Әке....

 

Келсеңші әке, кірсеңші келіп түсіме...
Әкелік көнің толама барлық ісіме?
Өтінем әке, көрінші маған, қызым деп,
Сағыныш толы сырымды менің түсіне...

Әкесіз өмір жазды екен маған несіне,
Деп кейде налып, көндікпей кетем күшіме...
Жылатып та кеп, жұбатып та кеп қинайды
Амалдың жоғы тағдырдың салған ісіне...

Ауылға барсам қыдырып, қалғым келеді,
Арнап бір, әке, басыңа барғым келеді,
Өмірге кейде өкпелеп қалам, сондайда,
Керексің әке, қасыңа барғым келеді.

Сарылта берме, сабылта берме сағыныш!
Жырларым тынба! Тозақтың торын алып ұш!
Періштелерім, сағыныш толы сәлемді,
Жұмақта жатқан әкеме менің алып ұш!

Әкесіне деген сағыныштан туған Замира деген қыздың мына өлеңі маған өте қатты әсер етті. Оқып көріңіз....

8 мая, 23:27
1154

Комментарии

Керемет Гүлжанка!
Тамаша!!!!Әрине әкенің орны бөлек болады.Әкеге деген сағынышты мен өте жақсы түсінем.Гүлжайна өте керемет жүректі тебірентіп жазылған өлен екен!
Менің жаныма бұл өлең өте жақын.... Сондықтан әкеге деген сағыныш өте қымбат мен үшін.....
Әке-асқар тау демекші, әрдайым әкелерімізді ардақтайық! Өте керемет жазылған өлең екен. Сөздері жүрекке тиді. Жан дүниенді бір толғандырып тастады. Рахмет Гүлеке!
Оқасы жоқ.жандарым! Асқар таудай әкелерің аман болсын!!!
Жақсы өлең екен!
Сіздің әкеңіз тірі ме? Бұлай сұрағаныма ренжімеңіз....
Әкем қайтыс болып кеткен
ендеше, бұл өлеңді түсіну киынга сокпайды екен....
Рахмет, Гүлжайна! Дұрыс түсінсем, Замираға көп рахмет. Сауапқа жазсын! Кеудемде тас болып жатқан сөздерім сыртыма шыққандай болды, жеңілдік берді бұл өлең. Өмірден озған әкелеріміздің жаны жанаттан төрінен жай тапсын. Қайғының арты қайырлы болсын!
Оқасы жоқ) Қайғыныздын сәлде болса жеңілдегеніне қуаныштымын. Аумин, айтқаныныз келсин!
Шыны керек, бул өмірде неліктен дәл менің акемді алып кетти деп ойлайсың... Бірақ, қайтесің өмір деген солай.... Мен сені түсінемін Замира....Білемін, жүрегің қатты ауырады. Кейде тіпті, ешкім жоқ жерге қашып кеткің келеді. Бірақ, әттең-ай дейсің....Әке-асқар тау, баланың қорғанышы. Әкенің орнын ешкім баса алмайды. Менің де акемнің дүниеден озғанына 3 айдай болып қалды. Сағынамын, іздеймін.... Шынымды айтсам, әлі де сенбеймін. Кейде әкешімді құшақтап алып, қайта жібергім келмей қалады. Әттең, уақытты кері қайтарса ғой.... Міне, сіздерге айтайын дегенім осы. Сондықтан, достар әкелеріңді құрметтеңдер, сыйлаңдар.
Гүлжан саған көптен-көп алғысымды білдіремін)))
Оқасы жоқ, Айым. Қайғынмен бөлісе білгеніме қуаныштымын.

Оставьте свой комментарий