қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда проблемалық әдістерді пайдалану жолдарына тоқталамын

Проблема дегеніміз – субьектінің өзінде бар іздену құралдарымен (білім,икемділік,іздену тәжірибесі т.б.) шешуге болатын проблемалы жағдай.Сондықтан да кез-келген проблемада проблемалы жағдай болады да, кез-келген проблемалы жағдайда (субьект шешу құралын игермеген болса) проблема бола бермейді.

Проблемалық оқытуда көздейтін мақсат оқушыларға білімді даяр күйінде бәрін мұғалімнің өзі баяндай бермей, олардың алдына белгілі проблемалық міндет қойып, соны өздеріне шештіруге бағыттау. Проблемалы міндет дегеніміз – проблемалы жағдайдағы іздену, зерттеу барысында шешілетін проблема.

Проблемалық оқыту: проблема, проблемалық сұрақтар, проблемалы тапсырма, пробдемалы жағдай деген ұғымды қамтиды. Бұл ұғымдардың мазмұнын дұрыс түсінудің маңызы зор.

Проблемалық оқыту шығармашылық жұмыстарды жүргізудің ең өнімді жолы болып табылады. Оның басты себебі, проблемалық оқыту технологиясының өзіндік ерекшелігінде жатыр. Проблемалық оқытуда оқушылар бейтаныс, белгілі емес мәселелерді өз бетінше шешуге жұмылады. Проблемалық ситуцияны шешу арқылы оқушылардың шығармашылық ойлауы дамиды, интеллектуалдық таным үрдісі жетіледі. Пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық тапсырмалардың  тіл дамытудағы  тиімділігі – оқушылардың бұл оқыту түрінде ғылыми ізденіспен, зерртеушілікпен айналысады. Ойлау үрдісі тоқтаусыз жұмыс істейді. Ойлауымен бірге тілдері де дамиды.Мысалы  5-сыныпта «Фонетика» бөлімін оқытқанда  мынадай сұрақтар қоюға болады:

1.Қолда буын көп пе аяқта буын көп пе?(а-яқ )

2.Шалға қарағанда балада не көп?(ба-ла)

3Ант пен қант,оқ пен тоқ,ұрт пен мұрт деген жұп сөздерде екі ұқсастық айтылуы,буын саны және айырмашылық буындардың жасалу түрі,дыбыс саны бар екен.Соны тауып дәлелде.

4.Бота мен қозы ұқсас.Олар қалай ұқсас?(Дыбыс және буын саны,буын түрі).

Проблемалық оқытуға негізделген жұмыстар, тапсырмалар оқушылардың ғана өзіндік ойлауына, өзіндік ізденісіне ғана бағытталады,білімді өз беттерімен алуға жол ашады, таным белсенділігін арттыруға түрткі жасайды. Проблемалық сұрақтарды, ситуацияны шешу- шығармашылық үрдіс. Ал шығармашылық, өнерпаздық сөзінің мәні – жеке тұлғаның бір нәрсе жасап шығаруы немесе өзіне ғана тән бір нәтижеге қол жеткізуі. Шығармашылық – ешкімнің қол жеткен табысын өзіне пайдаланбайды, өзінің ғана жасап шығарған тың,жаңа өнімі.

Шығармашылық тапсырмалардың ең басты белгілері оқушылардың белсенді дербес ізденісі, өзіндік, шығармашылық ойлауы арқылы проблемалық ситуацияны шешулерінде.

Білім беруді проблемалықпен оқытудың үш түрлі әдісі, үш түрлі жолы бар:

 

1

Білімді проблема негізінде баяндау

Мұғалім сабақты жәй хабарлап не баяндап түсіндірмейді.Проблема қоя отырып түсіндіреді.Оқущылардың тану белсенділігін арттыру, бірге отырып оны шешу жолдары мақсат етіледі. Оқушыларды іздендіруге, табуға жұмылдырады.

2

Оқушыларды іздену, зерттеу іс әрекетіне кіргізу.

Мұғалім оқушылар алдына проблема қояды,ол проблемаға балалардың назарын аударады, сабақ түсіндіру барысында сұрақ-жауап,басқа да өнімді тәсілдер арқылы оны шешуге түрткі жасайды.

3

Оқытудың зерттеу әдісі

Оқушылар проблеманы шешу үшін болжам жасайды,дәлелдеу,салыстыру,қорытынды шығару тәсілдерін,амалдарын іздейді.Өз беттерімен,өз ізденістерімен мақсатқа жету үшін еңбектенеді.

Тәжірибе жасап көрсату

Суреттеу, түсіндіру

Фактілер мен ережелерді хабарлау

Ақпаратты мәселелерді қою

Басқа әдістер

Білімді проблема негізінде баяндау

 

Бұл әдістің төтенше күші сөз бен көрнекілікті,сөз бен практикалық әректтерді ұштастыру жолымен жаңа ұғымның мәнін ашуында.Оқушылардың саналы меңгерудің негізі ретінде түсінік беретін ережелерді дұрыс қолданумен және еске түсірумен қуатталады.

Оқушыны ішінара қатыстыра отырып баяндау дегеніміз-танымдық процестің барлық немесе жекелеген кезеңдерін өз бетімен өтуді талап ететін жұмыстарды орындау жөніндегі оқушының жеке ізденіс қызметтерін,оның мұғалім түсіндіргендерді қабылдаумен ұштастыру болып табылады.Ішінара ізденіс әдісін кез-келген жас үшін және  ақытудың кез-келген кезеңінде қолдануға болады.Бұл арада көбінесе тыңдау және ұғыну,фактілерді тыңдау,жүйеге түсіру,ізденіс пен проблемаларды шешу оқудың басым,басты әдістері ретінде көрінеді.

Зерттеу нәтижесінде оқушы ізденеді.Іздену дегеніміз-оқушының  интелектуалды қызметі.Оқыту процесінің басты мақсаты оқушыны  ойлай білуге,шығармашылық ой танымын қалыптастыруға бағытталуы керек.Олай болса оқушыда шығармашылық іздену бастамасының болуын, әр шығарманы талдауға жаңа тұрғыдан келіп,өзіндік ой-пікір айта білуін  машықтандыру қажет. Сонда ғана оқушының білімді өз бетінше игере білу дағдысы дамиды,өзіндік көзқарасы,жеке пікірі қалыптасады,тануға деген құштарлығы оянады.Осы тұрғыда дөңгелек үстел,пікір-сайыс,ізденіс сабақтары-қазақ әдебиеті пәні үшін өте тиімді әдіс.

8-сыныпта «Хайуанатқа жасаған қиянатың-Бауырыңа жасаған опасыздық» тақырыбындағы пікір-сайысқа  төмендегі проблемалық сұрақтар беріліп,оны шешудің жолдарын іздестіру тапсырылды.

1.Экология ғылым ретінде қашан қалыптасты,нені зерттейді?

2.Табиғат пен адам арасындағы үндестіктің бұзылуының сыры неде?

3.Поэмада ананы қасиетке оқ атуға итермелеген қандай күш?

4. «Аққуға  кезенерде ырым жасап,тым құрыса саусағыңды қанаттың ба?»деген жылқышы қаттың сөзінің мәні неде?

5.Азаматтық деген не,сен қалай түсінесің?

6.Қоршаған ортаны қорғаудың қажеттігі неде?

Ал Махамбет поэзиясын өткенде оқушыларға мына проблема төңірегінде жұмыс жасатуға болады:тарихи оқиғаларды,тарихи адамдарды жырлаудағы Махамбеттің табысы, өзіндік ерекшелігі.

Оқушылар өздігінен дұрыс шешім іздейді,қорытындыларды тұжырымдайды, яғни білімдерін шығармашылықпен жүзеге асырады.

Қандай шығармашылық істер болмасын,тек оқушыны қатыстырған жағдайда ғана жүзеге асады.Ал,ол кездегі оқушының атқаратын міндеттері: проблемалық міндеттерді ажырату ,берілген тапсырманы тұжырымды орындау,тапсырманы саналы ұғыну,шешімді іздеу,тапсырманы орындау барысында нәтиженің дұрыстығын тексеру.

Проблемалық талдау нақты бір сұрақ әзірлеуді қажет етеді.Бұл жағдайда  тіпті күрделі де маңызды сұрақтардың өзі,әдетте,проблема қойғандық болып табылмайды:олар белгілі білімдерден тұратын жауаптар алу мақсатымен беріледі. Әрине,мұндай сұрақтар оқушылардың белсенді ойлау қызметіне түрткі болмайды; миында бар дайын ақпаратқа жүгінеді;ақпараттық сұрақтар дегеніміз-осы. Оқушыларға  интеллектуалдық  қиындық тудыратын сұрақтар проблемалық сұрақтар болып табылады,өйткені,оларға берілетін жауаптар оқушының бұрынғы білімдерінен де,мұғалім ұсынатын ақпаратта да жоқ.

Енді Ш.Айтматовтың «Найман ана»шығармасына проблемалы сұрақтар жасап көрелік:

1.Қалай ойлайсыңдар,әңгіме неліктен «Найман ана» деп аталады?

2.Жуан-жуандардың жас жігітке  істеген ісіне қандай баға берер едіңдер?

3.Мәңгүрттік сезім өзі жаулап алған елге қалай әсер етті?Бұрын соңды олар

мұндай істі бастарынан кешіп пе еді?

4.Мәңгүрт құлды іздеуге ана неге бел буды?Оны қандай мысалдармен

дәлелдейсіңдер?

5.Сол бейшара мәңгүрт басқа біреу емес,менің ұлым болса екен деген

жолдардан қандай қорытынды шығаруға болады?

Проблемалық сұрақта әлі ашылмаған(оқушылар тарапынан )проблема,белгісіз дүниелер,жаңа білімдер болады,оларға қол жеткізу үшін қандай да бір интеллектуалдық әрекет,белгілі нысанадағы ойлау процесі қажет.Ойлау адамның проблемаға тап болуынан басталатын болғандықтан,проблемалық оқытудың негізін мұғалім жүйелі түрде және діттеп жасайтын проблемалық ситуациялар болып табылады.Оқушылар пайда болып отырған ситуацияда белсенді ақыл-ой ізденісін талап ететін ойлау  процесінің барлық немесе негізгі кезеңдерін өздігінен өткен жағдайда ғана танымдық қызметі дербес болып саналады.

Проблемалық оқытудағы оқушының шығармашылық іс- әрекеті:

1.Оқу материалының мазмұнын талдау,саралау.

2.Проблеманы ашу,өнім жасау,шығармашылық еңбекке қол жеткізу.

3.Қорытынды жасау,өзіне-өзі баға беру,саралау.

Проблемалық оқытуға негізделген шығармашылық тапсырмалардың дәстүрлі оқытудағы тапсырмалардан ең басты айырмашылығын жіктесек оқушы мен мұғалім іс-әрекеттері төмендегідей болмақ:

Дәстүрлі оқытуда

Проблемалық оқытуда

1.Проблема қойылмайды.

2.Мұғалім тарапынан тапсырмалар берілетін жауабы дайын,қарапайым тапсырмалар.

 

3.Оқушы-объект.Ол-орындаушы. Мұғалім жетекшілігі,басшылығы басым болады.

       

4.Шығармашылық ізденіс,жаңа өнім жасау  міндетті емес.

5.Сыныптағы барлық оқушыларға

арналған тапсырмалар.

1.Алдына пролема қойылады.

2.Дайын жауабы жоқ,проблема шешуді талап ететін, зерттеушілікті, шығармашылықты  қажет ететін  тапсырмалар.

3.Оқушы-субъект.Ол-дербес ізденуші. Еш нәрсені қайталамайды,дайын дүниені көшірмейді,өзінің ізденісі, зерттеуі арқылы проблеманы шешуге талпынады.Мұғалім-ақылшы,кеңесші, ұйымдастырушы,бағыт беруші.

4.Оқушыларды жан-жақты дамытуға, жеке тұлғаға,оның дарынын,қабілетін арттыруға бағытталған шығармашылық сипаттағы тапсырмалар.

 
 

Проблемалық оқытуға негізделген тапсырмалардың қай түрі болмасын, оқушылардың  шығармашылық іс-әрекетін талап етеді,ол тапсырмалардың барлығы олардың қабілетін,дарынын дамытуға бағытталады,ғылыми-зерттеу  жұмысына баулуда өнімді,нәтижелі қорытынды береді.

Әдебиет сабақтарында оқушылардың тілін,ойын дамытуға төмендегі кестелерді пайдаланамын:

1-кесте

Тезис

Кіріспе сөз

Негізгі ой мен

кіріспе арасын

дағы байланыс

Негізгі ойды

баянда

Негізгі ойдың

шарықтау шегі

Қорытынды

2­-кесте

Аннотация

Шумақ

Тақырыпша

Қысқаша

аннотация

Ақын стилі

Өз пікірің

3-кесте

Шығармадан үзінді

 

Қай оқиғадан алынды?

Кімнің сөзі және қайдан алынды?

4-кесте

Шығармадағы кейіпкерлер

көңіл күйі

 

Дәйектеме

Өз көңіл-күйің

 

Қазақ тілі пәнінде оқушыларды прблемалық  сұрақтарға жауап іздетуді төменгі сыныптардан бастап  қай тақырыптан білім берілмесін сабақтың бекіту, қорытындылау  кезеңдерінде жүйелі түрде  ойландыратын, олардың дербес іс-әрекетін белсендіретін,жауабы дайын емес проблемалық бағыттағы сұрақ-тапсырмалыр беру арқылы  ғылыми ізденіске жетелеуге болады

6 сыныптағы «Қос сөздер»тақырыбын өткенде  қос сөз,оның түрлері туралы түсініктеме беріледі.Ал қорытындылау сабағында төмендегі проблемалық  бағыттағы сұрақ-тапсырмалар беріп оқушыны шығармашылық ізденіске жетелеймін. Бала ізденеді,ойланады, жауабын табуға еңбектенеді.

1.Қайталама қос сөздер мен қосарлама қос сөздердің негізгі айырмашылықтарын қалай түсіндірер едіңдер?Ол үшін мына  үлгідегі  тапсырманы орындаңдар:

Үлгі :

 

Қайталама қос сөздердің жасалу жолы

Қосарлама қос сөздердің жасалу

жолы

Ұқсастық белгілері

Айырмашылықтары

         
 

Ескерту:Жасалу жолдарына түгел тоқталу міндет емес,үш-үш мысал келтіріп, тапсырманы солар арқылы орындаңдар.

2.Төмендегі мәтінді мұқият оқып,қос сөздерді табыңдар,түрлеріне қарай ажыратыңдар да бөлек-бөлек жазыңдар.

3.Енді төмендегі шағын  шығарма-суреттемеге назар аударыңдар.Табиғат көрінісін суреттеуде қай қос сөздің орны ерекше деп ойлайсыңдар?Пікірлеріңді  дәлелді түрде білдіріңдер.

Қыс суреті

«Тау-тау болып үйілген аппақ-аппақ қарлар ауыл аймаққа ерекше бір көрініс беріп тұр.Күн нұры түскенде олар жалт-жұлт етіп,көзіңді шағылыстырады.Шаналарын сүйрей-мүйрей жеткен Асандар тобы айқай-шумен жаңағы әдемі көріністі әп-сәтте көз алдыңнан ысырып жібергендей болады».

Бұл тапсырмаларды орындауда балалар өзінше бір «жаңалық»ашуға ұмтылады,ізденеді,ойланады,жауабын табу үшін еңбектенеді. Ең бастысы, оқушылардың білімге деген ынтасы артады,еңбек етуге деген ықыласы күшейеді.Олар өткізілгелі отырған сабаққа деген материалдарды іздеу үшін әр түрлі әдебиеттерді,басылымдарды қалай ақтарып кеткендерін өздері де байқамай қалады.Сабаққа күнделікті тыңғылықты даярланып,білімге деген ынта-ықыластары,белсенділіктері мен құлшыныстары арта бастайды.  Яғни,оқушы  тұлғасының  танымдық қабілеттері дамиды, оқуға  деген жағымды қызығушылығы  қалыптасады,белсенді сөздік қоры,ауызша және жазбаша тілі дамиды.Тұлғаның қиындықтарды жеңе білу,өз қажеттіліктерін қанағаттандыру , интеллектуалдық қуатын жүзеге асыруға ықпал етеді.

Проблемалық оқытудың тиімділігі сол-оқушының өз дербес іс-әрекеті арқылы проблеманы шешуі,сол жолдағы ізденісі,шығармашылық өнімге қол жеткізуі.

Проблемалық оқыту арқылы өнімді,тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін мұғалім тарапынан проблеманы дәл,нақты қоя білудің де маңызы зор. Оқушылар проблема шешуде қиындыққа кезіксе,мұғалім оларды жетелеп,әдіс-тәсілдерін ұсынады. Технология оқушы-субъектінің дербес еңбегін талап еткенмен мұғалімнің басшылығын,ақыл-кеңесін,яғни «режиссердің таяғын»мүлде жоққа шығармайды.

Проблемалық оқытудың тиімділігі де осында.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Г.Ю.Ксензова .Перспективные школьные технологии.М. «Наука»,2001.

2.Б.Иманбекова .Оқытудың негізгі формасы-сабақ.А.2003.

3.Т.Ақшолақов.Көркем шығарманы талдау.А. «Мектеп»,1983.

4.Қ.Бітібаева.Әдебиетпәнін оқытудың тиімді жолдары.А. «Рауан»,1990.

5.Ж.Жеткізген.Қазақ тілін оқытудың тиімді әдістері.А. «Алматыкітап»,2007.

   

Қазақстандағы білім беру : кеше, бүгін және ертең

Баймаханова Айнұр Тұрарқызы-№167  орта  мектептің бастауыш  сынып  мұғалімі, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңарық ауылы

Қай заманда болсын, әр халық өзінің ұрпағын жан-жақты жетілген, адамгершілік жағынан жағымды мінез-өнегелері қалыптасқан, еңбекшіл үлкенді құрметтейтін білімді азамат болсын деп армандаған .

Ахмет Жүйнекей  «Ақиқат сыйы» атты дидактикалық өсиетнама дастанында білімнің адамға өмірлік таусылмас азық болатынын  және  оның ізгілік пен қайырымдылық бұлағы екенін атап көрсетсе, Махмұт Қашқари өзінің «Диуани лұғат ат түрік» атты сөздігінде жас ұрпақты тіршілік пен еңбекті сүюге, білімге құштар  болуға, өз бақыты үшін күресе білуге шақырды. Бұл ғұламалардың  еңбектері балаларды білімге, әдептілікке, адамгершілікке  , еңбекке үлкен  парсаттылыққа шақырған өсиет сөздігі күні бүгінге дейін тәрбиелік  мәнін жойған жоқ.

Қазақ халқында  келешек жас ұрпаққа білім беріп, өмірге дайындау, сол халықтың арман мүддесінен тәрбие дүстүрімен байланысыптуып, өркендеп, дамып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырған. Демек, барлық адамзат  қоғамы балаларға жас ұрпаққа білім беру үшін өзінен бұрынғы аға буынның  ақыл-ойын тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес.

Біз «Білім сөзінің тереңіне үңілсек оның классикалық анықтамасы «Тұлға жетістігі  дегенді білдіреді. Бүгінгі білім мәдениеті жылдар өткен сайын тарих беттерінен табылуда. Сонда кешегі білім тәжірибесі ретінде  үздіксіз білім беру жүйесі арқылы білім мазмұнына ендіріледі. Яғни, кешегісі өткен тұлғалар тәжірибесін оқи, зерттей үлгі тұта отырып қана өз тұғырымыздағы бүгінгі өмір талабына сәйкес ертеңгі тұлға жетістіктерін қалыптастыра аламыз. Олай болса біздің егемен елімізде білім қалай берілуде?

Тұлғаның жетістігі қалай?

Мен бүгінгі шығармамда осы үш тақырып негізінде баяндағалы отырмын .

Білім берудің кешегі парадигмасы. Білім берудің кешегі парадигмасы шеңберінде педагогикалық жобалау объектісі қолданысты мәдениетке функционалды түрде сіңіп кетуге даяр оқушыны қалыптастыру жолдары болып табылады.

Қазақстанда білім беру кеше тақырыбын мына мақалмен бастағалы отырмын.  «Аяз би тоныңа қара».«Құмырсқа жолыңа қара»- демекші өткен күнді ұмытпау, бір –бірімен сабақтастыра байланыстыру адамзат баласының міндеті. Баланы алдын-ала дайындалған қалыпқа тығып, дайын, үлгі бойынша сара жолмен  жүргізу десекте, кешегі білім тәжірибесі негізінде қалыптасқан  ментаритет бүгінгі ұрпақ үшін білім мазмұнына  енгізілді. Кеңестік педагогикада білім беру деген сөз жаңа адам үлгісіне сай алдын-ала белгіленген .қасиеттерді бала бойына дарыту деген мағына береді. Білім беру мен адамның тарихи түрде дамуы  арасындағы қарама-қайшылықты тудырды деуі кешегі білім парадигмасына берілген сыни баға.

Шығармашылық ізденісте оқыту –күн талабы. Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы экономика мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, ұлттық деңгейде қалуды көтермеуі ғылыми білімнің түрлі  салаларында әлемдік іс-тәжірибені  оқып үйренудің қажетті шарттары екенін дәлелдеуде.

Бүгінгі қоғамға жаттанды кітап сөзімен тақылдап тұрған оқушы емес, өмірден  алған өзіндік  тәжірибесімен білім мазмұнын толықтыра алатын оқушы қажет. Баланың өмірден алған өзіндік тәжірибесін білім мазмұнына ендіру оқулық авторының қолынан келетін дүние емес. Баланың өмірден алған өзіндік тәжірибесін білім мазмұнына ендіру, тек баламен бетпе-бет, бір емес бірнеше 45минуттарын бірге өткізетін мұғалімнің ісі. Бұл жерде әр түрлі оқыту әдіс тәсілдерін пайдалан отырып, ең бастысы бір 45 минуттағы оқушы қызметін жандандыру.

Оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, дағыдалрды меңгертумен бірге табиғат қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейте отырып, оқыту, үрдісін демократияландыру және ізгілендіру сабақтағы оқушының шығармашылық ролін арттырып, еркіндігін қамтамасыз ету, сол арқылы оқушылардың  интеллектуалдық қабілеттерін бейімділіктерін ашу. Шығармашылық тың негізгі сипаты жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылу деп айтуға толық негіз бар. Шығармашылыққа жаңа тың нәрсе жасау  тән десек ертеден белгілі нәрсені қайталау, көшіру шығармашылыққа жатпайды., бірақ бұрыннан белгілі нәрселерден қандай да бір ерекшелік табу, оны жаңаша түрде жасау ерекше қасиеттерін табу шығармашылыққа тән құбылыс деуге болады. Шығармашылық әрекетке оқушының танымдық белсенділігін оятып, шығармашылық қабілеттерінің дамуына, тәртіптілік пен жолдастыққа адамгершілік қасиеттеріне әсер етеді. Ұжымдық сабақтарда өзінің сыныптасының кемшілігін көруге, оған достық қолын созуға өзгелердің ісінен сабақ алуға, саналылыққа танымдық әлеуметтік ұстамдардың қалыптасыуына өз ортасының пікірінің әсері зор.Мұндай сабақатарда оқушылардың ұжымдық ой пікірлері қалыптьасып,сыныптағылардың пікірі бойынша ортақ  тұжырым жасауға үйренеді.Ортақ іске өз үлесін қосады.Жолдасының жауабына пікір айтып бағалауға үйренеді..Оқушының шығармашылық қабілеті,практикалық әрекеттері арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар – жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал мұғалім  мен оқушы арасындағы ынтымақтастық қатынас қалыптастырады. Мұғалім бұл жағдайда білімді түсіндіріп қоюшы ғана емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Оқу процесінде шығармашылық түсінігі жеке бастың қасиеті емес оқушылардың оқу процесіндегі негізгі мәселе оқушылардың белсенді іс-әрекеті және ол шығармашылықтың дамуына негіз болады. Оқушылардың іс әрекеті неғұрлым үйлесімді, кемелденген тиімді оқыту әдістерімен ұйымдастырылса онда олардың белсенділігінде соғұрлым жоғары болып шығармашылықтың дамуы қарқынды түрде көрінеді.

Ертеңгі білім беру мерзіміндегі жалпы орта білім алғышарттары немесе болашақты педагогикалық жобалау технологиясы.Ертеңгі келер күннің бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге тән. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі өркениетті дүниеде өзіндік орын алу оның ұлттың білім жүйесінің деңгейіне даму бағытына тікелей байланысты. Қазақта ел боламын десең, бесігіңді түзе деген жақсы мақал бар .бұл әрине ертеңгі  болашағыңды ойла деген сөз. Қазіргі  кезде білім реформасына үлкен өзгеріс енгелі отыр. Бұл білім реформасы қазір әлемнің көптеген дамыған елдерінде жүріп жатыр . Оларда  Бейіндік  оқыту проблемасына көп көңіл бөлінеді. 12 жылдық мектеп жағдайында Бейіндік оқыту  мәселесін дұрыс шешудің мүмкіндігі бар. Бейіндік оқыту бағдарламалары шығармашылық және қолданбалы деңгейлерде болуы мүмкін. 12 жылдыққа көшу мәселесі біздің еліміздің ұлттық мектебінің бүгінгі жайы, ертеңгі даму  көкжиектері Қазақстан Рсепубликасының тұтастай  даму болашағын айқындайтын бірден-бір фактор деуге болады.

12 жылдыққа көшу-өмір талабы. Сондықтан әрбір педагог пен білім ұйым дары, білім басқару салаларының қызметкерлері бұл мәселені көп болып қолдап, іске асыруға міндетті.

12 жылдық  білім берудің мақсаты:  әлемдік білім берудің стандарттарына сәйкес келетін білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, өздігінен білім алуға, кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгеруге дайын тұлға қалыптастыру.

