---
title: "Жыл басы – Наурыз"
description: "2017 жылдың 18 наурызда республикалық жоғары техникалық колледжінде Наурыз мерекесіне арналған шара ..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-03-18T11:32:14+00:00"
modified: "2017-03-18T11:32:14+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/zhyl-basy-nauryz-760524"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/zhyl-basy-nauryz-760524/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жыл басы – Наурыз

> 2017 жылдың 18 наурызда республикалық жоғары техникалық колледжінде Наурыз мерекесіне арналған шара ...

2017 жылдың 18 наурызда республикалық жоғары техникалық колледжінде Наурыз мерекесіне арналған шара ұйымдастырылды. Колледж алаңында би және театрландырылған ұжымдардың қатысуымен көрініс сахналанды.

Наурыз мерекесі – жаңа жыл басы ретінде тойланатыны белгілі, Наурыз рухани бірлікті бейнелейді, тұрақтылық, достық және келісім нығайтуда маңызды рөл атқарады. Наурыз – ұлт, мәдениет және діндер арасындағы айырмашылықтарға бөлмейді. Мәселен, аталған колледжде әр ұлттың өкілдері білім алады және олардың жалпы құндылықтары мен мақсаииары ортақ болғандықтан өзерін бір отбасымыз деп есептейді.

Іс-шараға ҰОС және тыл ардагерлері, ғалымдар мен өкілдері, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаменті өкілдері қатысты.

Театрландырылған көрініс аясында ұлттық салт-дәстүр көрсетілді.

---

Source: [https://yvision.kz/post/zhyl-basy-nauryz-760524](https://yvision.kz/post/zhyl-basy-nauryz-760524)