Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
09:17, 03 ноября 2011

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ: 20 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХИ БЕЛЕС

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ 1998 ЖЫЛ

Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы деп жарияланған 1998 жыл Қазақстан тарихының дамуына зор үлес қосты. Мәселен, осы жыл аясында «Қазақтар-Казахи» атты 9 томдық қазақша-орысша энциклопедия, «Қазақ мәдениетінің 3 томдық энциклопедиясы», «Қожа-Ахмет Ясауидің» қазақ тілінде «Хикметтері» жарық көрді. Сонымен бірге  «Қазақстан – қара шаңырағымыз», «Қазақстан тарихы: зерттеулер мен құжаттар», «Қазақстан тарихы: әдеби хроника, «Қазақстан этностары» атты айдармен қырыққа жуық кітаптар шығарылды (Қараңыз: Мұхамедов М., Сырымбетұлы Б. Тәуелсіздіктің он сегіз жылы. - Астана: Сары-арқа, 2009.).

Осы жылы Қазақстанда зейнеткерлік реформа бастау алды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасында алғаш зейнеткерлік реформаны бастаған еліміз чилилік зейнеткерлік жүйені басты назарда ұстады. Бұл реформаны Григорий Марченко және Дәулет Сембаев әзірлеген болатын (Қараңыз: Иконников А. И снова о пенсионных фондах // Континент. – 2000.- 12-25 июля.).

Ел дамуы үшін жасалынған бұл шаралар халықтан шын мәніндегі мол жауапкершілікті қажет етті. Ұлттық тарих жылындағы жетістіктер қазақ халқының осы уақытқа дейін айтылмай келген мол мұраларды жеткізді.

 
0
1309
1