• 31011
  • 9
  • 3
Нравится блог?
Подписывайтесь!

«Хабар телеарнасының жалған жобасы жайында немесе сопылықты қаралауға кімдер мүдделі»

«Хабар телеарнасының жалған жобасы жайында немесе сопылықты қаралауға кімдер мүдделі»БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2011 жылдың 19 мамыр күні Абай.kz. веб-порталының редакциясында «Хабар телеарнасының жалған жобасы жайында немесе сопылықты қаралауға кімдер мүдделі» атты баспасөз мәслихаты өтті. Жиын сарапшылары нақты деректер мен дәйектерге сүйене отырып, 2011 жылдың 20-21 сәуір күндері аталған телеканалда көрсетілген фильмде авторлар тарапынан жіберілген заңдық өрескел қателіктерді, жалған ақпарат тарату және фактілерді қасқана бұрмалануды теріске шығарылды.

БАҚ өкілдері алдында филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметов, ҚР еңбегі сіңген қайраткер, жазушы Дидахмет Әшімхан, филология ғылымдарының кандидаты, ясауитанушы Болат Қорғанбек, зерттеуші-журналист Амангелді Жұмаш, саясаттанушы Айдос Сарым, адвокат Абзал Құспанов, «Сенім.Білім.Өмір» Республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Берік Солтыбаев, сонымен қатар жапа шегуші Бақыт Маймақова және Сандуғаш Қиқымбаева қатысып, келесі ойларды айтты.

Фильмнің басынан бастап-ақ, белгісіз авторлар Қ.А. Ясауи ілімінің ізбасарларын діни тұрғыда негізссіз деп танып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныңт шешімі бойынша, олар елде бейтбітшілік және татулықты бұзатын сектанттар болып жариялғанын айтып, көрермендерде шындыққа жанаспайтын түсінік қалыптыстырады. Бұл жалған ақпарат, себебі фильмде бұл мәлімдемені мақұлдап, муфтияттан ешкім сөйлеген жоқ.

Аталған пікірді мақұлдап, Исматулла Әбдіғаппар мен оның шәкірттеріне террористер және экстремистер деген қара күйені жағу үшін сарапшы ретінде дінтану ғылымына үш қайнаса сорпасы қосылмайтын күмәнді журналист Ораз Әлімбеков, саясаттанушы Елена Бурованың және Исматулла Әбдіғаппар зікір деген жалған діни ғұрыпты шахидтарды дайындау үшін өзі ойлап шығарған деген қорытынды жасайтын белгісіз қаржы полициясы өкілінің пікірлеріне орын берілген. Осылайша, соншалықты қорқынышты, адам жанын түршіктіретін қорытындылар жоғарыдағы «сарапшылардың» еш жерде дәлелденбеген жеке пікірлеріне негізделген. Шын мәнінде, зікір салу ғұрпының саясатқа да, экстремизмге де қатысы жоқ. Ол ғасырлар бойы халық тәжірибесінде қолданыста болған, адамның жанын, жүрегін, арын тазартуға ықпал ететін Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың рухани ілімі.

Осы жерде мемлекеттік арнадан көрсетілген аталған фильм авторларының ұстанымы ата-бабаларымыздың рухани дәстүрін сақтап, дамытайық деген Елбасы Н.Назарбаевтың саясатына мүлдем кереғар екенін атап өткен жөн. Мәселен, 11 наурыз күні Түркістан қаласында жасаған сапарында Президентіміз Қ.А. Яссауи ілімі қазақ халқының рухани тірегі екенін айтты.

Сондай-ақ, 2005 жылы Маңғыстау облысының ішкі істер департаментінің «Сенім.Білім.Өмір» РҚБ экстремистік ұйым ретінде тану туралы талабы бойынша ҚР Әділет министрлігінің дінтанушы сарапшылары бірлестік мүшелерінің зікір салу ғұрпын зерттеді. Оның нәтижесі бойынша аталған ғұрып ислам дінінің қағидаларына қайшы келмейді деген заңды шешім шығарылған.

Авторлар жоғарыда айтылған жалған айыптауларын Исматулла Әбдіғаппар билікті басып алмақ болды деген ғайбатпен толықтырады. Дәлел ретінде 4 түрлі сюжетті көрсетеді.

Біріншіден – Исматулла Әбдіғаппар ислам дінінде қасиетті саналатын Мәдінің (Махди) атын атайды.

Екіншіден – суық қару ұстаған бейне көріністің тұсында ислам тарихында Мәдінің атын жамылып жасалған төңкерістер (10 ғасырда Солтүстік Африкада, орта ғасырлық Испанияда және 19 ғасырда Египетте болған) тізбектеледі.

