---
title: "Жеті аймақ пен бір мегаполисте 8 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді"
description: "2024 жылғы 17 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ-мен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен жүзеге асырған операция шеңберінде Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қаза"
author: "jan.123"
published: "2024-02-19T06:22:49+00:00"
modified: "2024-02-19T06:22:49+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/zheti-ayma-pen-bir-megapoliste-8-yymdas-an-ylmysty-topty-zholy-kesildi-1001309"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/zheti-ayma-pen-bir-megapoliste-8-yymdas-an-ylmysty-topty-zholy-kesildi-1001309/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жеті аймақ пен бір мегаполисте 8 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді

> 2024 жылғы 17 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ-мен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен жүзеге асырған операция шеңберінде Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қаза

*2024 жылғы 17 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ-мен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен жүзеге асырған операция шеңберінде Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жетісу облыстары және Шымкент қаласында 8 топты бейтараптандырды.*

![Жеті аймақ пен бір мегаполисте 8 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/7f25404e9b75839fe1a1c201d08fbe.jpg)

Олардың ортасында деструктивті діни ағым жақтастары бар 23 адам ұсталды. 17 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал 6 қатысты келу туралы міндеттеме қолданылды. Олар ауыр және аса ауыр қылмыстарға, соның ішінде терроризмді насихаттау, адамдарды ұрлау, қорқытып алу, сондай-ақ есірткі заттары мен ату қаруының заңсыз айналымына қатысы бар деп күдіктелуде. Жасалған құқыққа қарсы әрекеттерін бірқатар жағдайларда теріс бұрмаланған діни қағидалармен ақтап жүрген. 49 тінту барысында ату қаруы, оқ-дәрілер, діни әдебиеттер, ақшалай қаражат және есірткілер алынды. Операцияны өткізуге республиканың 8 өңірінде бірмезгілде 250 күштік құрылым қызметкерлері жұмылдырылды. Тергеп-тексеру іс-шаралары жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. ҰҚК баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/post/zheti-ayma-pen-bir-megapoliste-8-yymdas-an-ylmysty-topty-zholy-kesildi-1001309](https://yvision.kz/post/zheti-ayma-pen-bir-megapoliste-8-yymdas-an-ylmysty-topty-zholy-kesildi-1001309)