ASh ҚаZақ Pro: «Қазақ тілі – қой бағудың тілі емес»

Бүгінгі кейіпкеріміз тағдырын музыкамен байланыстырып, сахна мен микрофонсыз өмір сүре алмайтын жас жігіт. “ASh ҚаZақ Pro” лейблінің негізін қалағандардың бірі, елімізге танылған рэп орындаушы Шыңғыс Әлкеев “Екпіннің” оқырмандарына қазақ рэпінің тарихы мен қазіргі жағдайы турасында әңгімелеп берді.

- Кәсіби музыкантсыздар ма?

- Кәсіби болғанда, дипломымыз жоқ. Басында бұл хобби болып басталған дүние. Уақыт өте келе дертімізге айналып кетті. Тастайық десек, тастай алмаймыз. Рэпперлер рэпті дерт деп айтады. Біз сол жазылмас, айықпас дертке шалдыққан адамдармыз. Бұны хобби деп те айтуға келмес, өйткені бұл өміріміздің бөлшегі. Жұмыс деп те айтуға келмейді, өйткені жұмыс емес. Сондықтан да, шынымды айтсам, бұл сұраққа жауап бере алмайды екенмін. Бірақ кәсіби сияқтымыз.

- Ән жазу, көпшіліктің алдында ән айту қашаннан басталды?

- Жеке маған келетін болсақ, мен рэпке 9-сыныптан бастап қызыға бастадым. Сол кезде ресейлік Дэцл, Шeff деген рэпперлер пайда болды. Кейіннен 2004 жылы Алматыға оқуға түскен кезде ақтаулық Жан, Бауыржан деген жігіттермен таныстым. Бұрын жазбаша ақын едім. Кезінде Шымкентте облыстық газеттерге жазған өлеңдерім шығып та жүретін. Өлең жазатынымды білген жігіттер: “сөз жазады екенсің, әнімен айтып көрші” - деді. Айтып көрдім, ұнап қалды. Осылайша 2008-жылдан бастап мен де рэп әлеміне кіріп кеттім.

- “Ash ҚаZақ Pro” тарихы жайында айтып берсеңіз.

- “Ash қазақ” басында студенттік кинофильмдер түсіретін орталық болған. Біз сонда фильм түсіретінбіз. Шағын, яғни қысқа метражды фильмдер түсіріп, түрлі студенттік фестивальдерге қатысатынбыз. Бірінші «Дидар» деген студентік кинофестивальден бастадық. Сосын «Шәкен жұлдыздары», Астанада өткен «Шабыт» фестивалі. Одан кейін біртіндеп осы рэпке ауысып, ойысып кеттік. 2009-жылдан бастап нақты рэппен айналыса бастадық.

- Неге “Ash ҚаZақ” деп аталдыңыз?

- “Ash ҚазZақ” - бұл лейбл немесе продюсерлік орталық. Былайша айтқанда, көптеген әртістерді біріктіретін ұйым. Басында ашылғанымызда Ақтау мен Шымкенттің жігіттері болып, жобаны бірлесіп жасадық. Сонда әр қаланың бастапқы әріпін алып, “Ash қаZақ” болып аталдық.

Қазір жалпы саны 15 шақты әртіс пен топтан құралғанбыз. Лейбліміз әлі құрылмаған кезде МС-лер орыс тілді болатын. Себебі рэпті сапалы оқитын, жақсы мәтін жазатындар солар еді. Ал қазақтар өте аз болатын. Уақыт өте келе, 2008-жылдан бастап қазақша хип-хоп батлдар ұйымдастыра бастадық. Сол кезде қазақша рэп оқитын жігіттер, қыздар көптеп көріне бастады. Соларды іріктеп, жинай бастадық та, орысша рэп оқитын МС-лерден бас тартуға тура келді. Өйткені қазақша рэпті дамыту мәселесін басты назарға алдық. Жастар арасында қазақ тілін насихаттап, оны сәнге айналдыруды мақсат етіп алдық.

Бүгінде өз мақсатымызға тура жолмен дұрыс келе жатқандаймыз. Бұрындары қоғамдық орындарда қазақша рэпті тыңдау деген ұят нәрсе-тін, қазір қарап отырсам, қазақша рэпті тыңдайтындар көбейді. Машиналарда да, базарға барсаң да, өзге жерде де қазақ рэпін айқайлатып қойып қояды. Қазақша рэп тыңдау енді ұят емес.

