Тікелей эфир

«Орда» тобы оқыс сұрақтарға жауап берді

Сахнадағы көздің жауын алар қимылдарымен қатар әндерінің ерекшелігімен қазақ шоу-бизнесінде ойып тұрып орын алатындай, өзіндік қолтаңбасы бар топ - «Орда» тобы десек, сөге қоймассыздар. Топ құрамындағы жігіттерге қызықты сауал қойып, ойларын білген болатынбыз. Назарларыңызда «Орда» тобының ситуациялық сауалдарға жауаптары.


Есболат Беделхан, 1984 жылы дүниеге келген.

1) Сіз өміріңізді өнермен жалғастырмағанда қай салаға барар едіңіз?

- Заң факультетін бітіргенмін. Бәлкім, заңгер, адвокат немесе прокурор болар ма едім...

2) Қазір Гиннес рекордтар кітабына ену үшін түрлі ерліктер жасалынып жатыр. Ал сіз қандай талантыңызбен рекорд жасай аламын деп ойлайсыз?

А) Үш күн бойы студияда ән жазу

В) Екі күн бойы тоқтаусыз билеу

С) Қалт етпей бір апта ұйқыда жату

D) өз нұсқасы

- Өзімнің нұсқам - әлемдегі ең биік тауға шығу.

3) Бір елдің емес, барлық әлемнің президенті болдыңыз делік, жер басып жүрген адамдардың қандай қылмысы үшін ең ауыр жаза белгілер едіңіз?

- Адам өлтіру қылмысы үшін қатаң бақылаудағы түрмеде қылмыскерді мәңгі бақи сүйегі шірігенше ұстау.

4) Сіз бір сәтке жаңа дәрілер ойлап табатын фармаколог кейпіне енсеңіз, қандай препарат ойлап табар едіңіз?

- Адам бойындағы ескіріп, өлуге аз қалған жасушаларды қайта жасартуға арналған препарат ойлап тапсам, адамзат баласы қартаю дегенді ұмытар еді. Бірақ табиғаттың заңдылығына қарсы шығу мүмкін емес.

5) Егер сізде «уақыт көлігі» болса, өміріңіздің қай кезеңіне қайта барып, қандай жағдайды өзгертер едіңіз?

- 2005 жылы ойда-жоқта көшеде бір кісімен кездесіп, сөйлесіп қалған болатынмын, атын айтып, түсін түстемей-ақ қойғаным дұрыс шығар. Егер де «уақыт көлігі» болса, 5 жыл бұрын сол кісімен көшеміз қиылысса да, сөйлеспей өтіп кетер едім.

6) Сіз студиядан үйге барар жолда 1 миллион АҚШ долларын тауып алдыңыз. Ең бірінші топ мүшелерінен кіммен бөлісер едіңіз?

- Ешкіммен де бөліспей, бір бизнеске салып пайда табушы едім (күліп).

7) Аладдин сіздің ең жақын досыңыз делік. Екеуіңіз серуендеп жүріп, сиқырлы құмыраны бірге тауып алдыңыздар. Джин сіздің де 3 тілегіңізді орындауға келісті. Қандай тілек айтар едіңіз?

  1. Жанармайы таусылмайтын көлік.

  2. Сол көлікке тола алтын.

  3. Қасымдағы Аладдинді қызға айналдырып, ары қарай серуендеу.

8) Сіз Алдар көсенің нағыз өзі болсаңыз, ең бірінші кімді алдар едіңіз?

- Америка Құрама Штатының Конгрессін, басшыларын алдаушы едім.


Ерболат Беделхан, 1982 жылы дүниеге келген

1) Дене мүшеңіздегі өзіңізге қатты ұнайтын жеріңіз?

- Мәссаған, басым, оның ішіндегі миым.

2) Анаңыздан есте қалған кеңес?

- Өмірден түңілмеу. Қандай жағдай болмасын, жігеріңді жоғалтпай, жігіттік намысқа нұқсан келтірмеу.

3) Көк базарда қиярдың бір келісі неше теңге деп ойлайсыз?

- Қияр ма? Алмағалы қай заман, бәлкім 250 теңге болар (күліп).

4) Жүйкеңізді жұқартатын нәрсе?

