Мекен-жайы: Абай көшесі, 14.
Кітапхананың жұмыс кестесі:
Дүйсенбі-сенбі: 9.00 – 19.00
Жексенбі: демалыс
Әр айдың соңғы жұмыс күні – тазалық күні.
Кітапханаға тіркелу үшін:
- жеке куәлік
- студенттік билет
Кітапханада:
интернет - 1 сағат – 150 тг.
ксерокопия – 10 тг.
сканер – 30 тг.
библиографиялық ақпарат іздестіру: 1 ақпарат – 25 тг.
библиографиялық анықтама: 1 анықтама – 70 тг.
Электронды іздеу каталогы бар.
Тамақтануға ыңғайлы асхана бар.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы 1931 жылы 12 наурызда Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы (ҚАКСР) Орталық Атқару Комитеті Президумының «ҚАКСР Мемлекеттік көпшілік кітапханасын ашу» туралы Қаулысы негізінде құрылған. 1931 жылдың 5 мамырынан оқырмандарға қызмет көрсете бастады.
ҚР Ұлттық кітапханасы халықаралық кеңістікте әлемдегі ірі кітапханалардың бірі ретінде танымал. Кітапхана ғимараты 1971 жылы арнайы жобамен салынған. Алматы қаласындағы отандық сәулет өнерінің озық үлгілерінің бірі ретінде мемлекеттік маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің Мемлекеттік тізіміне енгізілген.
Кітапхана оқу залы
Оқырмандарға 1,5 мың орындық, 14 оқу залы қызмет көрсетеді. Жалпы кітапхана 12 бөлімнен тұрады:
- Каталогтар бөлімі
- «Қазақстан кітаптары» бөлімі
- Әлем әдебиеті бөлімі
- Өнер бөлімі
- Мерзімді басылымдар бөлімі
- Анықтама-библиография бөлімі
- Электрондық басылымдар залы
- Мұнай-газ ақпараттық ресурстары залы
- Кітапханатану залы
- Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар бөлімі
- Диссертациялар бөлімі
- Мәдени-бұқаралық және көрме жұмысы бөлімі
Айнұр Жандосова, Қазақ Ұлттық педагогика университетінің 3-курс студенті, география факультеті: "Бұл кітапханаға көбінесе сабақ барысымен келемін. Менің мамандығым туризм болғандықтан бұл жерден осы салаға байланысты көптеген кітаптарды оңай табуға болады".