---
title: "ЖАС ҰЛАНДАР МАРШЫ"
description: "Сөзін жазған С. Баязитов 1. Біз қазақтың ұланы, Жас қырандай қырағы. Отан деп соққан жүрегі, Бізд..."
author: "Muxit"
published: "2016-07-27T22:57:32+00:00"
modified: "2016-07-27T22:58:25+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/zhas-landar-marshy-704265"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/zhas-landar-marshy-704265/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ЖАС ҰЛАНДАР МАРШЫ

> Сөзін жазған С. Баязитов 1. Біз қазақтың ұланы, Жас қырандай қырағы. Отан деп соққан жүрегі, Бізд...

![ЖАС ҰЛАНДАР МАРШЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/muxit/3Bt6ayiymBScNOs842TEBzhMA8yvER.jpg)

***Сөзін жазған С. Баязитов***

1. Біз қазақтың ұланы,

Жас қырандай қырағы.

Отан деп соққан жүрегі,

Бізден ел үміт қылады.

 

**Қайырмасы:**

Бейбітшілік ұраны,

Елімнің жас ұланы.

Тәуелсіз елдің ертеңі,

Мақтанышы, жыр әні.

 

2. Көкшіл туы желбіреп,

Отан - анам ел жүрек.

Алаңсыз білім алсын деп,

Тұрасың аман елжіреп.

 

**Қайырмасы:**

Бейбітшілік ұраны,

Елімнің жас ұланы.

Тәуелсіз елдің ертеңі,

Мақтанышы, жыр әні.

 

3. Аялаумен өсірген,

Есіңде ғой туған ел.

Есейіп алға басамыз,

Адамзат бірге көшімен.

 

**Қайырмасы:**

Бейбітшілік ұраны,

Елімнің жас ұланы.

Тәуелсіз елдің ертеңі,

Мақтанышы, жыр әні.

---

Source: [https://yvision.kz/post/zhas-landar-marshy-704265](https://yvision.kz/post/zhas-landar-marshy-704265)