«Шапалақ» ойын-сауық отауы
"Нұр Отан" ХДП Сарысу аудандық филиалы "Жас Отан" Жастар қанатының ұйымдастыруымен Сарысу аудандық мәдениет үйінде «Шапалақ» ойын-сауық отауы» атты сахналық кеші өткізілді. Сондай-ақ, шара барысында өнерлі жастардың орындауында әсем әндер айтылып, ұлттық би түрлері биленді. Кеш соңында сөз алған идея авторы, Қазақстан Жазушылары одағының мүшесі, қарт қаламгер Д.Шалқарбаев: бұл алғашқы қадам, «Шапалақ» ойын-сауық отауы ауылдық округтерді аралап, сахналық қойылымдармен тәнті етеді деп ойлаймын, - деп жиналғандарға өз алғысын білдірді.