---
title: "«ЖАНҰЯ» — ЖЫЛМАҚАЙ СӨЗ, АЛ «ОТБАСЫ» ШЕ?"
description: "Соңғы жылдары қазақ БАҚ аясында Кеңес дәуірінде қолданып келген «семья» сөзінің орнына кейде «жанұя»..."
author: "gabe"
published: "2017-10-06T17:20:35+00:00"
modified: "2017-10-06T17:26:34+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/zhan-ya-zhylma-ay-s-z-al-otbasy-she-780920"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/zhan-ya-zhylma-ay-s-z-al-otbasy-she-780920/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «ЖАНҰЯ» — ЖЫЛМАҚАЙ СӨЗ, АЛ «ОТБАСЫ» ШЕ?

> Соңғы жылдары қазақ БАҚ аясында Кеңес дәуірінде қолданып келген «семья» сөзінің орнына кейде «жанұя»...

![«ЖАНҰЯ» — ЖЫЛМАҚАЙ СӨЗ, АЛ «ОТБАСЫ» ШЕ?](https://storage.yvision.kz/images/user/gabe/2Ba37j6lsBik1rhF4DStkBV5dfzdcK.jpg)

Соңғы жылдары қазақ БАҚ аясында Кеңес дәуірінде қолданып келген «семья» сөзінің орнына кейде «жанұя», кейде «отбасы» деп қолданылып келеді. «Отбасы» терминком бекіткен термин. Бір профессор «Ана тілі» газетінде «жанұя – жылмақай сөз...» деп «...терминком бекіткен отбасы бар емес пе ..» дейді. Мен де оны ұнатпаймын. «Жан» сөзі ерекше жағдайда – сүйгенде, сүйіскенде, сиынғанда, күңренгенде, поэзиялық шабыттану сәттерінде айтылатын сөз ғой. Ал «отбасы» дегенді ұнатпайтындардың да өз жөні бар, сондықтан олар «жанұя» дейді семьяны. Еске түсіріп алайықшы: семья дегеніміз еркек пен әйелдің некесіне немесе жақын туыстыққа негізделген, тіршілігі, баспанасы ортақ, ата-баба дәстүрі, өзара жауапкершілік міндет бойынша берік топтасқан бастауыш ұйым ғой. Бұл бастауыш ұйым өсіп ұлғая келе бөлінеді. Жеке шыққан жастарға жаңа квартира-отау тігіледі. Сүйтіп, жаңа отау – жаңа семья. Осыны қалай атау керек, оған не тіліміздің икемі жоқ па, әлде өзіміздің, лингвистеріміздің сауаты жетпей жүр ме? Тарих ғ.д. З. Қинаят республикалық «КазПравда» (22.09.06) газетінде «Қазақ» атауының шығу тарихын зерттей келе «ЕР ЕДІГЕ» жырынан мына бір жолдарды дәлелге келтіре кетіпті: «ҮШ ЖҮЗ АЛПЫС ОТАУ ҚАЗАҒЫМ, СЕНІ ТАҒЫ АЛДЫРТТЫМ» (ХIV ғасыр. Автор «қазағым» сөзіне сүйенсе, мен қазір осы тарихи деректегі «ОТАУ» сөзін дәлелге алып отырмын. Бұл жырда батырдың 360 отау-семьядан тұратын қазағы бар болған. Отау-семья ескіріп, жарамай қалды деп ойлау қате (глупость). Философтар былай дейді екен: «Глупость проявляется, прежде всего, в неспособности перенести опыт из одной жизненной ситуации в другую, отсутствие гибких ассоциациативных связей между различными системами...»

![«ЖАНҰЯ» — ЖЫЛМАҚАЙ СӨЗ, АЛ «ОТБАСЫ» ШЕ?](https://storage.yvision.kz/images/user/gabe/EY1MGuxp1dS6r96QfnO4321XJoOZPJ.png)

Ең бірінші боп әлемді таң қалдырған Нью-Йорктегі керемет биік үйді орысша аударғанда «небоскреб» делінген екен, қазір ондайлар көп. Алғашында бұл атау ең керемет жылқының теңеуі болыпты.

![«ЖАНҰЯ» — ЖЫЛМАҚАЙ СӨЗ, АЛ «ОТБАСЫ» ШЕ?](https://storage.yvision.kz/images/user/gabe/5K7v8NpRb6FwaP79G5OibZAjiwSI99.jpg)

Кейіннен баскетбол ойынында доп лақтырудың теңеуі осылай аталыпты, ал ХIХ ғасырда ең биік үйдің теңеуі болған. Ал біз өткен замандағы тамаша «ОТАУ» сөзіміз ескірді деп іске жаратпаймыз. Терминком, тегі, былай ойлайды-ау: қазір ешкім отау тікпейді. (...глупость). Айта кетейін, «там» сөзіміз де солай «ескіріп» жүр.