12 жылдық білім берудің міндеттері:

Негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеруцге және білім алуда жалғастыруға қажетті жағдайдалар жасау. Қазақ халқының және республикадағы басқада  халықтардың тарихын, салттары мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік, орыс, шетел тілдерін меңгерту. Оқыту, білімді ақпараттандыру технологияларын және халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығуды қамтамасыз ету.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Мектептегі кітапхан  2005  № 6

2. Мектептегі сыныптан жұмыстар   2008 № 4

3.  12 жылдық орта білім берудің мем лекетік  стандарты  (жоба)  І  саты Астана 2004

   

Баланы мектепке оқытуда психологиялық даярлықты қалыптастыру

Байменова Жамила Асылханқызы-№167мектеп жанындағы шағын орталық меңгерушісі, Қызылорда облысы, Жаңақорған аудыны, Жаңарық ауылы

Мектепке дейінгі  мекемелерде білім беру ортасы мен оның тәрбие және білім беру мазмұнын дамыту сауатты ұйымдастырылмаса, баланың оқу мен жазуды игеру мәселесін түпкілікті шешу мүмкін емес.Кез келген мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің ортақ мақсаты- балаларды мектепке оқуға даярлау және оларды әлеуметтендіру.Бала мектепте жақсы оқуы үшін,оған белгілі білік пен дағдылар қажет (аоғашқыда саналы орындаудықажет ететін іс-әрекет бөліктерінің  қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталануын дағды деп атайды.).Мектепте оқуға қажетті білік, дағдылардың белгілі бір пәндерге қажет арнайы (қосу, азайту, оқу, жазу, сурет салу және т.б.)және кез-келген сабақтарға қажетті жалпы түрлері бар.Бұл дағдылар толыққанды кейінірек қалыптасады,бірақ олардың алғышарттарын осы мектепке дейінгі кезеңнен бастап қалыптастыруды бастаған жөн.Оқушының жетекші іс-әрекеті –оқу іс-әрекеті.

Балабақшада жүйелі түрде ұйымдастырылатын сабақтарда  балалардың алған білімдері мектептегі оқу іс-әрекетінің біршама элементтерін игерудің негізін құрайды.Мектепке даярлауда балабақшада ересек топ балаларын симметриялық формаларды салуда орталық сызықты салуға үйретеді.Бұл өз негізінде ,1-сыныпта бейнелеу сабақтарында негізгі сызықтан бастап-вертикальді,горизонтальді,қиғаш сызықтарды , симметрияның осі ,заттың көрінбей тұрған  бөлігін салуға үйрету болып табылады.Балабақшадағы сурет , жапсыру , мүсіндеу  сабақтары мектептің  бейнелеу , матемтика, еңбек  сабақтарына дайындауға септігін тигізеді.Жазу мен сурет салуда балада денесін тік  ұстау , қаламды  дұрыс ұстау дағдылары  қалыптасады.Балабақшада балалармен жұмыс жасауда оларға білім беріп, және математикалық білім беру арнайы ұйымдастырылған сабақтарда жүзеге асырыладыіОлардың басты  мақсаты- балаларда жазу мен санауды  үйретудің алғышарттарын қалыптастыру .Жазу келешекте бүкіл оқу үдерісі құрылатын базалық  дағды . Жазуға үйрету тек мақстты түрде ұйымдастырылған оқыту барысында жүзеге асырылады.

Сауат ашу – баланың көптеген психикалық қызметтерінің жетілуін талап ететін, күрделі ақыл-ой әрекеті .Жазу-психологиялық  және физиологиялық тұрғыдан алғанда өте қиын күрделі үдеріс , сондықтан да жазу дағдысын мгеру үдерісінің көп-компонентті психофизиологиялық құрылымы  бар.Бір сөзді жазу  үшін балаға көптеген амалдр жсау керек , сол себепті баланы жазуға үйретудің , жазудың барлық функцияларын  жүзеге асырудан көп  бұрын  бастау  қажет.Үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы –мектепке  дейінгі білім  беру мәселесіне  бүгінгі  таңда жан-жақты көңіл  бөлінуде.Қазіргі кезде халық назарын аударып отырған басты мәселе –мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие –білім  беру жұмыстарының мазмұнын, міндетін жаңарту, ұлттық негізде  құру. Сондықтан балаларға  сапалы білім берудің тиімді жолдарын іздестіру – өзекті мәселелердің бірі.Күнделікті өмір  барысында бала шындық дүниенің  құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай  тәжірибесін үйренуге тлаптанады.Балардың  бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы  дейді.Балалар өте  байқағыш ,еліктегіш , әр нәрсеге                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           үңіле қарайды, көп нәрселер  оларды ойлантады .Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың , құбылыстардың сырын  білуге құмартады.Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады.Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені , олардың түсінігінше , ересектердің білмейтіні болмайды.Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін , ықыласын сыпаттайды.Сондықтан ересек адамдар  бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн .Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте  сұрақ  қоюдан жасқаншақтайды  және бұл баланы дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін В.С.Мухина бойынша мектеп жасына дейінгі  және бастауыш мектеп жасындағы балаларда мінез-құлық мотивациясы: мінез-құлықтың саналы регуляциясы күшейеді, мотивтер мен қажеттіліктер көлемі ұлғаяды, рухани және материалды қажеттіліктер сферасы  кеңейеді, қарым-қатынастқа деген қажеттілік , жетіске жету , басқарушылыққа қажеттілік сияқты әлеуметтік қажеттіліктер нығая түседі.Көп  білу, басқалардан  жоғары болу ,өзі жасай  алу сияқты қарапайым қажеттіліктер пайда  болады:Т.Рибонның айтуынша , баланың шығармашылық қабілеті  тәжірибелілігіне байланысты дамиды деп  тұжырымдайды.

Мектептегі дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын педегогтар мен тәрбиешілер , ата-аналар балалармен жылдың қай мезгілінде болмасын далаға шығып, серуендегенде , әртүрлі ойын  ойнағанда осы  ойланту әдісіне баса  көңл бөлуі  қажет.Бала бойына ерекше әсер етіп түрткі болатын айналадағы өлі  және тірі табиғаттардың сан  түрлі  құбылыстары К.Д.Ушинский –баланы табиғатпен  жастай таныстыра дамыту,оның  өзіндік логикалық ойын , сөз қорының ,санасының  жетілуіне әсері мол екенін  көрсеткен .Логткалық ойдың , пікірдің  дамуы баланың  келешекте рухының жоғары  болуына , батыл  пікір , нақты  шешім айтуына және  оны дәлелдеп беруге жетелейді.Сондай-ақ , кімде-кім баланың  тіл  қабілетін дамытқысы келсе ,ең алдымен оның  ой  қабілетін дамытуы  тиіс,-деп  көрсетеді.Мектепке дейінгі  балалар әдетте  ойынды ,сурет  салғанды жақсы  көреді, еремектермен және өзі  қатарлы балалармен  лезде тіл  табысып  кетеді.Мектепке  дейінгі шақың  әсіресе , алғашқы  үш  жылы психологияда «қауіпті»  кезең  аталып , өзіне зерттеушілердің  үлкен  знйінін  аударуда.П.Бадалян «...осы  уақытта сәби  арнайы  уйрету мен тәрбие  көрмесе , кейін ол  өте  қиынға түсін , тіпті кеш болуы да мумкін»  деген.Дер кезінде тәрбие  мен  уйрету көрген  бала бес  жасында еш  қиындықсыз  таза  сөйлей  білуі  тиіс. Сонымен  мектепке  дейінгі жас-ерте онтогенез  кезеңіндегі ең  ұзақ  және күрделі психикалық  даму  көрінісі  болып  табылады.Мұның  өзі психологиялық  зерттеулердің обьекті  ретінде  қосылды  және  ол ғылыми  әдебиеттерде оқиғалардың  әр  алуандылығы ретінде көрсетіледі.Жас  баланың  өмірді  тануы , еңбекке  қатынасы , психологиялық ерекшеліктері  осы  ойын үстінде қалыптасады.

Пайдаланылған  әдебиеттер:

Атақты психолог  ғалымдары Л.С.Выготский ,Ю.К.Бабанский ,психология  кітабы. И.Я.Лернер ,  А.И.Леонтьев ,А.С.Запорожец , Л.Д.Венгер

Педагогика  Қоянбаев

Қазақстан  мұғалімі 2009-2010ж

   

Сабақтарда ойындарды пайдаланудың маңызы

Бакирова Баян-№54 мектептің мұғалімі, Қызылорда облысы,Жаңақорғанауданы,Бесарық ауылы,

Әр  халық  ұрпағының  қайырымды да, адал, әділ де, ержүрек, үлкенді құрметтейтін,кішіге қамқор,ар-ұяты мол,кішіпейіл болып өскенін қалайды.

«Тәрбие-бала дүниеге келген сағаттан басталады»-деген  сөздің жаны бар. Бесік жырын,ана әлдиін естіп өскен бала мейірімді,тәрбиелі болары анық.

Адамгершілік тәрбиесінің қасиеттерін бала бойына дарыту сан түрлі жолдармен жүзеге асырылатыны белгілі,ол ата-анадан,ал мектепке келген соң мұғалімнен соған орай әдіс-тәсілдерді іздестіруді,арнайы дайындықты, үлкен жауапкершілікті талап етеді.Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануды көздейді.Тәрбиенің,сабақтағы жиі қолданылатын құралдарының бірі-ойын.

Бастауыш  сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті – ойын десек, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады.

Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нықты міндеттерді шешеді.

Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді.

Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында реттеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады.

Дидактикалық ойындар – балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет. Мұндай ойындарды ұйымдастыру қашанда төмендегідей екі мақсатты көздейді.

1)        Танымдық, яғни балада тану, іздену әрекетін дамыту.

2)        Тәрбиелік, яғни үлкендермен немесе өз тұрғыластарымен қарым-                         қатынас  жасағанда қажетті негізгі дағдыларды, адамгершілік      қасиеттерді  қалыптастыру.

Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:

1)         Балалардың іс-әрекетінде ойын түрлерімен оқуды байланыстыру және біртіндеп қызықты, жеңіл ойындардан ойын тапсырмалар арқылы оқу-тәрбие мәселесіне көжу.

2)         Ойынның шарты мен оқу міндеттерінің біртіндеп күрделенуі.

3)         Берілген тапсырмаларды шешуге баланың ақыл – ой белсенділігінің күшеюі.

4)         Оқу мен тәрбие мақсаттарының бірлігі.

Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:

1)         Заттық  дидактикалық ойындар  дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.

2)         Үстел үстінде ойналатын  дидактикалық ойындар.

3)         Сөздік дидактикалық ойындар.

Мысалы: «Кім жылдам?», «Көршіңді тап», «жеміс жинау», «Алтын қақпа», «Бәйге», «Жүз бір жұмбақ, мың бір мақал», «Жұмбақ шешу», «Сен білесің бе?», «Ойлан тап!», «Қайда менің өз орным», «Аққала» деген сияқты ойындарды атауға болады. Енді,осы ойындардың маңызы мынада:

1)        Ойындар оқушылардың қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтеді, оны бекітіп, нақтылай түседі.

2)         Әрбір ойын оқушыны ойнай білуге баулып, сөздік қорын молайтады, ақыл-ой қызметін қалыптастырады.

3)         Ойындар адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Ойын ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді.

Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті меңгеруіне ықпал етеді. Өйткені, бастауыш сынып оқушылары жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дұрыс орындайтын болады.

Ойындар, дидактикалық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуіне дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорын молайтуға көмектеседі.

Сабақтағы ойын бастауыш сынып оқушыларының сол пәнге деген қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып, бағдарламалық материалды қажетті деңгейде меңгеруіне ықпал етеді.

Ойындар ,дидактикалық ойындардың тиімділігі,олардың сабақты, сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін,мақсатын дәл анықтауға,оны қолданудың теориясы мен практикасын бастауыш сынып мұғалімінің жетік меңгеруіне,шеберлік танытуына,ойынға қажетті материалдарды алдын ала дайындап алуға,ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруға байланысты.

Төмендегі шарттар орындалған жағдайда дидактикалық ойындарды пайдалану тиімділігі артады.

-                  Егер бастауыш сынып мұғалімі балалардың ойын әрекетін ұйымдастыру жолдарын меңгерсе;

-                  Егер ойынның түрлі типтерінің өзара әрекеті қамтамасыз етілсе;

-                  Егер бастауыш сыныптарда қолданылатын ойындар жүйесінде басымдылық ойындарға,дидактикалық ойындарға берілсе;

Ойындардағы тапсырмалар сыныптары өскен сайын күрделене береді.

Бала отбасы тәрбиесі мен өзін қоршаған ортамен тығыз араласа отырып, ана  тілін үйренеді. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балаларға ана тілін ақытудың тиімді әдістеріне ерекше мән берілуі тиіс. Ана тілі сабақтарында ойынды ұтымды пайдалану сондай әдістерге жатады.Ойын арқылы оқу процесін жандандырып,сабақтың сапасын арттыруға толық мүмкіншілік бар.Баланың сөздік қорын молайтып, сөзді еркін,өз мағынасында қолдануға,тез, жылдам сөйлеуге жаттықтыруға ойын бірден бір таптырмайтын құрал.

Жұмбақ ойыны балалардың өздігінен ойлауына мүмкіндік жасайды, оларды дерексіз ойлаудан нақтылы ойлауға жетелей түседі.

Жаңылтпаштардың  тіл дамытуда,сөзді таза сөйлеп ,ширақ айтудағы пайдасы көп.

Сабақтарда ойын түрлерін күрделендіріп, «Ойлан,тап!»ойынын ойнатуға болады. Бұл ойынды сабақтың мақсатына қарай түрлендіріп, тапсырманы орындатуға болады.

Сан есім тақырыбына байланысты: «Сен білесің бе?»ойынын ойнатуға болады.Мұнда мұғалім бір әңгімені оқитынын,олардың ондағы сан есімдерді атап берулерін ескертеді.Балаларды топтарға бөліп,мұғалім оқып тұрғанда көңіл қойып тыңдаулары шарт.Қай топ әңгімедегі сан есімдерді көбірек тақтаға жазса,сол топ озады.Сыныптары жоғарылаған сайын сан есімді күрделендіруге болады.Есептік сан есімдерді бір топқа, реттік сан есімдерді екінші топқа бөлуге болады.Дара,күрделі деп бөлуге болады.Бұл ойыннан оқушылардың алары көп.Дара,күрделі сан есімді жазып үйренуге дағдыланады,сауатты жазуға жаттығады.

«Қайда менің өз орным?» ойынында оқушыларға бірнеше сөздер беріп, олардың сөйлемдегі байланысына қарай әрқайсысын өз орнына қою тапсырылады.Екі топқа бөліп беруге де болады. Бірінші топ сөйлемді құраса, екінші топ сызбасын сызып,талдап береді.Бұл ойында да балалардың сөйлем туралы түсініктерін,білімдерін пысықтай түседі.

Математика сабақтарында да ойын түрлерін түрлендіріп алуға болады. Оқушының алған білімін күнделікті өмірмен ұштастыруға қолайлы. Ойын сабақтың басында қолданылатын болса,жаңа сабаққа,үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді.Егер ойын сабақтың ортасында қолданылатын болса,тақырыпты бекіту,не сол сабақтан алған білімді жинақтау мақсатында пайдаланылады. Ойындарды сабақтарды қайталау кезінде де қолдануға болады. Ол жағдайда сабақтың мазмұнын байыта түседі.балалардың қиялдарын қозғап,зейіндерін кеңейте түседі.

Математика сабағында «санамақ», «он саусақ»өлеңдерін жаттату арқылы,мазмұнын түсіндіріп,оқушылардың тілін ұштартып,логикалық ой жүйелерін қалыптастыруға болады.Ұлттық ойындарды үнемі пайдалану ,дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы оқушыларды ауызша есептеуге жаттықтыруға,логикалық ойлау жүйелерінің жетіле түсуіне толық мүмкіншілік бар. «Қай қолымда?», «Торғай мен бұтақ», «Мың қойда неше бақайшық бар?» ойындарын күнделікті сабақта пайдалану  және логикалық ойындар да баланың да тереңірек ойлауына әкеледі.

Мысалы: 1) Бір жұмыртқа 5 минут піссе,5 жұмыртқа неше минутта піседі?

2)Тақтайдың төрт бұрышы бар еді,бір бұрышын қиып  тастаса,

неше бұрышы қалады? деген сияқты.
Сонымен  қатар  математика  сабағында  ойынды  пайдалану

мүмкіншілігі  көп.  Оларды  қолдану  ретіне  қарай  түрлендіріп  өтуге

болады.  Мысалы: «Математикалық жарыс», «математикалық нарықтар»,

«Математикалық пойыз», «Математикалық лото» сияқты ойындар.Бір

сабақтың өзін ойын сабақ етіп өтуге де болады.Күнделікті сабақта мұғалім тақырыбына ,пәніне сәйкес ойын түрлерін түрлендіріп,өзінің фантазиясымен, қиялымен құрастырып ала беруіне болады.Ойын көбірек қолданылса,тақырыпта соғұрлым түсінікті болып,бала тез қабылдайды.Сондықтан да ойынның алатын орны ерекше.Сонымен бірге еңбек,дүниетану сабақтарында да үзбей пайдалануға болады.Түрлендіріп отырса баланың қызығушылығы артады.

Қорыта айтқанда,ойынның үйренуде,күнделікті тұрмыста пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып,оның шығармашылық қабілетін оятып,бүкіл өміріне ұштаса береді.Сонымен қатар ойын- тынысы кең,алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін,адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе,ақыл-ой жетекшісі,денсаулық кепілі,өмір тынысы демекпін. Ойындарды  пайдалану арқылы жастарды жаңа заман талаптарына сай,әрі озық ұлттық рухта тәрбиелеп,өмірге әзірлей берейік демекпін.

Пайдаланған әдебиеттер:

Бастауыш білім№2.2011жыл.

Бастауыш мектеп №2.  2009 жыл.

Бастауыш сыныпта оқыту №6  2010жыл.

   

Ақпараттық технологияларды ағылшын тілі сабағында қолдану тиімділігі

Бегімбетова Нұргүл -№247 орта мектептің ағылшын тілі мұғалімі Қызылорда обылысы,Жаңақорған ауданы,Бесарық бекеті

Қазақстан Республикасының «білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттың және жалпы адамзаттың құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.
Шет тілді оқытудағы негізгі мақсат – шет тілді коммуникативті қалыптастыру және дамыту, оны еркін игеру. Шет тілі – қазіргі  заманның талабына сай, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет дамуының қайнар көзі. Қазір шет тілін оқыту әдістемесінің деңгейі жоғары. Тілді оқытуда интерактивтік тәсіл, ойындар, екеуаралық пікірталастар, сонымен бірге ақпараттық технология, интернет, компьютер қолданылуда.
Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).
Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.
Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.
ХХІ ғасыр оқыту үдерісіне компьютерлік технологияны пайдаланумен қатар елде болып жатқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да заңды үрдістегі өзгерістер  білім жүйесіне сол өзгерістер негізінде дамытуды талап етіп отыр. Атап айтқанда, виртуалды кеңістік, аутентті вируалды интерактивті тілдік орта болып табылатын Интернетке ену аталған компетенцияны дамытудың тиімді құралы ретінде арастырылады.
Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық және бағдарламалық қолдаумен көрсететін құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Шын мәнінде бәрі керісінше, оқытудың ақпараттық технологияларының бағдарламалық құралдары және білім технологияларының өздері ақпараттық білім ортасына – ақпараттық білім жүйесінен бөлінген жүйешелер түрінде қосылады.
Шетел тіліне оқытуда Интернет беретін мүмкіндіктер мен қызметтерге тоқталып өтейін. Мысалы: оқушылар Интернет талаптарында берілетін құжаттардағы тапсырмалар мен жаттығуларды орындай алады, үйреніп жүрген тілінде электронды пошта арқылы хат алысып, виртуалды қатынас клубтары – конференцияларға қатыса алады. Сонымен бірге белгілі бір уақытта мәтіндік хабарламалар мен алмасуға. радиобағдарламаларды тыңдауға, бейнероликтер көруге, яғни ақпараттың кез келген түрін қолдануына толықтай мүмкіндіктері бар. Ақпаратты қандай да арақашықтыққа тез арада жеткізу, алыстағы ақпарат көздерін пайдалану мүмкіндігі интерактивтік іздеу жүйелері мен өз бетімен іздеу, сондай – ақ алынған материалдарды түрлі тіл тасушыларға ауыстырып салу мен т.б. сол сияқты Интернеттің артықшылық көздері пайдаланылады.
Интернет шетел тілін үйренушіге аутентті мәтіндерді қолдану, тіл тасушыны тыңдау, олармен қарым – қатынас жасау табиғи тілдік ортаны қалыптастырады.
Е.С.Полат «Қандай да болмасын оқыту құралы, ақпараттық – тақырыптық ортаның қандай да қасиеттерге ие болғанына қарамастан дидактикалық мәселелер, білім берудің нақты мақсаттарымен шартталған танымдық қызметтің ерекшеліктері бірінші кезекте болып табылады» – деп көрсетті. Демек, Интернет өзінің барлық мүмкіндіктері және қорларымен қоса, осы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырудың құралы болып табылады.
Шет тілін оқытуда заманына сай көрнекі құралдар, аудио материалдар қолдану, мультимедиялық құралдарды пайдалануға үлкен мән беру керек. Сабақ барысында светотехникалық және дыбысты техникалық құралдарды (бейне магнитофон, теледидар, проектор, мультимедиялық проектор, компьютер) пайдалану студенттердің өз тілінде сөйлейтін адамдардың тілін тыңдап, оны көзбен көре отыра ақпарат алуына көмегі тиеді. Бұл жағдай студенттердің сөйлеу деңгейін жақсартуына көмектеседі. Тыңдау арқылы олар өздерінің сөйлеудегі қателерін жөндей алады. Бұл «аудирование» терминінің өзі де шет тілін тыңдап, оны түсіну деген мағына. Аудио немесе бейне таспаларды тыңдағанда коммуникативті жаттығулар жасалу керек. Алынып отырған тапсырмалардың жеңіл-қиындығын ескере отыра, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, диалог және монолог құрастыру сияқты жаттығулар жасалуы қажет. Бейне фильмді көріп отырып, жаңа сөз немесе сөз тіркестері кездескенде тоқтап, сол сөздерді қайталап және әрбір көріністен кейін сұрақтар қойып отырған жөн.

