Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
04:19, 15 марта 2011

Второе дыхание

Наурыз айының 12 жұлдызында біздің ҚазҰУ-дың атақты 105 топ студенттерінде СӘТТІ кездесу өтті.

2010 жылғы ҰБТ-дан өткен талапкерлер тамыз айында мемлекет тағайындайтын грантқа ие болғанын, қандай мамандық екенін білмесе де, атауы "Қоғаммен байланыс" екенін ауызбен айтып жүрген.

"Бас дегенде құлақ аласың" демекші, мамандығың не екенін білмеген өте қиын... "Әйтеуір грант қой!.."  деп айдалада адасып жүрген жандар жасап жатқан қателік осылардың бірі ғой..

Осындай сабылып, армандарынан алыстап кеткен адамдарды өмір әрине өз сарынына салып, түзетеді. "Көш жүре түзеледі" демекші, уақыт өте келе мен өз группаластарымның мамандықтың қыр-сырын игере бастағанын байқадым.

Оның бірден-бір себепкері, әрине, оқытушыларымыз өткізетін кездесулер. Сондай кездесулердің бірі- Алима Исембаевамен болған еді.

Осындай кездесулердің, төрт қабырғаның арасында қамалып, студенттердің миына қонбайтын лекциялардан берері көп деп ойлаймын...

Сіз қалай ойлайсыз?..

 

0
336
0