Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
1
08:37, 21 июля 2011

ҚАЗАҚ АҚЫН-ЖЫРАУЛАРЫ МЕН ФИЛОСОФТАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ КӨЗҚАРАСТАРЫ: ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ

Қожа Ахмет Йассауи (? - 1166 ж.) –

қазақ халқының ұлы ақыны, философ

Ясауи

Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзияның көрнекті өкілі, заманының танымал ақыны, «Түркістан пірі» атанған Қ.А. Ясауи өзінің «Даналық кітабы» жырларында әділдік, шапағаттық, мейірімділік, тақуалық, шыншылдық, тазалық секілді игі істерге үгіттейді. Аталмыш еңбегі арқылы негізгі төрт мәселеге мән береді: шариғат (ислам дінінің заңдары мен әдет-ғұрыптардың жинағы); тарихат (сопылықтың идеясы, мұрат-мақсаты, сопылыққа жеткізетін жол); хақиқат (Құдаймен бірігу, оған жақындау); мағрифат (дін жолын танып, оқып білу). Оның ойынша, шариғатсыз тарихат, тарихатсыз мағрифат, мағрифатсыз хақиқат болуы мүмкін емес. Бұлардың бәрі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады (Жүншеев Р.Е., Төкенов Ө.С., Ізтілеуов А.Ә. Философия. –Тараз, 2007. – 231 б.).

Қ.А. Ясауи бұл еңбегін адамды имандылыққа, ізгілікке жетелейтін күш, айқын бағдарлама деуге болады. Ол әрбір адамның қадір-қасиетін, өмірде алатын орнын оның ішкі жан-дүниесінің тазалығымен өлшейді. Адамның өз бойындағы ізгі адамгершілік қасиетінен жұрдай болуы сол кісінің имандылығына байланысты болып келеді. Мына жалған дүниеде ақ пен қараны, оң мен солды танытатын, әрбір пенденің құдай алдындағы парыздарын ұмыттырмай отыратын, адамды ізгі істерге бастайтын аса құдіретті бір күш бар. Оны имандылық деп атаймыз. Адам бойындағы имандылықтың ең басты көрінісі – мейірімді, кешірімді, өзгелерге жаны ашырлықпен қарау болып табылады (Келімбетов Н. Қазақ әдебиеті бастаулары. – Алматы, 1998. – 179 б).

 

Мавзолей

 

69 хикметтен тұратын өлең жолдары биік парасатқа, тұңғиық сезімге, мол адамгершілік пен таза сүйіспеншілікке бастайды. Бұл хикметтер ХХІ ғасырдағы азаматтар үшін рухани құндылық болатыны анық. Ясауи осы еңбегі арқылы өзінің өмір-салтын бейнелеп, сол дәуірдің құндылықтарын көрсеткісі келгендей. Сонымен бірге, ғашықтық пен пәк махаббат иесі болуды үндейді. Алла тағала ғашықтарды ынтықтыратындығын және жалғыз хақты сүю қажеттілігін баяндайды. Жалпы ол да заманның кейбір құндылықтарына кері ойда екендігін мына өлең жолдарынан аңғаруымызға болады:

Білгейсің бұ дүние барша елден өтер,

Малға да сенбе, бір күні қолдан кетер.

Ата-ана, қарындас қайда кетті ойлап көр,

Төрт аяқты шабан ат бір күн саған жетер,

Дүние үшін қам жеме, хақтан өзгені деме,

Сират көпірі тұрар кісі малын жеме.

Ел-жұрт, туыс ешқайсысы болмас жолдас,

1. Мәрт болғайсың: ғұмырың желдей өтер, ғарыб бас (Иассауи Қожа Ахмет. Диуани хикмет: Ақыл кітабы. – А, Өнер, 2007. – 21 б.).

Жалпы хикметтер – адамға өзінің Жаратушысы Аллаһты танытатын жырлары. Осы хикметтері арқылы Ясауи кемелдену жолында адам бес нәрседен сақтануы тиіс: Алланың ақ жолын мойындамау; менмендік пен тәкаппарлық; арамдық; еріншектік; дүние-мүлік жолында арын сату.

1
3975
0