- Фанаттарыңыз көп деп естіп жатырмыз...

- Фанаттарымыз көп деп айтады. Бірақ бізге қашан да аз көрінеді. Қанағатшылдығымыз жоқ сияқты. Одан әрі көбейе берсін.

- Мысалы, қай облыста тыңдарман саны аздау?

- Шығыс Қазақстаннан бастап Қызылордаға дейін бардық. Орынборда да болдық. Маған Павлодарда фанаттарымыз аз сияқты көрінеді (күліп).

- Ал тыңдармандарыңыздың жасы нешеде?

- Концерт берген кезде байқап отырсақ, орташа шамамен 10-23, 24-ке дейін. Кейде тіпті 28, 29 жастағы жігіттер де келіп, «фанат едік» деп, суретке түсіп жатады.

- Ал концерт билеттеріңіздің құны қандай?

- Бізді қалаларға арнайы ұйымдастырушылар шақырады. Әр облыстың әлеуметтік жағдайына байланысты бағасы да әр түрлі. Бірінде 1000 теңге болса, бірінде 800 теңге. Негізінен ұйымдастырушылар баға саясатын өздері жүргізеді ғой. Ең қымбат билетіміз Тараз қаласында 1500 теңгеге сатылған.

- Қазақстандық рэп орындаушыларынан кімнің шығармашылығы ерекше ұнайды?

- Қазақстандық МС рэп орындаушыларынан ерекше құрметтейтін жігіттер бар. Солардың бірі ақтаулық Домалақ деген жігіт. Ол қазір Америкада жүр. Бұл жігіттің шығармашылығы өте жақсы, сапалы. Өскеменнің Хаттаб деген жігіті бар. Ол лирик, әрі рэпті де жақсы оқиды. Осы жігіттерді жеке атап өте аламын.

- Қазақ тілінде рэп оқитын қыздар бар ма?

- Ия, қыздар бар. Бірақ олар біз сияқты рэпке беріліп, “ауырып” жүрген жоқ. Себебі қоғамда қалыптасқан қазақи түсінік жібермейді: ұят қой, мені ешкім сосын алмай қояды деп (күліп). Көбісі тиіп-қашып жүр. Мысалы, Талдықорғаннан Сәнім, Байқоңырдан МС Love, Атыраудан Акося деген қыздар бар.

- Соңғы жылдары интернет пен ТВ-да “Buhar jerreau” атты отандық топ өз өнерімен көпшілікті таңқалдырып жүр, бұл орындаушыларға қандай баға бере аласыз?

- Ол жігіттердің музыкамен айналысып жүргеніне 13-14 жылдай болды. Бірақ енді ғана көпшілікке көрініп жатыр. Музыкасын да, клиптерін де өте сапалы жасайды. Бірақ олардікі орысша болғасын, аса тыңдай бермеймін.

- Әндеріңізді тыңдап отырсақ, хейтерлеріңіз көп дейсіз, шынымен де солай ма?

- Иә, өте көп. Көпшілігі «қазақ тілі рэпке арналмаған тіл», «қазақ тілі қой бағудың тілі» деген әңгімелер айтып отырады. «Киіз үйде тұрып, қой бағып, бешбармақ жеп жатыңдар. Рэпке араласпаңдар» дейтіндер де жетерлік. Біз осы түсінікті жою үшін барша күшімізді салып жатырмыз. Қазақ рэпі арқылы қазақ тілін жастардың арасында сәнді тілге айналдырғымыз келеді. Бәрі сәтті шығып жатқан сияқты.

- Қазақ әдебиетінің тарихын алатын болсақ, Қорқыт, Шалкиіз, Доспамбет секілді жыраулар халықтың сөзін сөйлеп, ежелгі қазақ философиясын құрған. Қарап отырсақ, рэп орындаушылар да көше философтарына жақын, әрі қарапайым халықтың ой-толғанысын шығармашылығы арқылы жеткізіп отырады. Мысалы, ресейлік “Каста” тобы, олардың рэптері поэзиямен үндес. Бұл бағытта жұмыс жасағыңыз келмей ме?