Сабақтың қорытындысы ретінде тест сұрақтарын беріп, нәтижесін тексеріп, бағалау қажет.
Сонымен бірге, ғаламдық желінің ақпараттық ресурстарын қолдануда оларды оқу үдерісіне енгізіп, дидактикалық түсініктеме беру арқылы дидактикалық мәселелерді шешуге болады.
а/ күрделі материалды тікелей пайдаланып оқу дағдылары мен біліктерін қалыптастыруға;
ә/ желіден алынған материалдарды мәселелік талқылаудың негізінде монологтық және диалогтық айтылым білігін жетілдіруге;
б/ жеке түрде немесе жазбаша серіктеріне жауап жазу, реферат, шығарма және серіктердің бірлескен қызметінің нәтижесінде ойлау дағдысы мен жазу дағдысын жетілдіруге;
в/ актив пен пассив сөз қорын қоғамның саяси-әлеуметтік  құрылысын, мәдениет дамуын білдіретін қазіргі шетел тілі лексикасымен толықтыруға;
г/ түрлі халықаралық қатынас жасау жағдайында тілдік үйретудің ерекшеліктерін, оқытылатын тіл елінің мәдениеті мен дәстүрлерінің ерекшеліктері  қамтылған мәдени-танымдық біліммен танысуға;
Бұдан біз Интернеттің оқу бағдарламасына қатысты тәжірибелік сабақтың мазмұнына желі материалдарын қосу арқылы ендірілуде қолданылатын келесі мүмкіндіктерді атауға болады.
-    оқытушыныңтәжірибелік сабақ өткізу үшін қандай да бір аутентті материалды таңдай алу мүмкіндігі;
-    дыбыстық ақпаратты жазып алу мүмкіндігі;
-    желіден алынған түрлі мәселелі ақпаратты ауызша талқылау арқылы пікірталас өткізу мүмкіндігі;
-    тіл тасушыларының оқытылатын тіл халқының мәдениетінде оның қызмет ету ерекшеліктерін көрсететін идиомалар, мәтелдер, неологизмдер және т.б. тұратын нақты хабарламаларына лингвистикалық талдау жүргізу мүмкіндігі;
-    тәжірибелік сабаққа қосу үшін электронды грамматикалық, лексикалық анықтамалардан, сөздіктерден, елтанымдық анықтамалардан алынған материалдарды пайдалану мүмкіндігі;
ХХІ ғасыр – озық технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа компьютерлік технологияларды тиімді пайдаланудың шетел тілін үйретуде маңызы зор.
Ақпараттық ортаны құруға негізделген білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру мен педагогикалық практикаға жаңа ақпараттық құралдарды енгізу білім жүйесін дамытудағы стратегиялық тапсырма болып саналады.
Қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламалар мен Интернет желісінің оқыту тиімділігі өте жоғары. Дегенмен басты мәселе компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етілген білім ордасында оқытушының оларды пайдалану әдістемесін меңгеруі мен өз тәжірибесінде жүзеге асыра алуы.
Ақпараттық технологияны меңгерген педагогта интеллектуалдық, рухани  азаматтық  және  басқа да  көптеген  адами келбеті қалыптасады. Ақпараттық  технология  құралдарын  қолдау  адамзаттың  әртүрлі  сферасында, соның ішінде  білім  беру  саласында  көптеген  өзекті   маңыздылыққа  қол  жеткізіп  отырғаны  белгілі.
Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, оқытушының көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады. Ағылшын тілі сабақтарының лексика бөлімін меңгертуде ақпараттық технологиялардың алатын орны зор.  Интернет арқылы оқушы грамматикалық, лексикалық, фонетикалық жаттығулар, оқуға және грамматикаға арналған тесттер, IQ-тесттерімен жұмыс істей алады. Бұндай жұмыстарды WWW (World Wide Web)сайтынан аламыз.
Интернеттің бізді мәтіндік, графикалық және дыбыстық ақпаратпен  қамтамасыз ете алуы, оның басты және маңызды ерекшелігі аутенттілігінде. Жаңа ақпараттық технологияда компьютер негізгі рөл атқарады. Бүгінде Интернет жүйесі арқылы білім алудың жаңа түрі – қашықтан оқыту пайда болды. Мұнда мультимедиа материалдары, электрондық оқулықтар, интерактивтік бейнеконференциялар арқылы білім алуға мүмкіндік бар. Интернет шет тілін үйренушіге көптеген мүмкіндіктер береді. Олар: ана тілі болып саналатын шет ел адамдарының тілдерін тыңдауға, олармен қарым-қатынасқа түсуге, керекті мәтіндермен жұмыс істеуге қол жеткізеді. Интернет арқылы оқушылар тілдік қарым-қатынасқа түсе алады. Сол сияқты, тілдік қорын дамыта алады. Осыдан жазу іскерлігімен дағдысын жоғары деңгейде қалыптастыра алады. Ақпараттық жүйе ретінде, Интернет өз қолданушыларын жан-жақты ақпараттармен қамтамасыз етеді. Оған: электронды пошта (e-mail), телеконференция (usenet), бейне-конференция, анықтама каталогтары, жүйеде сөйлесу (Chat).
Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қай қайсы болмасын өз мазмұнынан грамматикалық жұмыс жүргізуді тыс қалдырмайды, белгілі бір грамматикалық құрылымның жұмыстарын қамтиды.
Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологияның мүмкіндіктері:
Әр бір адамға  білім  алудың  өзіне  тиімді  жолын ü таңдауға  мүмкіндік  беретін  білім  берудің  ашық  жүйесін  орнықтыруға;
Білім алудың техникасын  түбірімен   өзгертуге;

Оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру;
Электрондық білім беру пайдалану  арқылы  даралып ü оқытуға
Ақпараттық – коммуникациялық  технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
1.    Мультимедиялық  мүмкіндіктерді  қолдау ( музыкалық немесе  дикторлық  дайындау, анимация  бейне- клиптер,слайд –шоу).
2.    Жүйенің  басқару  құрылымы – оқытушы  өз  ойын,көзқарасын,өз кезегіндегі   материалдық   ұсынылымын,әртүрлі  аудиторияға  бір ғана  оқу  мәлеметтерін  ұсынуға  мүмкіндік алды .
3.     Білімді бақылау арқылы нәтиже алу, бағалау.
Ақпараттық технологияны шетел тілі сабақтарында пайдалану нәтижесінде төмендегідей жетістіктерге қол жеткіземіз.
1. Сөзжұмбақ, кестелерді құру  үшін  дербес  компютерді   қолдану  арқылы  грамматикалық және  лексикалық  оқу  материалдарын өңдеу.
2. Ағылшын  тіліндегі  сөздерді  сауатты жазу мен  көркемдеп  безендіруді  үйретеді.
3. Дербес  компютерді  пайдалану арқылы   оқушылардың   өзіндік және  жұмыс жасауды  игеру мен білім  алуды кеңейту.
4. Интернет  желісін  пайдалану  арқылы    оқушылар  электрондық  пошта  арқылы  оқушылар  хат-хабарлама  алмасу, өзінің ойын еркін  жеткізу.
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен-күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.
Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезендерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.
Шет тілін оқытуда интернетті сабақта пайдаланудың негізгі артықшылығы сол  жан-жақты ақпараттар алу. Интернетті сабақта пайдаланғанда шет тілінде электронды оқу курстарымен оқушы жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Шет тілін оқытуда бұл ел тану, әр түрлі энциклопедиямен танысуға мүмкіндік береді. Chat (ағылшын сөзі – «әңгіме») электронды поштаға шығу арқылы оқушылардың жүйеде басқа шет ел оқушыларымен сөйлесе алады. Олар сөз қорларын кеңейтіп, өз бетінше сабақ материалдарын таңдауға мүмкіндік алады. Пән мұғалімдері арасында да үнемі үзілмес байланыс болуы керек деймін. Мысалы: қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі мұғалімдері бір тақырыпты бір уақытта бастап, пәндер арасында тым құрығанда атауларын бала үш тілде біліп, байланыстыра отырып тіркес, сөйлем, қысқа біліп, байланыстыра отырып тіркес, сөйлем, қысқа әңгіме құра білсе бір оқу жылы ішінде біршама жетістікке жетер еді демекпін. Әрине, барлығын байланыстыру, жүйелеу оңай жұмыс емес, бірақ белгілі бір жетістікке жету үшін, «тілдердің үш тұғырлылығының» болуы үшін, нәтижесін көруге болатын сияқты. Үш тілді болу - қазіргі заман талабы. Өркениет көшінен қалмай, соған сәйкес қадам жасауға, толыққанды білім алуға қол жеткізуге үлесімізді қосуымыз керек. Экономикадағы табыстар мамандардың біліміне, біліктілігіне байланысты екендігін білеміз. Сондықтан біз тек Қазақстанның ішінде ғана емес, әлем деңгейінде бәсекеге қабілетті жаңа мамандарды дайындай білуіміз керек. Қазіргі заман сабағы мұғалімсіз болмайды. Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім - мектептің жүрегі» деген екен. Онда «мектептің жүрегі» болумен қатар, жаңа егемен еліміздің ұрпағын жаңа білім нәрін сусындатып, саналы тәрбие, сапалы білім беретін білімді, білікті ұстаз болайық.

Әдебиеттер

  1. 1.Білім заңы. Алматы, 2007 ж.
  2. А. Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000. Мектептегі Шет тілі журналы.
  3. 3.http://45minut.kz/wp-login.php
   

Дарындылықты  дамытудың  теориялық негіздері

Бердікеева    Айжан    Әлденбайқызы-№167мектептің бастауыш тсынып мұғалімі6Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңарық ауылы

Қазіргі  кезде  дарынды  балалар  мәселесін  зерттеуге  қатысты  философиялық, психологиялық,педагогикалық,  әдістемелік  әдебиеттерге  маңызды   ой-пікірлер  жинақталған.Бұл  мәселенің  түп  тамыры  ғасырлар  тереңінде  жатыр. Адамның  психологиялық  ерекшеліктері  жөніндегі   идеялар, оның  ішінде  қабілеттілік   туралы  ойлар  сонау  ертедегі  грек  философтарының  еңбектерінде, қайта  өрлеу  дәуірі  ғалымдарының  және  алдыңғы  қатарлы  әр  елдің  озық  ойлы  педагогтарының  еңбектерінде  көрініс  тапқан.

Ертедегі  адам  психикасы  танымдық  құбылыстың  ішіндегі  танып  білуге,  ұғынуға  өте  қиын  мәселелердің  бірі  болғандықтан,  жекелеген  адамдардың  табиғи  ерекшелігі  мен  оларда ерекше  табиғи  қабілеттіліктің  болуы  құдіреті  күшті  құдайдың  жаратқаны  деп  есептеген.  Платтонның  пікірінше,ақын  туындылары  өзінің  өнерлілігі  мен  білімінен  емес,құдайдың  құдіретінен, оның  белгіленуінен. Бұл  пікірді  Демокрит  те  қолдаған.

Дарындылық  жайында   айтылған  пікірлер  өзіндік  ерекшеліктеріне  қарамастан, бұл  феноминнің  негізінде  адамға  іс- әрекеттің  бір  немесе  бірнеше  түрінде  жоғары  нәтижеге  жетуге  мүмкіндік  беретін  қабілеттер  жатыр. Дарындылықтың  танылуына  байланысты  екі  көзқарас  бар:1)барлық  бала  дарынды  болып  табылады, 2) дарынды  балалар  өте  сирек  кездеседі.  Бұл  мәселе  туралы  психологтар  мынадай  тұжырым  жасайды: әлеуетті  дарындылық  іс- әрекеттің  бірнеше  түрімен  айналысатын  балаларға  тән, ондай  балалар  аз  емес.

ҚР  2005-2010  жылдарға  арналған  Мемлекеттік  дамыту  бағдарламасында  «Бастауыш  мектеп  бағдарламасы  оқушының  жеке  тұлғалық   ерекшелігін  дамытуға,  оның  дара  қабілеттілігін  ашуға  бағытталған » делінген.Талабы  таудай, қабілет-қарымы  мол, ізденімпаз  жастар  көбейіп, адам  игілігіне  үлес  қосып  жатса, олар  ұлтымыз  үшін  мақтаныш, еліміз  үшін  абырой, әрине.  Ендеше  талантты   да  қабілетті,  ерекше  дарынды  жасқа  айырықша назар  аудару  қажет-ақ.  Елбасының Қазақстан  халқына  2008 1нарызындағы  Жолдауында  нақты  айтылғандай, «Білім  беру  реформасы –Қазақстанның  бәсекелес  қабілеттілігін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік   беретін  аса  маңызды  құралдардың  бірі»

Дарындылдық  теориясының  негізі  кешегі  кеңес психологтерінің  еңбектерінде  де  көрініс тапқан. Л.Выготский, В.Крутецкий,Н.Лейтис,

В.Тепловтардың  психологиялық  тұжырымдары  дарындылыққа  интегралдық  жеке  тәрбие  ретінде  жүйелі  көзқарас  тууына  негіз  болады,адам  қабілеттілігінің   құрылымдық  бөліктерін  анықтауға  мүмкіндік  береді.

Мазмұндық бөлімі  мемлекеттік  стандарт  пен  жаңа  бағдарламаларға  негізделген  оқу  үрдісі  жаңа  оқу  технологиялары  мен  қажетті  оқулықтарды  шығаруды  бірізділік,жүйелілік,тұрақтылық, ұзақ  мерзімділік  заңдылықтарын  сақтау, мұғалімнің  педагогикалық  жоғары  деңгейі  және  кәсіби  білімін  ұдайы  жетілдіруі   барысында  жүзеге  асады. Бұл  жөнінде  Елбасының  Қазақстан  халқына  2012 жылғы  жолдауында  түбегейлі  мәселе  етіп  қойып  отыр.

Құрылымдық  бөліміне  психологиялық  қызмет,  дарындылықты  анықтау,  олимпиада,ғылыми  жоба  жарысы, валеологиялық  орталық  жұмыстары  кіреді.Оқушыларды  іріктеу  кезінде  психологиялық  жұмыстар  жүргізіп,  олардың  жоғары  парасаттылығына,  ой-өрісіне,  қабілетіне  ерекше  көңіл  бөлінеді.

Әлеуметтік  бөлімде  микроәлеуметтік  бағытта  сынып  жетекшісінің  жұмысы  балаларды  шығармашылыққа  ынталандыру, дарындылықты  дамыту  жұмыстарымен  бірге   балаға  жеке  тұлғалық  өсу  картасын  жүргізу  болып  табылады.  Ата- аналармен  өзара  іс- әрекет  жүйесін құру, негізгі  бағыттарды  дұрыс  анықтау, әдіс- тәсілдердің  тиімді  формаларын   құрастыру   жұмыстары  жүргізіледі.

Іс- әрекеттік  бөлімде  үйірмелердегі, спорттық  секциялардағы, шығармашылық  таным  бірлестіктегі  оқудан  тыс  шаралар  жүргізіледі. Денсаулықты  жақсарту, ағзаны  шынықтыру, кеңес  беру.

Басқару  бөлімінде  Мұғалімдерден  құралған  шығармашылық  топ  әрбір  оқушыны  шығармашылыққа  баулуға, оның  дара  қабілеттерін  ашып  дамытуға  көп  көңіл  бөледі.  Ең  негізгі  бөлімдердің   бірі- нәтижені  бағалау  бөлімі  білім   сапасы   мен  нәтижесінен   мониторинг  құру  арқылы   әрдайым   қорытынды   шығарып  отырады.  Сонымен   модел   дарынды  балалармен  жүргізілген   жұмыстың   жүйелі   бөлігінен  тұрады.

Дарынды   баланы  анықтау,  оқыту,  тәрбиелеу,  дамыту- қазіргі  уақытта  білім  беру   жүйесіндегі  қолға   алынып   отырған  өзекті  мәселе.

Болашақ  білікті  маман   дарынды  оқушылармен  жұмыс  істегенде  мынадай  қасиеттермен   ерекшеленеді.

1.Дарындылықты  анықтау, дамыту  мәселесіне  ерекше  көңіл  бөледі  жіне  сол  бағытта  талмай  жұмыс  жасай  алады.

2.Олар  дарынды   оқушыға  қосымша  тереңдетілген  бағдарламалар  жасай  алады  және  олардың  өздігімен  жұмыс  жасауына,  шығармашылық  ізденістеріне  қажетті  кеңес  береді.

3.Оқушыға  дұрыс  бағыт- бағдар  беру  арқылы   оның  ғылыми  зерттеу  жұмысымен     айналысуына  көмек  көрсету  керек.

4.Педагогикалық  үрдісті  диагностикалау   жұмысын  жүргізе  алады  және  оларды  бір- бірімен  байланыстыра  алады.

5.Дарындылықты  анықтауда  әртүрлі  психодиагностикалық  әдістемелерді  және  оқытудың  әртүрлі  жаңа  технологияларын  тиімді  пайдалана  біледі.

Сонымен дарынды  бала  ойлау  дербестігіне  ие, ол жаңа  мәселелер  мен  проблемаларды  қоя  біліп, оларды тың  шеше  біледі.Ал  бұл  қабілет  өз  кезіндегі  ойланудың   белсенділігімен  кезіккен  міндеттер  мен  мәселелерді өз  бетінше  шешуге  ұмтылыс  жасайды.

Дрынды  бала  қойылатын  проблеманы  тұтастай  көре  біліп  оған  байланысты  болмыс  сырларын  көптеп  шешуге,  белгісіз  нәрселерге  зер  салып  қызығады,  түсініксіз  нәрсені  білуге  ынтызарлық,  түрлі  сұрақтарға  жауап  іздеп, ой  әрекетімен  шұғылдануға бейім  келеді.

Сондықтан  мектеп  оқушылырының   дарындылығын  дамыту  жұмыстарын   ұйымдастыру  басты   мақсат,  ғылыми  проблема  болып  табылады.

Пайдаланылған  әдебиеттер:

1)                 Елбасының  Қазақстан  халқына  жолдауы.2008 ж.

2)                 Елбасының  Қазақстан  халқына  жолдауы.2012 ж.

3)                 Педагогика .Қоянбаев

4)                 Қазақстан  мұғалімі.2009-2010 ж.ж

5)                 Мектептегі  сыныптан  тыс  жұмыстар. 2010 ж.

     

Оқушы бейімділігін тани білу – болашаққа жол сілтеу

Бердібекова Сәуле Кенжебайқызы - №55 С.Қожанов атындағы орта мектебі директорының кәсіби бағдар беру жөніндегі орынбасары

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылы

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға  және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, еңбек нарығында бәсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау, олардың біліктілігін арттыру» деп көрсетілген.Осыған байланысты қазіргі уақытта жоғары дәрежелі кәсіби мамандар дайындау бүгінгі  күннің ең маңызды, ең қажетті мәселесі болып отыр.

Жоғары дәрежелі кәсіби маман даярлау қай кезеңнен басталады? Ең алдымен қоғамға қызмет ететін, өзіндік орны бар маман болу үшін оқушы – мамандықты дұрыс таңдай білуі қажет.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы №672 бұйрығына сәйкес мектептің жоғары сатысында бағдарлы оқыту енгізілген болатын.Бағдарлы оқытудың негізгі міндеті – оқушылардың сапалы кәсіби таңдау жасауларына ықпал ету. Бағдарлы оқытудың маңызды құраушысы негізгі мектептің

9- сыныбында ұйымдастырылатын бағдаралды дайындық болып табылады.Ол келесі бөліктерден тұрады:

1.Кәсіби ағарту, оған жататындар: кәсіби ақпарат, кәсіби үгіт, кәсіби насихат;

2.Кәсіби диагностика, тұлғаның белгілі бір мамандыққа деген қызығушылықтары мен қабілеттерін айқындауға бағытталған;

3.Кәсіби кеңес беру, мақсаты – кәсіби кеңес беруші маман тарапынан мамандық таңдауда жеке – дара көмек көрсету;

4.Кәсіби таңдау, мақсаты – белгілі бір мамандықты жоғары ықтималдықпен табысты меңгеріп, онымен байланысты еңбек қызметін орындайтын тұлғаларды айқындау;

Оқушыларға кәсіби бағдар беруде мектеп психологы мен мектеп директорының кәсіби бағдар беру жөніндегі орынбасарының орны ерекше. Қазіргі заманда жастардың өзін-өзі таба алмай, өз мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана алмай, өзін-өзі тұншықтырып жүргендердің, басқа жолға түсіп адасушылықтың негізгі себебі, ең алдымен, өзінің қабілеті мен бейімін анықтай білмегендігінде және өзінің кәсіби дамуын жобалай алмағандығында, бейіналды дайындықтың жүргізілмегенінде.Мектепте психолог пен кәсіби бағдар беру жөніндегі орынбасар біріге жұмыс жасаса оқушы өзін-өзі таниды, өзінің мүмкіншілігін, бейімділігін байқайды, мамандықты адаспай таңдайды.

Бейіналды даярлық жұмыстары кезінде  психолог кәсіби диагностика жасауы тиіс:

1 саты- дұрыс таңдау жасау  үшін оқушы қабілеті, қызығушылығы мен бейіні, мінезі мен темпераменті туралы нақты білу керек. Бұл сатыда оқушы жайлы оқушының өз пікірі, ата-анасының пікірі, мұғалімдердің пікірі, сыныптастарының пікірі, психологиялық зерттеулер (темперамент типін анықтау, мотивация диагностикасы, Айзенктің жеке тұлғаны анықтау әдістері, табандылықты зерттеу т.б.) сауалнамалар алынады.Бұл сатыда оқушыны жан-жақты танимыз.

2 саты- оқушыны қызықтыратын мамандықты анықтау.Ол үшін Д.Голландтың «Тұлғаның типтерін анықтау» тестісі, «Мамандық туралы хабарың» сауалнамасы, «Мен және менің өмірлік жоспарым» сауалнамасы, «Қызығушылықтар картасы»(А.Е.Голомшток әдістемесі бойынша), «Кәсіби қызметтегі басым ынтаны зерттеу» сұрақнамасы алынып, қорытындысы бойынша оқушының белгілі бір мамандыққа бейімділігі анықталады.Сондай- ақ мектеп оқушыларынан «Менің мамандығым- менің болашағым» тақырыбындағы шығарма жұмысын алып отыру да оқушының қай мамандыққа бейім екенін анықтауға көмектеседі.

Келесі кезекте мектеп директорының кәсіби бағдар беру жөніндегі орынбасары

9-11-сынып оқушыларынан оқушыларға кәсіби ақпарат, кәсіби үгіт, кәсіби кеңес беру мақсатында түрлі іс- шаралар ұйымдастырады. Мысалы: «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында пікір алысу, «Мамандығым- болашағым» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастыру, «Бүгінгі мектеп түлегі- ертеңгі елдің тірегі» тақырыбында студенттермен кездесу кеші, «Мамандығым - мақтанышым» тақырыбында түрлі мамандық иелерімен кездесу кеші т.б. іс-шараларда оқушыларға мамандықтар әлемі жайлы толық мағлұматтар беріледі. Жекелей кеңес беру мақсатында «Ашық есік күндерін» өткізу де оқушы мамандықты дұрыс таңдауы үшін маңызды шара.

Мамандық таңдау тұлғаның белгілі бір мамандыққа бағыттылығын ғана емес, сонымен бірге тұлғаның қоғамда белгілі бір орын алу және таңдаған мамандық арқылы оған жету жолдарына байланысты болады.Өз мамандығын таңдай алмағанның талабы көміледі, ондай адам өмірге де риза болмайды. Сондықтан, оқушы бейімділігін нақты танып, дұрыс жөн сілтей білу – жарқын болашаққа жол сілтегеніміз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Сәбет Бап –Баба «Жалпы психология», Алматы 2009жыл

2. «Бағдарлы мектеп және кәсіптік білім» журналы, 2011жыл, №4,№5,№6

3. «Мектептегі психология» журналы,2011жыл,№7,№8

4. 9- сынып оқушысының кәсіби бағыттылығын  диагностикалау бағдарламасы,

Астана 2005 жыл

5.Интернет материалдары

   

Оқушының танымдық қызығушылығын арттыру

Бержембаева Нағима-№223   орта мектеп мұғалімі6 Қызылорда , Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылы

Қоғамдағы өзгерстерге сәйкес оқушыларға бүгінгі таңда тиянақты білім беріп,танымдық белседілігін арттыру үшін олардың әр пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру-мектептің басты міндеті.Сол себепті білім мазмұнын жетілдіреп,оқу әдістерін, түрлері мен құралдарын жаңа спалық негізде қайта құру қажет.

Мектепте білім мен тәрбие алу барысында бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ойы дамиды,адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ойлау сезімі артады.Осы міндеттерді жүзеге асыруда әр пәннің өз орны бар. Соның бірі –ана тілі .Ана тілін оқытудағы негізгі мақсаты-оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту арқылы сөздік қорын,ауызша және жазбаша сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру үшін сабақ барысында мәтін мазмұнына сәйкес проблемалық сұрақ қойып отыру тиімді.Мысалы: «Өрмекші,құмырсқа,қарлығаш» әңгімесін өту кезеңінде мұғалім адам еңбегі және басқа жәндіктердің,құстың тіршілігі туралы сұрақ қойып,оған оқушылар өз пікірін білдіреді .

Сонымен қатар «Ойлап тап», «Мәтін мазмұнынақарап сурет сал», «Суретке қарап әңгіме кұра» т.б ойындар сойлеуге төселдіріп,сөздік қорын молайтып,тілін дамытуға арналған.

Күзге байланысты тарауда «Кім тапқыр» ойнын өткен тақрып пен жаңа тақрыпты байланыстыру мақсатында қолдануға болады.Оқушылар топ бойынша:І-топ күз ерекшеліктерін,ІІ-топ күзгі еңбекті,ІІІ-топ табиғаттағы өзгерістерді әңгімелеп беру тиіс.

Әңгіме,ертегі,аңыз әңгімелер оқытуда жаңа сабақ тақырыбына байланысты мақал-мәтел,жұмбақ-жаңылтпаш пайдаланудыңмаңызы зор.Баланыңтанымдық қозғаушылығын арттырып ,тілін дамытады.

Ана тілі сабағында мақал-мәтелдер мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады:

-Тақырып мазмұнына сай мақал-мәтелдер айтқызу,мәнін ашып өз ойын жетілдіру.

-Суретке қарап тақырыпқа сай жұмбақ-жаңылпаш айту.

-Мқал-мәтелдердің жалғасын айтқызу.

-Топқа бөліп мақал-мәтелдер сайысын өткізу.

Қазақ тілі,Ана тілі сабағында уақыт тауып шығармашылық жұмыс жүргізу де баланың қызығушылығын арттырады.Ол үшін мұғалім мәтіннің,жаттығудың өн бойынан шығармашылық тақырыптарға лайықты жағдайларды іздеп табады.

Оқушыны шығармашылық жумысқа баулып,қызығушылығын арттыру ушін әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдануға болады.

1.Мәтін,ертегіні,әңгімені өз ойларымен аяқтау.Мысалы:Қайсар атасымен қыдырап жүр еді.Кенет қора жақтан түтін исі келді.Қараса қой қора өртеніп жатыр екен .Қайсар не істеді?

2.Ақан жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау.Мысалы: «Тәкаппар» Ш.Смаханұлы.

3.Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.

4.Мәтін бойынша мақал құрастыру.

5.Шығарма бойынша сурет салғызу,ауызша суреттеу,қиялдау арқылы суреттеу.

6.Логикалық ойлану дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу(анаграмма,сөз жұмбақ,ребус,құрастырмалы ойындар),

7.Белгілі ақын,жазушы шығармаларына еліктеп әңгіме,ертегілержазғызу.

8.Қайталау сабақтарында оқыған мәтіндері бойынш өз бетінше тест тапсырмаларын құрастыру.

Ал математика сабақтарында білім шыңдаудың басты бір жолы-кері есептерді шығару әдістерін пайдалану.Оның бірнеше ерекшеліктері бар:

А) «Бірдей сандар», «Фигуралар», «Шамалар» ұғымдары әр қырынан талқыланып,түрлі әдістермен шығарылады.

Б)Шамалар арасындағы өзара кері байланыстар анықталады.Есептің тура мағынасында заттың құнын тапса,кері есеп жағдайында оның бағасы және заттың саны анықталады.

В)Кері есептерді шығару оқушылардың өз беттерімен есеп шығаруға дағдыландырады.

Г)Оқушылар  2-3  амалды  бір  мезгілде орындайды. Мысалы: 3-сыныптағы         «1000 көлемдегі сандар» тарауындағы «Қосу мен азайту» тақырыбанда алынған есептің дұрыстығына көз жеткізу үшін  №1  есеп  былай  талданады: І-қосылғыш-300,                    ІІ-қосалғыш-200,қосынды мәні-500.Есептің дұрыстығына көз жеткізу үшін қосу амалына кері амал азйтумен тексереміз.Бірінші Қосылғышты табу үшін қосынданың мәнінен екінші қосылғышты азайтамыз.Егер екінші қосылғыш белгісіз болса,онда қосындының мәнінен біріншіқосылғышты айтамыз.

