---
title: "«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МУЗЕЙІНДЕ ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖИЫН ӨТТІ"
description: "Елбасымыз Н.Назарбаев отбасылық құндылықтарды нығайту мен насихаттауға баса назар аударып келеді. Ме..."
author: "azret_sultan"
published: "2016-09-14T05:51:41+00:00"
modified: "2016-09-14T05:51:41+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/ziret-s-ltan-muzeyinde-otbasy-k-nine-oray-zhiyn-tti-711882"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/ziret-s-ltan-muzeyinde-otbasy-k-nine-oray-zhiyn-tti-711882/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МУЗЕЙІНДЕ ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖИЫН ӨТТІ

> Елбасымыз Н.Назарбаев отбасылық құндылықтарды нығайту мен насихаттауға баса назар аударып келеді. Ме...

Елбасымыз Н.Назарбаев отбасылық құндылықтарды нығайту мен насихаттауға баса назар аударып келеді. Мемлекет басшысының жарлығы бойынша «Отбасы күні» мерекесі қыркүйек айының екінші жексенбісінде тұрақты түрде өткізіліп келеді. Еліміздің түкпір-түкпірінде бұл айтулы күнге орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Осындай іс-шара ағымдағы жылдың 9 қыркүйек күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Мерейлі отбасы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға арнайы қонақ ретінде «Мерейлі отбасы» І-ші республикалық байқауының жеңімпазы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, жазушы Елтай Бимағамбетов,

![«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МУЗЕЙІНДЕ ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖИЫН ӨТТІ](https://fbcdn-sphotos-e-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xla1/t31.0-8/14311339_1794191644169908_2554395276931073443_o.jpg)

Түркістан қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Дүйсенкүл Жамболова, музей қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ғылыми істері жөніндегі орынбасары Е.Есжан ашып, айтулы мерекемен құттықтап, тілек лебіздерін жеткізді.

![«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МУЗЕЙІНДЕ ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖИЫН ӨТТІ](https://scontent.xx.fbcdn.net/t31.0-8/14231993_1794191660836573_5159824810435781464_o.jpg)

Іс-шара барысында музей қызметкерлері С.Үркімбаев, Ж.Әбсадық, Б.Бименов, Б.Сманова өз отбасылары жайында әңгіме өрбітіп, өлең оқып, өнерлерін көрсетті. «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы Елтай ағамыз отбасындағы тәрбие, тағылым жайлы, өзі жүріп өткен жолдарынан сыр шертіп, өмірлік тәжірибесімен бөлісті.

![«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МУЗЕЙІНДЕ ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖИЫН ӨТТІ](https://scontent.xx.fbcdn.net/t31.0-8/14249983_1794192570836482_5114703519280237845_o.jpg)

Іс-шара соңында «Мерейлі отбасы» күніне орай қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, жиналған қаражатты мұражай қызметкерлерінің көп балалы он отбасыға берілді. Шараға арнайы келген қонақтарымызға қорық-музей әкімшілігі атынан Алғыс хат пен баспа өнімдері сыйға таратылды.

![«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МУЗЕЙІНДЕ ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖИЫН ӨТТІ](https://scontent.xx.fbcdn.net/t31.0-8/14207711_1794192580836481_4452036757146850098_o.jpg)

![«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МУЗЕЙІНДЕ ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖИЫН ӨТТІ](https://fbcdn-sphotos-e-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xtp1/t31.0-8/14311260_1794192897503116_5918472156542582553_o.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/ziret-s-ltan-muzeyinde-otbasy-k-nine-oray-zhiyn-tti-711882](https://yvision.kz/post/ziret-s-ltan-muzeyinde-otbasy-k-nine-oray-zhiyn-tti-711882)