• 14086
  • 151
  • 12
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Қазақты қаншалықты сүйесіз?.....qogam.kz

Егер сізден біреу «Қазақты қаншалықты сүйесіз?» деп сұраса,қай қасиетіне бола «барынша» деп жауап берер едіңіз?Айтылған ой әр түрлі болары хақ.Мен үшін берілген жауаптың шынайы болуы маңызды.Жүрегіміздің түбіне терең бойлай,сол сұрақтың жауабын ізделік.Нәтижесі елі үшін еңірегендердің бірімін десеңіз,ол үшін қандай игі істер атқардыңыз? «Ұлтын сүйген ұлы істер атқарады» демей ме?Өткеннің ұлылары ұлт үшін  аянбай қызмет етіп,кеше ғана құрдымға кетіп бара жатқан халықты құтқарып  қалған Ахмет,Жүсіпбек,Міржақып пен Әлихандай зиялы қауым ұрпақ алдындағы парызын өтеп кетті.Ал бүгінгілер ше?

Бүгінгілер келер ұрпақтың несібесін жеп, қазақтың сүйегіне таңба болған бала сатумен айналысып, жаманның жетегінде жүріп жеті тілді меңгерсе де туған тілге келгенде ат-тонын ала қашады.Аға –буын ұрпақ алдындағы парызын өтеудің орнына,қарызға батып барады – ау!Бірде Ғабекең «Бүгін ұлтшылдықпен күресу болып жатыр,ертең ұлтсыздықпен күресеміз» деген екен. Бүгінгі таңда ұлттың рухани тұтастығы мен ынтымақтастығы ыдырап,елім-жерім дейтіндердің қарасы қараған сайын бұлыңғыр.Кінәні кімнің мойнына артасың?Бүгінгі қазақ халықты емес,қара басты ойлауға көшкен қазақ.Әр қайсысы «бас басына би болып»(Абай),өзгеге жаны ашымақ түгіл жыртығына жамау болуға жарымай,ауыз жаласудың орнына арасын алшақ ұстап,көмегі тиген күннің өзінде көмекейі бүлкілдеп бірнәрсені дәмететін қазақ. Оның үстіне өздері қоймай,өсіп келе жатқан баласының санасын  «бай боласын,бастық боласын» деп улайды.Нәтижесі,бастық болуды,бай болуды көздеген бала, өзі үшін оттаған  хайуанның біріне айналар(Абай) .Ұлтына жаны ашыған адам «Ұлым үлкен азамат болып ер жетіп, елің үшін еңбек ет» демей ме? Осы кезде  Жүкеңнің «Ұлтын шын сүйіп, аянбай қызмет қылған азаматы көп жұрт күшті, өнерлі, білімді жұрт болып, күресте тең түсіп, басқаларға өзін елетіп отыр. Ұлты үшін құрмет қылмай, бас қамын ойлап жүрген азаматтардың елі артта қалып отыр. Ұлтшыл жұрттар, әне, Германия, Япония, Англия, Түркиялар, олардың баласы жасынан «ұлтым» деп өседі. Есейген соң бар білімін, күшін өз жұртының күшеюіне жұмсайды. Олардың әр адамы - мемлекеттің керегі, қызметкері» деген сөздері ойыма оралады. Айта ,айта ауызға жара шықпаса игі.Бір жағынан айта бергеннен не пайда?Елдегі проблемалар менсіз-ақ айтылып та,жазылып та жатыр.Дегенмен,тоқитын көңіл болмаса,тыңдайтын құлақтың керегі не?