300+200                 500-200               500-200

Бұл дегеніміз-өзара бірдей 3 санының арасында тығыз байланыс бар екенін көрсетеді.Көбейту мен болу амалдары жөнінде де осыны айтуға болады.

Ойын-ойды өсіреді.Оқушыныңойын оятып,қиялына қанат бітірер пән аралық байланыс құрып «Кім жылдам», «Ғажайып шаршы» ойындары өз нәтижесін көрсетеді.

Қорыта келгенде.бастауыш сыныптың қай пәнде болсын оқушының танымдық,шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып,өз ойын ашық,қысылмай жеткізе білуін,ынтасын дамыта түседі.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы.

2. «Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі»,2008жыл.

   

Мемлекеттік рәміздер жайлы түсінік беру жолдары

Бименова Гүлзат-№163 мектептің мұғалімі6 Қызылорда облысы, Жаңақорған қонысы

Рәміз дегеніміз – белгілі бір нәрсені өз қалпынан өзге, жанама сипаттап көрсетуден туатын сыр-таңба.

Қазақтардың жалауы, туы ежелде «Байрақ» деп аталған. Туымыздың түсінің аспан текті зеңгір көк түсті болуы кездейсоқ емес. әйгілі Ансельм кестесі бойынша ол – адалдықтың, кіршіксіз тазалық пен пәктіктің нышаны. Көк түс ынтымақ пен бірлік идеясын аңғартады, бейбітшілік, тұрақтылық пен береке-байлық белгісі болып саналатын ашық аспанға меңзейді. Аспанкөк түс – қазақтың ұлттық бояуының реңі. Байрақ бетіне әр түрлі нышандардың суретін салу бұрыннан бар үрдіс. Туымыздағы нұр шұғылалы алтын күн бейнесі, қыран көңіл халқымыздың асыл арманын арқалаған дала бүркіті мен рухани болмысымыздың жарқын бір көрінісі болып табылатын ұлттық өрнек – сондай айтары мол айшықтар. Күн образы – байлық пен берекенің белгісі. Оның графикалық бейнеленуі өміршеңдік нышаны деп саналады. Тудың авторы – Шәкен Оңласынұлы Ниязбек

Қолданылу сипаты – ту ҚР Президенті резиденциясының, Парламент пен Үкіметтің, министрліктер мен басқа да орталық атқару органдарының, мемлекеттік органдардың, Жоғарғы соттың, дүниге келген нәрестелерді және некені салтанатты түрде тіркейтін орындарда, Қарулы Күштер және Республикалық Ұланның әскери құрамалары мен бөлімшелерінде – ант қабылдау кезінде, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ғимараттарында – ұлттық мереке және басқа мереке күндері ту көтерілуі керек. Оны қалауына қарай жеке адамдар да өз жекеменшік үйлерінде іліп қоя алады.

Елтаңбаның үздік жобасына негізінен 245 жұмыс ұсынылған. Соның ішінде елбасының назары Жандарбек Мәлібекұлы Мәлібеков пен Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан мырзалардың жасаған жобасына ауды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының пішіні – дөңгелек, оның барлық белгілері бір шеңбер ішінде орналасқан. Елтаңбаның басты белгі-нышаны – рәміздің негізгі көркемдік-идеялық жүгін арқалап тұрған шаңырақ образы. Шеберлікпен шендестірілген түндік аспан күмбезіндегі асыл шырақ Күн бейнесін көз алдымызға әкелсе, уықтар – одан тарап жатқан алтын сәулелердей әсер қалдырады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды, бір шаңырақтың астына біріктік. Сондықтан ол бірліктің, елдіктің белгісі. Керегеміз кең, шаңырағымыз биік, күніміз жарқын болсын деген белгі. Елтаңба композициясын құрап тұрған келесі деталь – ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ бейнесі. Ол батылдық, көрегендік пен ерік-жігердің, еркіндік пен асқақ арман нышаны.Мемлекеттік елтаңбада бес бұрышты жұлдыз бар.Ол тәуелсіз мемлекетіміздің құшағы бес құрлыққа бірдей айқара ашық, әлемдік өркениет көшіне өз болмыс-бітімімізді сақтай отырып ілеспек ниетіміз бар деген ойға жетелейді. Бесбұрышты жұлдыз – таңмен бірге туатын Шолпан жұлдызының белгісі. Мемлекеттік елтаңбада пайдаланылған негізгі бояу – алтын түсті рең. Рәмізтану дәстүрі бойынша алтын – байлықтың, әділдік пен кеңдіктің белгісі. Елтаңбада көгілдір түс те бар. Ол алтын түсті реңмен әдемі жарасым тапқан.

Қолданылу сипаты -  Президенттің және оның әкімшілігінің, Парламент пен Үкіметтің және оның Аппаратының, министрліктер мен басқа да орталық атқару органдарының, мемлекеттік органдардың, Жоғарғы Қарулы Күштердің  және Республикалық Ұланның, мәслихаттардың, жергілікті атқарушы органдардың, заң бойынша мөрлерінде және құжаттарының бланкілерінде елтаңбаның бейнесін орналастыру құқығы берілген мемлекеттік куәландыру кеңселерінің мөрлерінде және құжаттарының бланкілерінде, Президенттің, Парламент пен Үкіметтің, Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы Соттың ресми басылымдарында, банкноттар мен тиын ақшаларда, мемлекеттік құнды қағаздарда орналастырылады. Төлқұжаттар мен жеке куәліктерде, шекара бағаналарында болуы тиіс. Мемлекеттік елтаңба бейнесін мемлекеттік емес органдардың және олардың лауазымды адамдардың бланкілерінде, мөрлерінде және басқа реквизиттерінде пайдалануға заңмен тиым салынған. Мемлекеттік елтаңба жасау тек заң бойынша белгіленген тәртіпке сәйкес рұқсат алған жағдайда ғана жасалады.

Мемлекеттік әнұран – елдің музыкалық-поэтикалық эмблемасы, әдеби-сазды төлқұжаты. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар қылып түйген музыкалық сәлемхат іспеттес. Оның сазы мен сөзі сипаты мен мақсаты жөнінен біртұтас шығарманың құрамдас қос қанаты тәрізді. әнұран сөзі туралы Ә.Тәжібаев: «Әнұран – сөзбен тоқылған ел туы» деген анықтама береді. Әнұранның сөзін жазған – Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.

1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.

2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік  Әнұранның авторы  Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде

«Менің Қазақстаным»  әні 10 қаңтарда 2006 жылы,  Елбасын  ұлықтау рәсімінде орындалды.

Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.

Орындалу сипаты – Парламент сессияларында, ҚР ұлттық мерекесі мен басқа да мерекелік күндерге арналған салтанатты жиналыстар мен отырыстарды ашу және жабу кезінде, аса маңызыд тарихи оқиғаларды еске алу кезінде, ескерткіштерді ашу кезінде, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдар өткізетін дәстүрлі рәсімдер, салтанатты іс-шаралар кезінде Мемлекеттік ту көтерілген кезде орындалады. Елдің әнұраны жаңа оқу жылының бастс алу және аяқталуына арналған рәсімдер кезінде, мектептерде өтетін басқа да іс-шаралар кезінде пайдаланылады. Шет мемлекеттерде іс-шаралар өткен кезде Мемлекеттік әнұран Сыртқы істер министрлігі бекіткен ережеге сәйкес пайдаланылады. әнұран орындаудың екі түрі бар. Біріншісі – ішінара орындау. Екіншісі – толық орындау.

1.ҚР-сының Конституциясы

2. ҚР-сының білім беру ұйымдарында 2006-2011 жылдарға арналған кешенді тәрбие бағдарламасы

3. Е.Шаймерденов. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. А., «Жеті жарғы» 2001 ж.

   

Ата-ана мен сынып жетекші ынтымақтастығы

Бөлекова Сәпия-№196 мектептің бастауыш сынып мұғалімі6 Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Машбек ауылы

Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға.Сондықтан әке де шеше де балаларының жан  дүниесіне үңіліп, мінез құлқындағы ерекшелктерді жеке білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлей алмай, сырласа білмейтін ата-аналар «екеумізде жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ » дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздарымен үй шаруасында жүріп –ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жан-жал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біруді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке –шеше,үй ішінің , үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра , балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең –ақ  ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз.

Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата –анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамды жағынан азғындаған ортада бала, жасөспірім қашанғы жиренішті көріністі, ондағы айқай- шу мен дау – жанжалға, ұрыс – керіске шыдап жүрмек. Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз , бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз?!

«Баланың жақсысы әке мен шешенің ары , ата – ананың абыройы, жаманы – қайғысы, бақытсыздығы, азабы»,- дейді халқымыз . Бала үшін алғашқы тәрбиеші, педагог ата- анасы. Бала мектепте 6-7 сағат болса, 18 сағат үйде болады , сол себепті ата –ана баласының оқуын, жүріс – тұрысын, жолдастарын, сонымен қатар киетін киімін де қадағалап , аптаның соңғы күндері сынып жетекшісімен, пән мұғалімдерімен, мектеп басшыларымен байланыс жасап, сабақ үлгерімі, тәртібі жайлы мәлімет алып отыруы қажет.

Ата – аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекшісі ата –аналар педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттеледі.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері.

  1. Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату. Ондағы мақсат: отбасының, оның мүшелерінің өзара қарым –қатынасы мәдениет деңгейі, отбасының жеке басы ықпалы ата-ананың педагогика білім дәрежесінің жай - күйін анықтап, кеңес беріп, оларды бала тәрбиесіне ортақтастыруды көздейді.
  2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету. Ондағы мақсат: өмір сүріп отырған қоғамға сай белгілі бір мінез құлық нормалары балаға үйрету, жаттықтырудың жүйелігін, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сол сыныптағы дәріс беретін мұғалімдерді ата-аналармен ортақ іске ұйымдастыру.
  3. Ата-аналар ұжымын құру. Бұл күрделі әрі жауапкершілігі мол маңызды міндет. Бұл бағытта ата-аналар комитетін құру , оның жұмыс жоспарын жасау, оларды мектептегі қоғамдық жұмыстарға қатыстыру, атқарылатын істерге талдау жасап отыру т.б. жұмыстарды міндеттейді.
  4. Ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру. Ол үшін ата-аналардың жаппай педагогикалық білім алуларын ұйымдастыру. Бұл бағытта баспасөз беттерінде, радио, көгілдір экран арқылы, педагогикалық білімдер жетілдіру университеттерінде, лекторияларды, семинарларға ғылыми практикалық конференцияларда, ата-аналар жиналыстарында педагогикалық білімдерін насихаттау.

Әбу Насыр әл-Фараби атамыз: «Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы» дегендей, отбасындағы ата-ана бала тәрбиелеуде жауапты тұлға.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. – Алматы 1987
  2. Болдырев Н.И. Сынып жетекшісі . – Алматы 1980
  3. Жұмабаев Ә. Ата-аналар жауапкершілігі Алматы 1977
  4. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар 2007 №9
  5. Мектептегі психология 2010 №5
   

Оқу мен жазу арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін арттыру

Бөріқұлақова Ботакөз-№221мектептің бастауыш сынып мұғалімі6 Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті

Қазақстанның болашағы мектептен басталады.Н.Ә. Назарбаев.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің қазіргі кезін әлемдік деңгейдегі білім беру тенденциясынан бөліп қарауға болмайды. Бұл әлемдік деңдейдегі қатынастың күшейе түсуіне байланысты. Қазіргі кезде Қазақстан бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін білім мен ғылымды дамыту жолына түсті. Еліміздегі білім беру саласының алдында 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу, білім берудің сапасын халықаралық стандарттарға жеткізу, ол үшін әрине білім беру саласының алдында оқушылардың білім сапасын көтеру міндеті қойылып отыр.

Білім-ел қазынасы, халқымыздың білімділігі еліміздің байлығының  ең маңызды бөлігі десек, білімнің негізі мектептегі инновациялық жұмысты жандандыруда дер едім.

Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер нәтижесінде мектеп оқушыларына білім беру бұрын қалыптасқан жүйеден әлдеқайда жоғары талаптар қояды. Бұл талапты жүзеге асыру үшін мұғалім қызметі арта түседі Білім сапасын заман талабына сай көтеру үшін оқытудың жаңа технологиясын күнделікті сабақ жоспарына енгізген, үнемі ізденуден жалықпайтын жаңа әдісті тиімді қолдана білуді меңгерген ұстаз ғана нәтижелі табысқа жете алады.Қазіргі көзқарастар бойынша мұғалім оқушыны оқытпауы керек, оқушы өзі оқуы тиіс. Ал мұғалім оқушының ақыл-ойының дамуын ұйымдастырушы, балаға бағыт-бағдар беріп, басшылық жасауы тиіс.Сонда ғана білім сапасын жоғарылатып, қоғамға лайықты азамат тұлғасын тәрбиелеп шығарамыз. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуальді, кәсіптік, адамгершілік, рухани-азаматтық және де басқа көптеген адами қабілетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Бүгінгі мектептің басты мақсаты-болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгеріп, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу. Ол үшін бүгінгі таңда білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес.

Ұстаздан білім мен тәрбие алған шәкірттің алғыр, озық ойлы, жақсы болуы-ұстаздың айтқан сөзінде емес, оның көрсеткен үлгісінде. Ұстаз-ұстаз болып танылуы үшін оған ең алдымен үлкен білім мен білік, ұйымдастырушылық қабілет керек.ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру-үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»деген екен.  Қазіргі таңда мектеп оқушыларының мұғалімнен күтері көп. Оларды сабаққа белсене қатыстыру үшін әр сабақ барысын жеке формада, жаңа әдісте жүргізу шарт. Сабақтың тиімділігіне бір-бірімен тығыз байланысты екі жағдай әсер етеді:

1.Мұқият дайындалу.

2.Шеберлікпен өткізу.

Дұрыс жоспарланбаған, оқушылардың оқу мүмкіндігімен санаспайтын сабақтың сапасы болмайды. Сабаққа дайындалу-нәтижеге жеткізетін шаралар жүйесін жасау, оқу-тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыру. Инновациялық технология бұл әдістердің бастамасы, яғни интербелсенді тақтаны қолданып сабақ жоспарын ұйымдастыру.Қазіргі кезде ортамызда орын алып жатқан оқытудың жаңашыл жобалары басшылыққа алынып келеді.Олардың бірі Қазақстанда 1997 жылдан бастап етек жая бастаған «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту жобасы».

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы- ашық қоғам негізі. Ол өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу. Сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдермен қисынын зерттеу дегенді білдіреді.Оқушылардың ойлау, қабылдау қабілетін аңғаруға топтық жұмыс өте тиімді, яғни сабақты деңгейлеп оқыту арқылы іске асыру және оқушыға тиянақты білім беру, оның сабаққа деген қызығушылығын арттыру, ізденгіштігін, байқампаздығын дамытып, жеке тұлға болып дамудың биіктігіне шығуына әкелер жолдың бірі- «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы деген болар едім.

Сын тұрғысынан ойлау-ең алдымен шығармашылық ойлау.  Шығармашылық сөзінің төркіні- «шығару», «іздену», «ойлап табу» деген мағынаны білдіреді. Демек, бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап табу, жетістікке қол жеткізу деген сөз. Шығармашылық деп жаңалық ойлап табатын іс-әрекеті деп тұжырымдалады.Шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді. (Л.С.Выготский) Оқушы шығармашылығын шыңдауға «оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының берер көмегі зор.

«Сыни ойлауды дамыту»жобасы авторының бірі Ч. Темпл төмендегідей әдістерді ұсынады.

- Күтілетін нәтижелерді нақты айқындау;

- Жазба жұмыстарын жиі орындау;

- Оқушының ой-өрісін белсенділендіретін сұрақтар қою;

- Бірлесе оқу тәсілдерін қолдану;

- Оқыту пәндерін әлеммен, күнделікті өмірмен байланысын орнықтыру;

Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейде ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес оны шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.Олай дейтінім мен осы бағдарламаны басшылыққа алып жұмыс жасау барысында көз жеткіздім. Мұғалімдік кәсіби шеберлігім жетіле түсті. Бағдарламаны басшылыққа алып сабаққа пайдаланғаннан бері оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, болжау қабілеттері мен жаңалықты тез қабылдауы, өз бетінше шығармашылықпен ізденуге бейімделгенін байқадым.

Әсіресе ана тілі, қазақ тілі пәні бойынша үйге берілген мәтін бойынша ұнаған көрініске сурет салып келу, сол тақырыпқа сай өлең құрастыру немесе ребус пен сөзжұмбақ құрастыру тапсырылады. Бұндай тапсырманы оқушылар ерекше ынтамен орындап келеді. Нәтижесінде бала ойлай отырып, елестетеді, қиялдайды, болжам жасайды. Оқушыға тақырыптың мазмұнын толық меңгерте отырып, әсіресе, сурет салуға бейім балалардың ойын ұштай түстім. Сурет немесе шығарма жұмысы арқылы оқушының өзін-өзі тануына ықпал жасадым. Әрбір баланың еңбегін бағалап, мадақтау қажет. Мысалы, ана тілі сабағында «Еліктің лағы» атты мәтінді өткенде  ой-толғаныс сәтінде оқушыларға өлең құрастыру тапсырылды. Солардың бір-екеуіне тоқталсам:

Нұрдос:Келе ғой лағым,

Міне тұр бұлағың.

Су іше ғой қанекей,

Мен күтіп тұрамын.

Назым:Қанекей лағым,

Дайын тұр бұлағың.

Су іше ғой қанекей,

Сені күтіп тұрамын- деген өлең шумақтарын бірнеше оқушылар құрастырды. Ал  «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін  өткенде  оқушылардың қызығушылығын ояту сатысында Абай туралы не  білеміз?- деп сұрадым. Оқушылар:

 

Зере    Ұлжан     Ибрагим

Абай

     

Құнанбай                                                    Ұлы ақын

Табиғат        Күз          Қыс

суретшісі

Ал қорытындылау кезінде оқушылар сөзжұмбақ шешті.

 

А

Н

А

Б

Ұ

Л

Т

А

Қ

П

А

Н

Н

А

Й

З

А

А

Л

Й

О

А

Й

Р

А

Н

Ы

Ш

У

З

А

Ж

С

И

Ы

Р

А

Л

Ш

А

         

Бағдарламаның ішкі құрылымында өзіндік ерекшелік бар. Құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйрету моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сонымен қатар оқушылардың тілін, ойын, еркін сөйлеуін дамытып, топпен жұмыс істеу кезінде бірін-бірі тыңдай білуге, құрметтей білуге  үйренеді.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасымен жұмыс жасауды бастаған мұғалімдер сабақта баланың танымдық белсенділігінің артқандығын, өз бетінше жұмыс жасауға үйренгендігін, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін айтса, оқушылар- сабақтарының қызықты, жеңіл өтетіндігін, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.

Бағдарлама құрылымы үш деңгейден тұрады:

  1. Қызығушылықты ояту. Оқушы тақырыпқа байланысты өз білімін анықтайды, еске түсіреді. Тіпті қағазға жазып, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады. Яғни тақырыпқа қызығушылық басталып, зерттеу қалыптасады, белсенділігі артады.
  2. Мағынаны тану.Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды.
  3. Ой толғаныс: Оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп, өзара алмасады. Өзгелердің ой кестесін үйренеді.Үйренгендерін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді.Бір-бірімен ой алмастырады, ой түйістіреді, әр түрлі шығармашылықпен көріне алады.

Өз сабағымда осы бағдарламаның әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы көптеген нәтижелерге қол жеткізіп  келемін. Ең әуелі оқушылар ойын шыңдап, кез-келген даму деңгейіне сыни көзбен қарай алады. Бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасауды және бірін-бірі тыңдай білуді үйренеді. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығып отыратын оқушылар да өз ойларын  аз да болса жүйелеп еркін айтатын болады. Сабақта оқушыларды орталықтарға бөлу кезінде сабаққа деген қызығушылығы артып, бір-бірімен пікір алмасып, еркін сөйлеуге үйренеді және сөздік қорлары молаяды.

Оқушы–ізденуші тұлға. Оқушының тілін ойын дамытып, байланыстырып сөйлеуге машықтандыруда жазу жұмысы басты рөл атқарады. Жазу арқылы оқушы тақырыпты тереңірек түсінеді, қызығушылығы артады, ойын дамытады және жазу дағдысын қалыптастырады. Ал жазуға дейін бала мәтінді оқып, тыңдап көңілге тоқып түсінеді. Мәтінді өз бетінше талдай отырып оның тақырыбы мен мазмұнын игеруде «Түртіп алу стратегиясы», «ЖИГСО», «ББҮ» әдістерінің маңызы зор. Ой қорытыу жинақтап бір түйінді пікір жасау үшін «Эссе», «Бес жолды өлең» әдістерін пайдалануда оқушылардың қызығушылығы артып, қисынды ойлап, сабаққа деген белсенділігі де артатындығын байқадым.

Оқуға зауқы жоқ, үлгерімі нашар деген баланың бойынан жоқ дегенде бір жақсы қасиет табуға болады. Осындай баланың ерекшелігін көре алатын мұғалім ғана өз ісінің маманы ретінде танылады. Кез-келген пәнге оқушы қызығушылығын арттыру үшін дәстүрлі әдеттерге қоса хабарлама, көрнекі көрсету,безендіру әдістерін қолдану, сонымен қатар зертханалық және сарамандық тәжірибелерді дұрыс ұйымдастыра білу мұғалім шеберлігінің бір көрінісі.

Адам топ ішінде ғана толығады десек, оқушылардың топтасып жұмыс істеуі өз әсерін береді. Ойды ой жетелейді. Сабақтың байланысып, бір-бірімен сабақтасып жатуына бағдарлама әдістерін пайдалану септігін тигізеді.Сонымен бірге оқушыларды сабаққа ынталандыру сабақ жоспарының түрлеріне де байланысты. Мәселен, жарыс сабақ, сахналау сабақ және ойын сабақтарын қолдану баланың дүниетанымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау белсенділігін дамытады.

Қазіргі қолданылып жүрген сын тұрғысынан ойлау бағдарламасын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу, оқыту мақсатына жеткізудің бірден-бір жолы. Мақсатқа жету оқушылардың өзі арқылы жүзеге асады.

Біз оқушыларымыздың таланттарын шыңдай түсуін, шығармашылығын көрсете білуін және оны жетілдіре меңгеруін қалаймыз. Ол үшін мектеп, мұғалім оқушының табиғи нышандарының оянуына, оның ақиқатқа айналуына көмектесуі қажет. Осы тұрғыда «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасын өз уақытында қолға алынған дидактиканың бүгінгі күнгі көкейтесті мәселесін шешуге бағытталған бағдарлама деуге әбден болады.

Оқыту мен үйрену кезінде оқушының тек белсенді түрде ғана меңгерген білімі маңызды әрі тиімді.

Бүгінгі таңда мұғалім қандай болу керек, оның кәсіби біліктілігі қандай жолдармен көрінеді дегенде, мұғалім ең алдымен бала жанының тамыршысы болуы тиіс. Бала жүрегінің пердерерін дәл тауып, оны ойната білу оңайлықпен келмейді. Бұл ұстаздың өз мамандығына деген сенімділігі, бейімділігінен, айқын мақсатынан және бала жүрегіне жол таба білуінен көрінеді. Осы үшеуі мұғалім мейірімділігімен ұштасқанда нағыз тамыршы бола алады. Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртіне нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Ал лайықты тұлғаға жету үшін үнемі ізденісте жүру қажет деп ойлаймын. Атақты педагог К.Д.Ушинскидің  «Мұғалім жас бала үшін теңдесі жоқ күннің құдіретті сәулесі сияқты» деген сөздерді әр мұғалім үнемі жадында ұстау керек.

Қорыта айтқанда дәстүрлі оқыту баланы оқуға, жаттауға, есте сақтауға үйретсе «оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы баланың дербес немесе топтаса, ұжымда бірлесіп шығармашылықпен жұмыс жасауына, алған білімін өмірде пайдалана алуға үйретеді. Заман талабына сай технологиялық ақпараттарды қолданып, олар арқылы сауатты да білімді ұрпақ тәрбиелеу әрбір ұстаздың  борышы.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Мектеп журналы   №5-2011
  2. Әдіскер мұғалім  №5-2004
  3. Бастауыш сынып журналы  №5,7,8-2004
  4. Б.Қ. Игенбаева «Адамгершілік сабақтары»
  5. 12 жылдық білім журналы №6-2007,№10-2008
  6. Қ. Жарықбаев. Психология-Алматы, «Иектеп»1982
   

Бала тәрбиесі баршаға ортақ

Бөлекова Сәулеш-№163 мектептің бастауыш сынып мұғалімі,Қызылолрда облысы, Жаңақорған қонысы

«Балаға сіңірген ата-ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңдесе алмайды, ол өле-өлгенше сусындайтын махаббат».( Ғабиден Мұстафин)

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ салсақ, «Адамның бақыты-балада» деген екен. Кез-келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен кездестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты – тәрбиелі ұрапағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні - өз ұрпағы.

Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата –анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамды жағынан азғындаған ортада бала, жасөспірім қашанғы жиренішті көріністі, ондағы айқай- шу мен дау – жанжалға, ұрыс – керіске шыдап жүрмек. Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз , бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз?!

Ата – аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекшісі ата –аналар педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттеледі.

Ата-аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым-қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйтекені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының оқу - тәрбие жұмысының нәтижесіне байланысты. Бұл жағдай оқу – тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет етеді.