A) Әйел адамдары

B) Қазақтың қазіргі заманға сәйкес келе алмай жатқандығы.

C) Қала кептелісі

5) Сіз елдің емес, барлық жер жүзінің басшысы болдыңыз делік, қандай қызметті ақысыз етіп, мемлекет тарапынан қаржыландырар едіңіз?

А) Көлікте жол жүруді.

В) Шаш алуды.

С) Ән жазуды.

D) Өз нұсқаңыз.

6) Студиядан үйге барар жолда 1 миллион АҚШ долларын тауып алдыңыз. Бірақ оның жартысын еліміздің кез келген саласына құюға міндеттісіз. Қай саланы таңдар едіңіз?

А) Медицина

В) Мәдениет

С) Білім

D) Шоу-бизнес

7) Махаббат үшін жасаған батыл қадамыңыз?

- Менің алғашқы махаббатым да, соңғы махаббатым да - Асыл есімді аяулы жарым. Махаббат жолындағы батыл қадамым деп, өзімді батылдыққа шақырып, Асылға сөз салуым. Мен үшін ерлік осы.

8) Лақап атыңыз?

- Ерка


Дастан Оразбеков

1) Сіздің ойыңызша қазақстандық шоу-бизнесте қай топтың болашағы бар?

- «Меломен» тобы

2) Балмұздақ, шоколад, торт. Қайсысы сіздің талғамыңызда?

- Балмұздақ

3) Егер сізде «уақыт көлігі» болса, өміріңіздің қай кезеңіне қайта барып, қандай жағдайды өзгертер едіңіз?

- Шыны керек өзгертер еш дүние жоқ. Бәрі осы қалыпта болса деймін.

4) Қай жерде демалғанды ұнатасыз?

- Қазақстанда, әрине.

5) Сүйіктіңіз үшін істеген батыл қадамыңыз?

- Сүйіктім үшін жасаған батыл қадамым - перзентханада босанар сәтте қасында болғаным. Міне, дәл осы жағдайды мен батыл қадамның бірі деп білемін.

6)Телефонмен сөйлесіп жатып, жалығып кетсем?

А) Қағазға сурет салам

В) Басқа жұмыстарымды істей беремін

С) Жынданып жер ұрамын

D) Өз нұсқам

- Ұялмастан, кешірек хабарласайық деп, ойымды тура жеткіземін.

7) Елестетейік, ертеңгі күн сіз үшін ғажайып күн. Себебі ертең қалтаңыз көтере алмайтын жағдайды бір күнге ұмытасыз. Ең алдымен бұл күні не істер едіңіз?

А) Қымбат автокөлік сатып аламын

В) Теңіз жағасынан үй сатып аламын

С) Жетім-жесірлерге таратып беремін

D) Өз нұсқам

- Туысқандарымның жағдайын жасар едім

8) Жиі істейтін әдетіңіз?

- Достарымның көңілін аулау.

Нұрлан Алымбеков, 1976 жылғы

1)Сіз өміріңізді өнермен жалғастырмағанда, қай салаға барар едіңіз?

- Әнші болмағанның өзінде де мен шығармашылықты таңдар едім. Себебі, менің мамандығым дизайнер. Соған орай дизайн саласына үлесімді қосып жүрер едім.

2)Қазір Гиннес рекордтар кітабына ену үшін түрлі ерліктер жасалынып жатыр. Қандай талантыңызбен рекорд жасай аламын деп ойлайсыз?

А) Үш күн бойы студияда ән жазу

В) Екі күн бойы тоқтаусыз билеу

С) Қалт етпей бір апта ұйқыда жату

D) өз нұсқасы

3)Бір елдің емес, бүкіл әлемнің президенті болдыңыз делік, жер басып жүрген адамдардың қандай қылмысы үшін ең ауыр жаза белгілер едіңіз?

- Менің қолымда болса, ксенофоб, педофилдерді ойланбастан атып тастар едім.

4) Сіз бір сәтке жаңа дәрілер ойлап табатын фармаколог кейпіне енсеңіз, қандай препарат ойлап табар едіңіз?

- Склерозға қарсы дәрі-дәрмек ойлап табуым әбден мүмкін (күліп).

