---
title: "\"Жастар жылы\""
description: "Жастар жылының салтанатты ашылуы болып өткенін бәріміз көрдік. Түрлі іс-шаралар белгіленіп, жан-жаққ..."
author: "NuratayAigul"
published: "2019-02-05T15:53:56+00:00"
modified: "2019-02-05T15:53:56+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/zhastar-zhyly-825575"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/zhastar-zhyly-825575/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# "Жастар жылы"

> Жастар жылының салтанатты ашылуы болып өткенін бәріміз көрдік. Түрлі іс-шаралар белгіленіп, жан-жаққ...

Жастар жылының салтанатты ашылуы болып өткенін бәріміз көрдік. Түрлі іс-шаралар белгіленіп, жан-жаққа тапсырмалар жіберіліп, гранттар бөлінеді дейді.

Алайда,бір жылда қоғамдағы күрделі жағдайлар шешілмейді. Бір жылды жастарға арнағанша әлеуметтік мәселені шешуді құптаймын.

Бұл мәселені жан-жақты ашу үшін мына мысалдар жеткілікті деп ойлаймын.

Біріншіден, барлығы отбасы мен мектептен басталады. Әлеуметтік жағдайдың төмендігінен ата-ана күні бойы жұмыста, балалармен айналысуға уақыт тапшы болады. Балапандар жеткілікті тәрбие мен махаббаты алмайды, олар қатыгездеу болып өседі. Кейін сол балалар мектепке барады. Мектепте әсіресе шалғай аумақтарда мектептер заман талабына сай емес, суық сыныптар баланың берекесін алып, зейінін аластатады. Солай деп, 11-сыныпқа келіп, ҰБТ-ны тапсырады. Ала алғаны жоғарғы балл алады, қалғандары "грант үшін" деп ЖОО-ға түседі. Мектеп бітіруші түлектердің 80% өздері қалаған мамандыққа түспейді. Мысалы, экономика ғылымдарын меңгеремін, қаржыгер немесе есепші боламын деген бала санаулы гранттарға байланысты аталған мамандықтарға түсе алмайды, оның орнына география немесе геодезия секілді өзі қызықпаған мамандықтарға түседі,себебі таңдау пәндері сол мамандықтарға сай. Грантқа түскендері бар жоғы 20 мың теңге шәкіртақы алады. Алматы секілді үлкен қалада 20 мыңға қалай өмір сүруге болады? Әрине, ата-анаға ауыртпашылық салмайын деп, ол студент жұмыс істеп, күнін көре бастайды. Жұмыс істеген соң, сабақ тысқары қалады. Әрең дегенде диплом алып, жоғарғы оқуын аяқтайды. Кейін мамандық бойынша жұмыс тапса, істер болмаса басқа салаға кетіп өз жолын табар.

Алайда, адасып жатқандары да қаншама? Мұқтаждықтан ұрлық-қарлыққа барып жатқандары да жетерлік. Әлеуметтік жағдай ойластырылған болса кім ұрлыққа барады? Ақша жоқ, жұмыс жоқ бар себеп осында. Әрине, әркім өз жолын таңдайды, бірақ дегенменде қоғам қанағаттанбаған.

Жас буын өкілі ретінде қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға немқұрайлы қарай алмаймын. Жастар жылы деп жар салғанша, шәкіртақылар барлық мамандықтарға бірдей бөлінсе, жастардың өздерін дамытуға мүмкіндіктер берілсе, алып отырған қосымша көмек көбірек болса жағдай жақсармас па еді?

Астанада болған оқиғада, осы әлеуметтік жағдайда келіп тірелді ғой. Ата-ананың алып отырған жәрдемі ең төменгі 10 мың теңге мөлшерінде. Жұмыс істемеуге амал жоқ.

Мұқтаждықтар қанағаттанбаған.

---

Source: [https://yvision.kz/post/zhastar-zhyly-825575](https://yvision.kz/post/zhastar-zhyly-825575)