• 1041861
  • 6004
  • 554
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Мұнай соғыстары. 2 бөлім

Иран мен Ирактағы оқиғалар 1979 бен 1980 жылдардағы мұнай бағасының тағы бір өсуіне алып келді. Ирандағы революция салдарынан 1978 жылдың қарашасы мен 1979 жылдың маусымындағы шығын тәулігіне 2-2,5 баррельді құрады. Өндіріс тоқтап қалу қаупі де таяп тұрды.

Ирак Иранға 1980 жылдың қыркүйегінде басып кірген болатын, ал қарашаға қарай екі мемлекеттің өндірісі қоса есептегенде тәулігіне 1 млн баррельді құрады, яғни бұл өткен жылға қарағанда тәулігіне 6,5 млн баррель мұнай аз өндірілді деген сөз. Әлемдегі мұнай өндірудің көлемі 1979 жылға қарағанда 10 процентке төмен болды.

Ирандағы революция мен Иран-Ирак соғысынан кейін мұнай бағасы 1979 жылғы 14 доллардан 1985 жылы 35 долларға дейін екі еседен артық өсті.

1973-81 жылдар аралығындағы мұнай бағасының күрт өсуі эмбарго жойылғаннан кейін АҚШ-тың энергетикалық саясатына үлкен әсерін тигізді. 1973-74 аралығындағы баға өсуін басу мақсатымен АҚШ өзінде өндірілетін мұнайға баға бақылауын орнатты. Нәтижесінде шикі мұнайды тұтынушылар импорт мұнайын өз мұнайына қарағанда 50%-ке арзан сатып алатын болды. Басқаша айтқанда, американдық мұнай өндірушілер өз өнімін әлемдік нарықтық бағадан арзан сатты.

1914-1918 жылдары Бірінші Дүниежүзілік соғыс Европаны қақ бөлді. Бұл соғысты кейінірек тарихшылар «моторлар соғысы» деп атайды, себебі бұл әлемдік тарихта қарсылас тараптар бензинде жүретін танкілер, автомобильдер, ұшақтар қолданған тұңғыш конфликт болды. Көптеген әскери кемелер отын ретінде мазутты қолданды. Нәтижесінде бұл соғыс мұнай кен орындарын бақылауды қолға алу үшін де жүрді. Сол кезде мұнай өндіретін ірі мемлекеттер қатарында АҚШ, Ресей, қазіргі Индонезия (сол кезде Нидерланд иелігі болған), Австро-Венгрия, Румыния және Индия (Ұлыбритания колониясы) болатын.

1918 жылы әлемде тұңғыш рет Кеңестік Ресей мұнай компанияларын ұлттандырды. Бұл өз кезегінде Ұлыбритания, Франция, АҚШ және басқа мемлекеттердің Ақтардың қозғалысына көмек беруіне алып келді. Сөйтіп «бейбіт азаматтар мен олардың экономикалық мүдделерін қорғау» үшін интервенция басталды.

Тарихтағы тұңғыш «мұнай» соғысы көпшілікке танымал емес Чако соғысы болды (1932-1935, мұнай табылған Чако платосы үшін Боливия мен Парагвай арасындағы конфликт). Бұл аумақ 1825 жылы Боливияда испан үстемдігі аяқталғаннан бері екі жақ арасындағы тартыстың объектісі еді. Осы территорияға Боливия толықтай немқұрайлы қарағандықтан, бірте-бірте Парагвай азаматтары осында қоныстана берді, бірақ Анд тауларында мұнай табылғасын Боливия мұнай тасымалдау үшін теңізге шығу жолын қажет ете бастады. Боливия Тынық мұхитқа шығатын теңіз жолынан 1884 жылғы Чилимен соғыстан кейін айрылып қалған болатын, сондықтан ол Чако арқылы ағатын Парагвай өзенімен Атлантикаға шығуды ойластырды.

