---
title: "ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БОЙЫНША ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР"
description: "Қазақстан үшін мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлықты еңсеру болып табыл..."
author: "zhandinova"
published: "2018-03-27T03:50:02+00:00"
modified: "2018-03-27T03:50:02+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/zhem-orly-a-arsy-is-imyl-boyynsha-t-zhyrymdamaly-t-silder-800396"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/zhem-orly-a-arsy-is-imyl-boyynsha-t-zhyrymdamaly-t-silder-800396/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БОЙЫНША ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР

> Қазақстан үшін мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлықты еңсеру болып табыл...

Қазақстан үшін мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлықты еңсеру болып табылады, оның басымдығын мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2018 жылдың 10 қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауының «Жемқорлықпен қарсы күрес және заңның үстемдігі» атты тоғызыншы міндеттерінде анық белгіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте Еліміздің Президенті мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылын және азаматтардың өтініштерін қарауды ұйымдастыру үрдісіне маңызды назар аударады. Біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді және мақсатты жұмыстар жүргізіліп отыр, бұған Жолаудың тоғызыншы бағытында көрсетілген тұжырымдамалар дәлел.

2018 жылдың 11 қаңтарында «Инвестициялар және даму Министрлігі техникалық реттеу және метрология комитеті Ақмола облысы бойынша департаментінде, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті, сыбайла жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы А.О.Амангельдина Жолаудың «Жемқорлықпен қарсы күрес және заңның үстемдігі» атты тоғызыншы міндеті бойынша ақпарат берді.

Департамент жемқорлыққа қарсы жұмысын «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдары, 2015-2017 жылдарға арналған ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология Комитетімен бекітліген Жоспары және 2015-2017 жылдарға арналған ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Жоспары негізінде атқарады.

2017 жылдың тамыз айында департамент мамандары, департамент қызметіндегі жемқорлық қауіпіне сараптама жасап, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Деапртаментіне тапсырды.

Департаментте әкімшілік істерді қарастыруға біріңғай күн (әрбір сейсенбі) белгіленген.

ҚР мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды іске асыру қамтамасыз етілген, соның ішінде мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған инспектордың салтанатты түрде ант қабылдауы, мемлекеттік қызметшінің мәртебесіне және мемлекеттік қызметшілердің Этикалық Кодексіне байланысты инспекторларға шектеу қойылуы, есепті жылға Комитетке департамент қызметкерлерінің табысы туралы декларациялық анықтамаларды дер кезінде тапсырылуы.

Жаңа редакиядағы мемлекеттік қызметшілердің Этикалық Кодексінің мәтіні екі тілде көрінетін жерде ілінген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің «Сенім телефоны» мен Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Call орталығының телефондары көрсетілген.

ҚР ИДМ этика жөніндегі уәкілі Азамат Ибрагимович Муканов және департаменттің этика жөніндегі уәкілетті тұлғалары бойынша деректер көрінетін жерде ілініп тұр.

Департаменттің жалға алынған ғимаратында қолжетімді және көрінетін жерінде департамент қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері бойынша азаматтардың өтініштеріне арналған жәшік орналастырылған.

Сондай-ақ, департамент басшылығының азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау кестесі ілінген.

Департамент мамандары аймақта өткізілетін саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың жемқорлыққа қарсы күрес бойынша өткізілетін талқылауларына қатысады.

Департаментте «Қоғамдық қабылдау» мен «Сенім телефоны – 25-57-89» жұмыс істейді.

Аппараттық кеңестерде үнемі сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу және болдырмау талқыланады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында инспекторлар жүргізген тексерістердің техникалық реттеу және метрология және өлшем біргілін қамтамасыз ету заңнамаларының талаптары, мемлекеттік бақылау актілерінің құрылу сапасы бойынша департамент басшылығы мониторинг жүргізіп отырады.

Инспекторлармен кәсіпкерлік субъектілерге шығар алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау туралы нұсқама жүргізіліп, арнайы журналға жазылады.

Департаментте әкімшілік істерді комиссиялық қарау және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үлкен жариялыққа беру тәжірибесі жалғасып келеді.

ҚР мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы шараларды іске асыру үшін барлық шаралар қамтамасыз етілген, соның ішінде мемлекеттік қызметке тұру кезіндегі талаптар қатаң сақталады. Мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған инспекторлар салтанатты түрде ант қабылдап, мемлекеттік қызметшінің мәртебесіне және мемлекеттік қызметшілердің Этикалық Кодексіне байланысты инспекторларға шектеу қойылады, есепті жылға Комитетке департамент қызметкерлерінің табысы туралы декларациялық анықтамаларды дер кезінде тапсырады.

Лауазымдық нұсқаулықтарда мамандардың өзара алмасуы қарастырылған. Тоқсан сайын департамент мамандарының қызметі бағаланып, нәтижесі аппараттық кеңестерде талқыланады.

Департаментте жартыжылдық қорытынды бойынша жеке және заңды тұлғалар өтініштері бойынша анализ жасалып, өтініштерге уақытылы жауап беруді қамтамасыз етеді, өтініш берушілерге ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңының 12 бабын түсіндіру жұмыстарын жүргізіледі.

Департамент мамандары жүйелі түрде бұқаралық ақпарат құралдарындағы, мемлекеттік органдардың сайттарындағы, Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жарияланымдарға, жеке және заңды тұлғалардың департамент қызметі бойынша туындаған проблемалық мәселелерін анықтау мақсатында өтініштерге талдау жасайды. 2018 жылы 9 өтініш қарастырылып, өтініш берушілерге ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңының 12 бабына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Департамент қызметінде сот шығындары жоқ, өткен кезеңінде өтініш берушілердің бірде-бір арызы қанағаттандырылмаған, бұл құқық бұзушылық туралы әкімшілік материалдардың дұрыстығын көрсетеді.

Бүкіл жұмыс кезеңінде бірде-бір маманы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылмады.

ӘБІЛЕВ БЕЙБІТ АЙТАНҰЛЫ

Департамент басшысы - Ақмола облысы бойынша мемлекеттік бақылаудың бас мемлекеттік инспекторы

---

Source: [https://yvision.kz/post/zhem-orly-a-arsy-is-imyl-boyynsha-t-zhyrymdamaly-t-silder-800396](https://yvision.kz/post/zhem-orly-a-arsy-is-imyl-boyynsha-t-zhyrymdamaly-t-silder-800396)