---
title: "«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІНДЕГІ ҚҰРАН САЙЫС"
description: "30 мамыр күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде«Менің хикметтерімнің бар мағ..."
author: "azret_sultan"
published: "2016-06-09T04:05:54+00:00"
modified: "2016-06-09T05:00:51+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/ziret-s-ltan-ory-muzeyindegi-ran-sayys-696908"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/ziret-s-ltan-ory-muzeyindegi-ran-sayys-696908/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІНДЕГІ ҚҰРАН САЙЫС

> 30 мамыр күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде«Менің хикметтерімнің бар мағ...

![«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІНДЕГІ ҚҰРАН САЙЫС](https://storage.yvision.kz/images/user/azret_sultan/OCK25z3kfIAr6tYfwhgj4ZLi7h7AKT.jpg)

30 мамыр күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде**«Менің хикметтерімнің бар мағынасы – Құран»** тақырыбында 13 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында құран оқудан байқау өтті. Бұл атаулы іс-шара 1 маусым «Балаларды қорғау» күні аясында ұйымдастырылып отыр. Айтулы мереке қарсаңындағы іс-шараның басты мақсаты Ұлы дала елінің ұлдарын имандылыққа, жас жеткіншектерімізді ел жандылыққа, адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Байқау Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің «Мешіт» бөлмесінде ұйымдастырылды.

![«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІНДЕГІ ҚҰРАН САЙЫС](https://storage.yvision.kz/images/user/azret_sultan/Pqqa5UhoeJBJ16LavATYT3w7cD1Xnk.jpg)

Байқаудың шарты бойынша қатысушылардың жасы 13 жастан аспау, қасиетті құран аяттарын толық жатқа айту керек. Қазылар оқыған аятты мүдірмей жалғастырып мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу керек. Іс-шараның ашылу салтанатына музей директоры Ж.Әубәкір, қала әкімінің кеңесшісі Ж.Ибрагимов, музей қызметкерлері және байқауға қатысушы мектеп оқушылары қатысты. Қорық-музей директоры Ж.Әубәкір бұл іс-шараның маңыздылығын айтып, жастарға сәттілік, ақ жол тіледі. Байқаудың қазылары: Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің профессоры Закария Юлмаз, «Абу Бакр» мешітінің имамы Дәуіт Қазытай. Байқаудың қорытындысы: 1 орын - Игілік Исламнұр (8 жаста, А.Байтұрсынов мектебі); 2 орын - Рахымжанов Асад (9 жаста, №22 мектебі); 3 орын - Айтмахан Диас (10 жаста, №23 мектебінен).

Жүлде қоры: 1 орын 30.000 теңге

2 орын 20.000 теңге

3 орын 15.000 теңге.

![«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІНДЕГІ ҚҰРАН САЙЫС](https://storage.yvision.kz/images/user/azret_sultan/Rro5nNZCruNz90U2Y1UYVLXq7082PA.jpg)

Сайыс соңында барлық қатысушыларға музей әкімшілігі атынан марапат қағаздары және баспа өнімдері сыйға берілді.

---

Source: [https://yvision.kz/post/ziret-s-ltan-ory-muzeyindegi-ran-sayys-696908](https://yvision.kz/post/ziret-s-ltan-ory-muzeyindegi-ran-sayys-696908)