Мектептің ата-аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысымен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады. Мектептің баланы тәрбиелеуге қатысты саясаттың отбасының түсінуі, соның жұмысына байланысты. Мұндай жағдайда отбасының негізгі тапсырыс беруші және баланы тәрбиелеуде мектеп пен одақтас ретінде қарастырған жөн. Сондықтан да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысын негізінен мектеп пен ата-аналар және балалардың өзара қарым-қатынасымен әрекетін,де бірлікке, ынтымақтастыққа қол жеткізу, ол үшін баланың дамуына жағымды көңіл – күйі мен  жағдай жасау. Оны нәтижелі шешу мүмкіндігі, егерде тәрбие жұмысының негізінде сол ынтымақтастық әрекет орын алған жағдайда ғана болады. Ол үшін өзара сеніммен құрмет, өзара көмек пен қолдау, бір-біріне шыдамдылық көрсету ынтымақтастықтың негізіне айналуы тиіс.

Сонымен бірге сынып жеткшісі бұл бағытта ата-аналардың жалпы мектеп көлеміндегі және аумағындағы қоғамдық ұйымдармен де мектепке қатысты жалпы мәселелерді ортақтаса шешуде, бірлесе жұмыс жүргізеді. (ата-аналар комитеті, кеңесі, құқық қорғау  мекемелері т.б.).

Осыған орай ата-аналарға арналған тренинг өткіздім.

Мақсаты: Ата-аналармен бірлесе отырып, бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару.

Керекті құралдар:

ü       Бояу қаламдар

ü       Таза бланкалар

ü       Сауалнама парақтары

Сабақтың барысы:

  1. Психологиялық дайындық. Баяу ән орындалады. Осы әуеннің ырғағымен барлығымыз бір жағымды ой ойлауға тырысайық. 1 минут уақыт беріледі.

Психолог: Осындай жағымды ойлар сіздердің бойларыңызға қайырымдылық, өмірге сенімділік алып келеді. Яғни, осы қасиеттер арқылы біз рухани – адамгершілік мәдениеті жоғары, шығармашыл тұлға тәрбиелей аламыз. Ал, енді көңіл-күйіміз көтеріліп, бүгінгі тренингке дайын болсақ, бастайық.

  1. Танысу. «Адам есімінің түстері»

Мына жұлдызша, жүрекше қағаздарға өздеріңіз ұнататын түстермен есімдеріңізді жазыңыздар. Әр түске қарап сізідң қандай қасиет, қабілеттеріңіз бар екенін айтып беремін.

  1. «Мен күнмін» немесе «Мені не үшін сыйлау керек»

Бұл өзіне деген сенімділікті арттыруға арналған жаттығу. Күннің суретін салып, ортасына қатысушы өз атын жазады. Қатысушы күннің әр сәулесіне өзінің жақсы қасиетін, жетістігін, өнерін жазады. Неғұрлым күннің сәулесі көп болса, соғұрлым адамның шапағаты да көп болғаны. Егер осындай сәулесі, шапағаты көп ата-ана тәрбиелеп отырған бала қалай жаман болсын. Ол жақсы, тәрбиелі бала деп есептейміз.

сезімтал

жаңалыққа құштар                      білімді

 

ашық мінезді                                                  ақылды

кітап оқығанды сүйем                                                         адамдармен тез тіл табысу

сыпайылық                                               мейірімді

ойшыл                            тиянақты

қамқоршы

 
  1. «Ата-ананың ролі» жаттығуы

Мына қағазға сіздер отбасындағы «Әкемнің міндеті», «Ананың міндеті», «қуаныш аймағы» деген тақырыпта өз ойларыңызды жазыңыздар. (Пікірлері тыңдалды. )

Ата-аналар мынадай пікірлер қозғады. Олардан мынадай жауаптар алдым.

Әкенің міндеті

Балаларына қамқор болу

Достарымен қарым-қатынасын назарда ұстау

Материалдық жағдай жасау

Тәртібін қадағалау

Жұмыс істеп балаларын асырау

Әр балаға көңіл бөлу

Ұлы педагог В.А. Сухомлинский «Балаларға жүрек жылуы» атты  кітабында былай дейді: Бала-жанұя айнасы; біртамшы суда күн сәулесі қалай бейнеленсе, шеше мен әкенің адамгершілік тазалығы да балаларда сондай бейнеленеді.

Даналық сөздің ойшылы Эпикет: «Дүниенің ең тамаша туындысы тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады,»-дейді.

Сондықтан да ертеңгі күніміз көлеңкесіз жарық болсын десек, бала тәрбиесіне бей-жай қарамауымыз керек

Сауалнама. «Сіз қандай ата-анасыз?»

Сіздің қандай ата-ана екеніңізді сізден артық ешкім білмейді. Бұл тек сізге ой салуға ғана беріліп отыр. Ата-аналарға жинаған ұпай саны бойынша жауаптары оқылады.

Сіз қандай ата-анасыз?

Бұл сұраққа жауапты кім білгісі келмейді. Осыған орай балаңызбен қарым-қатынаста сіз төмендегі фразалардың қайсысын жиі қолданатыныңызды белгілеңіз:

  1. Саған қанша рет қайталап айтам.               2 ұпай
  2. Маған ақылыңды айта  қойшы                  1
  3. Мен сенсіз не істер едім !                            1
  4. Сонша кімге тартқансың!                            2
  5. Сенің достарың қандай тамаша!                  1
  6. Туу,  ұқсағансың !                                          2
  7. Мен сендей кезімде     ...                               2
  8. Сен менің тірегім мен көмекшімсің ғой!    1
  9. Сенің достарың өзі қандай адамдар..           2
  10. Сен тегі не ойлап жүрсің?                             2
  11. Сен менің ақылшымсың !                                1
  12. Ұлым, қызым. Сен қалай ойлайсың...             1
  13. Басқаның баласы бала сияқты да ал сен        2
  14. Сен қандай ойлап тапқышсың                        1

Енді жалпы ұпайды санап, жауапты табыңыз, әрине, сіздің қандай ата-ана екеніңізді сізден артық ешкім білмейді. Бұл тек сізге ой салуға ғана беріліп отыр.

Кілті:

7-8 ұпай: Сіз балаңыз екеуіңіз бір-бітіңізді сөзсіз түсінуге ұмтыласыз. Ол Сізді жақсы сыйлайды. Сіздердің қатынастарыңыз тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік береді.

9-10 ұпай: Сіз қарым-қатынаста бірқалыпты емессіз. Ол Сізді сыйлағанмен әрқашан сізге сырын ашып айта бермейді. Оның дамуы кездейсоқ жағдайлармен оқиғалардың ықпалына түсіп кетуі мүмкін.

11-14 ұпай: Сіздің балаңызбен қарым-қатынасыңызды өзгерту қажет. Сіз балаңызға аз сенім білдіресіз, қиын  жағдайларда қолдамайсыз. Ол оның оқшаулануына, балаңызбен конфликтілік (даулы) қатынасқа түсуге алып келеді. Ол тұлғаның өсуіне кедергі жасайды.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. – Алматы 1987
  2. Болдырев Н.И. Сынып жетекшісі . – Алматы 1980
  3. Жұмабаев Ә. Ата-аналар жауапкершілігі Алматы 1977
  4. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар 2007 №9
   

Тәртіптің ең тамаша мектебі- отбасы

Бөлекова Бақтылы-  №169мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Қызылорда облысы, Жаңақорған қонысы

Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын қыр –сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол -  бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз – ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік бауырмалдық, татулық , қайырымдылық, әдептілік. инабаттылық сияқты қасиеттер – жанұяда тәрбие балаға  сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен -ақ  әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке – шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындалуына төзімділікпен бақылау керектігінде ұмытпаған жөн. Осылай келе баланың бірте – бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, олда ересектерді сыйлап кез-келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу, жеку , сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.

Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде сабақтан жиі қалдыруға әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға  өтірік айтуды үйретіп отырған аңғармайда қалуы да мүмкін. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой.Иә, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » демекші ата – ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиетерді дарыту тіпті жанында жүрген достарына  дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау – ата –ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ – түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге хақымыз жоқ. Бала - әр жанұяның бақыты.

Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді. Жан Жак Руссо : «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді», - деген екен. Бұдан шығатын түйін бала тәрбиесіне ең әуелі ата –анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл – ойы,сана – сезімі, адамгершілігі әсер етпек

Сонғы жылдары  педагогикалық әдебиеттерде «Ата –ана тәрбиелеу» деген ұғым пайда болды. Ондағы көзделген мақсат ата –аналарға бала тәрбиесіне қатысты  педагогикалық  кеңес, оқуды ұйымдастыру , соған сәйкес олардың    педагогикалық білімдерін жетілдіріп отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуынша, әр елде сонымен қатар отандық     педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесіне сай ата –аналар балаларын тәрбиелеу барысында айтулы қиыншылықтар кездеседі. Сондықтан да олар мұғалімдердің ақыл  - кеңестерін  , практикалық көмектерін аса қажет етеді. Олардың ұйымдастыруындағы ақыл-кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата-аналарға ғана қажет емес. Сонымен бірге отбасы тәрбиелі ата-аналарға да керек. Себебі: қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа талаптар қоюда. Сондықтан, ата-аналарға бала тәрбиесінде,  біріншіден, педагогикалық білімдерді жинақтауға, екіншіден, олардың өздерінің тәрбиелі және дамуын міндеттейді. Егер де мектеп пен ата-аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірлікте ұйымдастырса, бұл шешімін табатын міндеттер. Ол мектеп тәжірибесінде мұғалімдердің ата-аналармен кездесуін, ата-аналар жиналысын ұйымдастыру, ата-аналар комитетін құру, ата-аналар белсенділерімен жұмыс істеу, ата –аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру, конференция өткізу секілді жұмыстар барысында атқарылады.

Ата – анамен жұмыс түрі

Ата – аналармен кездесу

Отбасылық тәжірибе алмасу

Отбасылық сайыстар өткізу

Ата – аналар белсенділерімен жұмыс істеу байланыс түрі

Психологиялық сауалнамалар

Ата – анамен  кездесу кештер ұйымдастыру

Ата – аналар комитетін құру

Ата – аналар жиналысы

 

Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды.Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы. Тәрбие – алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсаты бағыттала және ұйымдастырыла жүргізіледі. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата-ана. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата-анасы. Отбасы мектеппен бірлесіп оқу-тәрбие үрдісінің не табысты не табыссыз болуын анықтайтын тәрбиелеуші ортаның факторларының маңызды кешенін туғызады.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. – Алматы 1987
  2. Болдырев Н.И. Сынып жетекшісі . – Алматы 1980
  3. Жұмабаев Ә. Ата-аналар жауапкершілігі Алматы 1977
  4. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар 2007 №9
   

Ата-анаға педагогикалық  кеңес

Бөлекова Бақтыгүл-№3мектеп-интернаттың бастауыш сынып мұғалімі, Қызылорда облысы, Жаңақорған қонысы

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекші негізгі рөл атқарады. Жалпы білім беретін мектептегі сынып жетекшісі – сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыруымен, үйлестірумен және өткізумен айналысатын педагог. Бұл сынып ұжымындағы әр алуан тәрбиелеудің түрлері арқылы мектеп пен бала арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастырып, әр оқушының жеке өзіндік ерекшеліктерін көрсете білуіне жағдай жасап, өз қызметін оқу тәрбие жұмысының бірыңғай жүйесінде жүзеге асыратын өз ісінің шебері.
Педагогикалық тәжірибеде оқушылар ата-аналармен мектеп пен сынып жетекшісі жұмысының 5 түрлі қызметі анықталған.
Олардың 1 – қызметі: Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінде түрлі әрекеттер арқылы тарту
• Балалар мен ата-аналардың шығармашылық күні;
• Ашық сыныптар мен сыныптан тыс іс-шаралар;
• Ата-аналардың мектеп кеңесі жұмысына қатысуы;
• мектеп пен сыныптың материалдық-техникалық базасын күшейтуге және сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыруға көмек көрсету.
2-қызметі: Ата-аналармен педагогиғалық – психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру
• Тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата-аналарға мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру;
• Психологиялық, педагогикалық, медициналық заң туралы кеңестер;
• Тренингтер;

• Қызығушылықтары негізінде (қабілетті балалар, қиын балалар, түрлі үйірмелерге қатысатын балалар т.б.) ата-аналар лекторийлері.
3 – қызметі: Ата-аналарды балаларды бірлескен әрекетке тарту
Оның формалары:
• сынып жетекшісі ұйымдастырған барлық әрекетке қатысу (саяхат, сенбіліктер, жөндеу жұмыстары т.б.);
• Жалпы мектептік дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қалыптастыру (түлектер кеші, ардагерлермен кездесу т.б.);
• Оқырмандар конференциясы;
• Отбасылық ойын байқаулары;

• Республика және оның шегінен тыс алыс жорықтарға шығуды немесе дайындалуды ата-аналармен бірге жүргізілді.
4 – қызметі: Жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбиеге түзету жұмыстарын жүргізу.
• Тәрбие саласында байланысты психологиялық-педагогикалық кеңестер мен көмектер беру;
• «Қиын» және «катерлі топ» балаларына көңіл бөлу;
• Отбасында жиі кикілжің нәтижесінде психологиялық ахуалды ауыр және қиын бала өсіп келе жатқан отбасына көңіл бөлу.
5 – қызметі: Ата-аналар белсенділіктері мен ата-аналардың қоғамдық ұйымдарымен өзара әрекет ету.
В.А. Сухомлинский  оқушылардың ата-аналармен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата-аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында  мұғалімдер балаларға үлкен бақыт беруі мүмкін»,-дейді. Олай болса, отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтанда педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше.

Қазіргі мектепте жағдай көп өзгеруде: оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары олардың өзара қарым-қатынасы сабақтың ұйымдастыру  формаларымен өткізу технологиясы көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысын мектепті басқару ісі біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда яғни,  педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш – мұғалім – оқушы – ата-анаға қатысты жағдайға жаңа демократиялық қарым-қатынасқа ие болды.

Ата-аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым-қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйтекені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының оқу - тәрбие жұмысының нәтижесіне байланысты. Бұл жағдай оқу – тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет етеді.

Мектептің ата-аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысымен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады. Мектептің баланы тәрбиелеуге қатысты саясаттың отбасының түсінуі, соның жұмысына байланысты. Мұндай жағдайда отбасының негізгі тапсырыс беруші және баланы тәрбиелеуде мектеп пен одақтас ретінде қарастырған жөн. Сондықтан да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысын негізінен мектеп пен ата-аналар және балалардың өзара қарым-қатынасымен әрекетін,де бірлікке, ынтымақтастыққа қол жеткізу, ол үшін баланың дамуына жағымды көңіл – күйі мен  жағдай жасау. Оны нәтижелі шешу мүмкіндігі, егерде тәрбие жұмысының негізінде сол ынтымақтастық әрекет орын алған жағдайда ғана болады. Ол үшін өзара сеніммен құрмет, өзара көмек пен қолдау, бір-біріне шыдамдылық көрсету ынтымақтастықтың негізіне айналуы тиіс.

Ата –анаға арналған психологиялық кеңестер

  1. Таңертең бала сабаққа барарда жайлап қана оятыңыз. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, жүйкесін жұқартпаңыз
  2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса «бол да бол» деп айқайдың астына алмаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
  3. Баланы сабаққа әсіресе таңертең ашқұрсақ түрінде жібермеңіз.
  4. «Бұзық болма», «Қисалаңдамай тыныш жүр», тағы басқа ескертулерді жиі айта бермеңіз. Оның сабақтан шаршап келгенін ескертпеңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірнәрсе айтпақшы болса, арнайы көңіл бөліп тыңдаңыз.
  5. Есіктен кірмей жатып «бүгін қандай баға алдың» деп бас салып сұрақ бермеңіз. Оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірнәрсе айтпақшы болса, арнайы көңіл бөліп тыңдаңыз
  6. Бала ашуланып жүрсе үндемеңіз. Сабасына түскен соң болған жайды өзі айтады.
  7. Балаңыздың қылығы үшін мұғаліммен сөйлескенде баланы қатыстырмаңыз.
  8. Мектептен келе бала сабаққа дайындалмасын, 2-3 сағат ойнап, демалсын.
  9. Бір мезгілде барлық сабаққа дайындалмасын.
  10. Сабаққа дайындалып жатқан баланың желкесінен төніп, дөрекі сөйлемеңіз.
  11. Күнделікті баламен емін еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.
  12. Баланың көңіл күйі нашарласа, басы ауырса бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.
  13. Егер баланың көңіл – күйі нашарлап сізді тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психологпен, дәрігермен кездесіңіз.

Ұлы ұстаз А.С. Макаренконың: «Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз. Кіре берісте, жол жөнекей айтылған сөз бала көңілінде керекті із қалдырмайды» деген ойымен түйіндейік.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. – Алматы 1987
  2. Болдырев Н.И. Сынып жетекшісі . – Алматы 1980
  3. Жұмабаев Ә. Ата-аналар жауапкершілігі Алматы 1977
   

Жеке тұлғаға ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие беру

Ғаббасова Г.Ж-№52  Б.Аралбаев  атындағы  орта  мектеп   география  пәнінің  мұғалімі, Қызылорда облысы, Жаңақорған акуданы, Сүттіқұдық ауылы

«Күллі ғажайыптың ең тамашасы –жақсы  тәрбиеленген адам»

Эпиктет

Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақталған ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру,баланың қоршаған ортадағы қарым- қатынасын, өмірге деген көзқарасын  қалыптастыру. Ал тәрбиенің негізгі мақсаты-дені сау, ұлттық  сана сезімі, рухани ойлау  дәрежесі биік, мәдениетті, ар-ождан мол, іскер, бойында игі қасиеттер қалыптасқан  адам тәрбиелеу. Жалпы оқушылардың өмірінде мектептегі тәрбиенің рөлі зор.

Мектептегі басты тұлға ұстаздың міндеті тек білім беру ғана емес,сонымен қатар әрбір оқушының жүрегіне жол тауып, оларды  тәлім -тәрбиемен сусындату болып табылады. Оқушыларды жан жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтың салт- дәстірлерінің  тәлім-тәрбиелік, білім танымдық рөлі орасан зор.

Өзге халықтар сияқты қазақ елінің де бала тәрбиесі жөнінде атам заманнан бері жиып-терген мол тәрбиесі бар. Аға- буын өз бойындағы ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін- жерін, Отанын сүюшілік секілді асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді. Адамның жарық дүниеге келген күнінен бастап, оны есейіп, қартайып, о дүниеге аттанып  кеткенге дейінгі өмірі мен іс-әрекеті, басқалармен қарым қатынасы атаулының барлығы салт- дәстірлерден өзекті орын алып, адамның   дүние тану көзқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі. Өз ұрпағының «Сегіз қырлы, бір сырлы» өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата- бабамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін  әлденеше ғасырлар бойы өлең жырмен насихаттады.

Әсіресе «Өнер алды-қызыл тіл», «Жер астында жатқанды-қазбай қарап тіл табар» деп саналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған халқымыз тілді тәрбиенің пәрменді құралы, ақыл ойдың асыл қоймасы деп таныды. Қазақтың айтыс өлеңдерінде,терме-толғауларында, бесік жырларында, ертегі, аңыз- әңгімелерінде, мақал-мәтел, нақыл  сөздерінде , ел  тағдыры  келер  ұрпақ  қамын, бас  бостандығы, адамгершілік, ар-оджан  мәселелері  жан-жақты  сөз  болып, ақыл-өсиет, насихат  түрінде  айтылып, жастарға  өнеге  айту, тәлім-тәрбие  беру  көзделеді.

Еліміздің  ежелден  дәріптеп, қастерлеп  келген  ұлттық  өнерінің  тегін  тектеу, болмысын  тану, оның  асылын  тарихтың  рухани  көш - керуеніне  ілестіріп  отыру  арқылы  бүгінгі  және  болашақ  ұрпақ  қамын  ойлау  өскелең  өмір  талабы  болып  отыр.

Ұрпақ  тәрбиесіндегі  ежелден  қалыптасқан  халқымыздың  жақсы  дәстүрлері  мен  тағылымдарын  оқып  үйреніп  өнеге  тұтпай  тұрып, жастарды  ізгілік  пен  парасаттылыққа  баулу  мүмкін  емес. Себебі  Л.Н.Толстой  айтқандай  «Өткенді  жақсы  білмейінше, келешекке  сапар  шегу  айсыз  қараңғы  түнде  сүрлеу  соқпақ  іздеп  адасумен  парапар».

Жастар  бойында  ұлттық, имандылық, мейірімділік, адами  қасиеттерді  қалыптастыру  мақсатында «Аталар  сөзі – ақылдың  көзі» атты  тәрбие  сағатын  өттім. Қазақтың  атақты  билері  Төле  би, Қаз  дайысты  Қазыбек  би, Әйтеке  билердің  айтқан  өсиет  сөздері  кім-кімді  бей - жай  қалдырмасы   анық.

Қазыбек  би: «Кім  жақын, не  қымбат, не  қиын?»  деген  сұраққа:

Тату  болса , ағайын  жақын,                                                                                                                                 Ақылшы  болса,  апайың  жақын                                                                                             Бауырмал  болса,інің  жақын                                                                                                                            Адал  болса,  досың  жақын.

Асқар  тауың  әкең  қымбат                                                                                                           Туып  өскен  елің  қымбат                                                                                                             Ұят  пенен   ар  қымбат                                                                                                                                  Кіндік  кескен  жер  қымбат

Арадан  шыққан  жау  қиын                                                                                          Таусылмайтын  дау  қиын                                                                                               Жазылмаса  дерт қиын                                                                                                                 Іске  аспаған  серт  қиын,- деген  екен.

Төле  би  ел  тұрмысын, арғы-бергі  тарихты, оның  сабақтарын  ой  көзімен  барлаған, алғыр  шешен, көреген  көсем  болған.

Ақыл – адамды  аздырмайтын  ем,                                                                                                     Білім  таусылмайтын  кен                                                                                                     Адамның  басшысы  ақыл,                                                                                             Жетекшісі – талап, жолдасы - кәсіп                                                                                                           Шолғыншысы – ой ,қорғаны – сабыр                                                                                     Қорғаушысы – мінез, - деп  айтқан.

Ал  Әйтеке  би  жаман  мен  жақсы  туралы,

Жақсы  деген  адамның  алды  арты  бірдей  жарық  болар,                                                       Жақсы  деген  ісінің  бас-аяғы  бірдей  анық  болар.                                                          Жаман   деген  кісінің  алды-арты  бірдей  жау  болар,                                                         Жаман  деген  ісінің  бас-аяғы  бітпей  дау  болар, - деп  толғаған.

Осы  айтылған  өсиет  сөздер  оқушылар  санасына  құйылар  болса,  нұр  үстіне  нұр  болар  еді.

Ел  аузында, жазба  әдеби  шығармаларда «Тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай  түйінін» білдіретін  нақыл, қанатты  сөдер  көп  кездеседі. Өткір, тапқыр  нақыл  сөздер – тілімізді  байыта  түсетін  халықтың  асыл  қоры.

Оның  оқушылар  үшін  пайдасы  мен  атқаратын  рөлі  зор.

I. «Ұлтарақтай  болса  да, ата  қоныс  жер  қымбат»                                                                    Отанын   сүюге,елін-жерін  қадірлеуге  шақыратын  нақыл  сөз                              (Д.Әбілов.  Өлеңдер  мен  поэмалары.  57-бет)

II.«Шындық  шыңырауданда  алып  шығады»                                                                            Адал  жүріп, әділ  сөйлесең, қор  болмайсын.Шындық  ескерілусіз  қалмайды  ол  шыңырауданда  алып  шығады  дейді  жұрт.                                                           (С. Мұханов.  Ажардың  өлімі  повесі.  261-бет)

III.«Намысты  анаға  сатпа»                                                                                                       Туған  ел  намысынан  жоғары  ештеңе  жоқ, оны  еш  нәрсеге  айырбастауға  болмайды  дегенді  Ұлы  Отан  соғысы  кезінде  Б.Момышұлы  жауынгерлеріне  айтқан.                                                                                               (Москва  үшін  шайқас. 229-бет)

IY.«Мал  дәулеттің  байлығы, бір  жұтасың  жоқ  болар,                                                      Өнер – білім  байлығы  күннен – күнге  көп  болар»                                                               Бұл қазақтың  алғашқы  халық  ағартушусы  Ы.Алтинсариннің  шәкірт  ұрпақтарын  оқуға, өнерге, білімге  шақынған  нақыл  сөздері.

Y.«Жігіттер  ойын  арзан, күлкі  қымбат»                                                                             Абай  өлеңдерінен  алынған  нақыл  сөз.Бұл  нақылдан :  «жігіттер  балдан  тәтті  жастық  шақ, әлі-ақ  өте  шығады, оның  қадірін  арзан  ойын-күлкімен  өткізбейік» - деген  мағына  табамыз.

YI.«Туа  сала  даяр  тұрған  айлық  жоқ                                                                                      Туа  сала  даяр  тұрған  байлық  жоқ»                                                                       Жастарға  айтылған  ғибрат. Бәріне   де  еңбек  арқылы  қол  жеткізеді  дегенді  білдіреді.                                                                                              (Қ.Мырзалиев  «Көш». 160-бет)

YII.«Мектеп – кеме, білім- теңіз»                                                                                    Мектеп  пен  білім  жөнінде  сөз  болса, оған  осылай  деген  метафоралы  теңеу  айтылады.                                                                                                           «Мектеп  - кеме, білім - теңіз,                                                                                                  Барар  жерге  тез  жетеміз.»                                                                             (Қ.Аманжолов, шағармалары. 190-бет)

Жас  ұрпақты  тәрбиелеуде  дінніңде  алатын  орны  ерекше. Себебі, біздің  қазақ  халқы  ежелден  тәңірге  табынған  халық. Ал  оның  барар  жері  құдай, яғни  мұсылмандық  ұғыммен  айтқанда – бір  Алла.