- Басында айтып кеткенімдей, бұрын жазбаша ақын болғанмын. Сол кезде өлеңдерімнің сөйлемдерін күрделі етіп, мағынасын тереңдетіп жазуға тырыстым. Соны жігіттерге оқып берсем, бәрі: «жақсы, жақсы» - дегеннен әріге бармайтын. Өйткені біздің тыңдармандар тың дүниелерге, философияға әлі дайын емес. Қазақша рэп енді-енді дамып келе жатыр. Сондықтан да біз бірден интеллектуалды рэп жасай алмаймыз, оны біртіндеп, мөлшерін реттеп беріп отыру керек. Қазіргі тыңдарман аса қатты ойланғысы келмейді. Оған нақты-нақты, қабылдауға жеңіл, бірден түсінетін рэп қажет. Тыңдарманымыз дайын болған кезде күрделі рэп, абстракцияны қолданармыз.
Бүгінгі ресейліктердің үрдісі - осы абстракті хип-хоп, бұл стиль сәнге айналып бара жатыр. Не айтып жатқанын түсінбейсің. Әйтеуір әдемі сөздер жиынтығын беріп жатыр. Оны әр тыңдарман қалай түсінгісі келсе, солай түсіне береді. Келешекте біз де осы стильді қазақ рэпіне әкелеміз.

- Ал тыңдарманды тәрбиелейміз, олардың ой-өрісін кеңейтеміз деген ойыңыз болған жоқ па?

- Көптеген журналдарға, телеарналарға сұхбат бергенімізде бізге: «сіздердің рэптеріңіз зорлық-зомбылықты, мәдениетсіздікті насихаттайды» - деп айыптап жатады. Бірақ музыка деген, біріншіден – көңіл көтеру. Тыңдарман оны тыңдаған кезде көңіл-күйі көтеріліп, демалуы керек. Мүмкін 10 жылдан кейін рухани құндылықтарымыз өзгереді, бала-шағамыз болады, сол кезде «жақсы адам болу керек қой, әндерімді балам естіп қалса, ұят болып қалмасын» - деген ойлар келгенде, өзгерерміз. Ал қазіргі таңда жасап жүрген жобаларымыз өзімізге ұнайды.
Тәрбие жайында аса қатты ойлана бермеймін. Әрине, ара-арасында бұзықтықты қойып, болашақты ойлау керек деп айтып қоямын. Бірақ ондай көп ақыл айтып, тыңдарманды депрессияға түсіру өз басыма ұнамайды. Онсыз да қазір халықтың жағдайы мәз емес.

- Сонда қазір тек сұранысқа жұмыс жасайсыздар ғой?

- Иә, әрине, сұраныс. Ең алғашында рэп жасап, ән жазып, интернетке шығаратынбыз. Сол кезде тыңдарманның пікірлері үшін ғана жұмыс жасағандаймыз. «О, жақсы жасадыңдар», «Молодцы, жарайсыңдар» - десе, мәз болып қалатынбыз. Ал қазір оған қанағаттанбаймыз. Қазір бізге концерттер керек. Халық не сұраса, соны береміз. Егер “өмір қиын, бәріміз өлеміз” - деп жылайтын әндер жаза беретін болсақ, концертке ешкім келмей қояды. Сондықтан да тыңдарманның сұранысына қарай жұмыс істейміз. Арасында өмірдің ащы келбеті жайында да бір-екі трек шығарып қоямыз.  Бірақ негізінде тыңдарманның сұранысын қанағаттандыруды мақсат етеміз. Себебі бұл бизнес.

Сұхбаттасқан Айнұр Ракишева

Төменде Шыңғыстың  YouTube-тағы "ASh қаZақ Pro-ның" арнасында жарияланған жеке сұхбаты.

Алия Arsik
27 қазан 2012, 14:44
18161

Загрузка...

Пікірлер

Дерттен айыға алмасаңдар, Вакциналар бар.
ASH KAZAK PRO-ға мақтану вообще жараспайды мактангандарынызды естігенде вообще "ТОШНИТ" ТАК ЧТО КОП МАКТАНА БЕРМЕНДЕРШІ!!!!! Түсіндіндер ма ???

