Біз 2 сәуір күні бұрынғы кездесулерден өзгешелеу кездесу өткіздік. Бұл күні бізге «Қазақстандағы интернет бірлестігінің» вице-президенті Ляхов Александр келіп кездесу өткізді. Дайындап келген презентациясы өте қызық болды. Бұл презентация арқылы білетінімізді толықтырып, білмейтініміз туралы біраз мағлұмат алдық.
Оның айтуынша «Интернеттегі пиар- бұл шекарасы жоқ соғыс». Шынымен де кім-кіммен достасып немесе кім-кімге қарсы келіп жатқанын айқындайтын шекара жоқ;
Журналист пен пиаршының айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Журналистің өзі қалай болсада өзі жазған адамды, өзі жұмыс істейтін орнын әрдайым қоғаммен байланыстырып (пиарить етіп) жүреді;
Адамдар ақпарат алу үшін пайдаланатын сайттар туралы мағлұматтарымызды толықтырдық;
Тағы бір бізге қажет, есте сақтап жүретін үзінді жазба (заметка): Бірге жұмыс істеген қызметкерлермен әрқашан, барлық жағдайда жақсы қарым-қатынаста болу қажет. Бірге жұмыс істегендіктен ол сенің артықшылықтарыңмен қатар, кемшіліктеріңді де жақсы біледі. Келіспей қалған жағдайда, ол сенің кемшілігіңді өзіңе қарсы қолдануы әбден мүмкін.
Шал ағайдың 7 өсиеті бізге өте қажет. Сондықтан үнемі осы өсиеттерді қайталап есте сақтап жүруіміз қажет.