Діни  әдебиеттерді, әсіресе  Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың  хадистерін  оқып  отырсақ, олардың  біздің  халықтың  даналық  сөздерімен, мақал – мәтелдерінің  мағыналарымен, мазмұндарымен  кісі  таңғаларлықтай  дәлдігіне  қайран  қаласын...

Пайғамбарымыз (с.ғ.с)  өз  хадистерінде  «Білімді  игеру – әрбір  мұсылманның  міндеті»  деп  атап  көрсете  отырып, «білім  үйрену  ғибадаттанда  артық  және  ол  діннің  де  тірегі»  деген  даналық  тұжырым  жасаған.

Халифа  Алтай  Ғақыпұлы  жазған  «Таңдамалы  хадистер» кітабында  жастарды  көркем  мінезді  болуға, турашылдыққа, шыншылдыққа  шақырады. Ар-ұят  жайлы  мейірімділік  пен  кешірімділік  туралы  әңгіме  қозғалады. Ислам  діні  - адамзатты  жақсылыққа,  мейірімділікке, тазалыққа  үйретеді.

Оқушылардың  бойында  қазақстандық  патриотизм, отаншылдығын  қалыртастыруда  өткізілетін  тәрбие  сағаттарының  орны  зор, сабақтан  тыс  өткізілетін  іс-шараларда  патриоттық  сезімді  оятуға  септігін  тигізеді.

Мысалы, тәуелсіздік  күніне  байланысты  ұйымдастырылған «Тәуелсіздік-тұғырым»  атты  әдеби-музыкалық  қойылымда  оқушылар  еліміздің  өткенінен  мол  мағлұмат  ала  отырып, Қабанбай, Наурызбай, Райымбек  сынды  батырлардың  елі, жері  үшін  аянбай  күрескенін  кешегі  желтоқсан  құрбандары  Л.Асанова, Қ.Рысқұлбеков, Е.Сыпатаевтың  ерлігін  танып, үлгі  етері  сөзсіз.

Елін  сүю – әркімнің  жеке  ісі, өз  арының  ісі. Сондықтанда  жас  ұрпақты  отанды  қастерлеу  мен  ардақтауға, халықтың  мүдде-мақсатын  қорғай  білуге  тәрбиелеу біздің  басты  мақсатымыз  болып  табылады.

Пайдаланылған  әдебиеттер

1.Қазақ  халқының  салт-дәстүрлері,Алматы «Рауан» 1994ж

2.Н.Төреқұлов. Қанатты  сөздер, Алматы «Жазушы»  1977ж

3.Ислам  өркениеті  газеті  2004ж  №9

4.Х.Алтай  «Таңдамалы  хадистер», Алматы  2004ж

   

Қазақ халқының  сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру

Жеңсікбаева Гүлнар Нүрділдақызы, Технология пәнінің мұғалімі,Ш Уалиханов атындағы  № 127 орта мектеп –лицейі  Қызылорда облысы ,Шиелі ауданы

Қазіргі таңдағы мектепті дамытудың негізгі бағыты болып тұлғалық - бағдарлық білім беруге көшу саналады. Оның  ерекше сипаты балаға деген аялы көзқарастан, оның өзіндік қасиетін қолдаудан, оның білімдегі, руханилықтағы, мәдениеттегі, өмірдегі қажеттілігі мен сұранысын қанағаттандырудан, тұлғаның мәдени-ағарту кеңістігінде өзін-өзі көрсете білу тәсілдерінен байқалады. Тұлғалық - бағдарлық білім берудің мақсаты – тұлғаны жан-жақты мәдени дамыту болып табылады.

«Технология» білім беру саласы білімді де іскер адамды тәрбиелеуді талап етеді. Адамның қайсыбірі болмасын өзінің практикалық іс-әрекетінде әрдайым түрлі проблемалық тапсырмаларды шешеді. Қазіргі кезде оқушыларға меңгертілетін қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер түрлерін жүйеге келтіруде және оны оқытушылар тарапынан басқаруға байланысты бірқатар талпыныстар жасалуда. Бұл мектептің «Технология» пәні бағдарламалары бөлімдеріне қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер бағыттарын ендіруге байланысты туындап отыр.

Оқушылардың, соның ішінде 5-9 сынып оқушыларының технологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселесі арнайы зерттеулерде көрініс алмаған, әйтседе кейбір еңбектерде оқушыларды еңбекке, экономикаға, эстетикаға, адамгершілікке тәрбиелеу проблемасын қарастыруда ішінара талдаулар берілгені байқалады (Н.Н.Бондарева, Е.Н.Губанова, Л.Г. Савенкова және т.б.). Жоғары сынып оқушыларының тұлғалық технологиялық мәдениетін қалыптастырудың бірқатар бағыттары, атап айтсақ: аймақтық білім беру – тұлғаның технологиялық мәдениетін қалыптастырудың шарттары (И.А.Бажина), физика сабағында тұлғаның технологиялық мәдениетін қалыптастыру (Р.М.Чудинский) және т.б. зерттелген.

Халықтың сәндік-қолданбалы өнерінің тағылымдық мәні туралы кезінде  қазақ ағартушылары: Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин да айтып өткен. Мазмұндық сипаты мен өзіндік ерекшеліктеріне тарихшы-этнографтар (М.Қадырбаев, А.Оразбаев, Қ.Ақышев және т.б.), философтар (Ж.Әлібеков, Б.Байжігітов, Қ.Нұрланова және т.б.), өнертанушылар (Қ.Ибраева, С.Арғынбаев, Д.Шоқпарұлы және т.б.), филологтар да (Р.Шойбеков, М.Өмірбекова және т.б.) аса мән берген.

Демек, қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру қажеттігі мен оның ғылыми-теориялық негіздерінің және әдістемелік жабдықтарының жеткіліксіз деңгейде қарастырылуы арасында қарама-қайшылық анық байқалады. Қазақ халқының  сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастырудың тиімді педагогикалық шарттарын іздестіру біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты: «Қазақ халқының  сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру» деп таңдауымызға негіз болды.

Бүгінгі таңдағы жаңа технологиялық кезең әлеуметтік, экологиялық, экономикалық, психологиялық, эстетикалық және т.б. факторлар мен салдарларды ескере отырып іс-әрекеттердің нәтижеге жетудегі тәсілдерін ойлап табуды көздейді. Сондықтан әрбір адам өзінің іс-әрекетіне тәсілдерді ғылыми білімнің негізінде кешенді түрде таңдауы қажет. Ал, бұл болса технологиялық мәдениеттің болуын талап етеді.

Қазіргі таңдағы технология түсінігі адамның түрлі іс-әрекет саласын, осы іс-әрекет пен соған қажетті техникаға қызмет атқаратын білім жиынтығын көрсететін ерекше бір ұғым. Оны адамның теориялық білімді жүйелі түрде қолданудағы ұтымды іс-әрекетінің тәсілі ретінде сипаттауға болады.

Технология қайсы бір болмасын табиғаттың, әлеуметтік объектілер мен іс-әрекеттер туралы білімді түрлендірудің тиімді әдістері бойынша ғылыми-практикалық білімнің негізгі формасы ретінде алға шыға отырып белгілі мақсатқа жетуді қамтамасыз етеді. Оның әдеттегі ғылыми білімнен ерекшелігі, ол білім ретінде «не» деген, ал технологиялық білім ретінде «қалай» - деген сұраққа жауап береді.

«Технология» ұғымы түрлі іс-әрекет саласында қолданылатындықтан, оған осы жұмысқа байланысты нақты анықтама беру қажеттігі туындайды. Бүгінгі заман әдебиеттерде бұл ұғымды төрт деңгейде қарастыру ұсынылады: философиялық (анықтама өте қысқа нақты беріледі және онда міндетті түрде тектілік белгісінің болуы ескеріледі); пәнаралық (тектіліктен басқа көрнекі белгілері болуы қажет); қортындылау (ең алдымен кішігірім белгілер көрініс алады); эмпирикалық (бұл ерекшеліктер ұғымдарды практика саласында қысқарта пайдалану арқылы толықтырылады).

Біз өз зерттеуімізде «технология» - бұл жоспар бойынша және адамның, қоғамның, табиғатты қорғаудың мүддесіне негізделген болмысты, қуат пен ақпаратты оңтайлы түрлендіріп, пайдаланудағы мәдениет саласы» - деген философиялық деңгейдегі анықтаманы тірек етеміз және қайсыбір технология болмасын жалпыламалық белгілермен (адамдардың кез-келген іс-әрекетінің тәсілі болып табылады; түрлеріндіруші қасиетке ие; практикалық іс-әрекетте ғылыми білімді қолдану нәтижесі болып табылады) сипатталатынына тоқталамыз.

Технологияға көзқарастың өзгеруі мектептегі қазіргі технологиялық даярлықтың ерекшелігін анықтайды. Ол материалдық өндіріс саласына және адамның түрлі іс-әрекетін жүзеге асыруда меңгеретін тәсілдеріне бағытталады. Бұл оқушылардың технологиялық даярлығындағы ерекшеліктерді анықтауды және адамның іс-әрекетіндегі белгілерді ескеруді талап етеді.

Түрлеріндіру іс-әрекеті көптеген нақты формаларда байқалады және танымдық әрі құрылымдық-бағдарлы іс-әрекет мазмұнына қарама-қарсы келеді. Мысалы, егер танымдық іс-әрекетті объективті шындықты бейнелеу мен көрсету негізінде, білім алу процесі ретінде сипаттау болса, түрлендіру, негізінен жаңа, бұрынғысынан да жақсы өнімді, материалды және идеалды өнімді алуға мүмкіндік береді. Түрлендіру іс-әрекеті еңбекке қарағанда анағұрлым кең көлемде қарастырылады, ол тіпті іс-әрекеттің барлық формасын қамтиды және бұрын – соңды болмаған шынайы, әрі онды өзгеріс жасауға бағыттайды.

«Технологиялық мәдениеттің» тірек ұғымына жақындастыратын көпқырлы «технология» ұғымына жасаған талдау бізге ғалымдардың оған берген тұжырымдамалық тәсілдерін жүйеге келтіруге және оның жалпы белгілері мен мазмұндық сипатын (лингвистикалық, салалық, ғылыми, мәдени, жүйелілік) ашып көрсетуге септігін тигізді.

«Мәдениет» ұғымына келетін болсақ, ол әлеуметті-философиялық білімнің іргелі категориясының бірі болып табылады, оның ғылымда әлі де болса, нақты белгіленген теориялық статусы жоқ екені белгілі.

Әдебиеттерге жасаған талдау, мәдениеттануда зерттеудің екі бағыты қарастырылатынын көрсетеді: қоғамдық (әлеуметтік) мәдениет және тұлғалық мәдениет. Бірінші бағыттың өкілдері, мәдениеттің бейімділік функциясына яғни қоғамның өзін-өзі сақтауы мен дамуына аса назар аударады. Екінші бағыттың өкілдері мәдениеттің тұлғалық саласын зерттейді, адамға қарым-қатынас және іс-әрекет субъектісі ретінде, әрі оның шығармашылық белсенділігі мен өзіндік жетілуіне зейін аударады, мәдениетті тұлғаның өздігінен дамудағы тәсілі ретінде анықтайды. Бұл бағыттар әртүрлі мәдениет иеленуші субъектілерінің мәдени процестерін өзара толықтырады және өзіндік ерекшеліктерін мазмұндайды.

Мәдениет адамның іс-әрекетінің нәтижелері мен тәсілдерінің өзара байланыстылығымен сипатталады. Екінші жағынан, іс-әрекет өзінің барлық түрлері мен формаларында адамның мәдениетті жасау процесін, пайдаланылып жүрген мәдениет формаларын меңгеруін және жаңадан жасауын көрсетеді.

Мәдениет, өз кезегінде аса бір жалпылама формада  табиғаттың заңдарына, қоғамның сұранысына және қоғамдық өмір әрекеттерінің мақсаттарына сәйкес әлемді түрлердірудегі іс-әрекеттің қабілеті болып табылады. Осыған орай технология және мәдениет «табиғат – тәжірибе – адам – ғылым...»  адам әрекетінің жалпы негіздеріне, олардың техникалық құралдарда,  барлық әлеуметтік мәдени білімдерде жүзеге асырулу тәсілдеріне қатысты барлық жүйесімен өзара байланысты.

Мәдениет адамның материалдық-заттық, технологиялық, танымдық және т.б. дүниені меңгерудегі тәсілдердің көпжақтылығын көрсетеді. Ол жоғарыда аталғандармен шектеле қоймайды және жалпылама түрде тәжірибе барысында қалыптасқан және адамның табиғатқа тарихи дамыған көзқарасы, адамның өзіне деген көзқарасының өзгеруі ретінде сипатталуы мүмкін.

«Технологиялық мәдениет» түсінігі 1995 ж. Москвада «Технология» бағдарламасының проблемалары, перспективалары, жүзеге асыру және ендіру тәжерибесі» тақырыбына өткен 2-ші халықаралық конференция шешімінде пайда болды. Онда «тұлғаны дамытудың негізгі шарттарының бірі ретінде жастардың технологиялық мәдениетінің қажеттілігін бүкіл әлем мойындайды» делінген.

Технологиялық мәдениеттің құрылымы мен мазмұнын анықтауда біз, ол элементтердің динамикалық жиынтығын құрайды деген түсінікті тірек етеміз.

Технологиялық мәдениетті төмендегідей өзара байланыстағы құрылымдық компоненттер арқылы көрсетеміз: эмоционалдық-мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік.

Эмоционалдық-мотивациялық компонент тұлғаның түрлендіру әрекеті процесіне қажетті құндылық бағдарының, мотивтерінің, құзырлық іскерлігі мен адамгершілік-ерік қасиеттерінің кешенімен сипатталады.

Мазмұндық компонент тұлғаның түрлендіру әрекетінің әдістері мен тәсілдері туралы ғылыми және технологиялық білімінің жиынтығын құрайды.

Іс-әрекеттік компонент тұлғаның меңгерген білім, іскерлік, дағдысының негізінде алдыға қойған мақсатқа жетудегі әр түрлі технологияларды пайдалану қабілеті ретінде сипатталады. Диссертацияда аталған компоненттерге жан-жақты талдау беріледі және әр компоненттің мән-мағынасы, мазмұндық сипаты мен өзара байланысы ашып көрсетіледі.

Әдетте тұлғаның маңызды көрінісі, кешенді білімнің – технологиялық мәдениеттің компоненті сияқты ұзақ, адамның өмір бойына қалыптасады. Адам балалық шақтан бастап қазіргі қоғамның технологиялық мәдениетінің даму деңгейін көрсететін нақты білімді, іс-әрекет тәсілдерін меңгере бастайды. Технологиялық мәдениетті балалық шақта қалыптастыру айналадағы адамдарға еліктеуге негізделеді. Мектепке келісімен, бала технологиялық мәдениеттің әртүрлі компоненттерін меңгеруде және қолдануда саналы түрде меңгеріп алуды және белсенділікті талап ететін ортаға түседі. Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи теориясына сәйкес адам онтогенезінде сензитивті кезеңдер болады, осы кезеңде баланың бойында белгілі қасиеттерді қалыптастыру қажет етіледі, егер осы кезеңде қажетті қасиеттер мен сананы бала бойында қалыптастырмаса, онда оны соңында қалыптастыру қиынға соғады, кей жағдайда тіпті оны қалыптастыру мүмкін болмайды. Осыған орай мектептегі білім алу кезеңі тұлғаның технологиялық мәдениетінің негізін құрайтын, тұлғаның адамгершілік қасиеттерін, ойлау логикасын, жалпы еңбектегі іскерлігі мен дағдысын дамытуда аса пайдалы кезең болып саналады. Мектеп бітірушінің технологиялық мәдениетінің жоғары деңгейде қалыптасуы мектепте алған білімінің негізіне байланысты деп сенімді түрде айтуға болады.

«Технология» білім беру саласы оқушыларды практикалық оқытудың жаңа сатысы болып табылады. Бұл пән оқушыларды еңбекке оқытудың бұрынғы дамытудағы бағыттарын оқушыларға қоршаған ортаның техника-технологиялық саласы туралы толық мағлұмат беретін интеграцияланған бір моделіне жинақтайды, технологиялық мәдениетті саналы түрде меңгеріп алуға септігін тигізеді.

Соңғы жылдары «Технология» пәні оқушыларға білім беру саласында қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін меңгерту мәселесіне аса мән беріп отыр. Бұл орынды да, өйткені қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндіктерді өте жоғары.

«Сәндік-қолданбалы өнер» ұғымы ХХ ғасырдың екінші жартысындағы алпысыншы жылдардың ортасында пайда болды. Бұған дейін ол халықтың қарапайым түсінігінде, «қолөнер» ұғымының аясында қабылданып, пайдаланылып келді. «Сәндік-қолданбалы өнер», «қолөнерінің» өңделіп жетілген формасы іспеттес болғандықтан, екеуін бір-бірінен бөлектеп қарауға болмайды, керісінше, олар бірін-бірі мазмұндық тұрғыда толықтыра түседі. Оны «қол өнер», «сәндік-қолданбалы өнер» ұғымдарына берілген анықтама-түсініктер дәлелдейді. Біз ғылыми еңбектерде осы ұғымдарға берілген анықтамаларды жүйеге келтіреміз және сәндік қолданбалы өнер, өзінің бастауын қолөнерден алады, қолөнер туындыларының ою-өрнекпен әшекейленуі сәндік-қолданбалы өнердің пайда болуына себеп болады, деп ой түйіндейміз. Ғалымдардың (К.Әмірғазин, Е.Асылханов, Қ.Болатбаев, М.Мырзақанов, Ж.Балкенов, С.Жолдасбекова, Ұ.Әбдіғапбарова және т.б.) «сәндік-қолданбалы» өнер түрлері бойынша ұсынған жіктемелеріне де жан-жақты сипаттама беріп топтастырамыз.

Жіктемелердің ішінде біз Ұ.Әбдіғапбарованың жіктемесін толығымен қолдаймыз, өйткені бұл қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің атқаратын міндеттерін толығымен ашып көрсетуге, әшекейлік (ою-өрнектік) мазмұнын бір-бірінен ажыратып көрсетуге, өнер түрлеріне қарай сұрыптап пайдалануға, сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің кейбіріне толықтырулар ендіруге мүмкіндік береді. Мысалы, зерттеу мақсатына қарай біз Тоқыма өнері, Киіз өнері Кесте және тігін өнері, Ши өнері топтамалары аясын былайша толықтырамыз: кілем (түкті кілем, тақыр кілем, басқұр, желбау, бау; қоржын, аяқ қап); алаша (қақпа, бұхар, кежім, терме); бізбен тоқу (киім, тұтыну бұйымдары); ілмекпен тоқу. Киіз өнері: киіз (ақ киіз, от киіз; текемет (ақ текемет); сырмақ; аяқ қап, қоржын, жайнамаз. Кесте және тігін өнері: киім тігу, тұрмыстық бұйымдар тігу мен кестелеу түрлері. Ұлттық киімдердің түрлері: ұлттық сырт киімдер: (жадағай, шапан, жарғақ шалбар, күпі, сырмалы шапан, тайжағы, тон, ішік, шапан, шидем); сұлықтар: «аба, кебенек, кенеп, сырттық, шекпен);  іш киімдер (бешпент, дамбал, жейде, көйлек, камзол, шалбар, жеңсіз); ерлердің бас киімдері (бөрік, далбағай (жалбағай), жекейтымақ, күлапара, қалпақ, құлақшын, малақай, мурақ, тақия, тымақ, шалма); әйелдердің бас киімдері (тақия, бөрік, сәукеле, жаулық, желек, қасаба, кимешек, қарқара). Төсек жабдықтары: көрпе; шымылдық; төсеніш көрпеше; құрақ көрпе; жапқыш; ақ жайма. Ши өнері: орама ши (алаша ши, есік ши, жолым ши және т.б.); ақ ши (өре ши, мал соятын ши, ас шиі, қазақ ши, киіз басатын ши, қабырға ши және т.б.; шым ши (кілем ши, тұс ши және т.б.); шиден жасалатын тұрмыстық заттар (масахана, шыпта, қабырғалық, терезе жапқыш, шәйнек түп, кесе түп, қазан түп және т.б.).

Солардың ішінде «ою-өрнек» ұғымдық мәнін С.Қасиманов, Ұ.Әбдіғапбарова толық ашып көрсетті десе болады. Егер С.Қасиманов: «... «ою» деген сөз бен «өрнек» деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау, немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Қазақ көбінесе бір өрнекке салып қиып алған үлгіні, үлгіге салып кескен сырмақтың қиығын, сондай-ақ барлық қошқар мүйіз өрнектерін де «ою» дейді. Ал «өрнек» дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан, көбінесе «ою-өрнек» қосарланып айтыла береді» - десе, Ұ.Әбдіғапбарова: «қазақ ұлттық ою-өрнегі дегеніміз, адам өміріне қажетті заттарды, бұйымдарды, архитектуралық құрылыстарды сәндеуде, халықтың тыныс-тіршілігін, қоршаған ортаға көзқарасын, одан алған эмоционалдық-эстетикалық әсерін және ой-арманын, тілек-мүддесін әсем талғаммен өзара үйлесімділікте бейнелі жеткізуге ықпал ететін нақыштар» - деп ой тұжырымдайды. Екі түсінік те бір-біріне қайшы келмейді, керісінше, бірін-бірі толықтыра түседі, ою-өрнек ұғымынан толық мағлұмат алуға көмектеседі.

Сонымен, сәндік-қолданбалы өнер түрлеріне жасаған талдау оларды технологиялық мүмкіндіктеріне қарай жіктемелеуге (бұйымды жасау үшін қолданылатын материалына қарай,  бұйымдарды қолдануына қарай; дайындау әдісіне қарай; көркемдік әшекейленуіне қарай; мағынасына қарай) септігін тигізді.

Анықтау экспериментінің нәтижесі оқушылардың қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері түрлерінен білімінің төмендігін, «Технология» пәні сабағында сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің технологиясын жан-жақты меңгеруге, технологиялық мәдениетті қалыптастыруға байланысты  жұмыс формалары мұғалімдердің бұл саладан арнайы даярлықтарының жоқтығына байланысты ішінара қарастырылатынын көрсетеді.

Бұны мұғалімдердің  сауалнамаларға   берген   жауаптары   дәлелдейді.   Мысалы,  «Технология» пәні бағдарламасында берілген қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері технологиялық мәдениет проблемасын толығымен шеше алады деп ойлайсыз ба?» деген сауалға: 15% - «иә», 52% - «жоқ», 20% - «ойламаппын» деп жауапсыз берсе, 10% - сұрақты жауап қалдырды. Мұндай көрініс мұғалімдердің бағдарламаға енгізілген тақырыптармен ғана шектелетінін, оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселесінің шешімін өздігімен дербес іздестірмейтіндігінен туындап отыр. Сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарына жасаған талдау да қарастырылып отырған мәселеге аса мән бермейтінін айғақтайды.

Біз осының бәрін ескере отырып оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында бүгінгі негізге алынып жүрген 8-ші сыныпқа арналған «Технология» пәні бағдарламасының «Сәндік-қолданбалы өнер элементтері. Тігін бұйымдарының сән үлгілері», «Түксіз кілем тоқу» бөлімдеріне педагогикалық талаптарды, оқушылардың меңгеретін білім, іскерлік, дағдысын ескере отырып қосымшалар жасадық. Бұл бөлімдерге не  бәрі 16-20 сағат көлемінде уақыт бөлінетіндіктен (бұл әрине аз) біз қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері түрлерін оқушыларға меңгертуді үйірме сабағы арқылы жүзеге асыруды жөн көрдік. 5-9 сыныптармен кезеңдеп өтетін үйірме жұмысының жылдық жоспарын жасадық.

Бағдарламаларға ендірілетін сәндік-қолданбалы өнер түрлері тақырыптарының мазмұнын нақты өлшемдер арқылы (қарастырылатын мәселенің баланың жасына қарай түсінікті болуы, көркемдік құндылығы, орындалу технологиясының жеңілдігі) сұрыптадық.

Қалыптастыру эксперименттің бірінші кезеңінде «Технология» пәні  бағдарламасының бөлімдеріне арнап жасаған қосымшалар жүзеге асты. Оқушылардың анықтау эксперименті кезінде  берген жауаптарының нәтижесі, ұсыныстары ескерілді, сабақты меңгеру барысында киім тігу, кілем тоқу технологиясына, аса назар аударылды. Оқушылардың техникалық-технологиялық білімі мен іскерлігін дамытуға байланысты жұмыстар жүргізілді. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру моделін кезеңдеп жүзеге асыратын (ұйымдастыру даярлық кезеңі, көркем-конструкторлық, технологиялық кезең, қорытынды кезең) сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын жобалау кезеңдері айқындалды (2-сурет). Бұл кезеңдер оқудың барлық сатыларынан өтеді, оқушылардың дербестілік деңгейі мен оқу материалының күрделілігі сыныптан-сыныпқа өсіп отырады. Сәндік қолданбалы өнер технологиясы іс-әрекеттің нақты нәтижесін, оқушылардың танымдық және әлеуметтік қызығушылық бағдарын болжайтын практикалық-бағдарлық тәсілге негізделеді.

Қалыптастыру экспериментінің осы кезеңінде мектеп мұғалімдеріне арнап «Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері технологиясының өзіндік ерекшеліктері» тақырыбы бойынша семинар жүргізілді (10 сағат, оның 4 сағаты лекция, 6 сағаты лабораториялық-практикалық сабақтар). Мақсаты-мұғалімдерді қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің жасалу технологиясымен, технологиялық мәдениетті қалыптастырудағы мүмкіндіктерімен таныстыру және оларды оқу-тәрбие процесінде тиімді пайдалануға үйрету.

