---
title: "ЖАСА АСТАНА"
description: "Аспандатқан алып мынау-сарайың Сары арқада сағымба деп қараймын Тау қопарып,Толағайым әкелген Асқар ..."
author: "ZhabayevZHK"
published: "2014-01-06T11:18:54+00:00"
modified: "2014-01-06T11:18:54+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/zhasa-astana-390647"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/zhasa-astana-390647/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ЖАСА АСТАНА

> Аспандатқан алып мынау-сарайың Сары арқада сағымба деп қараймын Тау қопарып,Толағайым әкелген Асқар ...

**А**спандатқан алып мынау-сарайың

**С**ары арқада сағымба деп қараймын

**Т**ау қопарып,Толағайым әкелген

**А**сқар Алтай шыңдарына балаймын

**Н**ұрлана бер,гүлдене бер-бас қалам

**А**дамзатқа бақыт сыйлап әрдайым.

 

**Ж**айнай бер,жарқылдай бер асыл қала

**А**спандай бер,асқақтай бер Астана

**С**ұлулықтың шыңынан көріне бер,

**А**ру қала Ақ орда сен-Астана!

 

**А**рқа жерін,аша түскен келбетін

**С**ұлулығың жаулап алды жер бетін

**Т**абиғатпен таласатын әсемдік

**А**лыста емес,аспанда емес-сен дейтін

**Н**у орманың,тал бесігің-қорғаның

**А**ңызақтан аялайтын,тербейтін.

 

**Ж**айнай бер,жарқылдай бер,асыл қала

**А**спандай бер,асқақтай бер-Астана

**С**ұлулықтың шыңынан көріне бер,

**А**ру қала,Ақ орда,сен-Астана!

 

**А**рбап алдың жан-жүрегін талайдың

**С**алтанатпен саған әнді арнаймын

**Т**әуелсіздік туы мәңгі төбеңде

**А**сқақтасын ақ иықтай самғайтын!

**Н**амысты елдің Ақ ордасы-Астана

**А**лашымның үміттерін жалғайтын!

 

**Ж**айнай бер,жарқылдай бер,асыл қала

**А**спандай бер,асқақтай бер-Астана

**С**ұлулықтың шыңынан көріне бер

**А**ру қала,Ақ орда,сен-Астана!

---

Source: [https://yvision.kz/post/zhasa-astana-390647](https://yvision.kz/post/zhasa-astana-390647)