---
title: "ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ"
description: "Ағымдағы жылдың басынан бері Қазақстанда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа Заң қолд..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-11-29T06:31:32+00:00"
modified: "2016-11-29T06:31:32+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/zhem-orly-a-arsy-k-resti-k-sheytu-731647"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/zhem-orly-a-arsy-k-resti-k-sheytu-731647/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ

> Ағымдағы жылдың басынан бері Қазақстанда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа Заң қолд...

Ағымдағы жылдың басынан бері Қазақстанда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа Заң қолданысқа енгізілді. Бұл Заң Ұлт Жоспары «100 нақты қадамның» бірінші институттық реформа шеңберіндегі кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру жөніндегі 13- ші қадамынның шеңберінде қабылданды.

2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттары жаңа Заңның негізіне салынған.

Мұнда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары – атап айтқанда мемлекеттік органдардың жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру бойынша ауқымды жұмыс, халықпен, бизнеспен, азаматтық қоғаммен, БАҚ-пен және халықаралық институттармен белсенді түрде қарым-қатынас жасау басты бағыттар ретінде белгіленген.

А.ж. қараша айында Департамент Ақмола облысы бойынша ішкі істер департаментімен, және «Қазақстан» РТРК облыстық филиалымен бірлесіп Ұлт Жоспарының 13-қадамын жүзеге асыру аясында «Өзіңнен баста, азаматтық ұстанымыңды көрсет!» бейнеролигін түсірді.

![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/111111.png)

---

Source: [https://yvision.kz/post/zhem-orly-a-arsy-k-resti-k-sheytu-731647](https://yvision.kz/post/zhem-orly-a-arsy-k-resti-k-sheytu-731647)