мен бірак өзім орыс рэпін көбірек тыңдаймын
Айтпақшы, сұхбат күшті шыққан, Айнура жарайсың, сұрақтар қызықты) Шыңғыстың жауаптары да ұнады. Әсіресе мына жері: "Көпшілігі «қазақ тілі рэпке арналмаған тіл», «қазақ тілі қой бағудың тілі» деген әңгімелер айтып отырады. «Киіз үйде тұрып, қой бағып, бешбармақ жеп жатыңдар. Рэпке араласпаңдар» дейтіндер де жетерлік. Біз осы түсінікті жою үшін барша күшімізді салып жатырмыз. Қазақ рэпі арқылы қазақ тілін жастардың арасында сәнді тілге айналдырғымыз келеді." жанға жайды.
Шыңғыс өзі харизматичный екен, "Құдайға шүкір" трегі чем то "Крек"-ті еске салады. Жалпы Теңгемейкерс альбомы да сондай сарында. "Армандарым" деген ұнамады бірақ.
сенде темадасың ба?:)))
Arine, men temada bolmasam kim temada bolady:)
Karagym-au rapsiz omir mandi me...:)
Шыңғыстан өзге Жақау, Джихад Отбасыны тыңдап көр.
blyaaa Smitty ketkeni okiniwti endi G-force ne boladi? Reega '' MC Reega'' bolip keteme?
o.k.i.o productionnan batyska kurmet!!!!!!!rapti jasandar baurlar!!!!!!!smerch
men osy ash kazak pro leibly bolmai jatyp wetel repyn tyndaitynmyn al kazir kudaiga wukir ozimizdin kazaktyn reperleride osip kele jatyr
иә, Құдайға шүкір) мен де кішкентайымда Эминемді тыңдап өскем)) ал қазір өзіміздің жігіттер одан кем түсіп тұрған жоқ)
ииии не деген қыыыз:)
DyuzEr
4
0
Қазақша рэп тыңдауға болады. Бірақ бір кездері шыққан ДМХ деген топты есіме алсам тыңдағым келмей қалады. Рэпте міндетті түрде атам, қырам-жоям деген болу міндетті емес қой. Ең бастысы әдемі ритм, ұйқас және мағына...
ол енді кезінде болған нәрсе ғой, қазір әйтеуір түзеліп келе жатыр=)
JARAISYN WYNGYS, JAKSY JAUAPP KANAGANTANDRARLIKK))) ASH KAZAK PRO TAK DERJAT)) YA LUBLUASH KZ PROOO)))
Қара өленнің хас, шеберлері деп айтуға әліерте, бірақ "екпіні" жаман емес. тфай-тфай
ең бастысы Қазақсыңдар!!!!
аш казак пронын тындармандары 11block media ны тындаиды оиткен1 баллер аш казактан озып жатыр неге ? Оиткен1 баллер ом1рдег1 такырыптарды козгаиды ал аштарда такырып калмады!
saleem dostar! nu wto vy aitisip jatsndar VOWE! Shohan,Shyngis,Jakau- baride kazaktin maktaniwtari atandi. Endi oz aralarinda,yagni kazak pen kazak arasindagi VOINA bizdi alsiretedi! Lu4we ob`edinites`i baska elderge ustroite, i pokajite kto takie KAZAHI!!! ne tak li dostar
Жок Смитти кейде айтады Дэйман саякты Смитти алі G-Forсe та!!!Енді Ашказактарга келсек жарайсындар тездетіп Шизанын клипын шыгарындаршы коргім келіп жур!!!!!
ШЫНГЫС-ПОЗОРИЩЕ КАЗАХСКОГО РЭПА
мен бул топтын андерин тындап кормеппин бирак сухбат кушти шыгыпты. болашакта казакша рэп оте жаксы дамиды деп ойлаймын.
блеать а причем тут приставка ПРО?
Рэп ханымын дей ма :))) Ню-ню
Қазақстанда ерекше стиль жаңғырып келеді осы уақытқа дейін..Ол шыңғыс бауырым красава брат дәл осы бағытыңнан тайма!!!
Шыңғыс өте жақсы, тек анау Ақтаулық Жаңаөзендік жігіттермен күнде Ютубта боқтаса бермердер, өздеріңді түсіріп не керегі бар
oii bl999 shingistin otirik sozine senip jatsindarma kotakbas ol kasindagi adamnin barin kuip bitti wokandi laktirip ketti ozim almatida tursamda mangistaulik repti tindaimin adailardi sonin iwinde jakau smersh tobi magan katti unaidi akikatti jirlaidi kanwa asip tasin ash kazak barbir jakaudan tomensin jakau smersh otee katti ekeuin bir birlerin diss jazganda korinip kaldi senin eki juzdi kotakbas ekenin wingis wingiz fanattarim kop disin seni mensinbeidi kobi sen korkaksingooo barip mangistauga konsert koiwi mikti bolsan 1 adam kelmeidi konsertine mangistauga barsan kaitip aman kelmeuinde mumkin.... ash kazak mangistaulik jakau smerch ten tomensin kanwa jil rep aitsada xanmin dep aitpagan seniki ne xanmin dep jirtilasin ash kazak fanatim koptep jiritilmaw jakauga jete almaisin baribir xan dep xalik aitu kerek men aitat edim xan dep jakau smerchti
ASH KAZAK ққа разымын андерін өте жақсы көрем сіздердін бір андерінізді таппай жүрмін
Голодный казах!?))))))))
aaaa aitpakwi shyngys kazak rapinyn xanina jaramaidy... menin oyimwa kazak rapinyn xani Ba11er nemese T1LEK dep oilaimyn... ayip etpender
Жарайсың Шәке! Шынайы жауаптар:)
Tak adamdar!? bir zat suraiynshy! What the fuck!? eto sho takoe! vy sho ne uchites! vopshe? tupo pishite tok na Kazahskam! ln eto normalno! no vse zhe! WTF! nu ka idite uchites! English, Rus, China, Japan! go idite izuchaite drugoe!
Arsik
1
0
facepalm деп осыны айт :3
төрт реттен facepalm)
Sen solemesh! kazyr tema menym akyldygym turaly emes! Dura!
sinymen sen ne aytkyn kelip tur!? Ya chet ne ulovil "message" - Mr.freeman
Tak! ne dap zhatkandaryndy tusip zhatkan zhokpyn!-_-
оттамащ нақ! Ақылың көп болса, басыңа жағып алсай
Щегол епті, сен еркекпен әйелді ажырата алмай тұрсың ғо. Ақыл үйретеді ғо хехе. Сен оқыған нәрселерді біз жазғанбыз, білсең:)))))))))))
mmmm! a prichem tut English esli tut pola kaz polo Vk.com! a!? menshe v inete sidite lutshe 'Vk.com'!!!!! Zadroty!)))))
Айтабер блогтұғырының админі Қарасақал бұнда не ғып жүрсің? Әлде сенде рэп тыңдайсың ба?
идите, учите английский )))
қазақша рэп..... жаман емес!
Қазақстандық МС рэп орындаушыларынан ерекше құрметтейтін жігіттер бар. Солардың бірі ақтаулық Домалақ деген жігіт.