Парагвай қоныстанған жерлерден кетуден бас тартты, сөйтіп екі мемлекет арасында 1928 жылы соғыс басталды. Оқатыс тез арада тоқтатылып, ұзақ келіссөздер басталды. 1932 жылдың ортасында әскери қимылдар жандандырылып, 1935 жылға таман адам шығыны 100 мыңнан асып кетті. 1932 жылы Аргентина сыртқы істер министрі Карлос Сааведра Ламас 3-ші тамыз Декларациясының жобасын жасады. Ол бойынша Америка мемлекеттері әскери жолмен өзгертілген шекараларды мойындамайтын болды. Сааведра Ламас Оңтүстік Америкалық анти-әскери пактінің жобасын ұсынды. 1933 жылдың соңына қарсы пактіге барлық Америка мемлекеттері қол қойғанмен, соғысты алдын ала алмады. 1935 жылы екі мемлекет те қол қойған, бірақ әлі бекітпеген Анти-әскери пактінің мүмкіндіктерін қолдануға сәт туды. Сааведра Ламас Американың алты бейтарап мемлекеті – Бразилия, Чили, Перу, Уругвай, Аргентина мен АҚШ-ты конфликт қатысушылары келіссөздер жүргізе алатын татуластыру комиссиясын құруға шақырды. Комиссия арқасында сол жылы 12 маусымда Боливия мен Парагвай бейбітшілік келісімге қол қойды.

1938 жылы мұнай «сауда соғыстарының» басталуына себепші болды. Мексика британ және америка мұнай компанияларының жеке меншігін ұлттандырды, АҚШ пен Ұлыбритания дереу Мексикаға қарсы экономикалық санкциялар енгізді. Жеке айтсақ, АҚШ мексикандық күмісті сатып алудан бас тартты.

1939-1945 жылдар аралығында дүние жүзі Екінші дүниежүзілік соғысты бастан кешірді. Кейбір тарихшылар осы соғысты мұнай үшін тұңғыш соғыс деп көрсетеді. Румыния, Кавказ, Таяу және Қиыр Шығыстағы мұнай кен орындарын бақылау қарсылас жақтардың стратегиясының маңызды бөлігіне айналды.

Нацистік Германия мен Италия Румыниядан жөнелтілетін мұнайға тікелей тәуелді болды. Германияның КСРО-ға шабуыл жасауының бірден бір себебі кеңестік мұнай кен орындарын басып алу еді. Роммельдің африкандық экспедициялық корпусы Солтүстік Африкада британ әскерін талқандап, Жерорта теңізіндегі британ әскерлерін мұнаймен қамтамасыз ететін Суэц каналын жауып тастау керек болды. Германияның анағұрлым масштабты жоспары бойынша олар Таяу Шығыстағы мұнай кен орындарын басып алғысы келді. Румыния антигитлерлік коалицияға қосылғасын, Германияға мұнай жөнелтілуі тоқтатылып, герман армиясы отынсыз қалды. Арденндегі герман әскерлерінің шабуылы ағылшын-американ-француз жанармай қоймасын басып алу мақсатымен жасалды. Шабуыл табысты болғанымен, одақтастар жанармай қорын жойып үлгерді.

Тарихта тұңғыш рет Германия мұнайды алмастыра алатын отын алуда айтарлықтай жетістіктерге жетті. Герман химиктері тасты көмірден эрзац-бензинді алды. Кейін бұл технология қолданысқа ие болмады.

Жапония мұнайдың 88%-ін канада, голланд және американдық компаниялардан алатын. АҚШ Жапонияға тасымалданатын мұнайға эмбарго жариялағасын Жапония АҚШ-қа шабуыл жасады. Бұл эмбаргоны Ұлыбритания мен қашқында жүрген голланд үкіметі қолдады. Перл-Харборға шабуыл жасауға шешім қабылдай отырып, Жапония мұнай қоры 2-3 жылға жетеді деп есептеді. Жапония мұнай кен орындарын иемдену үшін Индонезияны (сол кездегі Нидерланд колониясы) басып алды.

1951 жылы Иран премьер-министрі Мохаммад Моссадык ағылшын-иран Мұнай Компаниясы бақылайтын Иран мұнай өнеркәсібін ұлттандыруға шешім қылды. Осылайша Ұлыбританияның экономикалық мүдделеріне нұқсан келтірілді.

1959 жылы Қытай өз территориясында мұнайдың қомақты кен орындарын тауып, оларға Дацин, яғни Ұлы Бақыт атауын берді. Осының арқасында Қытай енді КСРО-дан келетін мұнайға тәуелді болмады. Осы уақыттан бастап КСРО мен Қытай арасындағы қарым-қатынас суи бастады. 1960 жылы шекаралық қақтығыстар басталды, 1964 жылдың өзінде олардың саны 4 мыңға жетті.

1960 жылы Багдадта ОПЕК құрылды (құрушылары – Иран, Ирак, Кувейт, Сауд Аравиясы және Венесуэла. Қазір ОПЕК құрамына 12 мемлекет кіреді).