Бір кездері Амангелді Кеңшілікұлының «Қазақты сүю» атты мақаласын оқи отырып тебіренгенім әлі есімде.«Адам баласының өз ұлтына деген асыл сәулелі сүйіспеншілігі,Құдайға деген махаббатынан бастау алуға тиіс.Ал біздің жүрегімізде Құдайға деген махаббаттың шырағы сөніп қалған» деп басталатын мақала жүрегімді дір еткізді.Онан ары «Жүрегімізге үңіліп көрейікші,онда Құдай сүйетін қандай нұрлы сәуле қалды.Құдайдың үйі мешітке барсаңыз,өтірік мүләйімсіп,жасаған күнасы үшін кешірім сұрауға келген мыңдаған қазақтарды кездестіресіз.Сол қазақтар Құдайдың үйінен шыға салысымен,парақорлығын одан әрі жалғастырады,туған бауырына деген қатігездігі одан сайын күшейе түседі,бірін-бірі көре алмаушылығы онан сайын зораяды.Құдайдың өсиетін қате түсінген молдалар мешітке келген халықтан ақша алып,қалтасын қампитып,жалмаң-жалмаң етеді.Құдайдың үйі бізді имандылыққа үйрете алмаса,оған барғаннан біз не опа тауып жүрміз?» дейді.Мақалада қазақ қоғамындағы өзекті мәселелер қамтылып,ащы шыңдықтар айтылған.Ең бір ұнаған түсі автордың халық пен құдайдың арасындағы байланысты  көрсетуі.Расында да Құдай қазақты «қазақ» етіп жаратқан соң,өз ұлтыңа қарсы шығуың,жаралушының жаратушыға қарсы шығуымен тең.Хакім Абай «Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Aлланы жаннан тәттi.
Адамзаттың бәрiн сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әдiлеттi» демей ме?Ұлтқа деген махаббат орнамаған жүректе,барша адамзатқа деген бауырмалдық қайдан болсын?Ұлтты сүйе білудің өзі де ұлылық екен.Шіркін, бір-бірін бауырындай тұтып һәм қиын сәтте кеудеден қақпай қол ұшын беріп,өзі үшін оттаған хайуанның бірі емес,адамшылықтың қарызы үшін еңбек етіп, алланың сүйген құлының бірі болып, ыстық қайрат,нұрлы ақыл мен жылы жүрек бойды билеген заман туар ма екен? Міне,Абай аңсаған арманның биігі де осы болар..

АЙДАНА УСЕНБАЙ

 
Айдана Усенбай derzai
Чтобы быть счастливым, нужно постоянно стремиться к этому счастью и понимать его. Оно зависит не от обстоятельств, а от себя.
30 ноября 2011, 2:26
2553

Загрузка...

