---
title: "«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІНЕ ЖАҢА ОРЫНБАСАР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ."
description: "Есжан Ержан Әуелханұлы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музей директорының ғылыми жұм..."
author: "azret_sultan"
published: "2016-09-14T05:31:35+00:00"
modified: "2016-09-14T05:31:35+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/ziret-s-ltan-ory-muzeyine-zha-a-orynbasar-ta-ayyndaldy-711871"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/ziret-s-ltan-ory-muzeyine-zha-a-orynbasar-ta-ayyndaldy-711871/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІНЕ ЖАҢА ОРЫНБАСАР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ.

> Есжан Ержан Әуелханұлы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музей директорының ғылыми жұм...

Есжан Ержан Әуелханұлы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музей директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

![«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІНЕ ЖАҢА ОРЫНБАСАР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ.](https://fbcdn-sphotos-e-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xap1/t31.0-8/13923346_1782216925367380_1250362566378475233_o.jpg)

1970 жылы 13 маусымда ОҚО облысы, Қызылқұм ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, тарих ғылымының кандидаты, ХҚТУ-нің музей ісі және тарихи ескерткіштерді қорғау мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылы маусым айынан бастап «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының директоры кызметін атқарып келген.

![«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІНЕ ЖАҢА ОРЫНБАСАР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ.](https://scontent.xx.fbcdn.net/t31.0-8/13925873_1782216922034047_6603055356359871260_o.jpg)

Музей ұжымына жаңа орынбасарды Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет және өнер істері департаменті директорының орынбасары Н.Ахметжанов келіп таныстырды.

---

Source: [https://yvision.kz/post/ziret-s-ltan-ory-muzeyine-zha-a-orynbasar-ta-ayyndaldy-711871](https://yvision.kz/post/ziret-s-ltan-ory-muzeyine-zha-a-orynbasar-ta-ayyndaldy-711871)