Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
01:06, 16 марта 2012

МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ

Бұл өмірге келгенен соң,

Елшісіндей шет елдің,

Миссиямды аяқтамай,

Қалай ғана кетермін,

Халық деген  патшама,

Немен жауап етермін,

Дәнекер боп жүргенімде

Арасында екі елдің,

Мәмілемнің нәзік жолын,

Үзіп алсам  нетермін.

Не де болса  нар тәуекел,

Нар тәуекел  көтердім!

****

 

Жастық

 

Ойлайыншы, не берді жастық маған?

Үйрет деп асау берді бастықпаған.

Жастық маған от берді жалындат деп,

Жастық маған  оқ берді жауыңды ат деп.

 

Жастық менің жаныма жыр байлады.

Жастық мені  жалтыратпай шыңға  айдады,

Жастық  мені шындады, шынықтырды,

Жастық шіркін өмірді шын ұқтырды.

 

Ризамын жастыққа, текке өтпеді,

әзір тұр гүл бағымды  көктеткелі.

Жастық маған  ақыл ой, сана берді,

Амал не, жастық  өзі  қалады енді

   

Армысыңдар, адамдар!

 

Күн батты ма,  түн келді ме,  таң атты ма қайтадан,

Құдіретті  тірлігіңе  кірістің бе қайта, Адам?

Арма, өмір,  бар әлемді  бауырына алып шайқаған!

 

әрбір әріп қаңға шомған тарихыңа  қараңдар,

Отырардай опат  болған  қала жоқ па, жараңдар?

Тату тәтті  бармысыңдар, армысыңдар, Адамдар!

әлем  дархан, саялаңдар,  бәріңе де  орын бар,

қорған емес, салтанатты, сәнді сарай соғыңдар.

Ей, адамдар, сендер тату, сендер тату болыңдар!

 

Анамыз жер, сол Анадан  жаратылдық, туыстық,

Алайда  біз  қан да  төктік, қалжырадық, ұрыстық...

Армысың,  сен,  арамызда  жалғыз перзент Тыныштық!

****

Махаббатым өзімде

 

Жүргенде қатал тұрмыс илеуінде,

Білмеймін, сүйдім  бе мен,  сүймедім бе...

Жастықта  жалын атып сүйсем егер,

Түспес ем дәл мынадай  күйге мүлде.

 

Мен нағыз махаббаты армандаймын,

Оны мен жоғалтып та алғандаймын.

Ақ қаздар арасынан аққуымды,

Ажыраты білмеген сормаңдаймын.

 

Өтінем  сенен ғафу, асыл  жарым,

Көрсетпе  тарпаң мінез, тасынбағын.

Сен  менен өт іздеме, құрмет ізде,

Өртеніп  жана жана  басылмағын

       


0
1663
2