Бүгінгі ата-аналар балаларына қандай ертегі оқиды?

Жұлдыз, диспетчер:

Қыздарыма әр кезде әр түрлі ертегілер оқып беріп отырамын. Сонымен қатар, Ыбырай Алтынсаринның мән-мағынасы зор қысқа әңгімелірін де арасында оқып беремін. Үлкен қызым Айым «Мақта қыз бен мысық» ертегісін ұнатады. Әсіресе мысықты. Ал егіз қызым Жансая мен Нұрсая «Бауырсақ» ертегісін бар ынтамен тыңдайды, тіпті кейде кітапты көтеріп әкеліп: «бауырсақ, бауырсақ» -, деп отырады. Жалпы, ертегі адам өмірінің ажырамас бөлігі деп есептеймін. Баланың ертегі тыңдап өскені жақсы, бұл болашақ өміріне де өз пайдасын тигізері анық.

_________________________________________________________________________

Аршат, kerekinfo.kz сайтының әкімшісі:

Мен ұлыма классика болып кеткен ертегілерді айтып беремін, мысалы "Бауырсақ", "Мақта қыз", "Жеті лақ"және т.б.

Ұлым қазір 3 жарым жаста. Ауыр ертегілер оқуға әлі ерте. Ертегі шығаратын баспалар бар, мысалы, «Аруна» баспасы. Бірақ, маған ұнамайтыны - 1 ертегіні 1 кітапша болып шығаратынында. Ал маған бірнеше ертегінің бір кітапта жинастырылғаны тиімді болар еді. Бала кезімізде солай еді. Барлығы бір кітапта жинақ болып шығатын.

Аршаттың ұлы Әмин

__________________________________________________________________________

Динара, мұғалім:

Ұлымның есімі Нұрислам, биыл 3 жасқа толды. Кішкентайыма әрдайым халық ертегілерін оқып беремін. Өзі де ертегілерді тыңдағанды өте жақсы көреді. Солардың ішіндегі ең сүйікті ертегісі «Алтын балық» пен «Бауырсақ». Кішкентай болса да жануарларды жақсы көреді. Әсіресе «Бауырсақтағы» бас кейіпкердің алдынан шығатын жануарлардың іс-әрекеті жайында оқып отырғанда бір тамсана тыңдап, әрбір сөздерін қайталап, күліп жатады. Ең жақсы көретін жануары - қоян мен қасқыр.

 

__________________________________________________________________________

Меруерт, экономист:

Қызыма кішкентай кезінде негізінен «Апалы-інілі Аленушка мен Иванушка», «Маша мен үш аю», «Ақшақар» сынды орыс халқының ертегілерін оқып беретінмін. Өйткені осы ертегілерді бала кезімде өзіме анам оқып беретін. Тәрбиелік мәні бар бұл ертегілер баланың адамгершілік қасиетіне, тәлім-тәрбиесіне пайдасын тигізсе, қиял-ғажайып ертегілер оның қиялын дамытады. Қазір Дариғам бірінші сыныпқа барып, оқуды үйренгеннен бастап, өзі «Алдар көсе» туралы ертегілерді әрдайым оқып отырады.

 

__________________________________________________________________________

Асқар, блоггер:

Балама кітап оқуға уақыт бола бермейді. Мен 28/28 күн вахтамен жүремін. Ал 28 күн демалысымды толығымен отбасыма, әйеліме, қызыма бөлуге тырысамын.

Оқитын кітаптардың аттарын білмеймін, ішінде 4 жол қазақша-орысша өлеңдер, түрлі-түсті суреттері бар. Қызым енді ғана бірден асты, ертегі оқуға әлі кішкентай. Әзірге ыммен-жыммен керемет түсінеді. Сөздерді бірнеше рет қайталау керек. Ал әліппені осы бастан үйретіп жатырмыз, ойыншықтарын қазақша сөйлейтін қылып алуға тырысамыз.