Комментарии

Менде бірінші қазақ тілі, ағылшын, сосын барып орыс.
derzai
0
0
молодец))))то есть ЖАРАЙСЫҢ))))
арине агылшын да керек ...орыс тілде ...бірақ туған тілдің тұғыры биік болу керек!
аптор, жалпы ұлт мәселесі туралы қозғаған, тілдің келіп кетір пайдасы шамасы ғой, қалай түсінбейсіз? Ал, орыстар қазақ тілін меңгерді дейік, сосын не? Бүткіл әлемнің тіліне айнала ма? Қазақ қазаққа көмек беру керек қой, итше ырылдаспай...сондай емес пе?
derzai
0
0
сиз тек пайда жагынан караймысыз?оз тилиннин тугыры оз елинде биык турса мактаныш емес пе?алемди тилге тиек етпестен казак казакша соилеп алса иги
Әр бір адам, алдымен пайда жағын ойлауда, ол әбден анық нәрселер ғой. Қазақ тілім жетіп жатыр, айналамның бәрі қазақ, қазаша сөйлейді. Жаһандану заманы ма, әлде басқа бір себептер ме, менталитетіміз, дініміз жоғалуда, ұлттық идеямыз да жоқ, қазаққа не керек өзі? Осыны әлі түсінбедім?
Тіл тіл деген айқайдан шаршадым, иә қазақ тілі керек, оған дау жоқ, бірақ, мен өз елімде, өзімнің жерімде, емін еркін жүре алмай тұрғаныма кім кінәлі? Неге жұдырықтыра кеудеме ұра алмаймын, "бұл менің жерім, осы жердің иесі мен - қазақ!" - деп?
улттык идеянын курамына тил кирмеима?))) Егер менин аиналамдагылар тугел казакша сойлесе осы макаланы жазбай ак кояр едим)))
Толенранс деген боқтың не керегі бар?
Қазақ тілден бас тартқаным жоқ, сөзімді теріс түсінбеңіз, рет-ретімен болу керек қой.
урма дегеним жок))урыныз)) дегенмен кур аикаидан ештене шыкпайды..испен далелдеу керек))
сиз берги жактан оиламаныз..неге толеранс бок екен? мен бул макалада Абай хакимнин созин мысалга алдым...адамзаттын барин суи бауырым деп деген...арине оз халкын 1 ши орында ..дегенмен жанашырлык билдиру толенрантылыкты кажет етеди...сиздин тек казакка емес..алла тагала жараткан ар пендеге жаныныз ашу керек
Оны сұраған жоқпын, ол жалпы айтылған, мысал ретінде, мен сізге соны жеткізе алмай отырмын ғой, бірлесу керек, бауырмал болауық, бір бірімізге көмек берейік, итше ырылдаспайық, жалған идеяларға сенбейік.
эхх)) сиз бир кезде толеранттылык бок деисиз..бирде баурмал болаик деисиз))оз созинизге озиниз карсы шыгасыз))) жалпы толеранттылык деген создин магынасы не?шыдамдылык...бир бирине комек ...))енди озиниз оиланызшы сиз ол бок деисиз де енди кеп баурмал болаик деисиз)
Мен үшін бірінші орында, өзімнің жанұям, жақын адамдарым, халқым, жерім. Қалғаны мен үшін маңызы жоқ.
Қазақ қазаққа көмектес дедім, сөзімді тағы бір айта өтейін теріс түсінбеңіз, толерант деген боқ маған керек емес, қайдағы гіргірлерге жол беруім керек па? Отыр ғой, мойнымызда, соны бір сілкіп сілкіп жіберу керек.
Шамасы, орысша түсінесіз ау осы, қарапайым мысал ретінде үйтіп де бүйтіп те түсіндіріп бақтым. Өзіңіз білесіз.
толенрс базарбаев ұғымы бойынша, гіргір мен кәпірлермен бауырласып, нан бөлісу.
ия орысша тусинип казакша жазам гой)))сизге бир нарсени аитаин макаланын озеги тил де дилде емес..ол абаидын арманы нени мензеиди сол болатын...мумкин еки уш каитара окысаныз тусинерсиз...соз таластыра бермеик..
енди сизге бир сурак??? аюлармен арпылдасып..кытаилармен кыргын болсаныз не табасыз?
Жалпы Абайдың сөздері және өзі де мен үшін үлкен маңызы жоқ нәрсе, иә сөздерінің жөні бар, Бірақ, сөздері мен істері келіңкеремейді. Іштей болса да барлық қазақ Абайға суық қарайды.
Арпылдас дедім ба? Көрмей тұрмын.
Саясаттың жөні бөлек.
барлық деитиндей??казаққа сауалнама жургиздиниз бе?маселен мени алыңыз?тілім,дінім,ділім қазақ!!!! Дегенмен Абайға суык карамаймын.Абайға суык қарайтын кім сонда? Сіз үшін ,ұлт үшін жанын қыршын еткен Мағжан ба ?Жүсіпбек па?оларда қазақтың ұлдары.суық қараса несіне Абай дана,Абай дара .Абай қазақта жалғыз деген?
арпылдас демединиз гиргир болу дединиз..Гиргир болуды саясат талап етеди...казактын басына туган кун талап етеди... толеранттылык сол ушин керек...кулакка алтын сырга
маселен мени алыңыз?
;)))))