"Актаулык" деген созді кішкене сауатыныз болса улкен аріппен жазсаныз жаксы болар еді...
Arsik
2
0
сауатымыз бар, дәл сoл себептен «ақтаулық» деген сөзді кішкентай әріптен, «Ақтау» деген сөзді бас әріптен жазамыз.
Қазақша рэп --> facepalm (гугл в помощь)
Өзің түсінбестен сөйлей бересің бе Роман? Қазақша рэп тыңдап, баға беретіндей қазақша толыққанды сөйлейсің бе?
Eger qazakwa RAP tyndamasan' waruan' bolmasyn Roman!
PROHODI MIMO!
rap degen jaksy goi negizi))) birak kei kezde rapti tyndaudan jaligassyn,al A.K.Pronyn trackterinen jalikpai tyndaimyn,ozime jaksy aitatyn rapperlar MaSSada,Xattab,11block connection,Truman jane de G-Force.... raxmet ssenderge osindai rap jasap jurgenderine,densauliktaryn mikti bolsyn))))
Қазақ тілін барынша жан-жақты дамыту керек қой, не дегенмен қазақтің тілі нағыз құдіретті тіл ғой))
Рептериниз оте оте кушти,мен узби тындап журмин.Бирак Батыска келип реп аитпагандарыныз окиништи.Асиресе Актобе каласына.Мен сиздердин адал жанкуиерлериниз болгаимен..........Сиздермен бирге реп аиткым келеди,бирнеше репте жазып журмин.Менган Maximum мен Faiz дин дауысы унаиды екеуи топ курса дим........
АШ КАЗАК ПРО жарайсындар!!! Сендерд1н рэптарын всегда сапалы!!!!
Жарайсыңдар жігіттер өркендерің өссін!!!!
Шынгыс Базар жок жаксы. Брак ЖАКАУга жете алмайсын.
Ең бастысы қазақша! Дұрыс айтады анау чувак, еңбектену керек! Еңбектене беру керек. Районда брәтішкелер "иоу, хип-хап" деген сөздерді көп айтып жүр. Соларға ішімнен қуанам.
Олар өз тілінде тыңдайды, ал біз фифти мифти снубдоог деп өстік. Еңбектеніңдер ағайындар, еңбектеніңдер және сеніңдер! Басқа ештеңе қажет емес!
жеке өзім әлі күнге шейін АҚШ рэпері Game-ді тыңдайм! толық түсінбеим, бірақ мен оны мағынасы үшін тыңдамаим, мен оны тыңдағанда демалам, ойланам! рахмет!
Шынгыстын 1000 тректері ЖАКАУДЫН 1 ТРЕГІНЕ ЖЕТПЕЙДІ!!!!
Шынгыс отинем маган реп тындаган унайды. Бирак репте боктамыныздаршы...Подружкаларымда тындагысы келеди, бирак олар боктайтын болгасын кобине гуф сияктыларды тындайды егер тындаса...Шын айтам...боктамай-ак баскаша адеми айтуга болатын сиякты. Мысалы сиздин " кош енди жаным" т.б
Шығармашлықтарыңызбен енді танысып жатыырмын. Керемет екен, туындыларыңыз да ұнады. Сәттілік тілеймін !
Junpei
0
0
ашказаки такие ашказаки. И зачем это беспонтовое "Про"? Че за дешевые понты? Казахбаи из аула какие-то. Плохой реп.
пепельный казак. по аналогии к Ash-tray, видимо, героя незабвенного "Не грози южному централу"
если есть Ash-Тray, значит должен быть Ash-KaZaК.