Асқардың кішкентайы

_____________________________________________________________________________________________

Назым, бухгалтер-оператор:

Мен Асылай, Ақмерей, Ақназ есімді үш қыздың анасымын. Үшеуі де ертегі тыңдағанды жақсы көреді. Ұйықтар алдында ертегі тыңдамаса, ұйықтамайтын әдеттері бар. Әкесі қыздарына «Қиял-ғажайып ертегілер» деп аталатын кітап әкеліп берген болатын. Енді сол кітаптан «Хан қызын алған жарлы», «Алтын мүйізді киік», «Патшаның үш қызы», «Жалмауызды алдаған қыздар» деген ертегілерді өздерінің сұрауларымен жиі оқып беремін. Әсіресе осылардың ішінен «Патшаның үш қызы» атты ертегіні өте сүйіп тыңдайды. Ертегідегі патшаның ай десе аузы, күн десе көзі бар өте сұлу қыздарына қызығып: «үлкен қыз болғанда мен осындай әдемі, ақылды қыз боламын» - деп айтып қоятындары бар.

__________________________________________________________________________

Ерлан, жеке кәсіпкер:

Әлімжан деген ұлыма жиі ертегілер оқып тұрамын. Ұнататыны соншалық, күн сайын «ертегі оқиық» деп өзі сұранып тұрады. Алайда ертегі оқып жатқан кезде міндетті түрде «анау неге олай жасады?», «ол неге сондай?» деп көп сұрақ қояды. Сосын ертегіміздің аяғы әңгімеге ұласып кететін жағдайлар болады.
Бір жақсысы, ертегі тыңдап өскен балалар алғыр, зерек болып өседі. Әлімжанның да ерте тілі шығып, естіген ертегілерін кіші қарындасына айтып беруге шамасы жетіп қалды. Сондай-ақ балабақшада біраз ертегі үйренетін болуы керек, «енді мен ертегі айтамын» деп, бізді отырғызып қойып үлкендерше «ерте, ерте, ертеде..» - деп айта жөнеледі.

Әлімжан

__________________________________________________________________________

Ал сіз балаларыңызға қандай ертегі оқып бересіз?


Алия Arsik
24 қазан 2012, 16:09
9537

Загрузка...

Пікірлер

Қазақ радиосының сайтында бірқатар ертегілердің аудио нұсқасы бар. kazradio.kaztrk.kz Ертегілер әлемінде.
Шынымды айтсам, жасым 20 - ға келсе де әлі күнге ертегілер оқимын. Біреу айтып беремін десе ғой шіркін, қуана - қуана тыңдар едім! Менің ойымша, ертегі баланы адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелейді. Оның фантазиясының дамуына ықпалын тигізеді деп есептеймін!
adaika
1
0
өте керемеееет))))
менің жеңгелерім әдемі шығыпты)
мақала өте тартымды көзді еліктіріп әкетеді әрі қызықты!
Жарайсың Айнұр!"ЕКПІН" тек қана алға!
Рахмет Нұржайна! :)
Ертегідей кенде болғам жоқ. Біздің үйде 3 әже тұрды. Жас кезімде "Тышқанбек пен Қоңызай сұлу", "Шертай ата" (ауылдағы әжемнің құрдасының аты ғой), "3 қыз" деген ертегілерді құдайдың құтты күні тыңдайтын едім. Күнде қайталап беруден жалықпайтын жарықтықтар-ай:))
Arsik
0
0
www.scholastic.com мынау да пайдалы сілтеме болар
Кішкентай сінліме айтатын ертегілердің қатарында "Бауырсақ", "мақта қыз бен мысық" ертегілер. Күнде осы ертегілерді айтқандықтан ба 3 жасар сіңлім жатқа біліп,өзі қосылып айтады)))) енді кітаптан оқып жаңа 2-3 ертегі қоспасам,уят болар;)
Бір ретте Ая айтқан еді "қандай ертегі білесің?" десе бірінші ойға түсітіні "бауырсақ" ертегісі деп. Шындығындада солай екен ғой :)))
Әкемнің маған айтып берген ертегісі әлі есімде "Тышқан мен керік" деген. Әкем ол ертегіні ойынан шығарған. Түйіні "кезек екі, Тәңірі бір" деп аяқталатын еді:))
Аршат ағайдың ұлы өзіне тартқан сүйкімді екен:))))
мен жиеніме "Алдар көсе" туралы ертегілерін интернет арқылы көрсетемін. оқу алда )
Жарайсын, Айнур! Мактауга лайыксын! Iсiн онга бассын, енбегiн жемiстi болсын!
Рахмет Жұлдыз :))
Шарль Перро мен ағайынды Гриммдардың ертегілері қатты ұнайды. Кішкентайларға соларды оқып берем. Оларға түсірілген мультиктар тіпті керемт.

