---
title: "Жетісу облысына инфо-тур: Әсем табиғат пен жаңа мүмкіндіктерге саяхат #VisitZhetysu (Жаркент-Хоргос)"
description: "#туризмжайлыавтор: Жансая Ғаниқызы @zhansaya_me2024 жылдың 20-22 қараша күндері біз «Visit Zhetysu» шақыруымен Жетісу облысына инфо-турға бардық. Бұл сап..."
author: "jansaya94"
published: "2024-11-28T06:24:53+00:00"
modified: "2024-11-28T06:24:53+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/zhetisu-oblysyna-info-tur-asem-tabigat-pen-zhana-mumkindikterge-sayahat-visitzhetysu-zharkent-horgos-1010360"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/zhetisu-oblysyna-info-tur-asem-tabigat-pen-zhana-mumkindikterge-sayahat-visitzhetysu-zharkent-horgos-1010360/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жетісу облысына инфо-тур: Әсем табиғат пен жаңа мүмкіндіктерге саяхат #VisitZhetysu (Жаркент-Хоргос)

> #туризмжайлыавтор: Жансая Ғаниқызы @zhansaya_me2024 жылдың 20-22 қараша күндері біз «Visit Zhetysu» шақыруымен Жетісу облысына инфо-турға бардық. Бұл сап...

**#туризмжайлы**

*автор: Жансая Ғаниқызы @zhansaya_me*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/116844/ce8742655c8bdfba2959185bb5670284.png?width=2560&height=1440)

2024 жылдың 20-22 қараша күндері біз «Visit Zhetysu» шақыруымен Жетісу облысына инфо-турға бардық. Бұл сапарға 30-дан астам блогерлер, депутаттар, мұғалімдер мен журналистер жалпы айтқанда өз елін сүйетін жиһанкездер қатысты.

Біздің мақсатымыз – Жетісудың туристік әлеуетімен танысып, облысқа сапар ұйымдастырудың маңызын көрсету болатын.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/116844/f7c49afefae91615f65a201edece7744.png?width=960&height=1280)

### **Жетісу облысына сапардың басталуы**

Мен ұшақпен саяхаттағанды ұнатамын, әр сапар маған жақсы сезім сыйлайды. 20 қараша таңғы 5 те Астана қаласынан ұшып, Алматы қаласының әуе жайында қатысушылармен танысумен сапарымыз басталып кетті. Бізді жылы қабылдаған жергілікті ұйымдастырушылардан кейін, Жаркент қаласына жол тарттық.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/116844/693d0aef26690666406dafe89dbe959c.png?width=1280&height=960)

Жолға шамамен 4 сағаттай уақыт кетті. Қаланың тарихи және мәдени ерекшеліктерімен танысып, Жаркент мешітінде суретке түсіп, осы жердің тарихы мен архитектурасымен таныстық.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/116844/b5c1b314085d1cff264bfdafdb6af492.png?width=960&height=1280)

Гастрономилиялық керемет те болды, бізге түскі асқа дәмді тағамдар ұсынылды

.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/116844/5f7c636759ec8451a30fc779766c7286.png?width=960&height=1280)

### **Хоргос шекарасы: Қытай мен Қазақстан арасындағы байланыстың дамуы**

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/116844/520c98e17734a2e58ba41408e0babc00.png?width=1280&height=960)

Жаркенттен кейін біз Хоргосқа жол тарттық.

## **«Қорғас» ШЫХО шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы**

– бұл «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен «Жібек жолы» экономикалық белдеуі стратегиясы аясындағы әлемде теңдесі жоқ Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бірлескен әрі бірегей жобасы. ҚР жағынан келген келушілер айына бір рет салмағы 25 кг болатын немесе құны 500 евро тұратын тауарларды бажсыз алып шыға алады. Кіру құны 3000 т

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/116844/088fc720c0495c0dea438c5a0cefdb5f.png?width=1280&height=960)

**Шекаралық бақылау**: Қорғас арқылы Қытайға кіру үшін шекаралық бақылаудан өту керек. Бұл процесс паспорттық тексеру және кедендік рәсімдерден өтуден тұрады. Шекаралық бақылау бекетінде Қазақстаннан Қытайға өту үшін қажетті барлық құжаттарды көрсету керек. **МАҢЫЗДЫ**!«Қорғас» ШЫХО арқылы шекарадан өту кезінде ешқандай шектеулер, қарыздар, төленбеген айыппұлдар немесе соттық міндеттемелер болмауы тиіс. @mcps_khorgos

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/116844/39b7a55022db219f52fc63767b86faa4.png?width=960&height=1280)

Бұл жерде біз шекарадан жасыл коридор арқылы жылдам өтіп, Joysuitеs қонақ үйінде жайғастық. Буферная зона деп аталады, яғни бұл аймақ екі елге де арнайы зоналарда еркін жүріп сауда саттық жасауға мүмкіндік береді.Кешке бұл жер шамалы қорқынышты, себебі жан жағы темір сыммен қоршалған әрі көшеде адам жоқ. Қызықтың бәрі таңғы 9 да басталады, ұтымды сауда жасауға мыңдаған адамдар келеді.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/116844/a697ff23d67fc9ac053f09fa0d9d8665.png?width=960&height=1280)