Жалпы, ол менің ойым ғана, ешнәрселерге негізделмеген, және менің бақылауым ғана. Қазақтар батырларын көбірек айтады, бірақ Абай "дана" дегенді өмірімде естімедім.
Теріс түсінгеніңізден айналайын! Алдымен барлығы қазаққа тиесілі! Ол менің ойым, сосын бөлісуге тұрады -ау дегендерге бөліп беруге болады.
Тағы, айта кетейін, саясаттын жөні бөлек.
негизделмесе казактын атынан соилемениз...адам соилегенде ар созине жауапты болу керек...дана дегенди естимесениз китапты коп окыныз..Абай туралы ким не деди сол кезде тусинесиз...Кешириниз уакытты исраф кылгым келмеиди..онсыз шаруалар бастан асады.. осымен тамам
қазақтың атынан емес, ол менің ойым ғой деп жаздым, қазақтың атынан сөйлеу қайда, ол тек Базарбаевтың қолыңда.
дау жок казакка тиесили...сиздин толеранттылык не керек деген сурагынызга жауап.ТОЛЕРАНТТЫЛЫКТЫ САЯСАТ ТАЛАП ЕТЕДИ!!!!!
Өз жағдайын ойлаған мұсылман болғанша, қазақ жағдайын ойлайтын қазақ болсын! (c)
казактын атынан соилемесениз неменеге БАРЛЫК КАЗАК АБАЙГА суык деп зарнай жонелесиз)
сосын, "адам сөйлегенде" дегеніңіз, оны сөйлеу деп қайтадан теріс түсіңдіңіз, ол менің ойым ғана, және ғаламтор алаңыңда сөйлемейді, онда тек қана жазады.
Ол Базарбаевтың теріс ыңқиған саясаты, сол саясаттан біз қор болып жүрміз, сорлы қазақ не айта алады? Басқа?
сиздин оиыныз гана болса (БАРЛЫҚ деген жалпы есімдікті қолданбаңыз)
немене емес, мен үшін Абай авторитет емес мысалға?
Ендеше барып айтыныз Базарбаевка ))) идеяларыныз болса...маган келіп несіне мунданасыз...мен азірге еш жерді тіреп тірганым жок...тірейтін күнім туса сіздің шағымыңызды бірінші қабылдаймын!!!
Қазаққа тиесілі байлықтарды америкалықтарға сату оны САЯСАТ ТАЛАП ЕТЕДИ!!!!! Қазаққа тиесілі байлықтарды қытайлықтарға сату оны САЯСАТ ТАЛАП ЕТЕДИ!!!!!, қазақ орыстың астына төселу оны САЯСАТ ТАЛАП ЕТЕДИ!!!!! Қазақ тілін 20 жылдан беру дамытпау оны САЯСАТ ТАЛАП ЕТЕДИ!!!!! 20 жылдан беру призедент ауыспау оны САЯСАТ ТАЛАП ЕТЕДИ!!!!! Тағысын тағы....
Сізге келіп емес, жалпы ойлар ғой, сіздерге тек жағымды пікірлер қалдыру керек пе? Жазба деу керек еді басында, жазбайық, онда тұрған не бар, аузымыз бәрібір байлаулы ғой. Жанаөзендегі қазақ бауырларды атып өлтіру оны САЯСАТ ТАЛАП ЕТЕДИ!!!!!
Ия саясат талап етеди да...оны билик жасап жаткан болар...оз басым азірге бірнарсені өзгертуге шарасызбын...Сол үшін неменеге маган келіп осы сұрақтарды қоя бересіз түк түсінбеим.Өз елімде не болып жатқанын мен түсінбейді деп ойлайтын шығарсыз.Жеп жатыр...кетіп жетыр,,урлап жатыр...Осынын аита бергенше барып бир нарсе битирсенизши..Елиниз ушин
Жанаөзен жайында мен ештене демедим...ол тек сиздин пикириниз...Сиз бир рет аиттыныз мен ойынызды уктып...Несине оны каита танасыз...Ол барине белгили нарсе гой елде не болып жатыр,,калаи болып жатыр...Ар казактан сурасаныз аитып береди...
Қызық екен, сіз тек маған тиісті-ау деген сұрақтарға ғана жауап бересіз, иә? Әлде қалай? Немене емес, көрсін оқысын деген оймен жаздым, егерде пікірлерді сіз өшіріп тастамасаңыз.
Оны саясат талап етеді емес пе? А?
кайдан біліп қойдыңыз ия Нур ОТАННЫҢ дәл өзіненмін... ))))))
derzai
0
0
Пікірлерінізді өшіріп қайтем...аиналаин сізден келген хаттың бәріне жауап бергенімше беріп отырмын..кайсысына жауап берсем деп ойлап отыр деймісіз
Әдемі айтылған, осындай жазбалар көбейсін!
Бізде, яғни қазақтарда, ұлттық идея жоқ, егер, біз бір бірімізге бауырмал қарамасақ, мемлекетіміз де жойылар. Қазақ қазаққа көмектес!
derzai
0
0
корге енгенше коргенин истеиди пенде ))) баурмалдыкты ар ким ознен бастаса жаксы
Иә, сосын, қазақша қаріптерді қолдансаңыз игі болар, жағымсыз оқылыда екен. Менің ойым ғана.
derzai
0
0
казакша шрифпен жазар ем))) мына компьютерде ол шриф болмаи тур)))кеширим отинем)
пуск - панель управление - Дата, время, язык и региональные стандарты - язык и региональные стандарты
рахмет)))мен мунда макала жазып отр едим\0))колым тигенде жасаим
қолым тигенде... осындай адамдар тағы қазақ тілі туралы айтама? :)
ойнап айтам, жаза беріңіз :)
колыныз не ушин тимеи жатыр деп сурамастан кисык соилеитиниз калаи калаи ози...мен сизге аиттып отрым кезекти макаламды жазып отрмын...арине ол да халык жаинда...мунда соз таластырганша солаи ету жон
әзіл ретінде түсініңіз, жаман ойлар болған жоқ.
Күдіктеніп отырмын, сіз осы Жасотан, нұротан деген жерлерде істемейсіз ба?...
Сәлем Мәке ! сіздің ойыңызды түсүну үшін бір мақала неге жазбайсыз,сол жерде талқылайық анда мұнда тартқыламай,тағыда сізге айтамын тілсіз халық,халықтың жойылғаны
Уәғалейкумассаләм! Көсеке, жазамын, жазамын ғой қол тимей жүр, мындай қарындастарымыз жазғанда, бір ойлар келді, өскенде не жазушы болып кете ма?...