Блог Құрылтай 2011 жұлдызы Әмин мен Гастаның ханшайымы Айана күшті шығыпты :) Суреттер керемет.
balalar.ucoz.com сайты Балаларға арналған!
Ертегілер [32]
Әңгімелер [83]
АудиоЕртегілер [57]
Мультфильмдер [120]
Санамақтар [30]
Жаңылтпаштар [29]
Өтірік өлеңдер [20]
Мазақтамалар [10]
Бесік жырлары [12]
Жұмбақтар [10]
Мақал-мәтелдер [9]
Өлеңдер, тақпақтар [20]
Ойындар [17]
Әрине, ертегі тыңдағанға, оны балаларыңа айтып бергенге не жетсін! Біздің үйде үлкен қызымыз келген қонақтан ертегі айтып беруін сұрайды. Өзі де айтып береді. Жұмыстан үйге қайтпас бұрын Интернеттен күнделікті аңыз-әңгімелер, ертегілер оқып алуға тырысамын. Күнде жаңа бір ертегі айтамыз, тіпті болмаған жағдайда өз қиялымызды қосып, ойдан құрастырамыз. Бір қынжыларлығы, ертегі сұрап отырған бүлдіршінге ересек адамның: "Мен ертегі білмеймін, не айтып беремін саған" - деп айтуы. Ертегі айтайықшы

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Дастархан в те времена был скромен. Не было понятия «сынау» - осуждения кто как живет, какой в доме ремонт и т.д. Пока взрослые обсуждали задержку заработной платы, мы играли в армию, жмурки, строили городки...
socium_kzo
5 желт. 2016 / 15:19
  • 8292
  • 19
Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

"Мужчины должны у вас тут права качать, ибо их процент в вашей численности населения уступает проценту женщин". Я машинально начала уверять, что у нас в стране таковых не имеется...
Sapientia
5 желт. 2016 / 10:52
  • 8473
  • 67
Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

В чем уникальность этой личности? В чем его успех или провалы? Эти вопросы требуют глубокой аналитики и исследований. Я же хочу рассказать о Нурсултане Абишевиче глазами рядового кыргыза...
maxes
1 желт. 2016 / 8:05
  • 5922
  • 20
Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Как сообщают новостные издания, в ближайшее время в Южном Казахстане 102 детям в возрасте 11-12 лет сообщат об их страшном диагнозе. Все эти дети были заражены ВИЧ, причём большинство было инфицировано по вине врачей.
openqazaqstan
2 желт. 2016 / 13:57
  • 4383
  • 4
Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Трамп и не подозревает, что 16 декабря 1991 Казахстан не создал, а восстановил свою национальную государственность. Иначе бы он упомянул не только 25 лет, а больше чем 550 лет казахской истории.
Stehlikova
2 желт. 2016 / 9:02
  • 4985
  • 88
10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

Я почти год проработала в школе, и когда уходила оттуда, была самым счастливым человеком в мире. Тот год, честно говоря, я и сейчас вспоминаю с ужасом.
demonica
вчера / 17:21
  • 4036
  • 66
Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Давно ждал запуска электронного билетирования в общественном транспорте Астаны. В ноябре 2016 года этот день настал. Мой опыт насчитывает последние 2 недели и мне есть чем поделиться.
iamYerlan
1 желт. 2016 / 15:24
  • 3419
  • 17
Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Конечно, Алматы заслужил эту дорогу. Невзирая на все издержки, которые могут возникнуть. Заслужил и как крупнейший город Казахстана, и как субъект, формирующий своими налогами около четверти всех...
merurg
7 желт. 2016 / 12:35
  • 3079
  • 13
После крупной пьяной аварии бизнесмены в Чечне отказались торговать спиртным. В Казахстане едва ли такое возможно

После крупной пьяной аварии бизнесмены в Чечне отказались торговать спиртным. В Казахстане едва ли такое возможно

После тяжкого ДТП по вине пьяного водителя в Чечне закрылись все магазины, торгующие алкоголем. Их владельцы – 14 бизнесменов – добровольно отказались от выданных им лицензий.
openqazaqstan
5 желт. 2016 / 13:09