---
title: "ЖЕДЕЛ УӘКІЛДЕР ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ: СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА 43 ҚЫЛМЫСКЕР ҰСТАЛДЫ"
description: "СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бірінші жарты жылдықтағы жұмыс нәтижелер..."
author: "dvd_sko"
published: "2019-07-18T03:55:44+00:00"
modified: "2019-07-18T03:55:44+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/zhedel-u-kilder-zharty-zhyldy-ty-orytyndylady-solt-stik-aza-stan-oblysynda-43-ylmysker-staldy-836465"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/zhedel-u-kilder-zharty-zhyldy-ty-orytyndylady-solt-stik-aza-stan-oblysynda-43-ylmysker-staldy-836465/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ЖЕДЕЛ УӘКІЛДЕР ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ: СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА 43 ҚЫЛМЫСКЕР ҰСТАЛДЫ

> СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бірінші жарты жылдықтағы жұмыс нәтижелер...

СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бірінші жарты жылдықтағы жұмыс нәтижелері бойынша жалпы қылмыс саны төмендеген, өткен жылмен салыстырғанда адам өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, қарақшылық, ұрлық пен бұзақылықтың ауыр түрлерін ашу жақсарған.

«Қазіргі уақытта қылмыстарды ашу - 73,3% құрайды,- деді СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Қайрат Оразалин. – Қылмыстардың басым көпшілігі - ұрлықтар. Аталған мәселені шешу үшін қазіргі уақытта Департамент бөліністерімен 2019-2020 жылдарға арналған Бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бағдарлама шеңберінде жедел-іздестіру бөліністерінің жұмысы жетілдіріліп, ұрланғанды сатып алу фактілерін болдырмау, бизнес-объектілердің қорғалуын нығайту мақсатында коммерциялық құрылымдармен өзара іс-қимыл жасау жұмысы реттелді. Халықпен ауқымды түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатыр, мүлік қылмысының жасалуына ықпал ететін жағдайлар түсіндіріледі...».

Алғашқы нақты қадамдар жүзеге асырылды. Жедел қызметтердің жетекшісі облыс орталығында пәтерден ұрлау, ұялы телефондар, велосипед ұрлығының, алаяқтықтың алдын алу бойынша баннерлерді орналастырған СҚО әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының көмегін атап өтті. Тағы бір маңызды бағыттың бірі – қылмыскерлерді іздестіру болып табылады. Ағымдағы жылы РФ аумағына іссапарға жіберілген солтүстікқазақстандық полицейлер 15 жыл бұрын адам өлтірді деген күдікпен сезіктіні ұстады, қылмыс спирттік ішімдіктерді ішу салдарынан орын алған. Нәтижесінде қылмыстың мән-жайы, күдіктінің жүрген жері де толығымен анықталды. Облыста 6 айдың ішінде 78 қылмыскер іздеуде жүрді, қазіргі уақытта 43-і ұсталды.

Ағымдағы жылы облыстың жедел уәкілдерімен ұйымдасқан қылмыстық топтардың 12 қатысушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Заңсыз айналымнан 93 гр. героин, 3 атыс қаруы, 45 бірлік оқ-дәрі алынды. «Өткен жылдар» санатындағы қылмыстар да назардан тыс қалдырылмайды. Нәтижесінде 240 бөтеннің мүлкін ұрлау, алаяқтықтың 23 фактісі, 2 тонау мен 1 көлікті айдап әкету ашылды. Жыл басынан сәйкестендіру нөмірлерін қолдан жасау және жою белгілерімен 5 автокөлік арнайы тұраққа қойылды, оның 2-уі Ресей Федерациясының аумағында айдап әкетілгендер есебінде тұр.

СҚО ПД баспасөз қызметі

![ЖЕДЕЛ УӘКІЛДЕР ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ: СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА 43 ҚЫЛМЫСКЕР ҰСТАЛДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/ca7f59aa3f96abe4ec7520bd084532.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/zhedel-u-kilder-zharty-zhyldy-ty-orytyndylady-solt-stik-aza-stan-oblysynda-43-ylmysker-staldy-836465](https://yvision.kz/post/zhedel-u-kilder-zharty-zhyldy-ty-orytyndylady-solt-stik-aza-stan-oblysynda-43-ylmysker-staldy-836465)