Тікелей эфир

Мектептен университетке көшіп келгендер

Жоғары курстағылар оларды “балмұздақ”, “сары балапан” деп атап, кішкентай көреді, бірақ студенттік шақтың осы бір кезеңі ұмытылмас, есте қаларлық тәтті сәттердің бірі екені бәрімізге мәлім.

Былтырғы жылдың қыркүйек айында кеше ғана оқушы, бүгінде студент билетін қолына ұстаған жастармен сұхбат жасаған болатынбыз. Бұл материал әке-шешесінен алыс кетіп, үлкен қалаға келіп, жаңа өмірге алғаш қадам жасаған жандар туралы. Олар оқушы кезінде аңсап жүрген университеттік өмірге тез үйренді ме, мектептегі мұғалімдерін сағына ма, әлде балалық шақтарымен тезірек қоштасқысы келе ме? Жалпы, бүгінгі студенттер жоғарғы білімнің маңыздылығын қаншалықты бағалайды?

Әділет. Философия және саясаттану факультенінің студенті:

“Жамбыл облысындағы Каменка ауылынан келдім. Мамандығым – әлеуметтік жұмыс. Грантта оқимын. Келешекте әкімшілікте жұмыс істейтін боламын. Бұл мамандықты таңдаған себебім: адамдармен жұмыс істегенді ұнатамын, сондай-ақ болашақта жетімдер үйінің басқармашысы болғым келеді. Бұл мамандық жайлы ойлап жүретінмін, кейін 11-сыныпта толығырақ біліп, ҰБТ-де география пәнін таңдап түстім. Басында түсу қиын болды, грант аз деген болатын. Оқып жатқан мамандығым өзіме ұнайды, өте қызықты. Бірақ қазір көбіне жалпылама пәндер оқытылып жатыр, ал 3-курстан бастап тек өзіміздің  мамандығымыз бойынша сабақтар жүргізіледі. Қазірде тобымызда 9 адам, оның 8-і грант, біреуі ақылы оқиды. Барлығы да өте ашық, тез тіл табысып кеттік. Мектептегі мұғалімдер мен университет мұғалімдрінің айырмашылығы бірден байқалады. Университет мұғалімдерінің білімі, тәжірибесі көп сияқты. Мен де өз тарапымнан барынша жақсы оқуға тырысып, белсенді студенттер қатарына қосыламын деп ойлаймын. Келешекте магистратураға да түсуді жоспарлап жүрмін. Шет елде оқығым келмейді”.


Айдос. Заң факультетінің студенті:

"Алматыда #59-шы мектептің түлегімін. ҰБТ-да таңдаған пәнім жалпы тарих болған. Жалпы 101 балл жинадым. Заң факультетіне грантқа орыс тілін санамағанда 95-96 баллдан өтіп жатты. Қазір ректор грантының иегерімін. Бұл мамандыққа түсуіме ешкім себепкер болған жоқ, өзім қалап түстім. Сот, адвокат, прокурорлардың жұмыстары мені өте қатты қызықтырады. Болашақта прокурор болғым келеді. Қазір сабақтар басталып та кетті, мектепке қарағанда қызығырақ, сабақтарды өзің көңіл қойып, қызығып оқисың. Мұғалімдер қатал емес, әр сабақ әрқалай. Мектепте мұғалімдер талапты қатты қойса, университетте өзің үшін оқисың. Қазір мемлекет және құқық теориясы, шетел мемлекеттерінің тарихы, ағылшын тілі, орыс тілі, сияқты жалпы пәндер өтіп жатыр. Сондай-ақ 2 таңдау пәні болады, мен кәсіби орыс тілін және қазақ әдебиетін таңдадым. Кәсіби орыс тілінде өзіміздің мамандығымызға байланысты сауатты сөйлеуді үйретеді. Қазақ әдебиетінде де мәдениетті сөйлеуді, кез келген жағдайда, сот болсын, біреуді қорғау кезінде әдемі сөз тіркестерімен ойыңды жеткізуді үйретеді.

Жалпы потокта 6 топ, 150 студенттей бар. Тобымда студенттер әр жерден жиналған: Тараз, Ақтөбе, т.б. Бәріміз де достасып кеттік.  Бірақ та, мысалы, шымкенттіктермен шымкенттіктер көбінесе бірге жүреді, бір қаладан болған соң жақынырақ болып келеді ғой. Алайда топтың ішінде бәріміз бірігіп кетеміз. Ертең студенттік қатарға қосылу мерекесі өтеді. Студенттік өміріміз енді ғана басталып келе жатыр, қызығы мен шыжығы мол болатынына сенімдімін. Бітіргеннен кейін, прокуратурада төменгі сатыдан бастап, біліктілігімді арттырып, лауазым бойынша көтерілу мақсатым бар".

