---
title: "ЖЫЛ БАСЫНАН СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА МОТОЦИКЛДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЕКІ ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ"
description: "Қазірдің өзінде мотоцикл жүргізушілерінің қатысуымен екі жол-көлік оқиғасы тіркелді, олардың біреуі ..."
author: "dvd_sko"
published: "2019-05-10T14:44:28+00:00"
modified: "2019-05-10T14:44:28+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/zhyl-basynan-solt-stik-aza-stan-oblysynda-motocikldi-atysuymen-eki-zhol-k-lik-o-i-asy-tirkeldi-832172"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/zhyl-basynan-solt-stik-aza-stan-oblysynda-motocikldi-atysuymen-eki-zhol-k-lik-o-i-asy-tirkeldi-832172/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ЖЫЛ БАСЫНАН СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА МОТОЦИКЛДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЕКІ ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ

> Қазірдің өзінде мотоцикл жүргізушілерінің қатысуымен екі жол-көлік оқиғасы тіркелді, олардың біреуі ...

Қазірдің өзінде мотоцикл жүргізушілерінің қатысуымен екі жол-көлік оқиғасы тіркелді, олардың біреуі - қайтыс болды, екіншісі - жарақат алды.

«Негізінен олар жылдамдықты асырады және маневр жасау ережелерін бұзады, яғни тиісті сигнал бермей, басқа қатарға ауысады, - деп атап өтті СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов. – Жол қозғалысы ережелерінің 2.1.2- тармағына сәйкес жүргізушілер мен жолаушылар міндетті түрде мотошлемді киюі тиіс, бірақ көп жағдайда бұл ереже ескерілмейді».

Қозғалтқыштың көлемі 50 текше сантиметрден асатын скутерді немесе мотоциклді жүргізу құқығынсыз басқарған кәмелетке толмағандар жолда қауырттылықты тудырады.

«Қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстану қажет, - деді Айдын Байматов. – Ең жоғары конструктивті жылдамдығы сағатына 50 км, қозғалтқыш көлемі 50 текше сантиметрге дейін мопедтер (скутер) велосипедтерге теңестіріледі, мопедтерді жүргізуші куәлігінсіз 14 жастан басқаруға болады. Ал қозғалтқыш көлемі 50-ден 125 текше сантиметрге дейін скутерді 16 жастан басқаруға рұқсат етілген. Ол үшін ҚР «Жол жүрісі туралы» Заңының 74-бабы 2-т. сәйкес А1 санатының жүргізуші куәлігін алу қажет. Бұндай скутер мотоциклге теңестіріледі, сондықтан мотоцикл секілді автомобильдер ұстанатын жол жүрісі ережелерін ұстануы тиіс. Ең бастысы, жол қозғалысының кез-келген қатысушысы барлық көлік құралдарына бірдей ережелерді ұстануға міндетті: жылдамдық режимін бұзбау, бұрылу немесе қатарды ауыстыру кезінде басқа жүргізушілерге бұрылыс сигналын беру».

Полиция қызметкерлері көлік басқару мәдениетін арттыруға бағытталған профилактикалық және рейдтік іс-шараларды жүргізеді. Алайда, жолдағы апаттан ең сенімді қорғаныс – жол қозғалысы қатысушыларының жауапкершілігі және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау болып табылады.

![ЖЫЛ БАСЫНАН СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА МОТОЦИКЛДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЕКІ ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/71e78858d3efe275e597b3ba6e844a.jpg)

СҚО ПД баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/post/zhyl-basynan-solt-stik-aza-stan-oblysynda-motocikldi-atysuymen-eki-zhol-k-lik-o-i-asy-tirkeldi-832172](https://yvision.kz/post/zhyl-basynan-solt-stik-aza-stan-oblysynda-motocikldi-atysuymen-eki-zhol-k-lik-o-i-asy-tirkeldi-832172)