 

Терминком бекітіп берген «отбасы» - семья неге термин бола алмайды? Байырғы қазақ сөздері бір-екі буыннан ғана тұрған: жер, су, тас, бас, қол, көз, аяқ, от, шөп.... Кейіннен тіл дами келе күрделеніп екі-үш түбір сөздер біріктіріліп жаңа ұғымдар (термин) пайда бола бастаған. Екі сөз бірігіп термин болуы үшін екеуі де бір ғана атау септігі формасында тұру керек. Мысалы: айыл + бас = айылбас, бақа + бас = бақабас, жар + тас - жартас, құлпы + тас = құлпытас, белгі + тас = белгітас, гауһар + тас = гауһартас, қол + қанат = қолқанат, егін + су = егінсу, жел + аяқ = желаяқ, ағаш + аяқ = ағашаяқ...

![«ЖАНҰЯ» — ЖЫЛМАҚАЙ СӨЗ, АЛ «ОТБАСЫ» ШЕ?](https://storage.yvision.kz/images/user/gabe/VkH5BZp7HbrN692SxR3Pn46Gwc46WH.jpg)

Терминком бекітіп берген «ОТБАСЫ» дегенді екі түбірден құралған термин деуге бола ма? Жоқ! Бұл тіл заңдылығына қайшы. Екі түбірден құралған ОТБАСЫ, ЕЛБАСЫ дегендердің былайша айтқанда бірінші түбірі тура қарап тұрса екіншісі қиғаш қарап тұр. Ондай қыли көзді адамды көзге елестету оңай, ал мына терминдер оғаш көрінеді де тұрады. Сөз тіркестерінде, сөилемдерде сөздердің бір біріне бағыныштылық өз тәртібі бар. Мысалы: оттың басы (от басы), ошақтың қасы (ошақ қасы), мектеп директоры, ел президенті... бұларды бір сөзге біріктіріп термин деу грамматикаға жасаған дөрекілік зорлық.

 

**Үш мүшелі Ф.И.О. Төрт мүшелі Т.Е.Ә.Ұ.**

** **

![«ЖАНҰЯ» — ЖЫЛМАҚАЙ СӨЗ, АЛ «ОТБАСЫ» ШЕ?](https://storage.yvision.kz/images/user/gabe/LQzDMUZpMN1t9eZazAOPHM676hzgfV.jpg)

Қазіргі қазақ құжаттарында орысша үш сөзден тұратын ФИО қазақша төрт сөз боп жүр: Тегі, Есімі, Әкесі, Ұлы(қызы). Еркін жайыла жазған қара сөздерде шұбалаңқылық біліне қоймас. Ал құжаттарда, іскерлік, ғылыми, публицистикалық жазбаларда, басқа тілден аударма мәтіндерде шұбалаңдық білініп тұрады. Орыстың, европалық тілдердің бір сөзбен айтқанын қазақша екі-үш сөзбен жеткізу тіпті жеткізе алмау тіл намысына, тіліміздің бәсекелестік қабілетіне сын. «Семья»-ны қазақшалауға қиналып жүрміз. ФИО ны қалай қазақшалаған дұрыс?

Орыстың үш мүшелі ФИО сы европалық екі мүшелікке қарағанда бізге жатымды. Біз тіпті жеті атаға дейін тегімізді ұмытқамыз келмейді. Бірақ оның ФИО сындағы –ов, -ев жалғауларынан құтылу жолын іздеуіміз керек. Оның орнына күштеп енгізбек боп жүрген «ұлы», «қызы» онсыз да көпсөзді щұбалаңқылықты созып жібереді. Мұны сезетін сауатты азаматтар оны қабылдауға асығар емес. Оның себебі де бар. Мысалы, ағылшынның Джонсон дегені біздіңше Джон ұлы, ал соны Джонсоны десек қаншалықты ыңғайсыз екенін сезесің. Исландық ерлер түгел «-сон» боп келеді, мысалы: Юханссон, ал әйелдерінің фамилиясы басқаша. Екі түбір біріккен сөзде Ы дыбысы қолайсыз. Мысал: футболы ойыны.

![«ЖАНҰЯ» — ЖЫЛМАҚАЙ СӨЗ, АЛ «ОТБАСЫ» ШЕ?](https://storage.yvision.kz/images/user/gabe/2g4rNdRUfi8PatUFDv2H1Sj86db4bL.jpg)

