---
title: "«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ЖУРНАЛИСТЕРДІ ҰЛЫҚТАДЫ"
description: "«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде 28 маусым – Қазақстан Республикасы Байланы..."
author: "azret_sultan"
published: "2016-06-26T23:33:07+00:00"
modified: "2016-06-26T23:33:07+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/ziret-s-ltan-zhurnalisterdi-ly-tady-699655"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/ziret-s-ltan-zhurnalisterdi-ly-tady-699655/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ЖУРНАЛИСТЕРДІ ҰЛЫҚТАДЫ

> «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде 28 маусым – Қазақстан Республикасы Байланы...

![«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ЖУРНАЛИСТЕРДІ ҰЛЫҚТАДЫ](https://fbcdn-sphotos-g-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xpa1/v/t1.0-9/13537728_147718768980684_4158014677312555008_n.jpg?oh=79875e0ea415b742d0f7126fc4757ff5&oe=57F8DA94&__gda__=1475757100_15fd9d0fef9c17a8a53598b09d2cbf08)

*«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде 28 маусым – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған мерекелік кездесу болып өтті. Ақ дастархан басындағы кездесуге қорық-музей директоры Ж.Әубәкір, Түркістан қаласының құрметті азаматы, ақын, жазушы Н.Назаров, жергілікті «Түркістан» газетінің жауапты редакторы Д.Жұмабаев, Қазақстан жастар сыйлығының лауреаты, Мәдениет қайраткері Б.Сердәлі, «Қазақ үні» газетінің меншікті тілшісі әрі ХҚТУ баспасөз хатшысы Ә.Тәшімова, «Дөңгеленген дүние» газетінің тілшісі Р.Нарымбет, «Ұстаз» газетінің тілшісі А.Ғаниқызы, БАҚ өкілдері және музей қызметкерлері қатысты.

![«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ЖУРНАЛИСТЕРДІ ҰЛЫҚТАДЫ](https://fbcdn-sphotos-c-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xaf1/v/t1.0-9/13528963_147718765647351_3977350361310148455_n.jpg?oh=09f11d078ae111bed0ad6484983bf55d&oe=57F9E3A8&__gda__=1476025881_6ed241a35f7c33d82400d66b26154028)

Мерекелік дастархан барысында қорық-музей директоры Ж.Әубәкір келген қонақтарды, баспа қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтап, алғысын білдірді. Шараға келген қонақтар өз ой-пікірлерін ортаға салып, мұндай шараның музейде тұңғыш рет өткізіліп отырғанын тілге тиек етіп, музей ісінің дамуына бірлесе жұмыс атқаруға деген өз ұсыныстарын білдірді. Жиын соңында келген қонақтарға қорық-музей директоры ұжым атынан рахметін айта отырып, алғыс хаттармен марапаттап, баспа өнімдерін сыйға тартты.*

![«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ЖУРНАЛИСТЕРДІ ҰЛЫҚТАДЫ](https://fbcdn-sphotos-a-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xta1/v/t1.0-9/13533317_147719015647326_5423907267406066034_n.jpg?oh=13e57a71f67c26f2cc590ef1b6589fc1&oe=57EAB108&__gda__=1476711297_e533924c070c286c3cc0210e3214a953)

![«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ЖУРНАЛИСТЕРДІ ҰЛЫҚТАДЫ](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/13532772_147719118980649_729519030314385714_n.jpg?oh=851f9682791543e27fb8c2678a2677e7&oe=57F07E3B)

---

Source: [https://yvision.kz/post/ziret-s-ltan-zhurnalisterdi-ly-tady-699655](https://yvision.kz/post/ziret-s-ltan-zhurnalisterdi-ly-tady-699655)