Айша, география факультеті:

"Мен география факультетінде метеорология мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Негізі өзімнің қалаған мамандығым қаржы саласы болған. Алайда ҰБТ-дан кейінгі байқауда балым осы мамандыққа жетті. Мамандық өте қызық. Басында ұнаңқырамағаны болмаса, қазір өте ұнайды. Оқу басталғанына 3 аптадай уақыт өтті, осы уақыт аралығында метеорологияға кіріспені бастап та кеттік, түрлі жаңа терминдер, жаңа сөздерді үйреніп жатырмыз. Достарыма, өз тобыма келетін болсам, барлығымыз Қазақстанның әр бөлігінен жиналсақ та, бүгінде бір анаңың баласындай бір-бірімізге қамқормыз. Барлығы өте тамаша адамдар.

Мектеп пен университетті салыстыруға келмейді деп айтар едім. Өйткені мектеп сенің балалық шағың. Балалық шақ ең тәтті кезеңдердің бірі ғой. Мектеп қашан да өзінің әдемі бейнесімен ойыңда қалады. Мектептегідей сені әлпештеп-мәпелеп жүретін ата-анаң, 11 жыл бойы дәріс берген бір мұғалімің жаныңда жоқ. Университеттегі мұғалімдер мүлдем бөлек. Олар саған оқы деп ұрысып жатпайды. Бәрі өзің үшін, өз болашағың үшін. Сабақтар қиын болса да, оқыған адамға бәрі оңай"!

Әзірет. Физика факультеті:

"Түркістаннан келдім. Мамандығым - радиотехника. Бұл мамандықты таңдаған себебім - саланың елімізде әлі де дамымағандығынан, жетілдіріп, өз үлесімді қосқым келеді. Бітіргеннен кейін электроника, телекоммуникация саласында жұмыс істеймін. Бұл мамандық туралы 10-шы сыныпта білдім. Бірден қызықтым. Ақылы бөлімде оқимын. Қазір математика, физика пәндерін өтіп жатырмыз. Сабақтарды қиын деп айта алмаймын, өте қызықты өтеді. Лекция, семинар деген нәрселер болады. Өз басым физика-математикаға жақынмын. Тобымызда студенттер республиканың жан-жағынан жиналғанымен, бірден достасып кеттік. Болашақты нақты жоспарламаймын, кейін көре жатармыз".

Айсұлу, алтын белгі. Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің студенті:

"Өзім әдебиетке жақынмын, кішкентайымнан кітап оқығанды жақсы көремін. Сондықтан болар мұғалім болу менің кішкентай кезімнен армандаған мамандығым. Бірақ мектептегі қазақ тілі және әдебиет пәнінен сабақ берген мұғалімім де таңдау жасауға үлкен әсерін тигізді.

Мектепте біздің бүкіл балалық шағымыз өтті десек те болады. Балалықтан бірден үлкен өмір арнасына қосылып кете алмайсың. Университетте аздап қиналып жүрміз, қай жағынан болса да. Өйткені өмірдің тәттісі мен ащысын өзіміз жалғыз басымыздан өткізіп жатырмыз. Ата-анамыздан алыста болғандықтан, жалғыз қадам басу қиынырақ екен. Бірақ соған қарамастан, ата-анамыз бізге үлкен үміт артып жіберген соң, олардың үмітін ақтау үшін өмірдің барлық қиындығына төзе білуіміз керек.

Мектептегі достарым менің жүрегімде ерекше орын алады. Олардың орнын өзге адам толтыра алмасы анық. 11 жыл бірге оқып, бір үйдің баласындай жүрдік. Енді міне, әрқайсысымыз әр жақта жүрміз. Бірақ әрдайым хабарласып тұрамыз. Университетке келгеннен соң орта да өзге, адамдар да өзге. Бірінші сабақ басталғаннан бері біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін деген ұранды алға қойып, үлкен өмірге қол ұстасып қадам басқалы жатырмыз".

Олжас, алтын белгі, журналистика факультеті:

"Қоғаммен байланыс мамандығында оқимын. Бұл жаңадан бой көтеріп келе жатқан мамандық болғанымен, оны ХХІ ғасыр мамандығы деп атар едім. Алғашында Еуразия Ұлттық университетіне түскім келген, бірақ достарым, ағаларыммен ақылдаса келіп, ҚазҰУ-ға түсемін деп шештім. Дәл осы университетке түскендігіме еш өкінбеймін. Бәрі тамаша. Әдемі қалашығы бар, өзіме жақсы достар таптым. Университеттегі жастардың өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмыстары ұнады. Сенатқа мүше болып кірмек ойым бар.

