• 63506
  • 47
  • 14
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Баянсыз бағдарлама Аралдың обалына қалды

Аралым. Қайран да менің Аралым... Бағың бір ашылмады-ау. Сенің табаныңда қайрандап қалған кемелердің жұрнағы да қалмады. Ал, сенің қайғың қалың қазақтың қайғысы болып қала берді. Дүниенің түкпір-түкпірінен екі иығын жұлып жетіп, сенің суалып қалған арнаңды бірер жылда лықа толтырамыз деген талай ғалым болды. Талай бағдарлама жасалды. Бәрінен қайыр жоқ секілді әзірге. Айналып келгенде сенің обалыңа қалып отырған жемқорлық деген жалмауыз. Соның жеті басын түгел шауып тастамай, Аралым, сенің оралуың екіталай болып тұр емес пе.

Есеп комитетінің бағалауынша, Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2007-2009 жылдарға арналған бағдарлама тиімді іске асырылмаған.

Техникалық-технологиялық, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық зерттеулердің нәтижелері ескерілмей дайындалған бағдарламада айқын нысаналы индикаторлар көрсетілмеген.Бағдарлама сапасыз әзірленгендіктен, іс-шаралар жеткілікті дәрежеде негізделмеген, нақты параметрлері жасалмаған. Бұл қаржы көлемін белгілеуде қиындықтарға алып келген. Нәтижесінде Арал өңірінің проблемаларын шешу жөніндегі көптеген іс-шаралар толыққанды қаржыландырылмаған. Мәселен, бағдарлама жоспарының 31 іс-шарасының тек 14-ін іске асыру ғана қаржыландырылған.Бағдарламаның алға қойған мақсаттарына, міндеттеріне және одан күтілген нәтижелерге ведомствоаралық қарым-қатынастың нашарлығынан және қатысушылардың жауапкершілік деңгейлерінің төмендігінен қол жеткізілмеген. Сол себепті, бақылау кезінде бағдарламаның Іс-шаралар жоспарының барлық тармағы бойынша жұмыстардың 5 тармағында – жұмыстар басталмаған, 18 тармағында – әлі күнге дейін жалғасуда, тек 8 тармағында ғана аяқталған.
Жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерінің бекітілген параметрлерін сақтамауы, сметалық құжаттамалардың бірнеше мәрте түзетілуі жобалар құнының 13,2 млрд. теңгеге қымбаттауына алып келген.Есеп комитеті бағдарламаның жобаларын іске асыруға бөлінген республикалық бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігінің төмендігін атап өтеді. Мысалы, Қызылорда қаласында құны 955 млн. теңге тұратын шыны-пластик құбырлар қолданылған бас тегеурінді коллекторлар сарқынды суларды биологиялық тазарту станциясының қабылдау камерасының деңгейіне көтерген кезде жоғары қысымды көтере алмаған. Сол себепті  сметалық құны 1,6 млрд. теңге тұратын сарқынды суларды биологиялық тазарту станциясы коллекторлардың жүйелі түрде бұзылуына байланысты 2007 жылдан бастап жұмыс істемейді. Бұл қоршаған ортаны сарқынды сулармен ластап, қалаға елеулі зиянын тигізуде.
Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінен қарызға алынған 64,5 млн. АҚШ долларының және республикалық бюджеттен қоса қаржыландырылған 21,3 млн. АҚШ долларының есебінен іске асырылып жатқан Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтау жөніндегі жоба тиімсіз жүргізілуде. Құрылысты қадағалау жөніндегі шығындарға және консультациялық қызметтерге 3,3 млн. АҚШ доллары және 34,2 млн. теңге, сондай-ақ жобаны басқару тобын ұстауға 51,7 млн. теңге жұмсалғанына қарамастан, құрылыс жұмыстарын жеткілікті қадағалау ұйымдастырылмаған.
Есеп комитеті Үкіметке бағдарламаның тиімді іске асырылуын қамтамасыз етпеген лауазымды адамдардың жауапкершілігін қарауды ұсынады. Бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру үшін жоғары тұрған бюджеттерден төменгі тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттерді беру тәртібін, сондай-ақ қаржыны игеру барысында олардың мониторингілеу және есептілік процесін арттырулары жөнінде ұсынымдар берілді.

