• 1042936
  • 6009
  • 554
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат

Өткен аптаның демалыс күндері жолдасымыз екеуміз қала өмірінен демалу мақсатымен және ішкі туризмді қолдау ойымызбен Алматы облысы, Райымбек ауданында орналасқан Қайыңды және Көлсай көлдеріне саяхат жасауға бел будық. Алматыдан шығысқа қарай 280 шақырым жерде Күнгей Алатауында орналасқан.

Алматыдан Цирктің маңынан жұма күні сағат кешкі тоғыздарға таман төменгі суреттегі автобуспен жолға шықтық.

Жол көп уақыт алады. Қайыңды көлінің маңындағы Саты аулына түнгі сағат 3.30-да жеттік те, сол жердегі бір үйде орналастық. Бағдарлама бойынша, келесі күні Қайыңды көліне бару керекпіз.

Таңғы астан кейін бізді осы автобус көлге қарай апаратыны белгілі болды.

Үйдегі Жолбарыс есімді күшік пен бұзаулар:

Мен сурет түсіріп жүргенде, жолдасым автобустан маған орын алып қойыпты.

Үйден көлге дейінгі жол 20 минут уақытты алады екен. Жолдар жаман, асфальтсыз жолмен төбеге қарай шығу керек. Бізді тұтқаларды мықты ұстап отыруымызды сұрады.

Сатыдан шығып бара жатқанымызда алыста мешітті байқап қалдым:

Ауыл шағын болғанына қарамастан, осында мәдениет үйі, емхана бар.

Біздің шыдамдылығымыз марапатталып, 20 минут жолдан кейін Қайыңдыға кіреберістегі экопостта тоқтадық:

Осы жерден көлге қарай көлік жүрмейді. Екі жол бар: иә жаяу жету керек, ия атпен жете аласың. Қуанышқа орай, атты жалға бере тұратын ат иелері осында көп екен. Жолдасым екеуміз бір-бір атқа отырып алдық.

Төмен түскесін, Қайыңдының ортасында судан шығып тұрған батқан кемелердің діңгектеріне ұқсайтын құраған қарағайларды көрдік.

Осы жерлерде JCS тобы өзінің "Сұлулық" өлеңіне клип түсірген деседі.

Қайынды көлі көшкін жылжығанның нәтижесінде бір ғасырдан астам бұрын пайда болған.

Көлдің орналасуы оның суына түсуге ыңғайсыз - бірден терең болып кетеді. Оның есесіне, суы таулы болғандықтан, тастай суық. Бұл жердің кереметі - таза ауасы, самал желі және көлдің жанында орналасқан бұлақ.

Суының тазалығы мен тәттілігі сонша, қанша ішсең де қанбайсың:

Әрине, жоғарыдағы сұлулықты көріп, оған анағұрлым жақын болғың келеді. Өкінішке орай, бұл жерде жалға берілетін қайық жоқ екен. Бірақ шешімі тез табыла қойды. Алысырақ жерде өз жолымен келген туристер демалып жатыр екен. Олардың үрлемелі резеңке қайығын көріп қалдық. Ортасына дейін жүзіп баруға сұрап едік, еш қиналмай бере салды.


Жолымыз болды. Енді саяхатымызды ары қарай жалғастырсақ болады. Біз топтан бөлініп, көлдің бастауына бет алдық. Ол үшін алдымен төбешікке көтеріліп, сосын түсу керек.

Төбеден Қайыңдының керемет панорамасы көрінеді. Төмендегі қайықта біз жаңа ғана жүзген болатынбыз:

Жол қысқа емес.

Астына жеткендегі көргенімізді сөзбен суреттеу қиын. Қаншалықты сұлу әрі керемет екенін өзіңіз қарап бағалай аласыз:

Осы жерде тұрып, төбемізде екі бүркіт ұшып өткенін көрдік. Мынау біздің атбегіміз Асхат есімді жігіт.

Шынын айтсам, астына тек жолдасымыз екеуміз ғана түстік, ал таудың суына сүңгуге бүкіл топтан батылы жеткен тек өзім болдым:

Суының суықтығы сонша, сүйектен өтеді.