1973 жылы тұңғыш рет мұнай эмбаргосы орын алды. Осы кезде өнеркәсіпті мемлекеттер батыс экономикасының мұнайға тәуелді екенін түсінді.

«Мұнай қаруы» түсінігі араб елдерінде ХХ ғасырдың 50-жылдарынан бастап Израильға қарсы мұнай конъюнктурасының рычагтарын қолдану контексінде пайдаланыла бастады. Бірақ ұзақ уақыт бойы осындай «қаруды» қолданудан ірі мұнай экспорттаушысы – Сайд Арабиясының позициясы ұстап тұрды.

(жалғасы болады)

Ескертпе: материалды көшіріп алып, басқа жерлерде басуға рұқсат берілмейді!

 
Бахытжан Бухарбаев Barkorn
Патриот своей страны, политолог, коллекционер казахских монет с браком
21 февраля 2012, 11:34
4353

Loading...

Комментарии

Не деген масқара??!!! Тіпті екінші дүниежүзілік соғыс туралы мәліметтер ЖОҚ!!!!!!!!!!! Сұмдық!!!

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Насобирал разных фотографий про наш город, из семейного архива. Фотографии не от сканированные, а пересняты на телефон. Давно хотел выставить, но не решался) Сейчас уже мы все поменялись, уже...
Ispanec
22 февр. 2017 / 11:05
  • 13013
  • 26
«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

Ну реально же, парни, откуда вы только беретесь такие простые, а? Я сейчас просто расскажу несколько историй из личного опыта, и судите сами – нормально это? Но для начала расскажу немного о себе...
socium_kzo
22 февр. 2017 / 11:38
В больнице пара бахил стоит 50 тенге, а оптом 4 тенге. Чувствуете разницу?

В больнице пара бахил стоит 50 тенге, а оптом 4 тенге. Чувствуете разницу?

Получается, цены на бахилы не повышались, а кто-то повысил их самовольно. Я думаю, что на этом пытаются заработать. Позже я нашла ещё одну удивительную штуку:) Упаковка бахил в количестве 50 пар...
killer_slova
вчера / 9:15
  • 6852
  • 29
Трамвайные пути Алматы ни в коем случае нельзя убирать, это окончательно уничтожит трамвай

Трамвайные пути Алматы ни в коем случае нельзя убирать, это окончательно уничтожит трамвай

В Алматы было сделано несколько заявлений касательно ситуации с трамваем, опять же не в пользу его восстановления и возвращения на улицы города. В городе собираются демонтировать рельсы...
SKYFALL
24 февр. 2017 / 16:01
  • 7496
  • 5
Маргулан Сейсембаев: «Обучая детей в Англии, мы ментально растим граждан другой страны»

Маргулан Сейсембаев: «Обучая детей в Англии, мы ментально растим граждан другой страны»

Они становятся «не казахстанцами. Центром их жизненных интересов становится другая страна и другая культура, не Казахстан. Они просто не видят себя в нашей стране, не хотят возвращаться и по сути мы...
Zhumanova
сегодня / 11:35
  • 6763
  • 7
Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Я совсем не смотрю передачу "Пусть говорят", слишком много ругани и негатива, но новость про какую-то девушку заполонила все мои социальные сети, я открыла youtube и посмотрела несколько передач...
Roza_pvl
22 февр. 2017 / 11:49
  • 6368
  • 34
Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Итак, по просьбам трудящихся и по крикам души коллективного бессознательного решила я написать пост на эту тему. Вводные данные: 1) нет имущества, которое можно продать для покупки собственного...
DanaJarlygapova
20 февр. 2017 / 16:17
  • 4750
  • 47
О Димаше. Как же люди не поймут, что эстрада – это уныло, пафосно и скучно

О Димаше. Как же люди не поймут, что эстрада – это уныло, пафосно и скучно

Сплошные преувеличенные восторги в ленте фейсбука меня не удивляли. Нет пророка в своем отечестве, кумиром Димаш Кудайбергенов стал только после своего успеха в Китае. А представьте себе его...
myma
сегодня / 10:45
  • 4554
  • 19
Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Я очень долго думала писать данный пост или нет. Потому, что тема очень тонкая, возможно кого-то может задеть, а, возможно, наоборот кому-то откроет глаза. Тема замужества в каждом поколении была и...
Adilyan
21 февр. 2017 / 20:22
  • 4103
  • 20