---
title: "Жамбыл облысында ер адам ішінде 1,5 млн теңгесі бар қымбат көлікті ұрлап әкеткен"
description: "Полиция қызметкерлері Жуалы ауданы шаруа қожалықтарының бірінің ауласында тұрған Toyota Land Cruiser Prado автокөлігін айдап әкетіп, ішінен 1 500 000 теңге ақшасын ұ"
author: "seri.jigit"
published: "2024-02-20T11:21:59+00:00"
modified: "2024-02-20T11:21:59+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/zhambyl-oblysynda-er-adam-ishinde-1-5-mln-te-gesi-bar-ymbat-k-likti-rlap-ketken-1001374"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/zhambyl-oblysynda-er-adam-ishinde-1-5-mln-te-gesi-bar-ymbat-k-likti-rlap-ketken-1001374/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жамбыл облысында ер адам ішінде 1,5 млн теңгесі бар қымбат көлікті ұрлап әкеткен

> Полиция қызметкерлері Жуалы ауданы шаруа қожалықтарының бірінің ауласында тұрған Toyota Land Cruiser Prado автокөлігін айдап әкетіп, ішінен 1 500 000 теңге ақшасын ұ

*Полиция қызметкерлері Жуалы ауданы шаруа қожалықтарының бірінің ауласында тұрған Toyota Land Cruiser Prado автокөлігін айдап әкетіп, ішінен 1 500 000 теңге ақшасын ұрлаған ер адамды ұстады. *

![Жамбыл облысында ер адам ішінде 1,5 млн теңгесі бар қымбат көлікті ұрлап әкеткен](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/75930f803daf135ed89d01fb47b4da.jpg)

Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында көлікті Тараз қаласынан тапты.

34 жастағы күдікті ақшаны алып, көлікті ықшамаудандардың бірінің ауласына қалдырып кеткен. Ал қаражатты жеке басының қажеттілігі үшін жаратып үлгерген. Polisia.kz

---

Source: [https://yvision.kz/post/zhambyl-oblysynda-er-adam-ishinde-1-5-mln-te-gesi-bar-ymbat-k-likti-rlap-ketken-1001374](https://yvision.kz/post/zhambyl-oblysynda-er-adam-ishinde-1-5-mln-te-gesi-bar-ymbat-k-likti-rlap-ketken-1001374)