ал жалпында - кызыкты интервью. :)
Какая нах "Алилуя"!?!? Казах кашаннан бастап алилуя деп Аллахка шукiршiлiк бiлдiрген??? "Iшкенiм алкоголь" - осыма казах жастарына айткысы келген осиетi?
Какой нах "Казах рэпiнiн ханы" - бул пафос не ушiн? Кезiнде, мен 13-15 болганда, бундай приколдар боп жаткан, "Хан" "Самый лучший на свете МС" "Gangsta" - бiрак онын барi жас кездегi прикол, не более!!!
Сосын сухбаттагы "Бунын барi бизнес" - то есть тупо бабло! Ал содан кейiн ондай адамдарды тындауга бола ма? Букiл жазган олендерi тек акша ушiн гана екендiгiн бiлгеннен сон!
ДМХ были куда круче!!! Ерболат красавчик! А мыналарын лажа, отiрiкшiлер!!!
Кезiнде Казахтын букiл ел-жерiн аман-есен сактап калган Батыстын Кiшi жузiнен салам!!!
dumayu solai bolad skora.............i ya veryu SENDERGE. s/l AIKERIM))))
Тыңдап отырсам, әндері де, дауыстары да жақсы екен! Осындай қазақтың талантты жастарын көргенде - қуанасың! Жарайсыңдар, жігіттер!!! Қанаттарың талмасын!
Yeleke
0
0
Адамдар мынау жонинде не ойласыздар: yeleke.yvision.kz
Мынауың оффтоп дегеннен басқа ой келіп тұрған жоқ!
Yeleke
0
0
оффтоп деген не?
ааа тусиникти! ия солай гой... алайда окып кориниздерде бизге косылыныздар))))))))))))))))
оффтоп деген тақырыптан тыс нәрсе, не в тему деген сияқты.)
Журналистің ізденгені көрініп-ақ тұр! Отандық рэп саласын ағынан жарылып айшықтайтын жігіттерді АЛЛА қашанда жарылқай жүрсін! Айтысымыз аяқ асты боп жатса, рэпке үміт артамыз! Бірақ АЛЛА ол күнге жеткізбес! Мақала ұнады!!!
Екпіннің кезекті қызықты, сапалы сұхбаты )
шынгыс жарайсын. Керемет сукбат болган,барша суракка орынды жауап.
Аш Казак Про тек алга!!рэпты тамаша айтасыздар!!!))
bizdin kogamga ali kunge dein matini shet tilinde orindalsa bolgani sol unaidi,al sol shet tilinde okilatin reptindde maginasin bilmei tindaitindar kop,olar ozderin ozge tilde rep tindasam krutoimin dep sezinedi,ozim biraz shet tilin bilgennen kein audarmasin maginasin da tusinip jatamin,tura sol dmx tobiim repterinen alis ketken jok,sol mahabbat sol kiram joyam degen kirtinbai sozder.
elimizde en tanimal reper erbolatti siylaimin,ote jaksi orindaushi,sol kisinin repterin tindagandi jaksi koremin,matinide ritm auenide bari jaksi en jogari dengeide.magan ol kisinin shigarmashiliginin unaitindigi ol sol shet tilinde orindaushilardin stilin kuip birak ozimizge jakin ademi kazk tilinde jazgani unadi.
jigitter sizderge tek kana alga,shigarmashiliktarin onege orlei bersin,biik shindardan korine berinder!!!!
eeeee bany vrod,,,wymkenttin kotine kirip boldyndar goi!!!!!!!wizanyki duryspa ne???kudai jok degeni?karo4e barine ash kaskyrdyn kotagyn koidym!!!!menimen kelispesen eger wyngystiki durys desender!!!mynkyldamai korsetinder nege kudyretti ekenderindi...
kazakh_pro_d@mail.ru eger awtarga janyn awysa oiyndy magan ait nemese disspen korset!!!!!!!smerch a.k.a jakau nagyz kazakh raptin xany!!!!!!!!!
Иа казiр рэп кобейдi келiсем , ал А.К ПРО га келсем олар нагыз куыскеуделер хакты ешкашан жырламаган халыктын мунын айтпаган ешкашан , келiсемiн бедел мен абырой бар сендерде , бiрак болiнгендерiн дурыс емес жiгiттер,халык пен тындарман нелiктен жек корет сендердi , ойткенi аркайсысын кара бастарынды ойлап калгансындар , Ал Шынгыска келер болсак ол астаналык Шоханмен бiрiгiп жумыс жасады , ал сонында Шынгыс Шоханды лактырып кеттi , сонынан дисс жазды , бирак биффтен утылып калды , осы кезде онын атаккумар екенi корiнiп калды