Қалыптастыру экспериментінің екінші кезеңінде үйірме жұмысының жоспарына енген тапсырмалар қарапайымнан күрделіге, жеңілден ауырға, жалпыдан жекеге қарай үйрету қағидалары арқылы жүзеге асырылды. Оны оқушылардың үйріме жұмысы барысында меңгерген білім мазмұны айғақтайды. Мәселен, егер «Ынталылар тобы» (5-6 сынып) үйірме жұмысында: құрақ құрау, кестелеу, бастырмалау технологиясын меңгерсе, «Іскерлер тобы» (7-8 сынып) ши тоқу, сырмақ сыру, киіз, текемет басу технологиясының қыр-сырын меңгеріп, оны өздері дербес жасауға талпынды, ал «Шеберлер тобы» (9 сынып) кілем (түкті, тақыр) тоқу, ұлттық бас киімдер жасау технологиясын меңгерді, оларды жасауда шығармашылық ізденіске бағдарлады. Оқушылардың меңгерген білім, іскерлік деңгейі кішігірім (естелікке ұсынатындай) «құрақ көрпе» жасау, «ши тоқу», «тақыр кілем тоқу», «Қазақтың дәстүрлі қолөнері» тақырыбына шығарма жаздыру арқылы айқындалды. Тапсырмалар бойынша жасалған бұйымдардың мазмұны оқушылардың қазақ халқының сәндік-қолөнеріне қызығушылығын арттырып, оларды жасау технологиясынан іскерлігін шыңдаса, шығармалардың мазмұны «қол өнер», «ою-өрнек», «сәндік өнер» ұғымы саласынан теориялық, технологиялық білімінің тұрақтала  түскенін, оларды күнделікті өмірде еркін пайдалана алатынын көрсетті. Алынған нәтиже оқушылардың «Технология» пәнінен алған білім, іскерлігін міндетті түрде үйірме жұмыстарында логикалық бірізділікте жетілдіріп отыру қажеттігін дәлелдейді.

Қалыптастыру экспериментінің барлық кезеңдерінде ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыс формалары мен әдістері (шеберлермен кездесулер, пікір-талас, дөңгелек стол, «Ою-өрнек өнері әлемінде» апталығы, «Ою-өрнек сыры» диспут және т.б.) оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруда елеулі рөл атқарды, жұмыс нәтижесі диссертацияда баяндалады.

1. Ғылыми әдебиеттерге (философиялық, психологиялық-педагогикалық, мәдениеттану) жасаған талдау әлемдегі әлеуметтік экономиканың түрленіп дамуына, әрбір адамның іс-әрекетін түрлендіруге талаптардың артуына және проблеманың теория мен практикада жеткіліксіз зерттелуіне байланысты жеткіншектердің технологиялық мәдениетін қалыптастыру проблемасының көкейкесті екенін дәлелдейді.

2. Оқушы тұлғасының технологиялық мәдениеті дегеніміз – оқушының түрленген іс-әрекетті тиімді жүзеге асырудағы субъективті шарттары болып табылатын жеке басына тән психологиялық ерекшелігі. Ол мотивтер мен құндылықтар жүйесін, қайта өңделген іс-әрекетті жүзеге асыруға қажетті ғылыми және технологиялық білім, іскерлік, дағды жүйесін, сондай-ақ осы іс- әрекетке ендіруге қажетті тәжірибені қарастырады.

Технологиялық мәдениетің құрылымдық компоненттері болып: эмоционалдық-мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік компоненттер саналады. Бұл компоненттердің өзара байланысы практикада анықталған, зерттеліп отырған проблеманың тұтастығын сипаттайды. Эмоционалдық-мотивациялық компонентінің қалыптасуына байланысты білім саналы түсінікпен, тиянақты меңгеріледі және іс-әрекет тиімді ұйымдастырылып, орындалады; мазмұндық  компонент іс-әрекеттің болашағын, оқушылардың өзара қарым-қатынас сипатын анықтайды; іс-әрекеттік компоненттің мазмұны мотивациялық саланың, құндылық бағдардың, адамгершілікті-еріктік қасиеттерінің дамуына ықпал етеді, ойлау әрекетін белсендендіреді.

3. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер түрлеріне жасаған талдау оларды технологиялық мүмкіндіктеріне қарай жіктемелеуге септігін тигізеді және оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруда аса маңызды рөл атқаратынын айғақтайды.

4. 5-9 сынып оқушыларымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстарға жасаған талдау оқу-тәрбие процесінде қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында жан-жақты пайдалануға болатынын дәлелдейді.

5. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру моделінің тиімділігі тәжірибелі-эксперимент жұмысының нәтижелерімен дәлелденеді.

6. Ұсынылған модельді төрт кезең арқылы жүзеге асыру (ұйымдастыру-даярлық кезеңі, көркем-конструкторлық кезең, технологиялық кезең, қорытынды кезең) оқушылардың өздігімен дербес жұмыс істеу деңгейінің өсуіне, оқу материалдарын сыныптан-сыныпқа біртіндеп күрделендіріп отыруға мүмкіндік берді.

7. Айқындалған және эксперименттік тексерістен өткен педагогикалық шарттар (қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер негізінде құрылған оқу материалдарының мазмұнын оқушының қызығушылығы мен мүмкіндіктеріне қарай сұрыптау; оқытудың белсенді формаларын, әдіс-тәсілдері мен құралдарын пайдалану; оқушылардың өзара әрекетін ынтымақтастық, өзара көмек, жұмысты бөліп беру (тапсыру) принциптеріне негіздеу) модельді тиімді жүзеге асыруда қажет болып саналады.

8. Тәжірибелі-эксперимент жұмысының нәтижелілігі қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениеті қалыптасуының өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері бойынша айқындалды.

9. Бағдарламаларға жасалған қосымшалар, әдістемелік нұсқаулар, ұсыныстар мұғалімдерге оқу-тәрбие процесінде қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер түрлерін меңгерту жағдайында оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруда үлкен септігін тигізді.

10. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін оқу-тәрбие процесінде пайдалануға байланысты мұғалімдермен өткізген семинар жұмысы олардың осы проблема саласынан білім, іскерлігін айтарлықтай жоғары деңгейге көтерді.

Жүргізілген зерттеу жұмысы күрделі де көпсалалы болғандықтан, оның бағытының бәрі шешімін тапты деуге болмайды. Алдағы уақытта қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері негізінде оқушылардың технологиялық мәдениетін сыныптан тыс іс-әрекеттерде қалыптастыру; қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға оқытушыларды даярлау және т.б. мәселелер зерттеуді талап етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  Оқушылардың өнертанымын жетілдірудің өзекті мәселелері. Білім-Образование. – Алматы, 2007. №4, – Б. 12-14.

2. Қазақ сәндік-қолданбалы өнерін эстетикалық-гуманитарлық пәндерде пайдалану.  – Алматы: «Әрекет-Print», 2007. – 56 б. (Ұ.М.Әбдіғапбаровамен авторлық бірлестікте).

3.  Болашақ мұғалімдерді өнер зерттеушілікке дайындау әдістемесі. Ізденіс/Поиск. –Алматы, 2008. №2, – Б. 39-42.

4. Сәндік-қолданбалы өнерді пайдалану жолдары. Қазақстан мектебі. – Алматы, 2009. №9, –Б.35-37.

5. Сәндік-қолданбалы өнер және эстетикалық мәдениет. Қазақстан мектебі. – Алматы, 2009. №10, – Б.31-33.

6. Сәндік-қолданбалы өнердің эстетикалық тәрбиедегі орны. Бастауыш мектеп. – Алматы, 2009. №10. Б.3-5. (Ұ.М.Әбдіғапбаровамен  авторлық бірлестікте.)

   

12 жылдық білімге көшу – заман талабы

Елтаева Күлайхан-№240 Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебі директордың кәсіби бағдар беру орынбасары, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылы

Еліміздің егемендік алған алғашқы жылдары бар күш жігерімізді экономикалық, әлеуметтік жағдайларды көтеруге салдық. Ендігі мақсат – сол экономикалық, әлеуметтік даму бағытымыздың әлем алдындағы бәсекелестікке төтеп беруі. Елбасының сөзімен айтсақ, «біздің стратегиялық міндетіміз – бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу». Ал өмір сүріп отырған қоғамның әл-ауқатын жақсарту және әлем елдерімен терезесі тең дәрежеде дамыту ондағы білім саясатының арқасында жүзеге асатыны белгілі.

Сапалы білім – ел эконимкасын, саясатын әлем алдында бәсекеге қабілетті болуға апаратын бірден-бір жол. Сондықтан заман талабына сай жаңа мазмұнда білім беруді ұйымдастыру 12 жылдық білім кеңістігіне шығудағы Қазақстанның жаңа ұлттық білім моделін қалыптастырудың тиімді жолдарын қарастыруында.

12 жылдық білім берудің негізгі мақсаты – еліміздегі білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын толықтай өзгерте отырып, заманына сай мектеп құру. Ал ол мектептің жемісі - өзгермелі қоғамға бейім, өз қабілеттерін толық көрсете алатын, өзі үшін де, өзгелер үшін де құнды жеке тұлға болмақ. Мектепті бітірген әрбір тұлғаның мақсаты айқын, міндеті нақты, өзінің қажеттілігін қанағаттандыруды көздейтін білім іздеуге қабілетті болуы тиіс. Сонда ғана ертеңінен үміт күттіретін өскелең ұрпақ өз елінің тәуелсіздік жемісін көрмек.

12 жылдық оқытуға көшу Қазақстандық білім беру реформасының стратегиялық міндеттерін ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді. Ал оның мәнісі шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық моделді дамытуға, «жалпыға арналған білім» үлгісінен «таңдауы бойынша білім алу» үлгісіне сапалы көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне енуді жылдамдататын тетіктердің бірі осы жаңа бағдарлама бойынша мектеп жағдайындағы оқыту болып табылады. Қазақстандағы білім беру жүйесіне түбегейлі реформалар жасауға себеп болғанда осы жаңа білім беру бағдарламасына көшу идеясы еді. Бұған бір дәлел Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі Тұжырымдамасының өмірге келуі. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Бүгінде 12 жылдық мектеп моделі анықталды, алайда оған көшу білім сапасының артуын өздігінен қамтамасыз етпейді, білім берудің мазмұнын қайта қарау талап етіледі және мұны бүгіннің өзінде жасау керек» деп атап көрсетті. Мұның өзі білім беру жүйесінің алдында үлкен міндеттер тұрғандығын білдіреді.

12 жылдық мектепке көшу жағдайында оның құрылымы оқытудың мақсаты мен міндеттерінің арасындағы байланысты, әрбір жас сатыларында оқушыларды тәрбиелеу мен дамытуды олардың психологиялық, физиологиялық және жас ерекшеліктеріне қарай қамтамасыз етуге тиіс.

12 жылдық жалпы орта білім беру үш сатыдан тұрады

1-саты – жалпы бастауыш білім беру (1-4 сыныптар – бастауыш мектеп)

2-саты – негізгі орта білім беру (5-10 сыныптар – негізгі мектеп)

3-саты – жалпы орта білім беру (11-12 сыныптар – жоғарғы мектеп)

Біздің болашақ түлектеріміз еңбек ететін жеке тұлғаны дамытуға бағытталған 12 жылдық мектеп оқушыға ғылым негіздерін үйретіп қана қоймай, әр оқушының бейімділігін анықтап, тұлғалық ерекшеліктерін зерттеуді басты мақсат етіп қояды. Мұғалімнің педагогикалық кәсіби даярлығы жеткілікті болып, алған біліміне сай жаңа технологияларды сабақта шебер қолдана алатын болса, алдына қойылған мақсаты айқын, дүниетанымы кең, соған орай алдында отырған шәкіртіне ақпараттар әлемінен қажетті білімді таңдай алуға үйрете білсе ғана тиімді нәтижеге қол жеткізе алады. Ағылып түсіп жатқан ақпараттар ағынынан қазіргі мектеп партасында отырған оқушылар өз бетімен өздеріне қажетті мәліметтердің жиынтығын алып, күнделікте өмірде алып, күнделікті өмірде пайдалана алады деу – жаңсақ пікір. Күнделікті оқу үрдісінде келешек ұрпаққа қажетті білімді ой елегінен өткізіп, сараптап, саралап тек мұғалім бере алады.

12 жылдық білім беруге көшу еліміздің білім саясатындағы келелі мәселелерді шешудегі нақты қадам болып табылады. Ортақ мақсат пен ұлттық мұратқа жеткізетін игіліктерге еліміздің әр азаматы құзырлылығына сай өз үлесін қосатын болса, онда ұлттық рухымыздың биіктеуіне, рухани санамыздың жаңаруына, нәтижесінде тың идеялардың тууына ықпал ететін парасатты орта қалыптастыратын боламыз.

Ол өркениетті елдердің озық тәжірибесін үлгі ете отырып, ұлттық құндылықтарға негізделген жаңа мектептен бастау алатыны сөзсіз.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.«Мектеп» 2010,№4

2.«12 жылдық білім беру» 2008, №6

3.«12 жылдық білім» - №3, 2010 жыл

4.«Бағдарлы мектеп» - №6, 2011 жыл

6.«Мектеп» журналы - №1, 2009 жыл

   

Бастауыш сынып мұғалімі бейнесі

Елтаева Роза-№167мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңарық ауылы

Бастауыш мектеп мұғалімі ерекше тұлға. Өйткені ол – балалар мен үлкендер әлемінің арасындағы сарапшы. Сондай – ақ ол баланың психологиялық құпияларын жетік біле отырып, білім береді, оны адам болуға үйретеді. Бастауыш мектеп мұғалімінің еңбегін өзінің мәнділігі бойынша ешқандай өзге еңбекпен салыстыруға болмайды, өйткені ол еңбектің нәтижесі – адам. Ең білгір, ең жауапты, ең негізгі болып табылатын сол мұғалімге отбасы мен қоғам ең қымбатты, өз елінің азаматтарының тағдырын, қоғам мен мемлекеттің тағдыры үшін жауап беретіндермен сипатталады. Бүгінгі мұғалім еңбегінің жемісі қоғамымыз да сондай болмақ.

Қазір «ХХІ ғасырдың мектебі мен мұғалімі қандай болуы керек?» деген негізгі сұраққа жауап ізделуде. Білім берудің ұлттық моделіне  көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, өз ісіне қатып қалған қасаңдылық пен жаттандылықтан аулақ, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог –педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Бұрын өз пәнімді жақсы білсем, аздаған педагогикалық әдіс – тәсілдерді меңгерсем, баланы өз еркіме бағындырсам, өте күшті педагог болдым деген тоқмейілсу орын алса, енді бұл көз қарасты мүлде  өзгертуге тура келеді. Өйткені қазір заман өзгерді, қоғам өзгерді. Бүгінгі балалардың мақсаттары да, құндылықтары да, табынатын идеялары да бұрынғыдан мүлдем басқаша. Өйткені олар ешнәрседен қорықпайтын, өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, романтик, көп нәрсеге сене бермейтін адамдар.

Өзекті мәселенің бірі: оқыту жұмысындағы ұлттық педагогиканың орны. Бұл өте күрделі мәселе. Сондықтан мұғалім өзінің әрбір ісінде әйтеуір ұлттық педагогиканы пайдалану осы екен деп орынды-орынсыз пйдаланбай, оқыту мен тәрбиеде оның орнын білу керек. Яғни, ұлттық тәрбиені білім негіздерімен ұштастыра, сабақтастыра отырып, баланың жеке қабілеті мен дарынын ояту, жетілдіру, шығармашылыққа, ісмерлікке баулу, халқымыздың ізгі қасиеттерін бойына сіңіру, имандылық, мінез – құлқын қалыптастыруда жүзеге асыру көзделу тиіс. Ең басты мақсат – оқушыларды сабаққа ынталандыру. Оқушылар сабаққа қызықты дегенше, іс оңайға басты дей беріңіз. Шәкірттерді пәнге, қала берді өтілетін тақырыпқа қалай қызықтыруға болады? Әрине, сабақты қызықты етіп өткізу айтуға ғана жеңіл. Оқушыларды еліктірерлік, еріксіз баурап аларлық сабақ өткізу қай уақытта да оңай шаруа емес. Бұл мұғалімнің белсенділігін, еңбекқорлығын, қабілеттілігінің қажет десеңіз дарындылығын қажет етеді. Әр мұғалім әр сабақты құштарлықпен, шабытпен өткізгенде ғана нәтиже беретін сөзсіз. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызығы қабылдауға дайын оқушының болуы. Біздің алдағы мақсатты ісіміздің бірі және негізгісі осы.

Бүгінгі күн талабының мектеп реформасында 12 жылдық білім беруге көшу мәселесінің ерекшелігі сол – 12 жылдық білім беру орталығы ғалымдарының зерттеулері бойынша жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер «Баланы оқытуға қалай үйрету керек?», «Ойлауға қалай үйрету керек?», «Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?» деген сұраққа жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуде мектеп алдына негізгі екі бағытты басшылыққа алады. Олар: 1 – бағыт: оқушының қабілет еске ала отырып жеке даралық бағытта оқыту, 2 – бағыт: оқушының потенциялдық мүмкіндіктерін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту.

Жаңа үлгідегі мектеп мұғалімі қандай болу керек деген сұраққа оның кәсіби шеберлігі жөнінде жалпы орта мектептің мұғалімдеріне қойылатын талаптарды басшылыққа ала отырып, негізігі талаптарды толықтырып жаңа реформалық үлгідегі талаптарды ұсынамыз. Бұл үшін мұғалімге педагогикалық мәселелер бойынша пәннің теориясы мен әдістемесі, педагогика саласы бойынша оның әдіснамалық негізін, ғылымның, танымның теориясы, әдістерін меңгеру оның кәсіптік сапаларының қалыптасуымен зерттеушілік қызметінің қалыптасуына өз септігін тигізеді. Сонымен, білім реформасы инновациялық – дидактикалық іс-әрекетті, инновациялық әдістерді және технологияларды, педагогикалық іс-әрекет субъектісінің дамуымен өздігінен дамуына бағыт беретін талаптарды түзеді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қазіргі мектептерге зерттеушілік – шығармашылық талаптарын толық меңгерген, қызығушылықпен баланың жеке тұлға болып дамуына өз үлесін қоса алатын, баланы өздігінен өмірге жетелейтін ақыл-кеңес беретін мұғалім қажет.

Оқу процесінде көптеген күтпеген жағдайлар болады.

Атап айтсақ: оқушылардың сабаққа үлгермеушілігі, ата-аналармен қатынас деңгейінің жеткілікті болмауы құрдастарымен келіспеушілік жақтары және т.б. Бұл мәселелердің шешімін мұғалім әрбір баланы жеке зерттей отырып, мәселенің себебін зеректікпен анықтай алады. Егер ол мәселелер шешілмеген жағдайда бұл психологиялық соққыға тек қана мұғалім немесе мектеп, ата-ана ғана емес, қоршаған орта, құрдастары да әсер етуі мүмкін. Сондықтан асығыс шешім қабылдаудан бұрын мәселенің мән жайын – толық зерттеп біліп алу тағы да мұғалім үшін жауапты нәрсе.

Сондықтан ұлы Абай атамыздың:

«Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға» - деп айтқанындай, мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінуіміз керек және өмір бойы ізденушілікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін  анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жете аламыз.

Мұғалім әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көз қарасы, психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Сондықтан әрбір ұстаз үшін оқу – тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. Осы ретте кейбір мәселелерді жаңаша көз қараспен қарастыруды жөн деп есептей отырып, мынадай эталонды атап өткенді жөн көрдік:

  • Сабаққа педагогикалық – психологиялық талдау жасау;
  • Дамыта оқыту жүйесінің мәні мен міндеттері;
  • Сабақты ұйымдастырудың педагогикалық – психологиялық негіздері;
  • Мұғалім жұмысының шығармашылық сипаты.

Көбіне педагогикалық қабілеттер сөз сөйлеу мәдениетін, ән айту, сурет салу, балаларды ұйымдастыру және нақты әрекеттерді орындай білумен сипатталады.

Мәселен, В.А. Сластенин қабілеттерінің мынадай негізгі топтарын бөліп көрсеткен:

  1. Ұйымдастырушылық. Мұғалімнің оқушыларды топтастыра алуы, оларды іске араластыру міндеттерін бөліп беру, жұмысты жоспарлау, атқарылған істің қорытындысын шығару және біліктіліктерінен байқалады.
  2. Дидактикалық. Оқу материалдарын көрнекілік, құрал – жабдықтарды іріктеу және дайындау.
  3. Рецептивтік. Тәрбиеленушінің рухани әлеміне ене алу, оларды эмоциональдық  көңіл – күйін объективті бағалау, психика ерекшеліктерін анықтау біліктерінде көрінеді.
  4. Коммуникативтік. Оқушылармен, олардың ата – аналарымен, әріптестерімен, оқу орнының жетекшілерімен педагогикалық мақсатқа сай қарым – қатынастар.
  5. Зерттеушілік. Педагогикалық ситуациялар мен процестерді танып білу және объективті бағалау білігінен көрініс береді.
  6. Ғылыми танымдық. Мұғалімнің педагогика – психология әдістеме салаларындағы жаңа ғылыми білімдерді меңгеруге қабілеттілігіне саяды.
  7. Гуманизм – мұғалім үшін міндетті сапа,яғни жетіліп келе жатқан адамға жер бетіндегі жоғарғы құндылық ретінде қарым – қатынасты, нақты істер мен қылықтарында көрсетеді.

Мұғалім жұмысының нәтижелі болуы, оның сабақтан шығармашылық әсер алуына байланысты. Жақсы жоспарланған, тыңғылықты дайындалған, жан-жақты ойластырылған сабақ мұғалімнің сол сабақты өткізу алдындағы көңіл-күй жасаңдығына байланысты өтеді.

Мұғалім үшін сабақтың мақсат мен тікелей байланыс, оны жақсы көңіл-күймен қабылдап, өзін сабаққа дайындау, сабақ алдында өзі жеке отырып, болатын сабақты көз алдын елестетсе өзіне белгілі бағыт алып, сабақты қиналмай өтер еді. Жаңа қоғам мұғалімі үшін өзінің шығармашылық жұмысына ұқыптылықпен қарау - нәтижелі сабақтың жағдайын жасау болып табылады.

«Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың еш нәрсені ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., мейлінше шешен, өнер - білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарын да, жат адамдарын да әділ ..., жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізгілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болу керек» - деп Әл-Фараби айтпақшы, келешекте біздің егеменді еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүру үшін, қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай, мектеп қабырғасынан-ақ жан-жақты білімді-тәрбиелі етіп шығару жолындағы басты тұлға – ұстаз.

Көреген

Инабатты

Аңғарғыш

Байсалды

Алғыр

Шешен

Сыпайы

Өнер – білімге құштар

Төзімді

Қанағатшыл

Кешірімді

Асқақ

 

Ұстаз моделі

ҰСТАЗ

   
   

Осы берілген модельдегі мұғалім тұлғасына қойылған негізгі талаптарды әрбір мұғалім тұрақты ұстанып отырса, мұғалімнің күш – қуаты, көңіл – күйі әрдайым жоғары болады да, сабағының сапасы артып, еңбегі де әрдайым жана түседі деп ойлаймын.

Әр мұғалімнің кәсіби мүмкіндігін дамытудағы шеберлігі – арнайы, білімдер, біліктер, бастауыш мектептің мұғалімінің жұмысын талдауда мұғалімдік шеберлік деп аталатын интегралды сапа алдыңғы орынға шығады. Мұғалімнің шеберлігі ол – тәрбиелеу мен оқытуды жоғары және ұдайы жетілдіру  өнері. Шеберліктің негізіне мұғалімнің жеке мәдениеті, білім мен ой – өрісінің педагогикалық техника, сондай – ақ алдыңғы озық тәжірибемен ұштасып, қорытылуы алынған. Шеберлікті меңгеру үшін көп нәрсені білу және істей алу қажет.

Теорияны білу, оқу – тәрбие үрдісінің тиімді технологиясын пайдалана білу,  оларды нақты жағдай үшін дұрыс таңдау, тиісті деңгейімен сапаны белгілеу, болжау және жобалай алу қажет.

Мұғалімнің шеберлігі, әсіресе, сабақтарда үйрете білуден байқалады. Шеберліктің тағы бір көрсеткіші – ол оқушылардың белсенділігін арттыра алуы, олардың қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс істеуін, білуге құштарлығын дамытуы. Балаларды сабақта ойнауға мәжбүр ете білуі.

Педагогикалық шеберлікті терең меңгерген нағыз мұғалімнің алдында білім алған бастауыш сынып оқушыларының бейнесі мынадай болуы тиіс:

Бастауыш сынып оқушысының бейнесі

Жүрегіне жылылық қалыптасқан

Білім стандарттарына сай міндетті, мүмкіндік деңгейіндегі білім

6. Еркін ойын айта алатын

Өз бетімен үйренуді мақсат еткен

Білімге деген қажеттілікті ұғынған.

Танымдық күші қалыптасқан

Мұғалімге жүктелетін міндет өте ауыр, тек өз ісіне берілеген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын ұлттық қасиетіміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Республикалық ғылыми – әдістемелік және ақпараттық – сараптамалық журнал «12 – жылдық білім» - №6. 2007ж.
  2. Бастауыш сыныпта оқыту барлық пәндер бойынша – 3.2007
  3. Бастауыш сыныпта оқыту – 8.2009
  4. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар-5.2011, 7.20117
   

Ата-анамен жұмыс түрлері

Жақыпбекова Күланда-№125 мектеп директоры, Қызылорда облысы, Жаңақорған қонысы

Сынып жетекшінің ата-аналармен жүргізетін ағарту жұмысының негізгіформалары. Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды.Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы-отбасы.Оның өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді.Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы-ата-анасы.Отбасы мектеппен бірлесіп оқу-тәрбие үрдісінің табысты не табыссыз болуын анықтайтын тәрбиелеуші ортаның факторларының маңызды кешенін туғызады.

