Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
1
16:14, 22 ноября 2011

ТІЛ ЖАНАШЫРЫ-2011

Тіл жанашыры - 2011 «ТІЛ ЖАНАШЫРЫ-2011» ҚҰРМЕТ БЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

(28-қараша күні «Бейбітшілік және келісім» сарайында сағат 17.30 да басталады.)
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай 2011 жылдың 28 қараша күні «Бейбітшілік және келісім» сарайында «Тіл жанашыры» құрмет белгісімен марапаттау рәсімі өтеді. Қазақстан Республикасының Президенті жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылып келген биылғы салтанатты шарада тілімізге шынайы жанашырлық танытып, нақты ісімен қазақ тілінің көркеюіне үлес қосқан азаматтар: мемлекеттік қызметкерлер, қоғам қайраткерлері, бұқаралық ақпарат өкілдері марапатталады. Мемлекеттік тілдің қоғамда кең насихатталуына ықпал ету мақсатында ұйымдастырылып жүрген «Тіл жанашыры» құрмет белгісімен марапаттау рәсімі осымен үшінші мәрте өткізілгелі тұрған салтанатты шара.

Ең алғаш 2008 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитетінің қолдауымен қазақ тілін зерттеп жүрген шетелдік ғалымдарға, қазақстандық тіл жанашырларына берілді. Олардың қатарында: Түркия профессоры Абдувахаб Қара, Еуропа Қыпшақтар қауымдастығының президенті Вад Ласло, Оңтүстік Корея, Ханкук университетінің профессоры Йун Си Нэ, Мюнхен университетінің профессоры Қайум Кесижи, Индиана университетінің профессоры Уильям Фиерман бар.

2009 жылы №1 «Тіл жанашыры» құрмет белгісі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа тапсырылды. Сонымен қатар отызға тарта азаматтар осы құрмет белгісіне ие болды.
Биылғы марапат ұлттық мәселе аясында пікір білдіргендер, баспасөз, телевизия құралдары арқылы қалың көпшілікке әсер ете білген азаматтар және өз қаражатымен қазақ тілі мен мәдениетіне қатысты шараларға демеушілік танытқан меценаттарға беріледі.

Мақсаты: мемлекеттік тілге қызмет етіп жатқан азаматтарға құрмет көрсету және алда да жұмыстар жүргізуге ынталандыру болып табылады.
Өткізілу орны: Биыл «Тіл жанашыры» 28-қараша күні «Бейбітшілік және келісім» сарайында сағат 17.30 да басталады.

Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті

Байланыс телефондары: 8 (7172) 411-558, 488-087, 629-679

1
920
0