Тілден ешкім бас тартқан жоқ.
О енді активныеға шықты, мәдес! Ой өрісіңді көбейте бер :)
Мәке сізди кашағы каментарилерден гана кореміз? Жазсанызшы оданша оз ойларынызды озініздін поста? Әйтпесе Амантай кажы секілді анда санда уран саласыз болганы
оте жаксы жазылган бірак неге орысша жазбайсыз? онда жақшы дискусия болар еди а мынада маке екеуіңдін ой болисіп cөйлесіп отырган секілді )))
derzai
0
0
Орысша десиз бе?))) жаза алмаимын деп аита алмаимын)))орысша сайраймыз)))бирак оз тилим озиме жакын)) казак тилде мен барлык ишки дуниемдеги серпилисти жеткизе билем) ал Макенмен онсызда ои болисип отырмыз))
орысша болса одан да коп болушы еди гой )))
мумкин)))брак менин максатым коментарий жинау емес)))егер менин макалам 1 я 2 адамга ои салса одан аскан бакыт жок..демек бекерден бекер осы мамандыкты тандамаганым!!!
дурыс бірак барі қазақша тақырыптарды оқымайды орысша жазсан бари окушы еди )))
))) меили гой)))) жарайды бир куни жазайыншы осы
мында казак тилинде жаксы билетит аудиториясы аз ))) тил туралы гана емес баска темада жазсаншы бирак орысша )))
жазамын))) жумыстан кол тимей кетеди кейде)
тосамыз ))) сен газете немесе тв жумыс истеисин?
азирше баспасоз)))алла каласа окуымды тамамдаимын)))сол кезде нагыз журналист атанармын)))
сен баска постарды окисын ба?
кейде окимын))брак шыны керек публицистердин китаптарын окыганды унатамын)) посты коп оки бермеимин...себеби ар ким оз оиын биреуге тангысы келеди...мумкин ол мендеде бар ..брак бойды аулак устауга тырысам...жаи акпарат берем ..болды дегендей..
Қазақтың бір біріне деген махаббаты отбасынан аспаған. Туысынан туғаны жақын. Туыстан жат қазақты өнерлісін, ақылдын, білімдіні КӨРЕАЛМАЙДЫ. Қазақтың бір басында қаншама жағымсыз қасиеттер қонған. Атап айтасақ "ІШ ТАРЛЫҚ, САТҚЫНДЫҚ, СУАЙТТЫҚ, ЖАЛҚАУЛЫҚ, МЕНМЕНДІК, ӨЗІМШІЛДІК, ҮНЕМСІЗДІК, МАҚТАНШАҚТЫҚ, ЕСЕРЛІК, МЫЛЖЫНДЫҚ, КӨРСЕҚЫЗАРЛЫҚ, НӘПСІҚҰМАРЛЫҚ, ЕЛІКТЕУ, ТӘКӘПАРЛЫҚ, АҚИҚАТҚА ҚАРСЫ ШЫҒУ, ЖАЛҒАН СӨЙЛЕУ, КҮПІРІЛІК ТБ.
ӨЗ БАСЫНА ҮНІЛІП ҚАРАШЫ? ЖОҒАРЫДА ЖАЗЫЛҒАНДАРДЫҢ БІРЕУІ БОЛСА ДА СЕНЕН ТАБЫЛА МА?
сондай сұрқия қылығы бар ҚАЗАҚТЫ қалай жақсы көрмексің?
Тәрбие басы отбасынан дейді. үйдегі әке шешеңнің айтатыны ақша болса, бірақ қандай жолмен табуға бастарын қатыра бермейді. ""Тәрбешінің өзі тәрбелеген болуы керек" дегендей саналы отбасынан саналы қазақ шыгуы мумкін. сіздің жазғандарыңыз өнерсіздердің саясат саханасындағы спектакльі. кілең жағымсыз рөл сомдағандар.
Қақақты өнері мен әдиебеті мәдинеті асқақтағанда ғана шың сүйюге болады!.
Қазақты қаншалықты сүйесің өте қызық сұрақ, мен қазақ болғаныма қуанамын да мақтанамын да неліктен қазақтай ақкөңіл халық бар ма жоқ па білмеймін, біздің халықтың ең бір ерекшелігі жүректері таза болып келеді ол ең бірінші арамдықты емес жақсылықты ойлайды, бәлкім сондықтан шығар Алла тағалам қазақтың еншісіне бар байлықты берген пейіліне қарай мың да бір шүкір, ал жаман қасиеттер сатқындық, мақтаншақтқ, іш тарлық т.б. жаман қасиеттер барлық халықта бар, алайда заман ағымына қарай қоғам өзгерген сайын адамдар да өзгере бастайтын сияқты бірақ қандай жағдайда да ең бірінші басты құндылықтарды сақтауымыз керек яғни тіл, әдебиет, мәдениет, әрбір қазақ өз ұлтын жүрегімен сүйсе ол нағыз батырлық, алайда ол адам баршаға жар салатындай іс бітірмесе де от басынан бастап өз жағдайын саналы түрде көтере білсе соның өзі бізге жеткілікті осыдан бастап әр қазақ өсіп өркендей түседі әркім өз өміріне жауапкершілікпен қараса сол уақытта біз нағыз мықты берілмес өсіп өркендеген мемлекет боламыз құрметті ағайын!

