Перейти к содержимому
Обложка сообщества Әртүрлi

Ө.Шөкеев Жаңаөзенге барды

 
 

Бүгін Үкіметтік комиссия төрағасы Өмірзақ Шөкеев Жаңаөзенге барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Бұдан соң, жергілікті әкімдікте жиын өткізді. Онда нақты қандай мәселелер қаузалды? Жаңаөзенде жүрген арнаулы тілшілеріміз қазір бізбен байланысқа шығып тұр.

Ө.Шөкеев Жаңаөзенге бүгін түс ауа ұшып келді. Ол жөндеуден өтіп, қайтадан қалпына келген сауда үйлерін аралады. Кейін уақытша жергілікті әкімшілік отыратын ғимаратқа келіп, жиын өткізді. Ө.Шөкеев Үкіметтік комиссияның жұмысы қарқынды жүріп жатқанын айтып, Төтенше жағдай министрі Владимир Божкоға сөз берді. Ведомства басшысының айтуынша, облыстағы барлық мекеме қызметкерлері Жаңаөзендегі жағдайды қалпына келтіруге атсалысып жатыр. Осы уақытқа дейін 52 адамнан келтірілген залал жөнінде өтініш келіп түскен екен. В.Божко қалада кезектен тыс демалысқа шыққан 22 мектеп жақын арада жұмыс бастайтынын айтты.
Владимир Божко, ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрі:
Кеше комиссия отырысында Өмірзақ Шөкеев қаладағы барлық мектептер қаңтардың бесінде жұмысқа кірісетінін айтты. Сондықтан, мұғалімдер сол уақытқа дейін дайын болуы тиіс. Ал қала тазалығына келетін болсақ, бұл жұмыстарды жүргізуге және орталық алаңды қалпына келтіруге 150 млн. теңге бөлінді.
Ө.Шөкеев Жаңаөзен кезіндегі оқиғаға байланысты қайтыс болғандардың отбасыларына 1 млн. теңгеден, ал жараланғандарға 500 мың теңгеден жәрдемақы беретіндерін айтып, жергілікті әкімшілікке тапсырма берді.
Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы, Үкіметтік комиссия төрағасы:
Қоғамдық фондқа берілетін болады. Қоғамдық фонд әкімшілік барлық құжаттарды жинағаннан кейін, оны тездету керек. Сол фондқа тиісті қаржыны біз құятын боламыз. Осы аптаның ішінде оның барлығын бітіру керек.
Бүгінгі жиында облыс және қалалық мәслихат депутаттары Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына хат жолдады. Онда жарияланған төтенше жағдай туралы ұсыныстар айтылған, ендеше тындап көрелік.
Серік Машқұлов, Жаңаөзен қалалық мәслихатының хатшысы:
Қалаішілік тәртіпті нығайтып, жалпы тұрақтылықты сақтау арқылы тұрғындардың қамтамассыз ету мақсатында енгізілген төтенше жағдайды мерзімінен әрі қарай созуды өтінеміз.
Кейін Жаңаөзендегі азаматтар өздерінің арыз-шағымдарын айтып, Үкімет комиссиясының төрағасына әлеуметтік және коммуналдық мәселелерді шешіп беру туралы өтініш жасап, Ө.Шөкеев бұл мәселені де жергілікті әкімшілікке тапсырды.
0
0
338

Еще по теме

Ө.Шөкеев Жаңаөзенге барды - Yvision.kz