5) Егер сізде «уақыт көлігі» болса, қай кезеңге қайта барып, қандай жағдайды өзгертер едіңіз?

- 10000 жылға кері шегініп, мұз басуды тоқтатар едім. Сол кезде бәлкім қазір біздің дәуірімізде пілдермен қатар динозаврлар да өмір сүрер ме еді (күліп)?

6) Сіз студиядан үйге барар жолда 1 миллион АҚШ долларын тауып алдыңыз. Ең бірінші топ мүшелерінен кіммен бөлісер едіңіз?

- Сержан Бақытжан деген жігітпен бөлісер едім (күліп алып).

7) Аладдин сіздің ең жақын досыңыз делік. Екеуіңіз серуендеп жүріп, сиқырлы құмыраны бірге тауып алдыңыздар. Джин сіздің де 3 тілегіңізді орындауға келісті. Қандай тілек айтар едіңіз?

  1. Жеке студиям

  2. Әлемдегі бейбітшілік

  3. Аспан әлемінде қалықтайтын қайық (күліп).

8 ) Сіз Алдар көсенің нағыз өзі болсаңыз ең бірінші кімді алдар едіңіз?

- Березовскийді алдар едім.



Ситуациялық сұхбаттың авторы: Есмағамбетов Руслан

ҚазҰУ студенті

Фото: "Орда" тобының жеке архивінен

 
Алия Arsik
24 қазан 2012, 10:50
10155

Загрузка...

Пікірлер

akzhan
1
0
Руслан, жарайсың)))
Маған "Егер сізде «уақыт көлігі» болса, өміріңіздің қай кезеңіне қайта барып, қандай жағдайды өзгертер едіңіз?" деген сұрақ қатты ұнады. Русланның экстраординарный сұрақтары арқылы әртістеріміздің психологиясын біліп қалдық, рахмет! Оған қоса бұл сұрақтар өзімді де ойландырып тастады...
Русланның енді "Старс кз", "Маэстро" журналдарында істеген тәжірибесі бар ғой) жұлдыздардан сұхбат алуды біледі:))
Руся жарайсың!!! Орда - қазақ топтары ішіндегі менің ең сүйікті тобым, киноларын түсіріп болды ма? Қашан жарық көреді?
ол жағынан бейхабар екенбіз, кездесіп жатсақ, сұраймыз:))
Өте қызықты сұхбат :))
өнерге берілген жақсы жігіттер, кино түсіреміз деп жүреді, не болды екен?)
Маған Ерболаттың 7-ші жауабы ұнады:)
Руслан, сурактарын жаман емес! Жарайсын! Тәжірибеннін бар екені рас!!!!!
Тамаша! Штаттағы сұрақтар емес, тың дүние ойлап тауыпсыздар. Ұнады. Жақсы көретін тобымның бірегейі!
қуаныштымыз:) Руслан сияқты автор болғыңыз келсе, мақалаларыңызды жіберіңіздер!)
Менің браузерімде проблема бар ма түсінбей отырмын, жауаптардың барлығы төртбұрыш символдар болып көрініп тұр. Басқа жазбаларда да дәл тақырыптың астындағы жазулар көрінбейді :(
Arsik
0
0
мүмкін браузерді өзгерту, не жаңалату керек шығар? жауаптар мен лид курсивпен жасалған, өзгешелігі сол-ақ :(
Студенттер туралы мақалада да көп зат көрінбейді екен. Браузерді ауыстыру қиын емес қой, бірақ қолайсыздық тудырады екен.
техника жағынан не көмектесе, не түсіндіре алмаймын)), бірақ басқаларда сондай проблема бар деп естімеппін. мүмкін шынымен де браузердің ескі версиясын қолданып жүрсіз.
Урааааааааа!!!! Орда тобы менин ен жаксы коретин тобым!!!!!
Жолдарын алга журсун деп каласыныздар,Орда тобы, онда сендерды аластау керек,куран окып,жол ашу керек сиздерге, сонда жолдарын ашылады,сосын конкурстарга барсандар садака берип журиндер, кой сойып, сонын бэрин жасасаныздар, армандарга жетесындер, жолдарын алга коп журмейтын сиякты маган, мен билем не айтуп турганымды. Жолдарын болсын,Орда тобы!