Таңертең Хоргос қаласымен таныстық, мұнда бірнеше сауда орындарымен және көрнекті орындарды аралап, мұражайға бардық. Уақытыңыз болса, кіру құны 1950 тг тұратын мұражайға міндетті түрде кіріңіз. Себебі, ішінде Қытай стиліндегі көріністер шынымен қызықты.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/116844/ab8067feabe07e98f1e06ead460d9d34.png?width=1024&height=1280)

Сонымен қатар, Хоргос сауда орталығында сауда жасап, қала экономикасының дамуын көзбен көрдік. Қажетті заттың бәрін таба аласыз, бағалары кейбір заттарға 60 пайызға дейін арзан.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/116844/e3ca0eb3b6bf7631a4d479dc57595d61.png?width=720&height=1280)

Сапасына қарай жақсы заттарды да табуға болады.Мысалға мына парка 34 000 тг ал Астанада бағасы 80 000 тг ден жоғары.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/116844/d513ab12fbbd3cfce6d407b57060ba52.jpg?width=2560&height=1440)

КЕШКІ МЕРЕКЕЛІ АС

### **Жаркенттің тарихи орындары мен сауықтыру**

Сапарымыздың соңғы бөлігі Жаркентке оралып, Жаркент арасан шипажайына орналасуымен жалғасты.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/116844/8a7da9b0131c8e5f44ba0f9047fa8c27.png?width=1280&height=960)

Шипажайдың табиғи емдік суы мен балшығын пайдаланып, денсаулығымызды нығайттық. @zharkentarasan

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/116844/5f75a13cde92131a21c1f5a0683b4609.png?width=960&height=1280)

Сондай-ақ, тау ауасының тазалығы мен табиғатының сұлулығы бізге ерекше әсер қалдырды. Ата аналарыңызды тынығуға жіберетін жер іздеп жүрсеңіздер, Жаркент арасан сіздерге көмектеседі) Себебі бағасы мен сапалы қол жетімді бір де бір үздік шипажалардың бірі.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/116844/f3803bd131fea80d87d7bd6972382894.png?width=960&height=1280)

### **Аулие ағаш пен Жетісудың ерекше орындары**

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/116844/bdfaf336966c65c866727a2d97986054.png?width=960&height=1280)

Сапарымыздың соңғы сәттерінде бізді Әулие ағашына алып барды. Бұл орынның энергетикасы ерекше әрі тыныштандыратын әсерге ие. Ағаштың маңайында өткізген уақыт бізге үлкен қуаныш сыйлады.Енді Әулие ағаш жайлы өздеріңізде білетін шығарсыздар….

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/116844/7437e40886a5256424aa83ca9272a1c0.png?width=2560&height=1440)

Бұл инфо-тур менің көңілімде терең із қалдырды. Жетісу облысының табиғи сұлулығы мен мәдени байлығы өте әсем, әрі ерекше. Туризм саласының дамуы үшін бұл аймақ үлкен әлеуетке ие. Жетісудағы шипажайлар, табиғи көздер, тарихи орындар мен сауықтыру кешендері өз келушілеріне ұмытылмас әсер қалдыратыны сөзсіз. Бұл сапар маған ерекше әсер сыйлады, әрі осындай сапарлар арқылы Жетісу облысының туристік әлеуетін ашуға үлес қосуға дайынмын.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/116844/513a13388e970ba32ada5294b2fdb396.png?width=960&height=1280)

@visitzhetysu «Visit Zhetysu» тобына және Жандос мырзаға @zhandos_nuriyev ұйымдастырған инфо тур үшін шын жүректен алғысымды білдіремін! Сіздердің кәсібиліктеріңіз, қонақжайлылықтарыңыз және жоғары деңгейдегі ұйымдастыру қабілеттеріңіз осы іс-шараны өте есте қаларлықтай етті. Әрбір сәтті ерекше көңіл-күймен өткізуге мүмкіндік жасадыңыздар, әрі Жетісу өңірінің табиғи және мәдени байлықтарын тереңірек танып-білуге жағдай жасадыңыздар.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/116844/ad465be4b5382d2f400aeac6dc239334.png?width=1280&height=960)

назарларыңызға рақмет!

**автор: Жансая Ғаниқызы @zhansaya_me**

---

Source: [https://yvision.kz/post/zhetisu-oblysyna-info-tur-asem-tabigat-pen-zhana-mumkindikterge-sayahat-visitzhetysu-zharkent-horgos-1010360](https://yvision.kz/post/zhetisu-oblysyna-info-tur-asem-tabigat-pen-zhana-mumkindikterge-sayahat-visitzhetysu-zharkent-horgos-1010360)