Әр бір адамның бойында ерекше қасиет болады. Бірі ән айтса, бірі домбырада, гитарада жақсы ойнайды дегендей. Тек сол қасиетіңді тани білуің керек. Ал бұл университет студенттердің өз қабілеттерін тани алуына, әрі оны шынықтыруына мүмкіндік береді. Мектепте көп балалар жалқау болады, оқығысы келмейді. Ал университетке келгенде, сен өз басына өзің жауап бересің, оқығың, білгің келеді, болашақты ойлайсың. Мектепте мұғалімдер саған тәлім берсе, университетте сен мұғалімдерден тәлім аласың. Қазір бакалаврда оқып жатырмын, оны бітіргеннен соң магистратураға түскім келеді. Өйткені бүгінде магистратураны бітірген мамандарды Қазақстанда жоғары бағалайды. Жұмысқа тұруыңа да оңай болады. Менің үлкен арманым бар - болашақта министерстволардың бірінде баспасөз хатшысы болу".

Арай, алтын белгі, география және табиғаттты қорғау факультеті:

"Ұлттық бірыңғай тестті тапсырған уақытта ең бірінші мақсатым жоғарғы бал жинап, мектепті алтын белгіге бітіру еді. Туризм мамандығын таңдаған себебім - туризм Қазақстанда енді дамып келе жатқан сала. Оның болашағы зор, өйткені еліміздің көрікті жерлері көп. Болашақта халқыма, мемлекетіме өз үлесімді қосып, осы туризм мамандығының жақсы бір майталманы болғым келед. Мектептегі мұғалімдерге еркелеп жүретіңбіз, ал университетте бәрі басқаша, жаңа адамдар, жаңа қоғамдық орта. Еркелікті қоюыңа тура келеді. Ауылда, мектепте көрсеткен еркелігіңді мұнда көрсете алмайсың. Бұл жақта басқа қарым-қатынас, мұғалімдер балыңды біліміне қарап қойып береді".

Сұхбаттасқан: Айжан Карибаева, Айнұр Ракишева

Фото: Әлия Сембай



Алия Arsik
24 қазан 2012, 7:52
4818

Loading...

Пікірлер

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Многие клиенты, вздыхая о харамном ссудном проценте местных банков, сокрушались по поводу отсутствия у нас халяльного кредитования. Поддержка исламского банкинга на уровне МФЦА есть...
DanaJarlygapova
24 нау. 2017 / 18:28
  • 17478
  • 54
Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Первую пересадку сердца Рокфеллер пережил в 1976 году на 62-м году жизни. Последнюю пересадку ему сделали в августе 2016 года. Пересадка сердца такому старому пациенту не имеет аналогов...
Timur_Tregulov
21 нау. 2017 / 23:10
  • 7171
  • 52
Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

LG Electronics объявляет о начале предварительного заказа онлайн на новый смартфон LG G6. Оформить предзаказ можно на сайтах магазинов электроники до 16 апреля 2017 года.
LG Electronics
24 нау. 2017 / 14:20
  • 4864
  • 0
Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Мои волшебные 9 месяцев протекали в новой среде и далеко от всех родственников и подружек. Никто из моих знакомых в США на тот момент не успел обзавестись малышом, поэтому мне не с кем было...
Zarema_
23 нау. 2017 / 9:25
  • 4640
  • 16
Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Париж, Рим, Барселона, Лондон, Алматы, Венеция – выберите город, который на ваш взгляд кажется лишним в этом списке. Если бы не было слова "урод", было бы легче определиться?
corridere
21 нау. 2017 / 14:59
  • 4760
  • 75
Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Шестиминутный ролик про строительство автомобильной дороги в США - это как острый нож в пузо нашим чиновникам. Они же подавятся бешбармаком, увидев его! Похлеще любого пропагандистского фильма...
Timur_Tregulov
24 нау. 2017 / 11:26
  • 4030
  • 33
Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Многие уверенны на 100%, что сказка «Красавица и Чудовище» - это интересная выдумка ее создателей. Однако, действия, происходящие в мультфильме и фильме, имели место в истории, и у главных героев...
Naomi_K
24 нау. 2017 / 18:42
  • 4334
  • 34
Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу

Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу

Вы думаете о переезде за границу, но постоянно откладываете дату, потому что вас беспокоит тысяча мелочей, которые могут пойти не так? У меня есть семь причин, почему пора перестать мотать нервы...
Lesch
24 нау. 2017 / 17:50
  • 3174
  • 14
Гонения на «Свидетелей Иеговы». Кому это выгодно?

Гонения на «Свидетелей Иеговы». Кому это выгодно?

Я не "Свидетель Иеговы". Мне приходилось защищать в судах и кришнаитов и коммунистов, хотя я и не разделяю их убеждений. Я защищаю свободу совести. Сегодня "Свидетели Иеговы", завтра,- каждый из вас.
nasreddin
25 нау. 2017 / 17:18
  • 2921
  • 29