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады.Сынып жетекшінің жұмысына отбасы мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің мәні мен маңызын,ұстанатын бағыттарын түсінеді әрі оған қатысады. Педагогика практикасында оқушылар ата-аналарымен мектеп пен сынып жетекшісінің жұмысының 5 түрлі қызметі анықталған.Олар:

1-қызметі. Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны мен әдістемесімен таныстырады.Алғашқы ата-аналар жиналысында сынып жетекшісі өзі ата-аналармен танысады және өзінің педагогикалық  ұстанымдарымен таныстырады,өзінің болашақта жүргізетін жұмыстарының бағдарламасымен, мақсат,міндеттерімен және тәрбие жұмысының жоспарымен таныстырады, өзекті мәселелерді бірігіп талқылайды.

Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне төмендегідей әрекеттер арқылы тартады:

Балалар мен олардың ата-аналарының шығармашылығының күні

Ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар

Мектеп пен сыныптың материалдық-техникалық базасын күшейту және сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыруға көмек көрсету

Шефтік көмек

Ата-аналардың мектеп кеңесі жұмысына қатысуы

2-қызметі.Ата-аналармен педагогикалық-психологиялық ағарту жұмысын

Ұйымдастыру.Оны келесі әрекеттер арқылы іске асырады.

Тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата-аналарға арналған мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру

Ата-аналар университеттері

Қызығушылықтары негізінде ата-аналар лекторийлері,дарынды балалар,қиын балалар,педагогикалық кәсіпті таңдаған балалар түрлі үйірмелерге қатысатын балалардың ата-аналары үшін деп өткізуге болады.

Сыныптық ағарту жұмыстары тәрбие міндеттеріне байланысты.Оқушылар мен сынып ұжымын жүйелі зерттеу бойынша оны түрлі формада мәселелік конференциялар,жеке және топтық кеңестер беру түрінде өткізуге болады.

3-қызметі.Ата-аналарды бірлескен әрекетке тарту.Оның формалары:

-Сынып жетекшісі ұйымдастырған сабақтан тыс барлық әрекетке қатысу (жорық,серуен,саяхат,жөндеу жұмыстары,сенбіліктер,турнирлер)

-Жалпы мектептік дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қатыстыру (түлектер кештері,туристердің мектептік слеті,мектеп бітіру кештері, ардагерлермен кездесу т.б)

Республика және оның шегінен тыс алыс жорықтарға шығуды немесе дайындауды ата-аналармен бірге жүргізу.

Оқырмандар конференциясы

Отбасылық ойын байқаулары

4-қызметі. Жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбиеге түзету жұмыстарын жүргізу.Алдымен отбасы тәрбиесін жүргізу бойынша психологиялық-педагогикалық кеңестер мен көмектер беру.Көп көңілді отбасындағы жиі кикілжің нәтижесінде психологиялық ахуалы ауыр және қиын бала өсіп келе жатқан отбасына бөлу керек.

5-қызметі. Ата-аналар белсенділері мен ата-аналардың қоғамдық ұйымдары мен өзара әрекет етуі.

Сыныптық ата-аналар жиналысы. Бұл сынып жетекшісінің жанұямен байланысының аса маңызды бір түрі. Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының жайымен және міндеттерімен ата-аналарды таныстырып отыру үшін мұндай жиналыстар оқу жылының басында,әрбір тоқсанның аяғында өткізіледі.

«Сынып жетекшісінің жұмысы туралы» методикалық хатта былай делінген: «Ата-аналар жиналысында педагогикалық оқу-ағарту жұмыстарымен қатар, мектеп пен жанұяда бала тәрбиелеудің тәжірибесін алмасу жүзеге асырылады,ата-аналар қолданып жүрген тәрбие әдістерінің сәтті және сәтсіз жақтары талқыланады.Өз балаларының тәрбиелеудегі кемшіліктерін әрдайым ұжымда талқылаудың қажеті жоқ екені туралы тәжірибелі сынып жетекшілері қорытынды жасауда.Себебі,бұл жерден нақтылық жағдайды ескеріп,ата-аналардың кемшіліктерін олардың өздерімен жеке әңгіме өткізгенде айтқаны дұрыс».

Сынып жетекшілері тақырыптық жиналыстарды да жиі өткізеді.Олардың мақсаты-ата-аналарды нақтылы педагогикалық біліммен қаруландырып жанұяда бала тәрбиелеудің алдыңғы қатарлы тәжірибесімен таныстырып отыру болып табылады.

Ата-аналар жиналысының құрылымы

Ата-аналар жиналысын өз уақытында бастауды қатаң сақтау керек.Ең ұзақ деген жиналыстың өзі шамамен 1-1,5 сағаттан аспағаны дұрыс.

1.Сынып жетекшінің кіріспе сөзі-5 минут

2.Ата-аналармен жүргізілген сауалнаманы талдау (сынып жетекші,психолог, мұғалім) қарастырылған мәселені айшықтай түсу үшін-5-7 минут

3.Тақырып бойынша сөйлеу:шақырылған маман немесе сынып жетекшінің өзі.Сөзі нақты,дәл тұжырымдалған,түсінікті болуы тиіс-5-15 минут.

4.Мәселені ата-аналармен бірге талқылау-20 минут

5.Сынып жетекші сынып үлгерімін талдайды.Алдымен жағымды нәтижелерден бастау керек.Талдау ата-аналармен бірлескен жұмыс арқылы жағдайды түзеуге болатынына көздерін жеткізетіндей,сенімді түрде айтылғаны жөн.

Қорытындылау барысында сынып жетекшісі ата-аналарға бірлесіп жұмыс жасағандары үшін алғысын білдіріп,рахмет айтуы тиіс және оқуында немесе тәрбиесінде қиындықтар туғызып жүрген балалардың ата-аналарын бір минутқа кідіре тұруын сұрайды да,жеке-жеке әңгімелеседі.

Тәрбие беру тәжірибесін алмасу жөніндегі конференциялар. Конференцияда жанұя тәрбиесінің барлық мәселелері жөнінде емес, нақтылы тақырыптар бойынша әңгіме өткізген жөн. Мәселен, конференцияларды мынандай тақырыптарға өткізуге болады. «Балаларды еңбекке қалай баулу керек?», «Жақсы оқу үшін біз балаларға қалай көмектесеміз?», «Мектеп оқушысының режимі», «Мектеп оқушысының мінез-құлық мәдениеті», «Мектеп оқушысының өзін-өзі тәрбиелеуі», «Бейімділік және мамандық таңдау», «Балалардың жазғы демалысы» т.б

Конференциялар шамамен мынандай жоспар бойынша жүргізіледі:

  1. Кіріспе сөз. Конференция өткізудің міндеттері мен тәртібі туралы сынып жетекшісінің кіріспе сөзі.
  2. Баяндама. Бала тәрбиесінің нақтылы мәселелері жөнінде ата-аналардың қысқаша баяндамалары.
  3. Пікір айтушылар. Тақырып бойынша ата-аналар өз пікірлерін айтады.
  4. Қорытынды. Мектеп директоры немесе сынып жетекшісінің конференция қорытындысын шығаруы.

Кейде конференцияға қатысушылар үшін тәрбие мәселелеріне арналған педагогикалық және көркем әдебиет көрмесі ұйымдастырылады, нұсқау материалдары баяндалады.

Ата-аналардың назарын қызу талқылауға аудару үшін конференцияға шақыру хатта талқыланатын негізгі мәселелерді атаған жөн.

 

Мәселен, егер конференция мектеп оқушыларының жанұядағы еңбек тәрбиесіне арналатын болса, шақыру қағазда мынандай мәселелерді атап көрсету керек:

  1. Мектеп оқушысы үйде қандай міндеттер атқарады?
  2. Бұл міндеттерді бала қалай орындайды?
  3. Дене еңбегінің дағдылары қалай қалыптасады?
  4. Балалар еңбекте елгезектікке, ұқыптылыққа қалай үйретіледі?
  5. Жанұядағы еңбек міндеттері қалай бөлінеді?
  6. Ашық есік күнін өткізу

1 Аптасына бір рет ашық есік күнін өткізген жөн. Өзім жетекшілік ететін үшінші сыныпта ашық есік күні деп сәрсенбі күнін белгілегенмін. Сол күні ата-аналар балаларының сабағына енеді, тәрбие сағаттарын көреді. Және әр балаға арналған «Ата-анамен байланыс» дәптеріне сабақ жайлы, баласы жайлы пікірлерін жазып кетеді. Ашық есік күніне барлық ата-аналар қатысу мүмкіндігі бар.

2                 Бала тәрбиесі қай уақытта болсада өзекті мәселе болып келе жатыр.

3               Нұр Отан партиясының ХІІІ сьезінде ел басымыз, президент Н.Ә. Назарбаев «Баланың бас ұстазы ата-ана» дей келе бала тәрбиені ең алдымен ата- анадан алатынын нұсқады. Ел басы сөзін жалғай келе ауылда өскен бала

4        мен  қалада өскен баланың  тәрбиесінде айырмашылық бар екенін салыстыра келіп, қалада өскен балаға ата-ананың қарауға уақыттарының аз екендігін айтып, бала тәрбиесінің ата-ананың назардан тыс қалдырмауының қажеттігін түсіндіреді. Ғалымдардың  дәлелдеуінше бала өміріне қажаттіні мектепке  дейінгі отбасындағы тәрбиеден алады, мектеп соны дамытады, санаға сіңіреді, өмірге  дайындайды.

5                           Халық даналығында:  «Баланы әуелі мейір – шапағатқа, онан соң ақыл – парасатқа, ақырында еңбек  пен ғылымға баулы», - дейді. Осы қағидаға орай дана бабамыз Бұқар  жырау: «Баланы туғаннан бес жасқа дейін хандай көтер, он бес жасқа дейін құлдай жұмса, он бес жастан кейін досыңдай

6        сырлас»  - деген екен. Баланың ақыл –парасатын дамыту үшін әрбір атқармақ жұмысты ата-ана, мұғалім баламен  ақылдасып мәслихатқа тартып отыру керек.

7        Ақылдасуда баланың оның ыждағаттылықпен  тыңдап, дұрыс ойын қабылдап, бұрыс ойына ақыл-кеңес беріп, түзетіп отыру қажет. Бұл айтылғандардың қай –қайсы да жүйелі білім алуға, тәрбие  бастауларын ерте бастан сіңіріп қабылдауға оң ықпал етеді. Асылы, жас ұрпаққа  отбасында берген тәлім –тәрбиенің өміршеңдігін уақыт, тәжірибе көрсетіп жүр. Әдептілікті балаға үйрету үшін ата-ана, мүғалім әуелі өзі әдепті болуға міндетті. Өйткені, он айтқаннан гөрі өздерінің бір   рет көрсетуі әлдеқайда әсерлі болады. Ақылды да парасатты, мәнді де мағыналы тәрбие алған жастарымыз көп болғай, әріптестер!

   

Қыз өмірдің қызғалдағы

Тұрсынов Насирдин -№ 168 орта мектебінің мұғалімі,Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қожакент ауылы

Халқымыз ежелгі әлімсақтан бері инабатты,  ару, нәзік жан деп құрметтеп келеді. Қазақ халқының салтында  қыз балалардың орынын белгілеп,  оларды жоғары әрдайым жоғары бағалаған.

« Қыз дегенің қонаққой ол  қашанда ,

Төбесінен  алтын  құйып бақсаң да ,

Шаңыраққа ие болып қалатын,

Ұлдың аты ұл ғой шіркін қашанда» - демекші халқымыз ұл баланы «келешек шаңырағымның егесі» «өрісімнің ұлғайғаны»  деп бағаласа, ал қыз баланы «қонағым» келді деп   сыйлайтын. «Қыз бала жат жұрттық» «Қыз мұраты кету»  деген ата-бабамыздан қалып келе жатқан асыл сөздеріміз осыдан туындаса керек. Сондай-ақ қазақ халқында  тағы бір дәлел ретінде қарастыратын болсақ , ер азамат үйіміздің отағасы. Осы отағамыз қай кезде болмасын, дастархан басында қыз баланы ер баладан жоғары отырғызған. Халқымыз қызды «қырық үйден» тыйып, болашақта басқа отауға барып қалған өмірін өзге отауда   жалғастыратын ару қызының ибалы, инабатты,сымбатты, тәрбиелі болуын қадағалап отырған.

Қазақ халқы қыздарын  жыл мезгілінің ішінде көктемде гүлдейтін әсем ағаштар мен гүл-қызғалдақтарға теңеген. Өйткені дүниеде тіршілік біткеннің барлығы да қайта жаңарып, айналадағы табиғаттың барлығы гүлденер кезінде қыз балаларымыз ғана емес бүкіл әйел азаматтарымыз да құлпырып сала береді. Демек бұл табиғаттың зандылығы.

Ақын-жазушы Махмұтбай  Әміреұлының қыздарға деген өлең шумақтарында

Құтты болсын мерекесі қыздардың,

Қыз дегенің қыстан кейін қызған күн.

Қыз дегенің келуі ғой көктемнің.

Еруі ғой жүректегі мұздардың.

Таралғандай тал бойының таң нұры,

Жайнағандай,жасанғандай жан гүлі.

Қыз дегенің арман бақыт өмір ғой,

Қыз дегенің барлығы ғой,барлығы.

Қыз дегенің емес, даңқ, атақ,ат,

Сусын да емес ішер шөлдеп, қаталап.

Қыз дегенің қуаныш қой, қызық қой,

Қыз дегенің махаббат қой, махаббат.

Кейде үнсіз, кейде тілсіз мұңданып,

Кейде күлер, кейде жүрер нұрланып.

Сұлу да ғой,сымбатты ғой арулар,

Қиын да ғой, қымбатты ғой бұл халық.

Қыз дегенде қуанарсың, шалқырсың,

Бақытына мас боларсың, балқырсың.

Қыз дегенің асылың ғой ардақты,

Қызды аялай білмегенді ант ұрсын- деп қыз балаларды  баға жетпес асылдарға теңеген

Кімде болсын өз баласын ана құрсағында жатқан уақыттан бастап. сонан соң дүниеге келгеннен кейін бесігінде тәрбиелейді.Басқаша айтқанда әйелдер өз перзенттерін бесігінен бесігінен бастап баулиды. Жалпы алғанда адамзаттың іргетасы әйел азаматшаларының алтын қолымен қаланады. Ендеше қыз баланың   заты әйел,  келешек ол ана.

Ақындардың бойындағы шабыттарын тулатып, ішкі жан дүниесін демде-ақ, астан-кестен ететін сұлулықтың иесі-ару қыздар.

. Г.Өмірбекованың   « қыздар, қыздар» әні 
Арулардың махаббаты – ізгі ары,
Шешілмеген жұмбақтай ғой бізге әлі.
Қыз Жібектей жаны сұлу тым нәзік,
Шіркін қандай қазағымның қыздары.

Қыздар, қыздар, сұлу қыздар,
Неткен ғажап сұлусыңдар,
Дархан көңіл, дәру қыздар!
Қыздар, қыздар, сұлу қыздар,
Аққу мойын ару қыздар,
Қыздар, қыздар, сұлу қыздар!

Самал желпіп маңдайдағы кекілді,
Олар жайлы сыр да талай шертілді.
Қарап тұрсаң көз тоймайтын сол қыздар,
Қырдың сұлу қызғалдағы секілді.

Бақыт нұрға бөленгенде сан алуан,
Бар сұлулық бір сендерден табылған.
Ақ маңдайлы ару қыздар тек қана,
Шын аялап, шын сүюге жаралған.

Өлеңде қыздарды асыл,нәзік,қырдың сұлу гүліне теңейді.  Ару қыздар – сұлулық пен әсемдіктің символы.  Қыздармыз махаббаттың белгісі.   Қыздарсыз адамзат ешқашан махаббат сезімін бастан кешпес еді. Тал бойында міні жоқ, жанарынан нұр шашып, тұла бойыңды өртеп жіберердей болатын әйел затынсыз ешбір ақын өлең, сазгерлер әуен жаза алмаған шығар. Көңілі әрқашан көктемдей болып, жаз келгенде жайдарлы мінез танытатын әйел әлеміне ену -ешбір жанның қолынан келетін шаруа емес.  Ақын  М. Махатаев ағамыз болса әйелдерді әдемілікке, әсемдікке теңеген. Оның жыр шумағында:

Әйелдерді еркектерден көп дейді,

Мейлің, мейлің,бола берсін көп мейлі.

Әйел деген әдемі ғой, әдемі,

Әдемілік бізге көптік етпейді - деген.

Көктем келсе құлпырып шыға келетін қырдың қызғалдақ гүлі секілді әдеміліктің символына айналған қыздарымыз бен әйелдер әлемі ешқашан  ашылмас бір сандық.  Пайғамбарымыз Мұхаммед Ғ.С жаннаттың кіліті ананың табанының астында деген  Аналарымыз, Қыз-келіншектеріміз, Қыз балаларымыз аман, өмір жастары ұзақ, көктемнің әсем гүліндей құлпырып жүре берсін.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Әлімсақ журналы 2011.3

М. Әміреұлы  Жылдар,Жырлар кітабы.

   

Ұрпақ денсаулығын шыңдау мен салауатты өмір салтын қалыптастыру

Акилбекова Кентай  Сарсембаевна.  О. Шораяқұлы атындағы №30 орта мектептің  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,  Қызылорда облысы   Қармақшы  ауданы

Resume

To grow the health of  teenagers  and healthy away of life

Young generations the future of our country, the person which configure our life. How if will be in future our teenagers? This is a popular theme in Kazakhstan. Generation for our life should take requires, wishes from all of sides.

Pupil took the kindness, beauty, cleanliness’ from environment, from family, from school.

One of schools’ work is now to spend summer holiday of schoolchildren.

The summer holiday, the child’s centre are main Centre to know the children’s ability.

Also sport games help to grow generations’ health and healthy away of life.

Diary regime, eating regime, morning exercises are help for the younger.

There are many things which  help for our generation.

  1. morning exercises
  2. Sport games
  3. Funny start
  4. National games
  5. relays games
  6. Tennis, chess, checkers games to organize
  7. Basketball, volleyball, football games

We can organizes many clubs of dispassion  conversation, which are dangerous for our health. For example  drinking al school,  smoking drug etc. Also we hare to agitate this actions on the  centre of the generation.

Healthy  away of  life  - the main plumbean economical  an important  problem of Kazakhstan From 1998 in Kazakhstan  there is a centre are works on it.

The main aim of the school is to teach students and to develop students health.

Societies main rich – person, persons main rich health. Actually person should help to the society  and person be healthy poverty.

We live in Kazakhstan. Kazakhstan is a young republic. The future of Kazakhstan must be bright, well. The future of our generation is health, health should be strong and the best.

 

Жас ұрпақ – еліміздің тірегі, мызғымас болашағы және өмірімізді тікелей жалғастырушы өкіл. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі қандай азамат болатыны мәңгілік тақырып. Бұл – білім мен тәрбиенің егіз ұғым екенін көрсетеді. Аса маңызды бұл іс орта мектептің, жас жеткіншектерге тәлім – тәрбие беретін орындардың еншісінде.

Тәрбие - өсіп  келе жатқан ұрпақты өмірге даярлаудың барлық жағын қамтитын, қоғамның талап – тілегіне тәуелді күрделі процесс. Оның  өзіне тән заңдылығы, қағидасы, ұйымдастыру формалары мен әдістері бар. Мысалы, тәрбиенің қоғамдық ортаның объективті, субъективті факторларына тәуелді болуы, жеке адам дамуы мен тәрбиенің байланыстылығы, тәрбиеленушілердің іс - әрекетін қоғамға пайдалы етіп ұйымдастыру.

Халықта «Әуелі – тұқым, сонан соң – күтім» деген асыл сөз бар. Сондықтан мектепте болсын, тынығу орындарында болсын оқушы басын бағалауға, денсаулығын сақтауға, тұлғаның өсіп - өнуінің сәтті болуына, рухани күтімге негізделуі қажет.

Дене шынықтырумен айналысып, таза ауада серуендеп, әрқашан жаман ойдан аулақ болу керек. Табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, қажетімізге дұрыс пайдалануды, денсаулығымызға зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз. Қолайлы орта адамның өз денсаулығын сақтаумен айналысады. Соңғы уақытта дүние жүзілік денсаулық ұйымы әлеуметтік және табиғи ортаға көп көңіл бөлуде, өйткені олардың денсаулыққа қолайлы жағдай тудыруының маңызы зор.

Әдеміліктің, сұлулықтың, тазалықтың, қайырым – мейірім, жанашырлықтың барлығын бала ең алдымен отбасынан, мектептен,өзін қоршаған ортадан алады. Осы орайда, балалар мен жасөспірімдердің  жазғы демалысын сауықтыру мен еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру шаралары мектеп жұмысының басым бағыттарының бірі болып саналады.

Оқушыны  терең  танып білуде, тиімді тәрбие жұмыстарын жүргізуде жазғы тынығу лагерлері, балалар орталықтарының рөлі ерекше.

Балалар орталығындағы жүргізілетін спорттық іс – шаралардың ұрпақ денсаулығын шыңдау мен салауатты өмір салтын қалыптастыруда маңызы бар.

Күн режимі, тамақтану режимі бой сергіту жаттығулары баланың сауықтыру жұмыстарын жақсартады. Денсаулықты шыңдау жолында төмендегідей жұмыстар жүргізуге болады:

  1. Таңертеңгі бой сергіту жаттығуы.
  2. Спорттық ойындар.
  3. Көңілді старт.
  4. Ұлттық қимыл – қозғалысты ойындар.
  5. Эстафеталық ойындар.
  6. Теннис, шахмат, шашка ойындарын ұйымдастыру.
  7. Баскетбол, волейбол, футбол ойындары.

Салауаттылықты насихаттау жолында адам өміріне зиянды заттар, ішімдіктің адам өміріне тигізетін зияны туралы, темекі мен алкогольдің денсаулық пен ақыл – есті тонаушылар екені туралы әңгіме, пікірсайыс, түрлі клубтар ұйымдастыруға болады.

Сонымен қатар жасөспірімдердің көзқарасына, талғамына, құштарлығына  олардың айналасындағылар, құрбы – құрдас, серіктестері ықпал етеді.

Балалар орталықтарында ұрпақ  денсаулығын шыңдау, салауатты өмір салтын насихаттау қажет.

Деннің саулығы, жанның тазалығы, тұлғаның сымбаттылығы адам денсаулығының белгісі. Деннің саулығы – елдің байлығы болмақ. Денсаулық та табиғаттың тартуы. Ендеше денсаулықтың қадірін біліп, оны жастайыңнан сақтаған дұрыс. Адам баласы қашанда салауаттылықтың сырын іздеген.

Тән тазалығы мен жан тазалығына жеткізетін денсаулықтың  құпиясы:

  1. Денсаулық пен сырқаттың негізі – ақыл – ойымыз.
  2. Біздің тыныс алуымыз.
  3. Шынығу әрекеттері.
  4. Дұрыс тамақтану.
  5. Күлкі – мәңгілік емші.
  6. Демалу күші.
  7. Тұлғаны түзу ұстай білу.
  8. Шынайы денсаулықтың болуы.
  9. Сенім күші.
  10. Сүйіспеншілік күші.

Қазіргі таңдағы еліміздің күн тәртібінде тұрған әлеуметтік – экономикалық маңызы зор мәселелердің бірі – осы салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Бұған дәлел 1998 жылдан бері Қазақстан аумағында салауатты өмір салтын қалыптастырудың ұлттық орталығы өз жұмысын жүргізіп келеді. Экологиялық ортаның нашарлауы кезінде салауатты өмір салтын насихаттау көп сөз болуы керек.

Оқу орнының басты міндеті – білім берумен қатар жан – жақты жетілген, денсаулығы мықты шәкірт тәрбиелеу.

Қоғамның басты байлығы – адам, адамның басты байлығы – денсаулық.

Сондықтан әрбір адам қоғамға, Отанына пайдасын тигізу үшін дені сау, күшті, епті, икемді, өмірге төзімді, жылдам қабілеттері болуы тиіс,  Денсаулықты сақтау үшін ең бірінші кезекте ойың, ниетің таза болуы керек. Баланың жан тазалығы денсаулығына әсер етеді. Денсаулығың жақсы болса, көңіл күй де көтеріңкі болады.

Өзіне және өзгелерге деген адал сезім, ақыл – ой салауаттылықтың негізі.

Денсаулықты сақтау мен нығайту адамның өз қолында.

Денсаулықтың мықты, жанының таза болуы адамның айналасындағы адамдарға қуаныш сыйлап, салауатты өмір салтын ұстануына да байланысты.

Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төменде, сырқаттанушылық және өлім – жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығына қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестілік, адамгершілікке жат мінез – құлық кеңінен етек алуда.

Денсаулық – тән, рухани және әлеуметтік  игіліктің жиынтығы. Денені үнемі шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктеу, рухыңды шыңдау – бәрі де денсаулыққа қызмет етеді.

Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан – жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойған.

Қазақстан азаматтарының денсаулығын  нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы Елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын алтын сүрлеу десе де болады.

Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, ішімдік, шылым шегуден  бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ж. Асанов.  Оқушы,  оның  дамуы және тәрбиесі. Қызылорда 1993 ж.
  2. Балалардың денсаулығын сақтау және жеке тұлғаның өсіп-өнуі.
  3. Мектеп директоры №2, 2010 ж.
  4. С. Назарбаева. Өзін-өзі тану кітабы.  2010 ж.
  5. Ә. Алдыбаева. Салауаттылық - өмір салты. Мектеп директоры №4, 2010ж.
  6. Ә. Өмешов.    Тән мен жан жарасымы. Алматы: Рауан.
  7. Педагогикалық ізденіс.  И. Н. Баженова. Алматы: Рауан.
  8. «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының  Заңы.

0
55579
3