Тікелей эфир

Қысқы Jazzystan

«Қазаққа жат мереке» деп жүрген күні, яғни 14 ақпанда еліміздің музыка сүйер қауымы кезекті Jazzystan фестивалін асыға күтті. Біз де бұл шарадан қалмай, фотоаппарат пен диктофонымызды ала салып, мәдени шараға асықтық. Бұл жолы Рустам Оспанов бастаған ерекше фестиваль «Қазақстан» қонақ үйінің ғимаратында өткізілді.

Фестиваль басталмай тұрып, холлда сатылып жатқан әсем handmade жұмыстарына көзіміз бірден түсті. Бұл әшекей бұйымдардың дизайнері Әсел Хожа екен.

Музыка мерекесіне келген жандар ерте жиналып, Soul, Jazz, Latin & Brazilian Music сияқты сүйікті әуендерді асыға күтті. Өнер де жас талғамайтын болар, концертке жастар да, кішкентай балалар да, үлкен кісілер де келген болатын.

Ең бірінші болып, сахнаға алматылық “SOME TOIR" атты топ шықты.

Бұл топ 2011 жылдың басында құрылса да, дәл қазір көптеген тыңдарманға ие. Бір сағат бойы өз концертін орындап шыққан топтың солисті Таир біздің сұрақтарға былай деп жауап берді:

- Таир, сіздің Jazzystan-нан алған әсеріңіз?

- Бұл фестивальді жақсы көремін. Себебі оның ұйымдастырушысы - досым Рустам Оспанов. Оның батыл шешімдеріне, тәуекелділігіне қайран қаламын. Фестиваль өткізу орнын, демеуші, музыканттарды тауып алу, келісу жағдайларын әрдайым сәтті шешіп отыратынына таңданамын. Фестивальге әрдайым елімізге белгісіз дарынды музыканттар қатысып жатады. Сондықтан да, Рустамды музыкатанушы десек те болады.

- Сіздерді кейде алматылық топ дегенге сенбей жатады. Неге?

- Иә, расында солай. Біз оған тек қуанып қана қоямыз. Өйткені біз жергілікті нарыққа жат топпыз, яғни шетелден келген музыканттар деп жатады. Мүмкін ағылшынша ән айтқанымыздан да болар.

«Сом Тойерге» сәттілік тілеп, әрі қарай кеттік. Jazzystan-ның сыры неде, фестивальдегі музыка несімен ерекшеленеді деген мәселені ашуға тырысып,көрерменді әңгімеге тарттық.

Рустам мен Томирис

- Сәлем, Jazzystan-ға бірінші рет келдіңдер ме?

- Иә, бірінші рет келдік.

- Бұл шара жайлы қайдан естідіңдер?

- Интернеттен. 14 ақпан күні бір жерге барғымыз келіп, осы шараны тауып алдық. Жалпы, бізге джаз музыкасы жақын.

Аида

- Сәлем, Jazzystan-ға бірінші рет келуің бе?

- Иә, бірінші рет. Алайда, бұған дейін фестиваль жайлы көп нәрсе естігенмін. Бүгін осы шараны өз көзіммен көруге сәті түсті.

- Бұл шара жайлы қайдан естідің?

- Таныстарымнан, интернеттен. EnergyFM тыңдап жүремін, онда да шара туралы көп мағлұмат берді. Менің ойымша, ең бастысы - сапалы музыка, бүгін адамдар сол үшін жиналған. Кешке өзімнің досыммен келдім. 14 ақпан күніне өзімізге осындай сыйлық жасадық.

Әлихан

- Сәлем, Jazzystan-ға бірінші рет келуің бе?

- Жоқ, екінші рет келіп тұрмын. Көктемде фестиваль Алматы Тауэрста өткенде болған едім.

- Фестивальдің музыкасы жайлы не айта аласың?

- Маған өте ұнайды. Өзім музыкант болғаннан соң, мұндай шараларды жібермеуге тырысамын. Стилі жағынан Джазистанның әуені маған өте жақын.

Нұрлан Төреханов

- Сәлеметсіз бе, кеш ұнап жатыр ма?

