---
title: "Жан жылуы"
description: "Алматыдағы бұл кафенің бағалары шаһарымыздағы ең төменгілерінің қатарында, ал даяшылардың жылу жүзд..."
author: "zhanaykay"
published: "2015-10-28T00:39:22+00:00"
modified: "2015-10-28T00:39:22+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/zhan-zhyluy-616364"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/zhan-zhyluy-616364/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жан жылуы

> Алматыдағы бұл кафенің бағалары шаһарымыздағы ең төменгілерінің қатарында, ал даяшылардың жылу жүзд...

**Алматыдағы бұл кафенің бағалары шаһарымыздағы ең төменгілерінің қатарында, ал даяшылардың жылу жүздері жаныңды жадыратады. Бұл жерде шыныымен де әр келушіге, мейлі, қарны аш студент болсын не аудан әкімдігінің шенеунігі болсын, бәріне дән риза. «Training-кафеде» ерекше адамдардың айрықша ахуалы орнаған.**

**2014 жылы Орталық Азия психоанализ институтының басшысы Анна Кудиярованың бастамасымен психоневрологиялық интернат түлектеріне еңбек пен адамдармен тілдесу арқылы өмірге қалыптастыруын үйретуге көмек көрсетпекші болды. Осылайша «Training-кафені» ашу идеясы туындаған болатын, ол 2015 жылдың маусым айында жүзеге асты. Ғимараттың жарты жылдық жалға алу ақысын (кафе Айманов пен Жандосов көшелерінің қиылысында орналасқан) Сорос қоры бөлді, бұдан кейінгі ақыны әр шаршы метр үшін бастамашыл топ өздері төлеуге тиіс еді.**

****

Кәсіби психолог және кафе әкімшілігі қызметін қатар атқаратын Кәмила Мергенбаеваның сөзінше «Мұнда қарапайым бой жеткендер мен бозбалалар қызмет атқарады. Келушілердің барлығы біздің даяшылардың бойында кемістігі барын білгенде таң қалады. Олар мейірімді әрі шаруаға икемді. Біз бұл жобаны бастағанда балалар қонақтардың алдына шығуға ыңғайсызданатын. Қазір балалар таңертең жұмыс киімдерін киіп, есімдері жазылған кеуде белгісін таққанда сәбилерше қуанады».

Бұл кафе өзін өзі ақтау үшін күніне 80 кешендік түскі ас сатуы керек болатын және кафе бір мезетте 40 келушіні қабылдай алады. Демеушілердің жалдауға берген қаржысы қараша айында бітеді, ал біз осы ғажайып ертегінің бітпеуін балалар қалайды. Балалар интернат қабырғасынан тыс өзге өмірді көріп, жаңа ұмтылыс пайда болды, ең бастысы сырқаттарынан айыға бастады.

 

**Кафеде Алеша есімді кафе қызметкерімен әңгімелесе келе оның жасы 22 екенін білдім, ата-анасы одан сәби шағында бас тартқан екен. Кафеде көше сыпырушы болып қызмет етеді, оған өзі мәз. Оның атқаратын міндеті - кафе аумағын күтіп-ұстау, гүлдерді суару, күл-қоқысты шығару. Еңбекақысын әр ауысым соңында алады. Тағы не істей алады дейсіз ғой? Барлығы қолынан келеді, бір рет көрсетсең болды. Сонымен қатар Алеша қонақ күткенді ұнатады екен.**

Анна Кудиярованың айтуынша «Қазақстандықтарға осындай жоба аса қажет. Бізге көмектескісі келгенін көріп мен олардың біздің қамқорлығымыздағы балалар үшін ең жақсы дәрігер екенін ұқтым, оларға жан жылуы мен жанашырлық керек. Ауылда бұрын жұмыртқадан балапандары шықпай жатып, тауық ұясын тастап кеткенде не істейтін еді? Адамдар жұмыртқаны жарып балапандарды жылы қорапқа салып, шамның астына қоятын. Осылайша олар ана жылуын алмастыруға тырысатын. Арада бірнеше апта өткеннен кейін балапандар әлденген соң оларды сыртқа шығаратын. Міне осындай терапия біздің балаларға да қазір қажет. Оны олар бөтен адамдардан алып жатыр. Біздің кафе туралы естіп, біліп адамдар жүрек жылуларымен балаларымызбен бөліседі, оларға сөзбен, ізгі ісімен көмек беруде».