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Дастархан в те времена был скромен. Не было понятия «сынау» - осуждения кто как живет, какой в доме ремонт и т.д. Пока взрослые обсуждали задержку заработной платы, мы играли в армию, жмурки, строили городки...
socium_kzo
5 дек. 2016 / 15:19
  • 8324
  • 19
Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

"Мужчины должны у вас тут права качать, ибо их процент в вашей численности населения уступает проценту женщин". Я машинально начала уверять, что у нас в стране таковых не имеется...
Sapientia
5 дек. 2016 / 10:52
  • 8498
  • 67
Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

В чем уникальность этой личности? В чем его успех или провалы? Эти вопросы требуют глубокой аналитики и исследований. Я же хочу рассказать о Нурсултане Абишевиче глазами рядового кыргыза...
maxes
1 дек. 2016 / 8:05
  • 5926
  • 20
Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Как сообщают новостные издания, в ближайшее время в Южном Казахстане 102 детям в возрасте 11-12 лет сообщат об их страшном диагнозе. Все эти дети были заражены ВИЧ, причём большинство было инфицировано по вине врачей.
openqazaqstan
2 дек. 2016 / 13:57
  • 4386
  • 4
Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Трамп и не подозревает, что 16 декабря 1991 Казахстан не создал, а восстановил свою национальную государственность. Иначе бы он упомянул не только 25 лет, а больше чем 550 лет казахской истории.
Stehlikova
2 дек. 2016 / 9:02
  • 4988
  • 88
10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

Я почти год проработала в школе, и когда уходила оттуда, была самым счастливым человеком в мире. Тот год, честно говоря, я и сейчас вспоминаю с ужасом.
demonica
вчера / 17:21
  • 4052
  • 66
Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Давно ждал запуска электронного билетирования в общественном транспорте Астаны. В ноябре 2016 года этот день настал. Мой опыт насчитывает последние 2 недели и мне есть чем поделиться.
iamYerlan
1 дек. 2016 / 15:24
  • 3419
  • 17
Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Конечно, Алматы заслужил эту дорогу. Невзирая на все издержки, которые могут возникнуть. Заслужил и как крупнейший город Казахстана, и как субъект, формирующий своими налогами около четверти всех...
merurg
7 дек. 2016 / 12:35
  • 3139
  • 13
После крупной пьяной аварии бизнесмены в Чечне отказались торговать спиртным. В Казахстане едва ли такое возможно

После крупной пьяной аварии бизнесмены в Чечне отказались торговать спиртным. В Казахстане едва ли такое возможно

После тяжкого ДТП по вине пьяного водителя в Чечне закрылись все магазины, торгующие алкоголем. Их владельцы – 14 бизнесменов – добровольно отказались от выданных им лицензий.
openqazaqstan
5 дек. 2016 / 13:09