- Әзірше білмеймін, енді басталып жатыр ғой.

- Jazzystan-ға қаншасыншы рет келуіңіз?

- Санамаппын да. Болған сайын келе беремін.

Жеңісхан

- Jazzystan-ға қаншасыншы рет келуіңіз?

- Бірінші рет емес, уақыт болғанда, құдай жолын салғанда келіп тұрамын. Өзімнің музыкалық бағытыма жақын, керек дүние болғаннан соң, келіп тұруға тырысамын.

- Бұл шара жайында қайдан естідіңіз?

- Өзіміздің қазақстандық джазмэндердің кештеріне жиі барып тұрамын. Осындай жоғары деңгейдегі джаз фестиваліне қатыспай қалу мүмкін емес.

Кешті Лондоннан келген "Reel People Sound System" атты топ жалғастырды.

Өзіміздің миссиямызды орындап, соул мен джаздың тәтті әуеніне құлшына кіріп кеттік. Төменде Илья Постниковтың суреттерін тамашалай аласыздар.

Джаззистанға барып келген Айжан Кәрібаева

мен Жансая Имандасова

Алия Arsik
24 ақпан 2012, 10:07
5212

Загрузка...

Пікірлер

Zere
1
0
Өздеріңе ұнады ма? Мен осындай бір сапалы музыка тыңдағым-ақ келеді. Бірақ дұрыс бағытын таба алмай жүрген сияқтымын. )
маған ұнады, бірақ адам көп болғаннан соң, дұрыс дем алып тыңдай алмадық) ал Reel People Sound System-ді үйге келіп тыңдадым, өте ұнап қалды. әсіресе мынауы
Ой, мені де қосып қойыпсыңдар ғой) Мәз болып қалдым)))
Arsik
0
0
Литерда да жүрсің ғой))
проф. Совет-Хан Ғаббасов.
"Екпін" - атауларың да, "Біз жанбасақ лапылдап - Аспан қайтып ашылмақ" - идеяларың да жақсы ! Әйтседе, у да шу болып даңғазалықпен өзгеге ЕЛІКТЕП Һәм СОЛЫҚТАУМЕН еш уақытта ұлттық мәдениет жасалмақ емес ! Халықтың келешегі Ұрпағының тәрбиесімен тығыз байланысты болса, ендеше мәдени жұрнал Екпінде ұлттық дәстүр-салтты негіз етіп, жастар мәдениетіне қажет - кісілік, мінез, парасат, имандылық, ұят пен ар, қайырымдылық, білімділік, тәрбиелік - мәселелері тұтастай қамтылса екен дейтін тілегімді білдіруді жөн көрдім. Тек өзгелердің ән сыйқы жоқ бақыруынан еш қасиет таппайтындықтарыңды ескерткім келеді
СӘЛЕММЕН ; Жазушы-ғалым, аталарың Совет-Хан Ғаббасов. 3.03.2012ж.
проф. Совет-Хан Ғаббасов.
"Екпін" - атауларың да, "Біз жанбасақ лапылдап - Аспан қайтып ашылмақ" - идеяларың да жақсы ! Әйтседе, у да шу болып даңғазалықпен өзгеге ЕЛІКТЕП Һәм СОЛЫҚТАУМЕН еш уақытта ұлттық мәдениет жасалмақ емес ! Халықтың келешегі Ұрпағының тәрбиесімен тығыз байланысты болса, ендеше мәдени жұрнал Екпінде ұлттық дәстүр-салтты негіз етіп, жастар мәдениетіне қажет - кісілік, мінез, парасат, имандылық, ұят пен ар, қайырымдылық, білімділік, тәрбиелік - мәселелері тұтастай қамтылса екен дейтін тілегімді білдіруді жөн көрдім. Тек өзгелердің ән сыйқы жоқ бақыруынан еш қасиет таппайтындықтарыңды ескерткім келеді
СӘЛЕММЕН ; Жазушы-ғалым, аталарың Совет-Хан Ғаббасов. 3.03.2012ж.