Есеп комитеті ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады. Сыртқы бақылауды жүзеге асырады және республикалық бюджеттің атқарылуын, орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарының, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалайды. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бөлінген мемлекеттік қаржы ресурстарының пайдаланылуын бақылайды. Мемлекеттің гранттары мен активтерінің, мемлекет кепілдік берген қарыздардың пайдаланылу тиімділігін талдайды, сондай-ақ Ұлттық банк активтерінің пайдалану сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің баспасөз қызметі

Бек ДАТҰЛЫ.

18 января 2011, 13:55
615

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Известные казахи, женившиеся на русских женщинах

Известные казахи, женившиеся на русских женщинах

Говорят, что за каждым великим мужчиной стоит женщина. А еще говорят что, все великие люди меняют судьбу своего народа. Так давайте узнаем больше о русских женщинах, навсегда изменивших жизнь...
Shala-Kazakh
17 февр. 2017 / 23:21
  • 33715
  • 81
Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Насобирал разных фотографий про наш город, из семейного архива. Фотографии не от сканированные, а пересняты на телефон. Давно хотел выставить, но не решался) Сейчас уже мы все поменялись, уже...
Ispanec
сегодня / 11:05
  • 6483
  • 11
Вспомнились слова однокурсника: «Не завидую твоему будущему мужу»

Вспомнились слова однокурсника: «Не завидую твоему будущему мужу»

Среди моих знакомых есть одна милая девушка, она тоже молодая мама как и я. Очень открытая, видная, недавно вышла на работу. У нее счастливая семья и все, тьфу-тьфу, складывается хорошо.
Roza_pvl
19 февр. 2017 / 11:49
  • 5100
  • 43
Утверждён график выходных дней для жителей Казахстана в марте

Утверждён график выходных дней для жителей Казахстана в марте

Казахстанцы отдохнут около полумесяца в грядущем марте. В связи с праздниками в марте ожидается четыре дополнительных выходных дня. Первый, разумеется, выпадает на главный женский день в году, а...
Seattle
17 февр. 2017 / 13:20
  • 4476
  • 4
«Казахстанцы больше не смогут приобрести недвижимость за рубежом»

«Казахстанцы больше не смогут приобрести недвижимость за рубежом»

Так мог бы звучать заголовок этой публикации, откажись Европа, Турция, ОАЭ, США и другие от фундаментального права человека на имущество. Пост про то, кто заработает на поправках в Конституцию РК...
lyalusha
16 февр. 2017 / 14:45
  • 3648
  • 29
Секреты женского оргазма или Почему вокруг так много фригидных женщин

Секреты женского оргазма или Почему вокруг так много фригидных женщин

Просьба отключить режим высокой морали и узколобия, а внять советам, дабы сделать немножко счастливей и свою жизнь, и жизнь партнера. Всем уят! :D
kami_princesska
16 февр. 2017 / 11:39
Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Итак, по просьбам трудящихся и по крикам души коллективного бессознательного решила я написать пост на эту тему. Вводные данные: 1) нет имущества, которое можно продать для покупки собственного...
DanaJarlygapova
20 февр. 2017 / 16:17
  • 3432
  • 44
Я не националист, но выйду замуж только за казаха. 22 факта обо мне

Я не националист, но выйду замуж только за казаха. 22 факта обо мне

Всем доброго времени суток! Поскольку сейчас долгожданные выходные, я болею и имею полное право ничего не делать за чашечкой горячего чая, то решила все-таки написать этакий скромный пост о себе...
Sserikyzy
18 февр. 2017 / 16:35
50 бизнес-встреч с лучшими предпринимателями Астаны. «Наш бизнес начинался как хобби»

50 бизнес-встреч с лучшими предпринимателями Астаны. «Наш бизнес начинался как хобби»

Друзья, представляю вашему вниманию второго героя моей рубрики "50 бизнес-встреч с лучшими (по моей версии) предпринимателей Астаны за 100 дней" - Асхата Солтанова!
Kultursyn
20 февр. 2017 / 12:46
  • 2952
  • 8