---
title: "«Жасыл аула» акциясы"
description: "«Бір жылдығын ойлаған бидай егеді, Жүз жылдығын ойлаған ағаш егеді» - демекші, болашақтың жарқын бей..."
author: "Janalyqtar-Novosti"
published: "2021-12-13T07:52:09+00:00"
modified: "2021-12-13T07:52:09+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/zhasyl-aula-akciyasy-955704"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/zhasyl-aula-akciyasy-955704/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жасыл аула» акциясы

> «Бір жылдығын ойлаған бидай егеді, Жүз жылдығын ойлаған ағаш егеді» - демекші, болашақтың жарқын бей...

«Бір жылдығын ойлаған бидай егеді, Жүз жылдығын ойлаған ағаш егеді» - демекші, болашақтың жарқын бейнесін әсемдей түсетін жайқалған жасыл ағаштарды егу мақсатында Тараз қаласының белсенді жастарымен қала тұрғындары «Жасыл аула» акциясы аясында Тараз қаласының 15 мөлтек ауданында 300 түп ағаш отырылғызған болатын.

Жобаның мақсаты : Көп пәтерлі үйлердің аулаларын көгалдандырып,ағаш санын көбейту және тұрғындар тұратын аумақта экологиялық апаттың да алдын алу болып табылады. Бұл шараның басты мақсаты-тұрғындарды тікелей акцияға қатыстыра отырып, егілген ағаштарға жауапкершілікпен қарауға бағыттау. Шара аясында 300 түп ағаш көшеті отырғызылды. Оның ішінде шаған және емен ағаштары түрлері таңдалған болатын. Көп қабатты үйлер алдына төгілетін қажетті қара топырақпен толықтай қамтылып, ағаш отырғызуға арнайы техникамен орындарында әзірлеп берген, акцияға бастау берген Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы болатын. Жұмыс барысында 15 мөлтек аудан тұрғындары ағаш отырғызуға көмек беріп қана қоймай, көмекке келген волонтерлерге ізгі-тілектерімен бірге ақ баталарынды беріп ризашылықтарын білдірді.

---

Source: [https://yvision.kz/post/zhasyl-aula-akciyasy-955704](https://yvision.kz/post/zhasyl-aula-akciyasy-955704)