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Я был удивлён, что в Азербайджане есть Казахский район

Я был удивлён, что в Азербайджане есть Казахский район

Мне как казаху по национальности очень хотелось туда попасть. Оказалось, что климат там намного суровей и люди, говорят, суровые и воинственные. Казах – город на западе Азербайджана...
alidimash
18 қаң. 2017 / 21:50
  • 30152
  • 18
10 лучших районов Алматы. Широкие улочки, частные дома, летом – красота!

10 лучших районов Алматы. Широкие улочки, частные дома, летом – красота!

Названия улиц: Садовый бульвар, Солнечный проезд. Красиво звучит не так ли? Прям, как в Москве... Уютные улочки и радующие глаз одноэтажные домики, тихо и свободно, нет динамики, движух и ажиотажа.
gelberdeuet
16 қаң. 2017 / 14:45
  • 8583
  • 98
Многочасовые очереди, смерти в ЦОНах: почему вопросы об этом ставят парламентариев в тупик?

Многочасовые очереди, смерти в ЦОНах: почему вопросы об этом ставят парламентариев в тупик?

Ожидали ли депутаты Мажилиса всего этого? Как планировали этот процесс регистрации, и обсуждали ли его, прежде чем одним нажатием кнопки принять нормы с такими абсурдными временными рамками?
openqazaqstan
17 қаң. 2017 / 14:32
  • 5013
  • 22
Астана глазами алматинских девушек. Как при таких погодных условиях можно выжить?

Астана глазами алматинских девушек. Как при таких погодных условиях можно выжить?

В спальных районах, и в высотных домах сквозь стены слышно завывание ветра. В особенности ночью. Такие звуки, я слышала, пожалуй, только по телевизору, в фильмах про метель.
Naomi_K
20 қаң. 2017 / 12:36
Сильное ДТП произошло в Алматы на Тимирязева-Байзакова

Сильное ДТП произошло в Алматы на Тимирязева-Байзакова

NoComment (c) Официальный слоган EuroNews. Катастрофа на алматинской утренней трассе началась с того, что водители «Ниссана» и микровена ожидали сигнала светофора на запад по Тимирязева...
ibestreporter
17 қаң. 2017 / 22:52
  • 3838
  • 5
Вейпинг безопасен? Эндрю Холл из США тоже так считал, пока что-то не пошло не так

Вейпинг безопасен? Эндрю Холл из США тоже так считал, пока что-то не пошло не так

Эндрю Холл из США считал, что вейпинг безопасен и усиленно убеждал в этом близких. Но как-то раз что-то пошло не так. Это результат взрыва хипстерского устройства - выбило 7 зубов + ожоги и раны...
Maxambet
17 қаң. 2017 / 16:28
  • 3860
  • 52
Это поколение просрет страну. 20-летняя молодежь представляет из себя сказочных эльфов

Это поколение просрет страну. 20-летняя молодежь представляет из себя сказочных эльфов

Смотря в очередные пустые глаза вчерашнего студента, приходящего устраиваться на первую работу страшно становится. Потому что сравниваю с теми же китайскими студентами, которые готовы выгрызать себе мечту.
mbaitykov
18 қаң. 2017 / 11:34
Становится хуже, но как-то постепенно. Беднеем, но тоже как-то не разом

Становится хуже, но как-то постепенно. Беднеем, но тоже как-то не разом

Помню, когда я уезжал и Казахстана, тут было довольно прилично, даже не смотря на то, что жить было невыносимо. Но прилично так. Мусора было меньше. Дороги чистили, вони почти не было. Да и в остальном тоже норм.
shootnix
18 қаң. 2017 / 12:49
  • 3553
  • 34
Любимый Тайланд. Правящий король называет Паттайю «черным пятном на репутации страны»

Любимый Тайланд. Правящий король называет Паттайю «черным пятном на репутации страны»

Тайланд мы впервые посетили в декабре 2012 года. Полученные эмоции настолько были яркими, что в конце 2015 года мы решили еще разок слетать в Тайланд. Вспоминая Тай, первое о чем я думаю - горячий...
zhainar_d
17 қаң. 2017 / 11:11
  • 3395
  • 24