Сырт көз сыншы....qogam.kz
Автобус аялдамаға келіп тоқтады.Абыр-сабыр болған жұрт бірі түсіп,бірі мініп жатыр.Осы тұста автобусқа асыға мінген қараторы жігіт байқаусызда сары баланы қағып кетті.Абырой барда аузын ашып үлгергені сол еді сары баланың қаһарына ілікті де қалды.Қысқасы ашуға салған азаматтар жоқ жерден дау шығарып, бірін-бірі балағаттап, боқ ауыз сөзбен жаудырды. Әйтеуір,болды-ау дегенде сіркесі су көтермей қалған сары қараторыны «баран» деп тынды.
Естіген құлағынан иесі кынжылатын сөздерден кейін екі көзім төрт көз болып қоя берді. Апыр-ай,мыналарға не көрінді? Болар болмас нәрсеге иттей ырылдасуын қарашы. Жасыратыны жоқ, кәзір екінің бірі қабағынан қар жауып, жүйкесі жұқарып жүреді. Ондайларға тиіп қетсең, құтылуың екіталай. Сол секілдімына көк көздің де, біреу байқаусыз қағып кеткеніне бола тынысы тарылып қалмаса игі. Дегенмен, айтайын дегенім бұл емес. Бәрінен бұрын «баран» деген сөзге көңілім ауды. Бұл сөзді бірінші рет естіп тұрғанымнан емес, керісінше қазаққа қараталып жиі айтылатындығынан. Мәселен әлемдік аренада алып елдер жайында сан алуан пікір қалыптасады. Мысалы,Бұқаралық ақпарат құралдарынан солтүстігімізде созылып жатқан орыстарды-аюға, шығысымызда шырқап жүрген қытайларды-айдаһарға, аты әлемге әйгілі АҚШ-ты сұңқарға теңеп жататындығын жиі естіп,оқимыз. Демек халықтың символына айналған тарихи тотемдер ұлт санасында мемлекет жайында белгілі бір пікір қалыптастырады. Ендеше өзге ұлттың орнына өзімізді қойып сын көзбен сынап көрелік. Көбіне қазақтарды қойға теңеп жататыны баршаға аян. Бұл психиология өзге ұлтта қалай қалыптасты? Әлихан Бөкейханның «Мал бағып, малының артынан еріп көшкен қазақ байлық пен қазына мал кіндігінде деп біледі»- деген сөздері бар. Расында сайын далада аң аулап,мал бағуды кәсіп еткен жұртымыз малдың алдын қой деп санап «Мал өсірсең – қой өсір, өнімі оның көл-көсір» – деп көксеуі бар. Қазақ пен қойды байланыстырудың бірден бір себебі осы шығар. Екінші жағынан қай халықты алып қарасақ та өзіне тән психикасы мен мінез бітістері бар емес пе? Қазақты кейде қой мінезді, момын,жуас келеді деп жатады. Таяғымның бір ұшы өзіме келіп тиседағы, мұндай психологияның қалыптасуының бірден бір себебі осы шығар. Қазақ шынында дархан халық. Қонағы келсе аузындағы асын жырып беретін қонақжай, жетімін көрсе жебей жүретін мейірбан, ел басына күн туса батырын атына қондырған ержүрек, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жеткізе білетін данышпан халық. Қазақ Қазыбек айтқан «Еш дұшпан басынбаған ел, басынан сөз асырмаған ел. Достарын сақтай білген, дәм-тұзын ақтай білген ел». Мұны қашанда жаздық және жаза береміз. Бірақ бүгінде халықтың хал-ахуалы дәл осындай күйде ме? Қой мінезді жуас деп жуастығымызды пайдаланып есіктен кіре салып «төр менікі» деушілер көбейді, жетімдерімізді жылатпақ тұрмақ өз балаларымызды өзіміз ұрлап сататын заман туды. Соны істеп отырған жандарымыз біреудің көз жасына қалмаса игі. «Судың да сұрауы бар»,-дейді атам қазақ. Осы кезде «Қайран қой бізге қарағанда бақытты ма?» -деп қаламын. Ол байқұс не қылсада біліп қылмайды. Айтпақшы осы арада тағы бір проблеманы ұмытып барады екем. Бiр заманда орыс пен қазақ көршi тұрыпты. Орыс қазақша, қазақ орысша бiлмейді екен. Бiр күнi қонақжай қазақ орысты үйiне қонаққа шақырыпты. Орыс қазақтың үйiне келiп дастарханда ештеңе жемей отырыпты. Сосын қазақ «ұялмай жей бер» дегендi қалай айтарын бiлмей, орысқа «ешь, ешь как тебе не стыдно» -дептi. Орыс одан сайын қысыла түседі. Сосын қазақ «мүмкiн бұған қой сойып беру керек шығар» -деп оны орысша қалай жеткізерін білмей «я тебя как барана зарежу» – дептi. Сол кезде орыс орнынан тұра салып қаша жөнеледі. «Ары-берi өткенде келiп тұр» дегендi қалай айтарын бiлмей , қашып бара жатқан орысқа «туда-сюда пройдешь, все равно поймаю» – деген екен. Айтпақ ойым бұрын қазақ қазақбайша орысшаны қатырса, енді қазақ орысбайша қазақшаны қатырып жүр. «Өй,қойшы соны,айта берсең ангіме көп »- деген екен біреу.Сол секілді жаза бергеннен не пайда? Оданша орысшамды асырып, «Меньше слов,больше дел» деп айтайын.АЙДАНА УСЕНБАЙ
