---
title: "Жыр алыбы-Жамбыл"
description: "Жыр алыбы-Жамбыл ..."
author: "Gulzhaukhar"
published: "2016-07-15T06:56:05+00:00"
modified: "2016-07-15T06:58:37+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/zhyr-alyby-zhambyl-702525"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/zhyr-alyby-zhambyl-702525/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жыр алыбы-Жамбыл

> Жыр алыбы-Жамбыл ...

Жыр алыбы-Жамбыл " Жамбыл жырлары теңіз түбінде жатқан маржан секілді Оны жинап алып, халқының қолына беру-біздің азаматтық борышымыз" С.Сейфуллин Қазақ әдебиетіндегі поэзия жанрының Абайдан кейінгі алыбы-айтыскер ақын,жырау-Жамбыл атамыз туралы толғанбай ой айту күмәнді. Өйткені тарихы терең,екі ғасыр тағдырын еншілеген тума талант,табиғи дарын иесі-Жамбыл мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа ұмытылмай,жалғасын тауып,жаңғырып келеді. Осының бір дәлелі -бүгінгі аламан додаға ауқымды тың тақырып болып,баба мұрасының қойылуы да тегін емес.Баба мұрасын сөз етпес бұрын,екі ғасырдың елшісі болған Жамбыл бабамыздың өскен ортасы,ақындық талантының даму ерекшеліктері оның туып өскен топырағында екені де мәлім. Сол кездегі Қазақстанның өңірлерін ертерек шарпыған отаршылдық саясат,әділеттіліктің шырқын бұзып,ел ішінде қара халыққа ылаң салғаны белгілі.Жыр елінің бәйтерегіне шыбығынан көктеткен өңір ертеден тамырын тереңге жайған өнерпаздық дәстүр ХIХ ғасырда дамудың шегіне жеткен еді. Жетісуға-Арқадан Абайдың келуі,Біржан,Шашубай сияқты,Оңтүстік өңірінен Майлықожаның,Атыраудан Құрманғазының келуі-өлкесінен өнердің дәнегі өнген өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың Алла берген ақындық таланты жас кезінен-ақ жүрген ортасын жырға бөлеп,жеті жұртты аузына қаратқан Жамбыл өмірдегі,өнердегі пірі-Сүйінбайға жолығып,оның арқалы өнеріне тәнті болып батасын алған. Оны өз өлеңінде Сөз сөйлеймін,сиынбай, Пірім менің-Сүйінбай,-деуі де сондықтан болар.Жамбыл мұрасы-өзі өмір сүрген ортасының таңбалы тарихының айнасы іспеттес Жамбыл шығармашылығы ХIХ ғасырдың 70-жылдарынан бастау алғаны "Әдебиет-халық өмірінің айнасы"-деп орыс ойшылы В.Г.Беляковский айтқандай,бұл кезең ел үшін ауыр кезең болатын. Ресейдің отаршылдық саясаты негізінде жерінен,малынан айырылған ел жұртының тұрмысы жүдеп,күйзеліске ұшырады. Ол аз болғандай ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы ақ пен қызылдың соғысы,ұжымдастыру сияқты оқиғалар халық тағдырына теріс жері болғанын Жамбыл өз жырларының арқауы етіп,замана болмысын жасырмай суреттейді. Замана шындығына деген өкпе-ренішін өлеңмен өрнектеп,жырларына көрініс ретінде алған Солардың бұлтартпас айғағы-"Патша әмірі тарылды","Зілді бұйрық","Халық-менің шын атым","Шағым","Өтеген батыр","Сұраншы батыр" т.б сол сияқты.Заман жаршысы болған Жамбыл бабамыз "Көрұғлы","Шаһмардан" жыр дастандарын айлап жырлап,жыраулық өнерді де алға алып барған.Сонымен қатар қазақтың қанымен қалыптасқан айтыс өнері Жамбылдың халық құрметіне бөленуіне үлкен жол ашқан.Қырғыздың төлтумасы Тоқтағұлмен айтысы,Айкүміспен айтысы,қанаушы топтың айбарлы да арынды ақыны Құлмамбетпен айтысы Жамбылды халық қалаулысына айналдырды. Жамбыл жырласа,халық мұңын жырлайды. Құлмамбет ешкімге есе кетіріп көрмеген,тоғыз ақынды тобасына келтіріп,Жамбылдан сүрінуінің өзі -ақынның дәрежесінің қандай орын алатынын көрсетпей ме?Ақын патриотизмнің асқар шыңы болып саналатын"ашаршылықтағы жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпейді" дегендей,қоршауда қалған қала халқына арналған "Ленинградтық өренім"атты өлеңі-рухы биік ақын бейнесін көз алдыңа әкеледі .Сөзді созбаламай,тобықтай сөздің түйінін айтсақ,"Жамбыл-жыр алыбы,қазақтың әдебиет әлемінің алып бәйтерегі". Шындығы солай,қара сөзден қалып кеткен шығарманың кемшіл жерлерін өлеңмен өрнектеп,жыр алыбы-Жамбыл мұрасының өміршеңдігін ескере келіп,Абай атамыздың "Өлді деуге болама,айтыңдаршы,Өлмейтұғын артында із қалдырған?" деген құнды пікірін өлең жолдарыммен ұштастырып көрейін.

Отты ойлардан айтатұғын жасқа сыр,

Жамбыл бабам елшісі ғой қос ғасыр.

Екі ғасыр тарихының айнасы,

Тең келмейді мұрасына басқа жыр.

Өміріне еніп тарих өткеннің,

Сырларына Жамбыл бабам жеткенмін.

Әділдіктің шотын шапқан нарқасқам,

Ортасына күйін берген көктемнің.

Заманында"Патша әмірі тарылған",

Қалың халық дегбірінен арылған.

Құлмамбетті тұғырынан құлатқан,

Бабам сыры шамшырақ қой жағылған.

Өлеңінде тұшымды ойға топталған,

Бабамыдың көкейінде жатты арман.

Өлеңінде өзекті ой боп өрілген,

Әділдік қой заманында топталған.

Жау біткеннің зәре құтын қашырып,

Отты өлеңмен жігер бердің асырып.

"Ленинградтық өреніңді" оқыды,

Қала халықы кезек күтіп,бас ұрып.

Жаудың жыртқан өлеңімен жағасын,

Мол мұрасы алған әділ бағасын.

Жыр алыбы-Жамбыл десе елеңдер,

Бүкіл әлем басын иіп,Алашым!

Рахыматулла Гүлжауһар Шалхарқызы

---

Source: [https://yvision.kz/post/zhyr-alyby-zhambyl-702525](https://yvision.kz/post/zhyr-alyby-zhambyl-702525)