Үшіншіден – «Сенім.Білім.Өмір» РҚБ өкілдерінің қатысуымен еліміздің әскери бөлімдерінің бірінде өткен шара жөнінде көрсетіліп, қарулы күштерге уағыз жұмыстарын жүргізді деп тұспалдайды. Шын мәнінде бұл шараның ел азаматтарын экстремизим мен терроризм қаупінен сақтандыру мақсатында өткізілгені мұнда арнайы айтылмайды. Қоғамдық бірлестік тарапынан соңғы он жылда  осындай жұмыстар көптеген мемлекеттік органдар мен ұйымдарда өткізіліп, олардың басшыларымен келісіліп жүргізілген. Ондай жұмыстардың негізінде радикалды идеологияға тек бейбітшілік пен төзімділікке негізделген ата-бабаларымыздың рухани құндылықтары ғана   қарсы тұра алады деген идея жатты. Әрине, дінге қатысы бар мемлекеттік құрылымдардың жұмысын жалпылама сынай беруге болмайды, бірақ бұл мәселеде күш қолдану әдісінің тиімділігі аз, өйткені экстремистердің жағдайы күн санап күшейіп келеді. Оған күні кеше ғана Ақтөбеде орын алған облыстық ҰҚКД ғимаратында жанкештінің өзін-өзі жарып жіберуі нақты мысал болады.

Төртіншіден –бұл көріністердің барлығы «Ясауи» вокалды тобының белгісіз бір рухани қайраткерлердің алдында концерт қойып жатыр-мыс, олар Исматулла Әбдіғаппардың шетелдерде жақтастары деген жалған түсініктеме берілген сюжетімен толықтырылады. Шынына келгенде, бұл кадрларда Исматулла Әбдіғаппар Иран Президентінің сүннетшілер мәселелері бойынша кеңесшісі Нур Муфуди, сонымен қатар сол елдегі түркімен диаспорасының муфтиі Әбдіразақ қажымен отырғаны көрсетілген. Исматулла Әбдіғаппардың бұл кісілермен кездесуін Ирандағы қазақ диаспорасының муфтиі Мейрам қажы Шаңдыбайұлы есімді қандасымыз ашық түрде ұйымдастырған. Авторлар жоғарыда айтылған кадрларды Исматулла Әбдіғаппардың 2009 жылы сол елге барған сапары барысында түсірілген фильмнен «қиып» алған.

Фильм авторлары Исматулла Әбдіғаппардың діни және саяси көзқарастарын қаралап қана қоймай, ол кісінің жеке қасиеттері үшін де қаралайды. Исматулла Әбдіғаппар туралы өз мүддесін ойлаған қылмыскер ретінде жалған көзқарас қалыптастыру мақсатымен, авторлар арыз беруші Гахтейбиева Алтынай, Касымбаев Нуржанның «Сенім.Білім.Өмір» РҚБ рухани орталықтарында «жапа шеккендері» туралы сюжеттерді көрсетті. Нақты айтқанда, бұл азаматтар рухани сауықтыру, соның ішінде нашақорлыққа салынғандар бойынша бірлестік жұмысының бір бағыты турасында айтылып отыр. Бұл сауықтыру жұмысының ерекшелігі тек рухани ғана емес, физиологиялық жағынан да сауығу мақсатында зікір ғибадатын орындау арқылы жүретіндігінде.

Жоғарыда айтылған Гахтейбиева және Қасымбаев – түрлі себептерге байланысты ем қонбаған көп жылдық тәжірибесі бар нашақорлар, оның үстіне бірнеше рет сотталған. Бұл бірлестік жетекшісіне осы дерттерден айығудың соңғы үміті екенін білдірген туған-туыстарының жазған өтініштері растайды. Осылайша, Исматулла Әбдіғаппардың барлық кінәсы тек осы бақытсыз адамдардың қалыпты өмірге оралуына көмек көрсетуге талпынғаны ғана болды.

Көрермендерде Исматулла Әбдіғаппардың іс-әрекетінде қылмыстық сипаты туралы жалған пікірдің қалыптасуын күшейті үшін авторлар шындыққа жанаспайтын сюжеттер көрсетті. Бірінші – медреседе бір топ адамдардың біреуді тепкілеп жатыр-мыс. Екіншісі – осыдан 6 жыл бұрын Түркістан қаласының маңындағы өзендердің бірінде суға кетіп қайтыс болған Исматулла Әбдіғаппар шәкірттерінің бірі Айдын Тілежановтың мүрдесі ауыстырылып қойылаған-мыс деген. Аталған фактіні көптеген куәгерлер, соның ішінде баспасөз мәслихатына қатысқан қайтыс болған азаматтың жары Сандуғаш Қиқымбаева да растай алады.