"Кудайга шүкір" деген олені, шынымен де не в тееееему екен... білмейм маган унаган жок айтеуір..."Алилуя" дегені несі...
Чо к чему ёпт. Удаляют комменты которые не нравятся. Круто чё.
Arsik
0
0
о каких комментах идет речь?
Жакау жыртып тастадыго мынаны
Жақсы сұхбат! Толыққанды түсінікті сұрақтар қойыпсыздар. Шыңғыстың Бұқар Жырау орысша айтады сондықтан оларды тыңдамаймын деген сөзі сұнады. :)
winin aitsam unamaisindar Smittyge bbzr jok
al kalgandarina Fuck!!
рэп жанры өзіме жақын, тыңдағанды ұнатамын, Аш Қазақтың әндерімен осы материал дайындау барысында таныс болып, бізде де осындай сапалы рэп жасайтындар бар екен ау деп таңданған болатынмын. Екі әндері менің сүйікті әндерім қатарына қосылды. Күн сайын тыңдаймын. Сөздері рэп тактысына орай жақсы үйлестірілген, соған таңданам, қалайша бәрін үйлестіре білген деп. Ал Аш Қазақ рэперлері болса, ашық, жасқануды білмейтін, көңілді жігіттер екен) бір сөзбен айтқанда, олар менің көңілімнен шықты, баурап алды:)))
базар жок мыкты казір ASH KAZAK курметтеим сендерді
Мен әрдайым Шыңғысты мақтан тұтам!Өйткені Шыңғыстың рәпке деген маңызы зор және қызығушылығы артқан!Қазақстанда қазақ рәпке ерекше ден қойған керемет рэперлердің бірі Шыңғыс.Алдағы кезеңде де бұданда адам ойына кірмейтін стильмен жаңғырады деген үміттемін.Жарайсың брат.Бұл мен Маңғыстаудан РОМАН.мені танисың екеуміз байланыс телефон арқылы тілдескен болатынбыз!көріскенше...
Да Джеку что-то любит приглушить =)
Аш казак про жигиттерию,
Ар облыстын жигиттери,
Сыйлаймын мен жигиттерди,
Казак Рэпти денгейин котерген солар еди!!!!
Respect wam Ash QaZaQ Pro Ot MaGa
A.K.Pro best of the best и точка. А кто не согласен, тот пусть катится к черту!
Самат Өмірбеков мен сізбен келісем
СЕНДЕР MTV-ГЕ КАШАН ШЫГАСЫНДАРРР???????
Жақсы жақсы, бір рет тыңдауға болады.
Шыңғыстан керемет продюсер шығат. Ол ашқазақты танымалды қыла білды, ол християнин де мұсылманда емес ол жай заманауи қазақ. Рэптерін осындай заманауи рухта кәзіргі өмірдің шындығын жазады, бұл жеке басыма ұнағанымен қазаққа керегі ол емес сияқты.
ACTIV
0
0
Ел не демейді (көтенім) шөп жемейді деген екен атам қазақ, Жігіттер бағыттарың дұрыс қолдаймын! реп жастардың қызығатын өнері, осындай кеңістік бос тұрса орынын шет елдің жігіттері басып алады, жастар да солардың артынан кете барады, Онсызда орыс отарынан шала жансар алып шыққан қазақ тілімізді қызықсыз тартымсыз шалдардың ғана тілі қылып алсақ қазақ ұлты деген атымызғана қалып затымыз орыстанып кете барамыз, Адам тұлға болып қалыптасу үшін бойдағы қасиетке сүиенеді,Ең басты қасиет бойларыңда бар екен айтқан сөздеріңмен істегеністерің соған дәлел, Бізге керексіңдер ,ұлттың болашағы үшін керексіңдер,
Смиттидің Найман жайлы өлеңі барма
Орталык казакстанда каражал про бар.жане ол прога ешкандай пролар жетпеиды.мен шоханга ,шынгыскада тiптi батыскада тукiргенiм бар.болашакта жана тонкерiс жасаймыз жане барлыгын жыртамыз.!bekasyl.90@bk.ru
Маган оте катты унада соз жок..............
"аш қазағы" несі, құдай- ау?????Қазақты аштықтан сақтасын!!!Қара бастарыңа көрінсін!