2010 жылдың маусым айында Қайыңды көлі сел тасқынымен шайылып кетіпті. Көлдің бүгінгі күнгі деңгейі бұрынғыға қарағанда 10 метрге төмендеген.

Қайтар жолда қайың тоғайына тоқталдық. Көлдің атауы осы ағаштармен байланысты.

Сөйтіп Саты ауылына қайта оралдық. Бірінші күніміз осылайша өтті.

Екінші күні таңғы астан кейін Көлсайға жол алдық. Оған дейін де автобуспен біраз жол жүру керек.

Жолда осындай қызық үйлерді көрдік. Жергілікті халық оларды "Избушки на курьих ножках" деп атайды екен.

Көлсайдың суы Қайыңды суынан сәл ғана жылырақ, бірақ ішуге жарамсыз.

Осы жолмен ары жүрсең, эделвейс аталатын гүлдерді көруге болады. Бірақ оларды жұлуға рұқсат етілмейді.

Словакиядан келген қонақтар бір-бірлерін суретке түсіріп жатыр.

Мен енді Алматыдағы Арбаттағы суретшілер тауларын қай жерде отырып салғанын білемін:

Атыраудан келген отбасының ұлы Ермұрат бізбен достасып үлгерді:

Осымен саяхатымыз аяқталды. Алда жол бар, бірақ жолға шықпас бұрын, бізді екі күн бойы үйінде қонақжайлықпен күткен Ардақ тәтемен естелікке сурет:

Алматыға қайтар жолда Шарында тоқтадық.

Осындай сұлу орындарына бай ұлан-ғайыр жерді сақтап, бізге жеткізген ата-бабаларымызға тағзым етемін.

Бахытжан Бухарбаев Barkorn
Патриот своей страны, политолог, коллекционер казахских монет с браком
11 августа 2011, 14:55
7066

Loading...

Комментарии

Өте керемет репортаж! Жаксы демалыпсыз, Бәке! Жолдасыңыз өте сұлу екен :)
Бізде бір уақыт тауып барсақ, жақсы болар еді.
Рахмет! Табасыңдар. )
rrv
0
0
kyzyk post, rahmet, kaiyndy - korkynyshty kol)
Ия, әсіресе қайықпен жүзіп бара жатқанда су астындағы ағаш діңгектерінің ұшын көргенде, қайықты тесіп жібере ме деп қорқасың. )
Qaseke
0
0
Қайыңды Көлсайдан жоғары еді ғой, ия? әлде мен шатастырып тұрмын ба..
Түсінуімше, жоғары болу керек. Қырғызбен шекаралас жерге жақын.
Qaseke
0
0
Сатыдағы автобустың нөмірі жаман емес екен)))
жол салынады деп еді ғой Сатыға қарай, салып жатыр ма?
Эдельвейсы если не ошибаюсь на фотке?
Ага.

>>> Осы жолмен ары жүрсең, эделвейс аталатын гүлдерді көруге болады. Бірақ оларды жұлуға рұқсат етілмейді. :)
Точно, пропустил :)
Жалаңашта жолай болған шығарсыздар...
GTR
0
0
керемет!!! биринши рет бундай казакша пост окып отырмын!)) керемет саяхаттарына жане адеми айелине 5!!=))
Өте керемет жерлер екен. Қарап отырсаң, өзіміздің елде де табиғаты көздің жауын алатын, әсем жерлер жетерліктей.. Суреттерге рақмет!
Лингвист-полиглот на природе как я понимаю
a2kat
0
0
сөз жоқ
керемет табиғат
және жақсы жазылған :-)
Шарын туралы пост күтеміз :-)
Паһ шіркін, неткен әдемі жерлер!
Karion
0
0
Это не про это озеро, то есть про его подводные съемки Макаревич фильм посмотрел и пришел просто в дикий восторг.
Говорил, что обязательно приедет, вроде как и приезжал. Не знаю. У меня была надежда, что туристов туда не будут возить. Оказывается, напрасно. Жаль. Красота необычайная.
Жакындарынмен бирге табигатка шикканга жетсин! Бир кидирип каитсан озинди "RESET" жасап аласин)), Бул жерде отелдер бар ма екен? Конактау жагдаилари кандай?
Пост унады, озиган уксас посттарды тагаттана кутемиз)
Karion
0
0
"Бул жерде отелдер бар ма екен?" Вот-вот, началось (((
Zere
0
0
Керемет! Сіз тур-фирмамен бардыңыз ба? Жолға жалпы қанша ақша кетті? )
Иә, турфирма арқылы. Жолдама құны адам басына 12 000 тенге болды. Ары қарай ақшаңызды қалай жұмсайтынды өзіңіз білесіз ғой. )
Өте керемет саяхат болыпты! Менде Көлсайға баруды армандап журмин бірақ қалай баруды білмей жур едим коп рахмет! Тек тур-фирма арқылы ғана баруға болады ма әлде басқа жолдары барма?
Студенттердің қалтасын көтеретіндей тағы басқа қандай жолы бар?
Сізге рахмет! Қазағымыздын әсем жерлеріне осындай жарнамалар жетіспей турган шыгар?!
өте әдемі табиғат екен,фото репортажыңызға рахмет.биыл Бурабайға барып едік жанұямызбен, сол жақтан естідік Көлсай туралы.осы уақытқа дейін білмеппіз.Алла қосса барып көреміз.