Авторлар өздерінің жалған болжамдарын «Сенім.Білім.Өмір» РҚБ өкілдерінің туыстарынан алдау жолымен алған сұхбаттарымен толықтырады (бұл жөніндегі заң бұзушылықтар баспасөзде жарияланған сотқа дейінгі талаптың көшірмесінде жазылған).

Фильмнің соңында авторлар тергеу тобының жетекшісі М. Құмарбековтың «Исматулла Әбдіғаппар қылмыстық топтың жетекшісі және ауыр және аса ауыр қылмыс жасау бойынша айыпталады» деп айтқанын қысқа үзінді қылып берген сюжет көрсетіледі.

Авторлардың жоғарыда айтылған жалған айыптаулары және ІІМ жауапты қызметкерінің айтылған сөздері Исматулла Әбдіғаппар аса қауіпті мемлекеттік қылмыскер деген көзқарас қалыптастырады:

Бірінші айып –жоғарыда аттары аталған Гахтейбиева және Қасымбаев сияқты 20-дан астам нашаға және ішімдікке тәуелді арыздардың негізінде адамды күштеп ұстау.

Екінші айып – қылмыстық топты құру және басқару. Ұйымдасқан қылмыстық топтың негізгі белгісі – заңсыз жолмен тапқан материалдық заттар екені бәрімізге белгілі. Бұл жағдайда Исматулла Әбдіғаппарда және бірлестік жетекшілерінің ешқайсысында да қандайда бір қаржы, бағалы заттар, әрине, қару-жарақ та табылмады.

Үшінші, негізгі айыптаулардың бірі – экстремизм және дінаралық жанжал тудырдыру. Қылмыстық іс тек сот психико-филологиялық сараптама негізінде қозғалған, нақты айтқанда бұл бірлестік өкілдері өздерінің іс-әрекеттерінде уахабшылардың діни сенімін аяқ асты етті дегенді білдіреді!!! Бірақ бір қызығы, сол уахабтардың біреуі де өздерінің құқықтары тапталды деп арызданбаған.

Ең бастысы – мемлекетке және конституцияға қарсы іс-әрекеттер, террористік және экстремистік әрекеттер жасады деген айыптаулар жоқ.

Бұл 100% жала жабатын фильм Исматулла Әбдіғаппар және оның шәкірттеріне қатысты сот процесінің қарсаңында теріс қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатын көздейтіні айдан анық.

Баспасөз-мәслихатына қатысушылар Исматулла Әбдіғаппар және оның шәкірттеріне қатысты барлық келеңсіздіктердің артында белгілі бір тапсырыс берушілер бар деген қорытындыға келді. Тергеушілердің жоғарыдағы тағылған айыптаулары өздерінің еркімен емес, басқа біреулердің нұсқауымен әрекет етуі де түсінікті. Осыған байланысты тапсырыс берушілерге қатысты келесі болжамдар айтылды:

Бұл адамдар біздің халқымыз бейбіт және келісімде өмір сүруін, өзара татулығын қаламайды. Өйткені, бұл фильм шынына келгенде діни төзбеушілікті насихаттайды, бүкіл халықты Қ.А. Ясауи ілімін ұстанушыларға қарсы қояды.

Бұл Елбасының жасырын жаулары, өйткені олардың әрекеттері мемлекеттің төзімділік пен бейбітшілік саясатына қарсы келеді. Бұл фильм ҚР Президентінің Қ.А. Ясауи біздің халқымыздың рухани негізі деген ұстанымының ашық түрде қарама-қайшы келеді.

Оларда бір түсініксіз жоспарлар бар, себебі авторлары жасырылады, ал фильмнің өзі Президент елде болмаған уақытта көрсетіледі.

Мұнда елде терроризм мен діни экстремизмнің нақты проблемаларынан ел басшылығының назарын басқа жаққа аудару мақсаты да болғанын ескеру керек.  Бүкіл ел және Президент алдында сопыларды халық жауы етіп көрсетіп қояды, ал бұл кезде нағыз террористер мен экстремистер өздерінің идеологиясын бөгетсіз тарату мүмкіндігіне ие болады. Оның дәлелі күнделікті ақпарат ағыны арқылы көз алдымызда.