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Свыше 10 известных университетов приглашают его обучаться зарубежом, но выбор будет оставаться за Сакеном. Он выберет обучение The University of Edinburgh и отправляется в эту удивительную страну...
socium_kzo
30 нояб. 2016 / 11:06
  • 10102
  • 8
Кто хочет стать тоқал? Замужние осуждают их, но не смотрят в корень

Кто хочет стать тоқал? Замужние осуждают их, но не смотрят в корень

Ведь одинокие женщины тоже нуждаются в сексе и не все из них имеют устойчивые моральные принципы. Я за институт многоженства не в том понимании, чтобы брать в жены молодых 18-25 летних девушек...
Zhannamakey
26 нояб. 2016 / 12:52
  • 4535
  • 60
Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

В чем уникальность этой личности? В чем его успех или провалы? Эти вопросы требуют глубокой аналитики и исследований. Я же хочу рассказать о Нурсултане Абишевиче глазами рядового кыргыза или...
maxes
1 дек. 2016 / 8:05
  • 3529
  • 13
О переименовании столицы: Казнет не зря взорвался едкими комментариями

О переименовании столицы: Казнет не зря взорвался едкими комментариями

Сеть облетело очень символичное видео, где г-ну Султанову в ходе пресс-конференции прямо задают этот вопрос. «Вы советовались с народом?!» – спрашивают его журналисты. На что депутат так и не смог вразумительно ответить.
openqazaqstan
28 нояб. 2016 / 14:35
  • 3235
  • 15
Когда на тебя смотрят как на говно. На работе многие считали, что они выше меня уровнем

Когда на тебя смотрят как на говно. На работе многие считали, что они выше меня уровнем

Дело было летом 2012 года. Мне было почти 20 лет, жил я от сессии до сессии довольно весело. В голове машины, клубы, тёлки. Жизнь размеренная и неторопливая. Вдруг мне приходит в голову идея...
almatinec_92
28 нояб. 2016 / 16:57
Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Давно ждал запуска электронного билетирования в общественном транспорте Астаны. В ноябре 2016 года этот день настал. Мой опыт насчитывает последние 2 недели и мне есть чем поделиться. Она не...
iamYerlan
1 дек. 2016 / 15:24
  • 2655
  • 10
Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Недавно пролетал через аэропорт Амстердама - Схипхол. Так как улетал из аэропорта Алматы, то не мог не начать сравнивать эти аэропорты.
Superkurt
30 нояб. 2016 / 10:09
  • 2775
  • 12
Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Как сообщают новостные издания, в ближайшее время в Южном Казахстане 102 детям в возрасте 11-12 лет сообщат об их страшном диагнозе. Все эти дети были заражены ВИЧ, причём большинство было инфицировано по вине врачей.
openqazaqstan
вчера / 13:57
  • 2463
  • 0
Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Президент Назарбаев предложил амнистию для совершивших преступления небольшой тяжести несовершеннолетних, пожилых, женщин и других социально уязвимых категорий осуждённых
openqazaqstan
30 нояб. 2016 / 13:45
  • 2642
  • 19