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Войдите в ТОП-30 суперавторов Ювижн и зарабатывайте на этом!

Войдите в ТОП-30 суперавторов Ювижн и зарабатывайте на этом!

Дорогие ювиженцы. Соотечественники и соотечественницы. Авторы. Мы возобновляем нашу, не побоюсь этого слова, культовую акцию по вознаграждению топовых авторов. По итогам каждого календарного...
niyazov
24 марта 2017 / 17:54
  • 81751
  • 75
Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Первую пересадку сердца Рокфеллер пережил в 1976 году на 62-м году жизни. Последнюю пересадку ему сделали в августе 2016 года. Пересадка сердца такому старому пациенту не имеет аналогов...
Timur_Tregulov
21 марта 2017 / 23:10
  • 6301
  • 52
Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

LG Electronics объявляет о начале предварительного заказа онлайн на новый смартфон LG G6. Оформить предзаказ можно на сайтах магазинов электроники до 16 апреля 2017 года.
LG Electronics
24 марта 2017 / 14:20
  • 4422
  • 0
Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Многие клиенты, вздыхая о харамном ссудном проценте местных банков, сокрушались по поводу отсутствия у нас халяльного кредитования. Поддержка исламского банкинга на уровне МФЦА есть...
DanaJarlygapova
24 марта 2017 / 18:28
  • 4179
  • 42
Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Мои волшебные 9 месяцев протекали в новой среде и далеко от всех родственников и подружек. Никто из моих знакомых в США на тот момент не успел обзавестись малышом, поэтому мне не с кем было...
Zarema_
23 марта 2017 / 9:25
  • 3926
  • 14
Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Париж, Рим, Барселона, Лондон, Алматы, Венеция – выберите город, который на ваш взгляд кажется лишним в этом списке. Если бы не было слова "урод", было бы легче определиться?
corridere
21 марта 2017 / 14:59
  • 4118
  • 75
Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Шестиминутный ролик про строительство автомобильной дороги в США - это как острый нож в пузо нашим чиновникам. Они же подавятся бешбармаком, увидев его! Похлеще любого пропагандистского фильма...
Timur_Tregulov
24 марта 2017 / 11:26
  • 3054
  • 31
Будьте бдительны при покупке цифровой техники! «Наебизнес» в магазинах техники

Будьте бдительны при покупке цифровой техники! «Наебизнес» в магазинах техники

Покупая бытовую технику в магазинах будьте внимательны. Сейчас практикуется впаривание дополнительных услуг по настройке. Прежде чем оформлять, проверьте суммы и уточните у манагеров если что-то не сходится.
dr_Motor
20 марта 2017 / 2:13
Посчитав сколько я смогу сэкономить на еде, я понял, что это очень приличная сумма

Посчитав сколько я смогу сэкономить на еде, я понял, что это очень приличная сумма

Именно сейчас я начинаю понимать, как себя чувствуют иногородние студенты, которые живут общежитиях у нас в Алматы. Я не говорю, что они живут плохо, но многие из них рассчитывают только на свои...
noyanovmyras
23 марта 2017 / 0:18
  • 2620
  • 59