**Кафенің жиі қонағы Нұражан Керменбаев бұл кафе жайлы өз ойымен бөліскен болатын:**

«Мұнда қалай келді дейсіз бе? Оның жауабы оңай. Айдын есімді ерікті көмекші қыз менің директорыма шығып, бүгінгі кешке шақырды. Мен қуана келістім және осындағы дүниеге құштар жандармен етене танысқым келді. Кездесу жылы әсер қалдырды, бір жағынан жаным мұңға толғанын жасырмаймын. Балаларға қарап өмірде өзіміз кездестірген қиындықтар менің жаңа таныстарымның басындағы тауқіметіне қарағанда жәй екен. Оларға шын жүректен денсаулық тілеймін, тәңір оларды желеп-жебеп жүрсін».

**«Training-кафе» даяшыларының бірі Дима есімді жігіттен өзі туралы айтып беруін едік, ол келісе кетті.**

«Жасым 22-де. Жазып, оқи аламын, сурет салу да қолымнан келеді. Мұның барлығы да жұмысыма көмегін тигізуде. Мәзірді жақсы білемін, ақшаны да жылдам санап, айырмасын қайырамын. Кейде келген кісі ірі ақшамен есеп айырысса, айырмасын қайтару үшін көрші дүкенге, дәріханаға барып майдалатамын, ондағылар бізді жақсы таниды, бұйымтайымызды орындауға тырысады. Арманым бар ма дейсіз бе? Арманым бар. Өз бетіммен өмір сүргім келеді. Күн сайын өзімді қамтамасыз ету үшін, достарыма көмектесу үшін көп жұмыс істегім келеді. Бұған мүмкіндік бар ма? Білмеймін, бірақ соны армандаймын», - деп ойымен бөлісті Дима.

«Егер біз балаларымызға есейіп, ержетуге көмектессек, олар ертең өз күндерін өздері көре алады, өздерін қорғай алатын болады», - деп сенім білдірді Анна Кудиярова, - «Кафеде жүрген балалармен жеке-жеке, топ түрінде біз көп жұмыс істейміз. Оларға басқа адамдардан кем емессіңдер, айырмаларың жоқ деп түсіндіреміз, бойларына сенім ұялатамыз. Шынында да олардың өсуінде алға ілгерілеушілік байқалады. Төлқұжаты бойынша олардың жасы жиырма-отыз шамасында, алайда жан дүниелері әрі сәби қалпында. Олар біздің көмегіміздің арқасында көз алдымызда есейіп келеді. Бұл жерде жобаны екі жаққа да пайдалы екенін түсінуіміз керек. Қамқорлығымыздағы балаларға көмектесуіміз арқылы қоғамымыз аса қауіпті дерттен - стигмадан арылады, яғни түр-тұлғасы, жүріс-тұрысы өзгелерді адамдардың менсінбеушілігінен, шеттетуінен. Осы орайда атап өтуіміз қажет – біз мемлекет тарапынан қолдау күтеміз».

**Күн қарайып жатқанда Айдын есімді ерікті көмекшімен тілдесіп үлгердік.**

«Бұл кафеден жай ғана тамақтанып кетудің өзі ізгі іс», - деді Айдын, - «**Training-кафеде**» бірінші рет түскі ас ішкеннен кейін біз достарымызбен осы балаларға көмектесуді ұйғардық. Бүгінгідей кештерден бөлек біз кафеге мейлінше көп адамдарды тартуға тырысамыз, адамдарға осы жоба туралы айтамыз, әлеуметтік желілерде жұмыс істейміз, танымал адамдарды шақырамыз. Осы кафеге келген әр адамның бойында балаларға қандай да бір көмек беру ниеті туады. Бұл баршаның бойындағы табиғи қасиет, қайырымдылық адамды адам етеді. Кафеге келген кісілер балаларымен келсе біз бұған қуанамыз, себебі өскелең ұрпақтың бойында кем адамдарға деген қатыгездік қалыптаспайды. Мен жолсерік болып жұмыс істеймін, өкінішке орай көп тәрбиесіз балаларды кездестіремін. Ең сорақысы ата-аналары оларды тимайды, өздері өнеге болмайды, мысалға қоқысты шашудың жаман әдет екенін, қандай да бір лауазымына қарамастан үлкендерге ізет көрсету керектігін түсіндірмейді. Сонықтан да кафеге жай ғана келіп 600 теңгенің түскі асын ішіп кетіңіз, балаларға бір ауыз жылы лебіз білдірсеңіз жетіп жатыр, осы мезетте олардың өміріндегі сізден асқан адам болмайды», - деп ойын түйді ол.

---

Source: [https://yvision.kz/post/zhan-zhyluy-616364](https://yvision.kz/post/zhan-zhyluy-616364)