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Обратная сторона Астаны. Девять худших и проблемных районов столицы Казахстана

Обратная сторона Астаны. Девять худших и проблемных районов столицы Казахстана

Несмотря на то, что Астана столица, и один из самых красивых и современных городов Казахстана, здесь все равно есть места, за которые стыдно и даже как-то неудобно перед гостями.
Washington
12 янв. 2017 / 12:25
  • 20615
  • 26
Расписание Универсиады в Алматы. Что стоит посетить?

Расписание Универсиады в Алматы. Что стоит посетить?

Путеводитель по соревнованиям Универсиады с рекомендациями, какие соревнования Универсиады никак нельзя пропустить. До встречи на Универсиаде!
olympic
11 янв. 2017 / 10:40
  • 18511
  • 7
Господин министр, что означает ваша фраза «Хорошо, не открывайте, мы найдем другой способ проверить»?

Господин министр, что означает ваша фраза «Хорошо, не открывайте, мы найдем другой способ проверить»?

Это что, совет? Рекомендация? Или это угроза? Чего нам ждать? Чего нам бояться? Мы – законопослушные граждане Республики Казахстан, мы ЗА ужесточение законодательства в части борьбы с терроризмом, но при этом...
AliyaSadyrbaeva
10 янв. 2017 / 21:02
  • 15832
  • 32
Как мы «скидываемся» на красивую жизнь мажоров. Воровство пенсионных денег

Как мы «скидываемся» на красивую жизнь мажоров. Воровство пенсионных денег

Официальные спикеры КНБ РК рассказали о ходе расследования, раскрыв общественности схему, которую использовало руководство ЕНПФ для воровства 5 миллиардов тенге пенсионных накоплений.
openqazaqstan
13 янв. 2017 / 11:30
  • 13853
  • 12
«Ещё раз на те же грабли». Премьер Сагинтаев о временной регистрации

«Ещё раз на те же грабли». Премьер Сагинтаев о временной регистрации

Казахстанцы по-прежнему с нескрываемым возмущением и сарказмом комментируют нововведения в миграционное законодательство. Проблема, как это ни парадоксально, в том, что мы, казахстанцы – народ законопослушный.
openqazaqstan
12 янв. 2017 / 10:07
  • 11079
  • 26
Так и думал, что 2017-й начнется отвратительно. Каково вообще таким как я, квартирантам?

Так и думал, что 2017-й начнется отвратительно. Каково вообще таким как я, квартирантам?

В городе у меня нет совершенно никого, поэтому ни прописки, ни регистрации у меня нет, а живу я в съемной, как и многие. К сожалению, далеко не каждый человек готов прописать, хоть и временно, своего квартиранта.
MrVladimirLV
10 янв. 2017 / 15:21
  • 6864
  • 81
Наверное, я себя почувствовала человеком именно в Корее. Не в Казахстане

Наверное, я себя почувствовала человеком именно в Корее. Не в Казахстане

Если я останусь в Казахстане, то идти мне здесь некуда, пахать за копейки на госслужбе? Прожить всю жизнь в однокомнатной вместе с котом и мамой?
savira6
13 янв. 2017 / 9:44
  • 4692
  • 28
Айсулу Салгарина. Решил пойти в гости к той, что вызывает гордость за казахских девушек

Айсулу Салгарина. Решил пойти в гости к той, что вызывает гордость за казахских девушек

Прошло около 2 лет. За эти годы в моей жизни многое изменилось. И мне стало интересно, какие же изменения произошли в жизни тех, у кого я когда-то брал интервью...
DastanIskakov
14 янв. 2017 / 11:43
  • 4193
  • 4
Сейчас даже дяденьки и тетеньки в 20-27 лет живут с родителями. Безработица в Алматы

Сейчас даже дяденьки и тетеньки в 20-27 лет живут с родителями. Безработица в Алматы

Наверняка, все знают крылатую фразу Ленина "Кто не работает - тот не ест" В то время за безработицу осуждали, а кормили народ за счет предприятия - славные были времена, пусть я и застала их лишь...
DoZa
13 янв. 2017 / 9:54
  • 3759
  • 43