Баспасөз мәслихатына қатысушылар айтып кеткендей, бұл шараның мақсаты Исматулла Әбдіғаппар және оның шәкірттеріне қатысты әділетсіз қудалау жайлы Елбасын хабардар ету, араша сұрау. Соңғы 9 айда бұл мәселеге қатысты барлық заң бұзушылықтар туралы ҚР Президентіне бірнеше рет хат жазылды, бірақ еш нәрсе өзгермеді. Бұдан үндеулерді Президентке жеткізбейді немесе Елбасына Исматулла ақсақалға қатысты жалған мәліметтер берілген деген қорытынды жасауға болады. Осы жерде айтарымыз, ол кісі және оның шәкірттері саясаттан мүлдем алыс, өз халқына және Отанына қызмет етті, әрқашан Президент саясатына адал болды және бола береді.

Баспасөз-мәслихатына қатысушылар Конституциямыздың кепілі ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан әділетсіз қамауға алынған Исматулла Әбдіғаппар, Саят Ыбраев, Ербол Рахымбаев, Сайпулла Моллақанағатұлы, Ербол Искабеков, Думан Берікбосынов, Жадыра Сүлейменованы және басқа да негізсіз қудалауға ұшыраған бірлестік өкілдерін заңсыздықтардан қорғауын сұрайды.

 
bauyrnur
21 мая 2011, 14:16
2080

Загрузка...

Комментарии

Тіптен шынымды айтсам шатасып кеттім, әлде көптен бері қазақша жазба оқымағаннан ба, еріншектігім бе нақты білмедім.) Сонда Хабар телеарнасы дәлелсіз қате мағлұмат берген бе?

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

"Мужчины должны у вас тут права качать, ибо их процент в вашей численности населения уступает проценту женщин". Я машинально начала уверять, что у нас в стране таковых не имеется...
Sapientia
5 дек. 2016 / 10:52
  • 8073
  • 65
Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Дастархан в те времена был скромен. Не было понятия «сынау» - осуждения кто как живет, какой в доме ремонт и т.д. Пока взрослые обсуждали задержку заработной платы, мы играли в армию, жмурки, строили городки...
socium_kzo
5 дек. 2016 / 15:19
  • 7639
  • 19
Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

В чем уникальность этой личности? В чем его успех или провалы? Эти вопросы требуют глубокой аналитики и исследований. Я же хочу рассказать о Нурсултане Абишевиче глазами рядового кыргыза...
maxes
1 дек. 2016 / 8:05
  • 5851
  • 20
Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Как сообщают новостные издания, в ближайшее время в Южном Казахстане 102 детям в возрасте 11-12 лет сообщат об их страшном диагнозе. Все эти дети были заражены ВИЧ, причём большинство было инфицировано по вине врачей.
openqazaqstan
2 дек. 2016 / 13:57
  • 4355
  • 4
Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Трамп и не подозревает, что 16 декабря 1991 Казахстан не создал, а восстановил свою национальную государственность. Иначе бы он упомянул не только 25 лет, а больше чем 550 лет казахской истории.
Stehlikova
2 дек. 2016 / 9:02
  • 4926
  • 88
10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

Я почти год проработала в школе, и когда уходила оттуда, была самым счастливым человеком в мире. Тот год, честно говоря, я и сейчас вспоминаю с ужасом.
demonica
вчера / 17:21
  • 3606
  • 63
Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Давно ждал запуска электронного билетирования в общественном транспорте Астаны. В ноябре 2016 года этот день настал. Мой опыт насчитывает последние 2 недели и мне есть чем поделиться.
iamYerlan
1 дек. 2016 / 15:24
  • 3400
  • 15
После крупной пьяной аварии бизнесмены в Чечне отказались торговать спиртным. В Казахстане едва ли такое возможно

После крупной пьяной аварии бизнесмены в Чечне отказались торговать спиртным. В Казахстане едва ли такое возможно

После тяжкого ДТП по вине пьяного водителя в Чечне закрылись все магазины, торгующие алкоголем. Их владельцы – 14 бизнесменов – добровольно отказались от выданных им лицензий.
openqazaqstan
5 дек. 2016 / 13:09
Как отдохнуть за 220$. Гоа – это не Индия: купил дешевую путевку и улетел!

Как отдохнуть за 220$. Гоа – это не Индия: купил дешевую путевку и улетел!

В Гоа я не первый раз. Очень многое знаю. Минус такой путевки только в том, что вы не сможете выбрать пляж и отель, но за такие смешные деньги – какая разница. Гоа – это не Индия.
fima
2 дек. 2016 / 11:32
  • 3285
  • 25