Қазақстан бойынша дәл мәліметім жоқ, ал жуықта интернеттен көрдім: қырғыздар қайтадан «-ов, -ев» ке көшіп жатқан көрінеді. 2014 ж. туған 150 мың нәрестенің тек 300–і ғана «улы», «қызы» деп жазылыпты. Бастауыш класс грамматикасында көрсетілген: сөйлемдегі сөздер бір-бірімен септік жалғаулары арқылы байланысады. Әлгі –ов, -ев дегендер сол септік жалғаулар. Құдайға шүкір бізде де ондай жалғаулар бар. Оның үлгісі «Қыз Жібек» жырында да бар – БАЗАРБАЙДЫҢ ТӨЛЕГЕН. Осында «ұлы» деген сөзді қыстыру аса қажет емес. Мүндағы «-дың» (дың -дің, тың -тің) ілік септік жалғау. Мұнымен қатар осы мақсатқа шығыс септік жалғауын қолдану жатымдырақ. Бізде ата-тегін таратқанда кім-кімнен деп таратады ғой, сондықтан Базарбайдан Төлеген ұтымдырақ. Мен қазір Құмаров Ғаббас, шығыс септік жалғауын қолдансақ Құмардан Ғ. Көріп отырсыз «ов»-тың керегі болмай қалды. Армяндар мен корейлер есімі христиандық болса да тегі(фамилиясы)ұлтын әйгілеп тұрады. Сол сияқты тек тегімізді ғана «–дан, -ден, -тан -тен» септік жалғаулары арқылы жазсақ соның өзінде-ақ біздің ұлтымызды әйгілеп тұр.

![«ЖАНҰЯ» — ЖЫЛМАҚАЙ СӨЗ, АЛ «ОТБАСЫ» ШЕ?](https://storage.yvision.kz/images/user/gabe/PpNiu38CUgD26bvAhwUj2VBkwCDPWu.jpg)

Құжаттарымыздағы ТЕӘ ден еркек пе, қыз ба, тіпті тұрмыстағы әйел ме екені көрініп тұру керек. Дәл осы тұста орынды сұрақ: орысша құжаттарда мұндай қатегория (қыз ба, әйел ме) көрсетілмейді ғой? Иә, бірақ кейбір ұлттарда тұрмысқа шықпаған қыз ба, немесе күйеуге шыққан әйел екені әйгіленіп тұрады. Мысалы, Литвада. Қазіргі оның президенті тұрмысқа шықпаған қыз Даля Грибаускайте, әкесі – Грибаускас, шешесі – Валерия Грибаускене. Орыста әйелі де, қызы да Иванова. Қазақта да солай Байсолтановтың қызы да, әйелі де Байсолтанова. Литваның бұрынғы президенті Алгирдас Бразаускас, әйелі Кристина Бразаускене, тұрмысқа шықпаған қызы Рута Бразаускайте болған.

Ертеде халқымызда жігіттерді қалыңдықсыз қалтырмайтын, қыздарды айттырусыз қалдырмайтын салт-дәстүрлері болған, оның көбі қазір ұмытылған. Мысалы, киіз үйде қамшы қалай ілулі тұрғанына қарап, бұл үйде айттырылмаған қыз бар екені көрініп тұрған.

![«ЖАНҰЯ» — ЖЫЛМАҚАЙ СӨЗ, АЛ «ОТБАСЫ» ШЕ?](https://storage.yvision.kz/images/user/gabe/lO5DejdAs213dx5a7C1Bs141A3Um5j.jpg)

Ал қазіргі заманда литвалықтар сияқты бізде де ТЕӘ ден қыз ба,әйел ме екенін байқатуға бола ма? Иә,болады.Ол үшін мына екі шартты ұстану керек.: тұрмысқа шықпаған қыздың ТЕӘ тек екі мұшел ғана болу керек: есімі, әкесі. Мысалы, Майра Ғаббас (Европадағы Ангеле Меркель, Маргарет Тетчер деген сияқты). Түрмысқа шыққаннан кейін ғана ол үш мүшелі ТЕӘ иеленеді (барған әулеттің тегін-фамилиясын иеленеді). Бірақ еркек Төлеген Базарбайдан болса, Қыз Жібек тұрмысқа щыққан соң Жібек Базарбайда болу керек. Табыс септік жалғауы Қайда? Деген сұраққа жауап береді. Бұл ретте қазақтың «...Қыз қайда, ойбай, қыз қайда..» өлең жолдары еске түседі: қыз базарбай әулетінде, Базарбайда. **Қорытқанда үш тұжырым:**

** **

⦁ Қазақ ерлерінің фамилиясына –дан, -ден, -тан, -тен шығыс септік жалғаулары жалғанады;

⦁ Тұрмысқа әлі шықпаған Қазақ қыздар европалықтардай екі мүше Есімі, Әкесі;

⦁ Қыздар тұрмысқа щыққан соң үш мүшелі: барған әулет тегі, өз есімі, әкесі Ерекше белгі – қайда деген сұраққа жауап беретін жатыс септік жалғауы: -да -де, -та -те бұл осы әулеттің қызы емес келіні екенін көрсетіп тұрады.

Әрине, мұндай жаңалық тек Минюст пен АХАЖ басшылығы мен ғана біртіндеп қолданысқа еңгізуге болар еді.

Құмаров Ғаббас

---

Source: [https://yvision.kz/post/zhan-ya-zhylma-ay-s-z-al-otbasy-she-780920](https://yvision.kz/post/zhan-ya-zhylma-ay-s-z-al-otbasy-she-780920)