---
title: "ЖАС КЕЛІН"
description: "Жаңа түскен жас келін, Кемпірлерге ас келін. Орамал-шаршы бермесе, Абұйырсыз тас келін. Алғанға қаба..."
author: "aydyn"
published: "2018-02-26T15:47:40+00:00"
modified: "2018-02-26T15:48:13+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/zhas-kelin-797968"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/zhas-kelin-797968/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ЖАС КЕЛІН

> Жаңа түскен жас келін, Кемпірлерге ас келін. Орамал-шаршы бермесе, Абұйырсыз тас келін. Алғанға қаба...

Жаңа түскен жас келін, Кемпірлерге ас келін. Орамал-шаршы бермесе, Абұйырсыз тас келін. Алғанға қабақ шытпаса, Сонда болар бас келін. Жаңа түскен келіншек Болмайды тіпті еріншек. Құдайдың берген тоқтығы – Ас болады ірімшік. Жас келіншек – тоқ қонақ, Болмайды тіпті сұғанақ. Арып-талып жүрсе де, Ойлайтыны жақсы атақ. Бұрқыраған дауылда, Сабап құйған жауында, Ләм деп бір сөз шығармай, Жас келін жүрер сауында. Бірін-бірі іздескен, Қараңғыда көздескен, «Басым жерге кіргенше, Жаным – сен!» деп сөздескен.

Жас келіннің күйеуі –

Мұңын ашар сүйеуі.

---

Source: [https://yvision.kz/post/zhas-kelin-797968](https://yvision.kz/post/zhas-kelin-797968)